1-тапсырма
Тыңда. Диалогті оқы.
... Сауыт бетінің терін алақанымен сүрткіштеп біразға дейін үнсіз отырды да ағасы тамақтанып болған соң барып сөйлей бастады:
- Өзің шаршадың ба?
- Аздап қана.
- Көтерме құлап қапты ғой.
Қияс бұл жолы үндеген жоқ.
- Бүгін сиырды қойнауға арқандадым.
- Аудардым. Сосын қайтып келіп, апама шай қойып бердім. Шай ішіп, апам борша-борша боп терледі. “Кешегіден тәуірмін” – дейді.
Шешесі туралы айтқанда Сауыт өзінше байсалды сөйлеп, ағасын жұбатпақ болған ниет танытты.
Қияс оның тершіген басынан жайлап сипап қойды.
- Енді үйге қайтасың ғой?
-Қайтайын.
2-тапсырма
Мәтінге қатысты сұрақтардың жауап беріңіз.
1. Сауыт Қиясқа кім болады?
2. Кім ауырып жатыр?
3. Кімге Сауыт шай қойып берді?
4. Олардың әкелері қайда?
5. Сауыт пен Қиястың арасында қандай сыйластық бар?
6. Сен үйдегі аға, қарындастарына көмектесесің бе?
Дескриптор
- Диалогтің мазмұнын түсінеді;
- сұрақтарға дұрыс жауап береді;
- өз ойын дұрыс жеткізеді.
3-тапсырма
Т.Нұрмағамбетовтың “Он төрт жасар жігіт” әңгімесінің толық нұсқасын оқы.
“Еңбекқор Қияс ”деген тақырыпта эссе жаз.
Талаптар:
-нақты айқындалған кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды бөлімнен құралуы шарт;
-тақырыптан ауытқымаған дұрыс;
-тезистерді ұтымды дәлелдермен растау қажет;
-өмірмен байланыс болуы тиіс;
-өзіндік тың пікірлер келтіру керек;
-баяндау стилі нақты болуы шарт;
-көріктеуіш тілдік құралдарды ұтымды қолдану қажет;
-көлемі -100-150 сөз.
Дескриптор
тапсырманы түсінеді;
ақапараттатрды дұрыс жазады
|