Сабақтың тақырыбы: Еңбек етсең ерінбей сабақ



Дата11.01.2022
өлшемі0,52 Mb.
#129240
түріСабақ
Байланысты:
8-сабақ. Еңбек етсең ерінбей ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т2 Мектеп:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мұғалімнің аты-жөні:

V БӨЛІМ: Спорт және денсаулық күтімі. Қатысқандар саны:

Күні: Қатыспағандар саны:

Сынып: 7


Сабақтың тақырыбы:

Еңбек етсең ерінбей... 2-сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

•Тыңдалған мәтіннің негізінде мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау (7. Т2)


Сабақтың мақсаттары

•Оқыған мәтін негізінде ақпараттың өзектілігін анықтау жолдарын қарастырасыздар.


Бағалау критерийлері

• мәтінді тыңдай біледі;

• тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап таба алады;




Тілдік мақсаттар

Оқылым үшін қажетті сөздер мен сөз тіркестері:

шет тілін үйрену, тіл үйрену курстары, тілдік деңгей, белсенді сөздер білу.



Пәнаралық байланыс

орыс тілі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарлаған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

  • 4 мин.

Кіріспе


  1. Не себепті адамдар еңбектенуі керек?

  2. Еңбектің арқасында адам неге жете алады деп ойлайсыңдар?

  3. Еңбектенгісі келмейтін адамды не күтеді деп ойлайсыңдар?

Суретке қарап, мына сұрақтар төңірегінде ойланып, жауап береміз.



Мына диаграммаға назар аударып, еңбектің адамға қаншалықты пайдасы бар екендігін талқылап айту.



Жаңа сөздер

Қауақ - шөміш, ожау секілді ыдыс (ковш)

Атыз- егістікті суару үшін тартылатын қарық

(канал для полива)



Ернеулете көміп қою- толтыру (наполнение доверху )

Тырмалау - топырақты майдалап, қопсыту

(боронование земли)



Сасқандықтан тұру- есі шығу (растеряться )

Күрсіну- ауыр дем алу (вздыхать)



Сабақтың ортасы

  • 14 мин.

1-тапсырма

Тыңда. Диалогті оқы.

... Сауыт бетінің терін алақанымен сүрткіштеп біразға дейін үнсіз отырды да ағасы тамақтанып болған соң барып сөйлей бастады:

- Өзің шаршадың ба?

- Аздап қана.

- Көтерме құлап қапты ғой.

Қияс бұл жолы үндеген жоқ.

- Бүгін сиырды қойнауға арқандадым.

- Аудардым. Сосын қайтып келіп, апама шай қойып бердім. Шай ішіп, апам борша-борша боп терледі. “Кешегіден тәуірмін” – дейді.

Шешесі туралы айтқанда Сауыт өзінше байсалды сөйлеп, ағасын жұбатпақ болған ниет танытты.

Қияс оның тершіген басынан жайлап сипап қойды.

- Енді үйге қайтасың ғой?

-Қайтайын.




2-тапсырма

Мәтінге қатысты сұрақтардың жауап беріңіз.

1. Сауыт Қиясқа кім болады?

2. Кім ауырып жатыр?

3. Кімге Сауыт шай қойып берді?

4. Олардың әкелері қайда?

5. Сауыт пен Қиястың арасында қандай сыйластық бар?

6. Сен үйдегі аға, қарындастарына көмектесесің бе?
Дескриптор

- Диалогтің мазмұнын түсінеді;

- сұрақтарға дұрыс жауап береді;

- өз ойын дұрыс жеткізеді.


3-тапсырма

Т.Нұрмағамбетовтың “Он төрт жасар жігіт” әңгімесінің толық нұсқасын оқы.

Еңбекқор Қияс ”деген тақырыпта эссе жаз.


Талаптар:

-нақты айқындалған кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды бөлімнен құралуы шарт;

-тақырыптан ауытқымаған дұрыс;

-тезистерді ұтымды дәлелдермен растау қажет;

-өмірмен байланыс болуы тиіс;

-өзіндік тың пікірлер келтіру керек;

-баяндау стилі нақты болуы шарт;

-көріктеуіш тілдік құралдарды ұтымды қолдану қажет;

-көлемі -100-150 сөз.
Дескриптор

тапсырманы түсінеді;

ақапараттатрды дұрыс жазады






Сабақтың соңы

  • 2 мин.


Тақырыпты бекіту сұрақтары

Бүгінгі сабақта:



  • Еңбектің адамға тигізетін пайдасын білдік.

  • Диалогті оқу арқылы, аға мен інінің арасындағы сыйластықты таптық.

  • Тақырып негізінде эссе жазуды үйрендіңдер.







Қосымша тапсырма

“Еңбек түбі –зейнет” деген мақалдың мағынасын ашып жаз.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет