Сабақтың тақырыбы: Әбділхамит Марқабаев «Ғарыштағы қымыз»



Дата29.01.2017
өлшемі37,67 Kb.
#8241
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Әбділхамит Марқабаев «Ғарыштағы қымыз»
Мақсаты:
1) Білімділік Әбділхамит Марқабаевтың өмірбаяны жайлы мәлімет беру. Фантастика жайлы мағлұмат беру. «Ғарыштағы қымыз» әңгімесін оқып түсіндіру.
2) Дамытушылық Өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Тұлғаның жеке қабілетіне әсер ету арқылы іздену әрекетін дамыту.
3) Тәрбиелік Өз ойын дұрыс айта білу негізінде әдемі сөйлеуге баулу, ұжымшылдыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды игеру.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер,
өмірі туралы мәлімет, қымыз, 
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, талдау,
Сабақтың типі: Дәстүрлі емес сабақ
Пайдаланылған әдебиеттер:
 
1/ методикалық құрал
2/ Ә.Марқабаев «Ғарыштағы қымыз»
3/ Интернет ресурстары
4/ Түсіндірмелі сөздік
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, физика, астрономия, биология
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.
Оқушының назарын сабаққа аудару. Топқа бөлу.
 
І топ Ғарышкерлер
ІІ топ Дәрігерлер
ІІІ топ Бөгде ғаламшарлықтар
Әр топты өз атауларымен таныстырып, неге олай атағаным туралы өздерінен сұрау арқылы ой шақыру.
 
Кіріспе сөз. Балалар, біз бүгін жұлдыздар әлеміне саяхат жасаймыз. Сондықтан бүгінгі сабағымызда белсенді жұмыс істесек жұлдызша алып, ол жұлдызшаларларды кім көп жинаса сабақ соңында ең үлкен жарқырағын жұлдызға ие болады.3-мин.
 
ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе. «Ойлы болсаң озып көр»
 
- Фантастика дегеніміз не?
- Сіздер фантастикалық кинолар мен әдебиеттер оқисыздар ма?
- Қандай фантастикалық кітаптар оқыдыңыздар?
- Роботтардың қызметі, оларды не үшін ойлап таптық?
- Жерден басқа күн жүйесінде неше планета бар?
- Ол планеталарда адамдар тұрады ма? 5-мин.
 
ІІІ. Жаңа сабақ барысы. Планеталар туралы. 3-мин. Қымыз туралы 3-мин.
Суреттер топтамасы арқылы оқушыларды сөйлету. Шығарма мазмұнымен қысқаша таныстыру, әр топқа шығарманы бөліп беру. Үзінді оқыту. 10-мин.
 
Сонымен, бұндай шығармаларды әлем әдебиетінде Фантастика деп атайды.
 
Фантастика – көркем бейнені ой елестерінен, қиялдан шығарып, шындықты табиғи қалыптан тыс әсерелеп көрсететін шығарма.
- Фантастиканы жазатын адамдарды фантаст жазушы деп атаймыз.
 
Фантаст – шығармасын ой елестерінен қиялдан шығарып, шындықты табиғи қалыптан тыс әсірелеп жазатын жазушы.
- Фантастика жазушыларды білеміз бе?
Талап Сұлтанбеков, Шоқан Әлімбаев, Әбділхамит Марқабаев.
 
Ия, солардың бірі Әбділхамит Марқабаев туралы таныстырам.
Арал теңізінің батыс жағалауына жақын орналасқан, аралшаның солтүстік кенересіндегі «Ауан» деп аталатын алақандай елді мекенде қарапайым наубайшы Файзулла шаңырағында 1938 жылы Абдул-Хамид Мархабаев дүниеге келеді.
 
Соғыстың орта шенінде наубайшы әкесін, өз қатарластарымен қоса, Арал қаласына әскерге алып кеткені Хамағаның еміс-еміс көз алдыда. Наубайшы боп әкесінің орнына шешесі қалады. Ананың мақсаты – үйдегі балаларының қарнын ашырмау. Хамағаның үлкен ағасы сол кезде оба індеті шыққанда осы ауыл-дан кішігірім кеңсе ашқан болатын. Сол кеңсеге екінші ағасы он үшке толмаған жасында аяқ киімсіз, жалаңаяқ барып келіп жүргені оның есінде.
(18.4.1938 жылы туған, Арал ауданы Ауан ауылы) – жазушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы (2001), профессор (1997). ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) филология факультетін бітірген (1964). 1964 – 67 жылдары «Білім және еңбек» (қазіргі «Зерде») журналында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1967 – 76 жылдары ҚазМУ-дың журналистика факультетінің доценті, 1976 – 85 жылдары «Білім және еңбек» журналының бас редакторы, «Жаңа фильм» журналының аға редакторы, 1981 – 82 жылдары Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеті бас редакциясының аға редакторы, 1985 – 87 жылдары Қазақ орталық мұражайының
баспа-редакция секторының аға редакторы, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған. Көп жылдан бері ҚазМУ-да ұстаздық қызметте. Тұңғыш жинағы 1972 жылы «Ғарыштағы қымыз» деген атпен жарық көрді. Мархабаевтың «Арал әуендері», «Балалардың аман қалғанын айт!» «Жарылқаушы…», «Тосын ғарышхат», т.б. ондаған көркем шығармалары жеке кітап болып шықты. Фантастика жанрының табиғаты мен теориялық ерекшеліктерін айқындайтын «Қолыңды әкел, Келешек. Қазақ фантастикасы: кеше, бүгін және…» (1978), «Қазақ фантастикалық әдебиеті» (1998) атты монографиясы, «Ислам – Ғылым – Журналистика» оқулығы жарық көрген.
ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау.
1/ Суретшілер сайысы.
Әр топқа плакаттар, қарындаш беріп. Басқа планетаны, бөгде ғаламшарлықтарды қалай елестететінін бейнелеу.

2/ Жазушылар сайысы. (эссе жазу)


І топ Ғарышкерлер «Кәріге құрмет – балаға міндет»
 
ІІ топ Дәрігерлер «Қымыз туралы сыр шертсем»
ІІІ топ Бөгде ғаламшарлықтар «Роботтар өндірісі»

Ү. Сабақты бекіту.


Әр топқа дөңгелек планеталарды тарату, соның ішінде сабаққа байланысты ойларды күннің жан жағына оқып, жабыстыру.

ҮІ. Қорытынды. 


Бөгде ғаламшарлық ақсақалды емдеген қымыздан балаларға дәм таттыру.
 

ҮІ. Үйге тапсырма. Барлығына: Шығарманы оқып, жоспар құру. 
І топ Ғарышкерлер Әбділхамит Марқабаев туралы қосымша деректер
ІІ топ Дәрігерлер Күн жүйесіндегі планеталардың ерекшелігі
ІІІ топ Бөгде ғаламшарлықтар Қымызды дайындау әдісі.
 


ҮІІ. Бағалау. Жұлдызшаларды санап, ең көп жұлдызша жасаған оқушыға жарқыраған жұлдыз беру. Жұлдыз санына қарай бағалау. 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет