Сабақтың тақырыбы Еңбек етуге үйрен Сабақтың жалпы мақсаты



Дата27.12.2016
өлшемі143,84 Kb.
#6271
түріСабақ
Еңбекке баулу. 1-сынып

Аптасына 2 сағат, барлығы 66 сағат.

Оқу ісінің меңгерушісі:




Еңбекке баулу

Кабинет:

Уақыты:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Еңбек етуге үйрен

Сабақтың жалпы мақсаты

Тәрбие сағаттың міндеттері: - еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру; - еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту; - еңбексүйгіштікке тәрбиелеу; Көрнекі құралдар: Сара Назарбаева туралы бейнефильм, фотосуреттері, үнтаспа, «Қайдан келдің бауырсақ?» өлеңі бойынша сахналауға арналған құралдар, презентациялар, түрлі-түсті суреттер, жүрекшелер.


Әдіс-тәсілдер

Сұрақ - жауап, түсіндіру

Көрнекіліктер

Сара Назарбаева туралы бейнефильм, фотосуреттері, үнтаспа, «Қайдан келдің бауырсақ?» өлеңі бойынша сахналауға арналған құралдар, презентациялар, түрлі-түсті суреттер, жүрекшелер.




Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Би «Қаражорға»



Топқа бөлу

Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу .

Үй тапсырмасын сұрау

Еңбек жайында мақал – мәтелдер

Қызығушылықты ояту

1. Денеге арналған жаттығу

2. Көзге арналған жаттығу Шығармашылық жұмыс Оқушылар екі топқа бөлініп жұмыс істейді. 1 – тапсырма: Мақал – мәтел кітапшасын жасау тапсырылады. Оған еңбек туралы мақал – мәтелдер жазып, мағынасын түсіндіреді. 2 – тапсырма: «Еңбек – бақыт бастауы» әңгіме құрастыру. Тыныштық сәті .



Жаңа материалмен жұмыс.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – «Еңбек етуге үйрен». Тақырып төңірегінде бірнеше сұрақтар қойылып, әңгімелесу жүргізіледі. - Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар? - Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз? - Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар? - Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады? Слайд арқылы «еңбектің пайдасы» деген сөзге топтастыру жасау. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. Балалардың жауаптары тыңдалып болған соң, мұғалім толықтырып, адамның өмір сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен келетіні түсіндіріліп, өзін - өзі тану пәнін мектеп бағдарламасына енгізуге ұсыныс жасап, осы жолда аянбай еңбек еткен еңбекқор жан Сара Алпысқызы Назарбаева жайлы фотосуреттер және бейнефильм көрсетіледі.

Ой толғаныс

Ой шақыру Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтап, мақсатын айқындау. Сөзжұмбақ шешейік. 1. Қасиетті сан. 2. Қателігіңді түсінген кезде айтатын сөз. 3. Біз өткен тақырып « ............ мен сауап» 4. Үлкенге - ..........., кішіге – ізет. (құрмет) 5. Аптаның соңғы күні

Үйге тапсырма беру.

«Еңбек – етуге үйрен» тақырыбында әңгіме жазу.


Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .



Еңбекке баулу

Кабинет:

Уақыты:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Еңбек сабағына қажетті құрал – жабдықтар

Сабақтың жалпы мақсаты

Оқушыларға адамдардың ең бірінші өмірлік қажеті еңбек екенін айту. Еңбекке баулу сабағы жайлы мағлумат беру.Оқушылардың өмірге деген көзқарастарын, ой - өрісін дамыту. Еңбектену адамға көп жетістіктер әкелетінін түсіндіру. Еңбек біліктілігін, қалыптастыру арқылы еңбекке қызығушылығын ояту арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу .

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ - жауап, түсіндіру

Көрнекіліктер

еңбекке баулу оқулығы, суреттер.





Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Би «Қаражорға»



Топқа бөлу

Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу .

Қызығушылықты ояту

Ұшқандай боп кекiлiк,

Биiк-биiк секiрiп,

Ойнап-ойнап, тез өсiп,

Кетемiз бiз жетiлiп.



Жаңа материалмен жұмыс.

Қолдарыңдағы еңбекке баулу оқулығы еңбек сабағындағы көмекші әрі ақылшы досың. Ол сендерге ең алдымен өз бөлмеңді жинауды үйретеді. Беті қолыңды жуу, киімді күту,ата-анаңа көмектесу- осының бәрі еңбек. 1- суретте қыз гүлге су құйып тұр. Оның бұл еңбегі өсімдікті –күту. Еңбек сабағында гүл, көкөніс өсіру,бақта жұмыс істеу, үй жануарларын күту сияқтыеңбек түрлерімен танысасыңдар. өздеріңді қоршаған ортада кездесетін ағаштардың жапырағы, жаңғақтар ағаш бұтағы, малта тастарсендердің кіп-кішкентай қолдарың арқылы әп-әдемі бұйымға айналады. Егер еңбек сабағында жақсы жұмыс істеуге дағдылансаңдар, келешекте жақсы инженер, дәрігер, құрылысшы, аспазшы, ғарышкер бола аласыңдар. Қандай мамандық иесі болсаңдарда сендерге ең алдымен білім керек. Сонымен қатар еңбекқорлық қажет. Еңбекқорлық дегеніміз ол- ептілік, шыдамдылық, батылдылық, икемділік, мақсаттылық. Білімің бола тұра сен еңбекқор болмасаң онда алған білімдеріңде қажетсіз. Білімнің шегіне жету үшінде бізге еңбекқорлық қажет екен балалар.  Еңбек сабағында жұмыс жасау үшін бізге қайшы, желім, ине мен жіп қажет. Үлкейе келе сендер үтікпен, тігін машинасымен жұмыс жасайсыңдар оларға да тән өзіндік қауіпсіздік ережелері бар.

Ой толғаныс

«Кім қанша заттарды біледі»Көзбен көріп есте сақтау қабілетін дамыту, заттардың түр - түсін айыра білуге үйрету. Тақтаға әртүрлі заттардың суреттері берілген

Үйге тапсырма беру.

Еңбекке баулу жайлы түсініктерін одан әрі дамыту мақсатында мағлұматтар ізденіп келу .

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .



Еңбекке баулу

Кабинет:

Уақыты:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Табиғатқа саяхат

Сабақтың жалпы мақсаты

“Табиғат” құндылығының маныздылығы туралы түсінік беру.Табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы түсіндіру.Табиғат байлықтарын бағалауға, қадірлей білуге, табиғатқа қамқорлыкпен қарай білуге тәрбиелеу, салауаттық өмір салтына тәрбиелеу. Табиғат әсемдігін қабылдай білу дағдыларын қалыптастыру.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ - жауап, түсіндіру

Көрнекіліктер

Ағаш, жапырақтар, гүлдер, кұстар, 2 коян 3 кірпі, ит, доп, сәбіздер, сүйек, алмалар, геметриялық фигуралар, “Отбасы”суреті, бояу, су, қылқалмдар, қағаздар.




Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Би «Қаражорға»



Топқа бөлу

Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу .

Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабақты пысықтау мақсатында еңбеккке баулу пәні бойынша оқушылардыңойларын тыңдау .

Қызығушылықты ояту

Атамның алып күрегін

Ауланың қарын күредім

Апама барып құдықтан

Су әкеліп беремін

Еденді де жуамын

Шаң тозаңды қуамын

- Өте жақсы енді осы отбасына арнап бір көңілді ән айтып берейік


Жаңа материалмен жұмыс.

- Балалар, мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Балалар бізге көптеген қонктар келді. Бүгін күн ерекше әрі тамаша. Бүгін біз табиғат әлеміне саяхатқа барамыз

- Балалар,казір қай жыл мезгілі? (қыс

- Өте жақсы дұрыс. Ауа райы кандай? суык

- Жерде не жатыр? (кар)

- Ал сендердің ұнататын жыл мезгілі кандай?( жаз.)

- Өте жақсы, мен де жазды ұнатамын.

- Неге оны ұнатасыңдар? ( жылы, гүл өседі, көп далада ойнаймыз)

- Өте тамаша! Сендер жаз мезгіліне дәл қазір қонаққа барғыларын келе ме?



-  Ендеше кеттік.

Ой толғаныс

«Құстар» аралы Сұрақ- жауап
- Көктемде ең бірінші келетін құстар? (Ұзақ, тырна, үйрек)
- Олардың қандай пайдасы бар? (ағаштарды құрттардан тазалайды)
- Құстар немен қоректенеді? (Құрт, жаңғақ бүрлері)
- Адамадардың досы қандай құс? (Қарлығаш) .
- Орман дәрігері қандай құс? (Тоқылдақ)
- Өз атын шақыратын құс? (Көкек)
- Қандай құс хат тасушы? (Ақ көгершін)
- Достық, махаббат символы қандай құс? (аққу)

Үйге тапсырма беру.

Табиғатха саяхат тақырыбында шағын эссе жазып келу .

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Табиғаттың кереметтілігін ұғынады және оны қорғауды біледі. Буын және оның түрлерін меңгереді. Мәтінмен жұмыс жасау барысында сөздерді буындайды және түрлерін ажыратады. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы шығармашылықтарын шыңдайды және жаңа сабақтан алған білімдерін шынайы өмірде пайдалануға дағдыланады.




Еңбекке баулу

Кабинет:

Уақыты:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Табиғи материалдары сақтау .

Сабақтың жалпы мақсаты

Оқушыларды табиғаттан алынатын табиғи материал түрімен таныстыру . Өсімдік дәндерінен бұйымдар жасауды, түрлі композиция құрастыруды меңгерту Табиғи материалмен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ - жауап, түсіндіру

Көрнекіліктер

Табиғи материалдар түрлері, дәндер, жапырақтар, қайыршақтар мен тастар, ермексаз т. б.




Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Би «Қаражорға»



Топқа бөлу

Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу .

Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабақты пысықтау мақсатында табиғатқа саяхат тақырыбында оқушылардың жазған эсселерін тексеріп , бағалау .

Қызығушылықты ояту

«Ой шақыру». Жұмбақтар шешу
1. Сырты қатты, іші тәтті? (Жаңғақ)
Жауаптары: Өсімдіктер, жаңғақ, жапырақ, емен.
Табиғи материалдар табигаттан алынады. Оларды жұлуға, сындыруға болмайды. Өздері жерге түскен соң ғана алу керек.
Табиғи материалдар: Өсімдік жапырақтары, тастар, жаңғақтар, ермексаз т. б.
Жаңа сабақпен таныстыру

Жаңа материалмен жұмыс.

Еңбек туралы мақал – мәтелдер: «Еңбек – ер атандырады»
«Еңбек етсең - емерсің»
«Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті»
2. Өткенді қайталау:«Ой шақыру». Жұмбақтар шешу
1. Сырты қатты, іші тәтті? (Жаңғақ)
Жауаптары: Өсімдіктер, жаңғақ, жапырақ, емен.
Табиғи материалдар табигаттан алынады. Оларды жұлуға, сындыруға болмайды. Өздері жерге түскен соң ғана алу керек.
Табиғи материалдар: Өсімдік жапырақтары, тастар, жаңғақтар, ермексаз т. б.
Жаңа сабақпен таныстыру
Слайд: (Табиғи материалдан жасалған бұйымдармен таныстыру, көрсету)
Слайдпен аққудың түрліше суреттерімен таныстыру, «аққу» биіндегі көрініс.
Аққу – құс. Аққу сөзіне талдау жасау. Ол топтанып ұшатын, жыл құсы. 300 - 400 жыл өмір сүреді.
Жалпы құстарға тоқталу, олар ұшады, жұмыртқалайды, балапан басады.
«Жалғастыр» ойыны
1.... атпа,... сатпа.
2.... құссыз көл жетім
3. Аққу құсқа оқ тисе,
Қанатын суға тигізбес
4. Өлең енсе сөз сұлу,
... жүзсе - көл сұлу.
Кім жүйрік? Қауіпсіздік ережелерін еске алу
1. Ермексазды аузыңа салма
2. Киіміңе жабыстырма
3. Соңынын қолыңды жу

Ой толғаныс

Қауіпсіздік ережесі
1. Желімді пайдаланған кезде жұмыс орнына целлофан немесе қағаз төсе.
2. Желімді қылқаламмен көп іліп алма.
3. Қылқаламды арнаулы орынға қой.
4. Қайшымен ойнауға болмайды.
5. Инені киіміңе шаншыма.
6. Инені арнаулы орында сақта.
7. Құралдармен ойнама.
8. Біреуге үшкір затты ұсынғанда ұшын өзіңе, сабын кісіге қаратып бер.

Үйге тапсырма беру.

Балалар , үйден құстың қауырсынын, қатты картон, желім, қайшы әкелу.

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .

Оқу ісінің меңгерушісі:


Еңбекке баулу

Кабинет:

Уақыты:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Флористика

Сабақтың жалпы мақсаты

оқушыларға қағаздан гүл түрлерін жасау жолдарын және әдістерін үйрете отырып шеберлік шығармашылық деңгейі арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту, оқушылардың алған білімдерін өмірде өз бетінше қолдана білуін қадағалау және шығармашылық іскерліктерін арттыру
оқушыларды талғаммен жұмыс жасауға, ептілікке, ұқыптылыққа, өнерді сүюге, талмай еңбек етуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ - жауап, түсіндіру

Көрнекіліктер

әр түрлі техникамен жасалған гүлдер (квиллинг, оригами), плакат, сұрақ жасырылған жапырақтар, слайдтар, кітапшалар, буклеттер, технологиялық карталар. түрлі түсті қағаздар, қайшы, желім, қарындаш, өшіргіш, т. б.




Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Би «Қаражорға»



Топқа бөлу

Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу .

Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабақты пысықтау
Өткен сабақты «сарғайған күзгі жапырақтарды себетке жинау арқылы» пысықтайық. Ол үшін жапырақшаларға жасырылған сұрақтарға жауап берейік.
1. Оригами дегеніміз не?
Қағазды бүктеу арқылы бұйымдар жасауды оригами дейді
2. Квиллинг дегеніміз не?
Квиллинг қағазды ширату арқылы бұйымдар жасау
3. Дизайн дегеніміз не?
Дизайн дегеніміз кез келген бұйымның жаңа үлгісін жан-жақты ойластырып, заман талабына сай жасау деген сөз.
4. Қағаздың отаны қай ел?
Қытай
5. Қай ғасырда пайда болды?
ҮІІ ғ
6. Апликация деген не?

Қызығушылықты ояту

Қолымызды жаяйық,
Әдемі гүлге ұқсайық
Бір жабылып, ашылып,
Орнымызға қонайық.
2. Қағазды жіңішке етіп қиып орау арқылы яғни квиллинг техникасы бойынша «гүл» жасаймыз.

Жаңа материалмен жұмыс.

Ата-бабамыз темірден түйін түйіп, жаңқаға жан бітірсе, шығыс Азия халқы қарапайым қағазды қалай пайдалану керектігін жақсы біледі, оның қыры мен сырын да жеткілікті меңгерген. Қағаз жайында, қағаздың кереметі жайында сөз қозғағанда, оның Еуропа жұртшылығына да жат дүние еместігін айта кеткен жөн. Өйткені қағаздың отаны саналатын Қытай – Азия елдерімен қатар алыста жатқан еуропалықтар да қарапайым қағазды қолөнерде таптырмас материал ретінде кеңінен қолданады.Қытайлық азамат Цай Лунь қағазды ойлап тапқанда қандай үлкен жаңалық ашқанын, бәлкім, білмеген де болар?! Ол алғаш ағаштың ішкі бетінен алынған жаңқаны жұқалап, түрлі бейнелер салуға пайдаланыпты. Осылайша, қытайлықтар жүн мен жібекті арзан және қолда бар материалмен – өсімдік талшықтары, тұт ағашының қабығы және бамбук сабақтарымен алмастырды. Мүлде жаңа материал – қағаз пайда болды. Ал оның пайда болуы ресми түрде б. э. д. 105 жыл деп саналады.VII ғасырдың басында буддалық монах Дан Хо Жапонияға жетіп, қағаз жасау құпиясын ашады. Бастапқы қағазды Жапонияда жібек талшықтарының пілләсінен алса, бертін келе қымбат шикізатты арзанымен алмастырып, бамбук сабақтары, ағаш қабығы, кендір, шүберектен қағаз алу технологиясы қолға алынды. Ал жүз жыл өткенде жапондықтар өздерінің қағаздарын шығарады, бұл сапасы жағынан Қытай қағазынан да асып түсті. Уақыт өте келе қағаз Азия елдерінен соң арабтарға, Батыс елдеріне жеткен.Қағаз – біреулер үшін тек жазу не сызу құралы болса, енді біреулер үшін қолөнерде таптырмас материал екенін айттық. Қағаздан сан түрлі дүние жасауға болады. Қағаздың қыр-сырын білетіндер оны кәдеге асыру жолдарын да жақсы меңгерген. Қағазды қалай болса, солай тастамай, оны өз орнымен жұмсай білу – үлкен өнер.

Ой толғаныс

Гүл түрлерін мынадай материалдардан жасауға болады.
1. Түрлі түсті қағаздардан
2. Мата, былғары, жіптерден
3. Табиғи материалдар яғни кепкен өсімдіктер мен дәнді дақылдардан
1. «Гүл» туралы мақал-мәтелдер:
Қыз өссе елдің көркі,
Гүл өссе жердің көркі

Үйге тапсырма беру.

«Адасқан әріптер» Ретсіз орналасқан әріптерден термин, мағыналы сөз құрау

Флористика ----- фаткалротика


Коллаж ----------------- олжакл
квиллинг ------------ нигклвли

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет