Сабақтың тақырыбы: Әбілхан Қастеев Жалпы мақсат



бет4/6
Дата07.02.2017
өлшемі1,16 Mb.
#8915
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

Тапсырмалар

Сабақ кезеңдері мен уақыты

Жұмыс түрлері

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының әрекеті




1 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

«Мен оң қолымды жайып,жүрегімнен қуаныш алып сендерге сыйлаймын.»
Осы қимылды бірге жасап,бір-біріне жақсы лебіздер айтып орындарына отырады.
а)Біздің бүгінгі сабағымыз топқа бөлініп жұмыс істеу арқылы жүреді;
ә)Мақалдарға назар аудару. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», «Жеке жүріп жол тапқанша,көппен жүріп адас».Мақалдар арқылы халық топтық іс-әрекеттің жемісті болуы бірлікке байланысты екенін ертеден-ақ дәлелдеген;
б)Топтық жұмыс ережесімен таныстыру.




Білу

2 минут


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге қандай тапсырма берілді?

1)Шаруа көжекке қандай аяушылық білдіретін сөз айтты? 


2) Көжектің қорқынышты халін баянда. 
3)Шаруа неліктен көжекті үйіне әкелмекші болды? 
4) Туған-жер, отан туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
5) Көжек неге жылы үйден қашты? 



-«Көжек» ертегісінің мазмұнын айтып, сұраққа жауап беру.
Оқушылар тапсырмаларды өздігінше орын-дай білу керек.
Туған жер және отан туралы мақал-мәтелдер жатқа айту.




ІІІ. Жаңа тақырып-қа бағытталу.


«Жақсыдан үйрен» бөлімінде не өттіңдер?

«Пікірлер ағашы» арқылы жазушы Бердібек Соқпақбаев туралы білетіндерін сұрау.
• Б.Соқпақбаев 1924 жылы .Алматы облысы Нарынқол ауданында дүниеге келген. 
• Балалар жазушысы 
• Қазақфильм студиясында 
• «Қазақ әдебиеті» «Балдырған » журналында жұмыс істеген . 
• Шығармалары «Алыстағы ауылда », «Балалық шаққа саяхат» «Менің атым Қожа» , «Өлгендер қайтып келмейді » 


«Жақсыдан үйрен» бөлімінде не өттіңдер?

1.Үлкенді сыйлау
2.Адал достық
3.Әдептілік
4.Мақтаншақ болмау
5.Қамқорлық т.б

1.Ол кім?
2.Қайда туған?
3.Қай жылдары өмір сүрген?
4.Қандай шығармаларын білесің?
5.Қандай қызмет атқарған?
-Сендер кино,мултьфильм көргенді ұнатасыңдар ма?Осы Б.Соқпақбаевтың қандай киносын білесіңдер?
-«Менің атым Қожа».




2) Түсіну.





Сөздік жұмыс.Дәптерге жазу.Жан далбаса-сасқалақтап,ышқынып,бейқам-алаңсыз.
Бейқам-алаңсыз,
Қол созым-жақын жерде
Топшысынан-торғайдың аяғы.


Сөздердің мағынасын түсініп, сөйлемдер құрастырыңдар.











Сергіту жаттығуы.

Сынып оқушылары жұптасады. Жұптағы оқушының бірі- мүсінші, екіншісі-мүсінделуші саздың рөлін атқарады. Мүсінші саздан тәртіпті баланың бейнесін жасап шығаруы керек. Ал саз болса, кез келген икемге көнуі керек. Сонсын орындарын ауыстырады. Кімнің мүсіні әдемі шыққанын атап өту керек.

Осы жасалған мүсіндердің ішінен жақсы деген үшеуін таңдап алу. Оларды біздің басты кейіпкерлерімізге балау. «Сырсандыққа» салған жақсы қылықтарымыздың қайсысы кімнің бойынан табылып отыр деп ойлайсың?

Сол жақсы қылығымызды басты кейіпкерлерге стикермен жапсыру.


  • Мінеки, балалар, бүгін біз мүсін жасап шығардық. Әрқайсысымыз осы кейіпкерлеріміз сияқты болуға тырысайық. Бұл барлығымыздың қолымыздан келеді деп ойлаймын, себебі, бұл мүсіннің авторы өздерің!

  • Бүгінгі сабағымызға қандай нақыл сөз, мақал-мәтел сай келуі мүмкін?

3) Қолдану

Мәтінмен жұмыс.



1-топ. Оқу мен жазу орталығы
1. Әңгімені оқып түсінігін айту.
2.Әңгімедегі Жантас пен Қожаға мінездеме беру Венн диаграммасы арқылы

2-топ.Драма орталығы
1.Әңгіме мазмұнын оқып, көрініс қою.

Мәтінді оқушыларға оқыту,бөліктерге бөлу,бөліктерге ат қою.
а)Торғайдың жанталасы;
ә)Безбүйрек Жантас;
б)Қожаның қамқорлығы
Суретпен жұмыс.
-Осы суретте мәтіндегі қандай оқиға бейнеленген?
-Мәтінге сүйеніп,суреттегі торғайдың халін сипатта.
-Торғайдың халі сенде қандай көңіл-күй туғызды?
Баланың қылығы ше?Өз көзқарасыңды білдір.

4) Талдау

Құрылы

мына қарай талдау

А-Б тобы.
1. Әңгіменің аты Бүркіт Қамқорлық
2. Әңгіменің авторы
3. Оқиға орны
4. Кейіпкерлер
5. Әңгіме немен аяқталды?
6. Негізгі ойы?Не үйретті?
В-тобы.
Жантас пен Қожаны салыстыра сипаттау

Мәтінді құрылымына қарай талдай білу.

Тақырыптың идеясын аша білу.
Екі кейіпкердің ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыра білу.


5) Жинақтау.

Ой толғаныс.


Проблемалық сұрақтар:
-Сендер Жантастың орнында болсаңдар не істер едіңдер?
-Құстарға қалай көмектесіп жүрсіңдер?
-Өздеріңде осындай оқиғалар болды ма?
-Оқушылардың жауабын тыңдау,формативті бағалау.

Проблемалық сұрақтарға жауап беру.

Бір-бірін толықтыру.


6) Бағалау.

(Кері байланыс орнату.)

Бағалау парағы (критерийалдық бағалары бар)

Үй тапсырмасы:

Топтық тапсырма.

Мәтінді оқып мазмұндау. «Қамқорлық» сөзіне пирамида құрастырып келу.

Оқушылар пирамида құрастыра білу.

Рефлексиялық кезең.

«Мейрамхана» мен не алдым?




Пәні

Ана тілі   3-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Абай Құнанбаев «Жаз»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Автор туралы мәлімет бере отырып, өлеңнің мазмұнын, негізгі идеясын ұғынуына жағдай жасау.

Дамытушылық: танымдық қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытады.Өлеңді өмірмен байланыстыра отырып сөйлеу мәдениеттерін арттырады.

Тәрбиелілік:топтық жұмыс істеуге баулу, өзара көмекке, ынтымақтастыққа,табиғатты аялау сезімдерін оятуға тәрбиелеу.


Күтілетін нәтиже

 Өлеңнің мазмұнын түсінеді, қортынды жасайды  Сөйлеу мәдениеті мен шығармашылық қабілеті артады.Өмірден мысал келтіреді.Өз ойларын дәлелдей алады.

Сілтеме

Оқулық 3 сынып,сабақ жоспары.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Оқулық             

2.Интербелсенді тақта,слайдтар, смайликтер



Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық

Құлпыра берші, кең дала,

Гүліңді күнде терейін

Жапырағыңмен жасыршы

Құшағыңа енейін.


 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қызығушылығын ояту:

Сыныпты топқа бөлу(жаз айлары бойынша)

Оқушылар топтарға бөлінеді, топ басшысын сайлайды.

1-топ:Қызғалдақ

2-топ: Түймедақ

3-топ: Роза



Үй тапсырмасын тексеру

Біз қандай тарауды ақтадық?

Осы тарау бойынша эссе жазу.



«Табиғат- менің өз үйім»

жазып келген эсселерін оқиды.



Мағынаны тану кезеңі.

Бейнероликтен«Жаз мезгілі»

туралы слайд көреді.

«Миға шабуыл»

-Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?

-Оны неден аңғардың?

 

Абай Құанабаев туралы не білеміз?Сызбаға түсіру.



Оқушылар бейнеролик бойынша тұжырым жасап,жаңа тақырыпты анықтайды.

 

 



 

Абай Құнанбаев туралы білетіндерін сызбаға түсіреді.



 Оқулықпен жұмыс

Жаз өлеңін іштей оқып танысады.

Оқушылар оқып  шығады.

 Дәптермен жұмыс

Түртіп алу стратегиясы бойынша белгілеп алған түсініксіз сөздерге түсіндірме жұмысын жүргізеді.

Күркіреп-өзеннің ағып жатқан дыбысы.

Шұрқырап-кісінейді.

Шалғын-жайылым

Жоны-арқасы



Сергіту сәті

Әуенмен қимыл-қозғалыс жаттығулары

Әуенмен қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасайды

Тапсырма

1-топ:Жаздыгүнгі табиғат

2-топ: Жаз мезгілі туралы мақал-мәтелдер, өлеңдер құрастыру.

3-топ: Жазғы жайлау


Постер қорғайды

Берілген тақырыптар бойынша қорғап шығады.



 Қорытынды

«Авторлық орындық» соған отырып, балалар өлеңді оқып шығады

 

 


Үй тапсырмасы

Өлеңді жаттау.Өлең бойынша сурет салу

Тапсырманы күнделіктеріне жазып алады

 Бағалау

Топтық жұмыс нәтижелерін, жеке жұмыс нәтижелерін қортындылап бағалау.

Бағаны не үшін қойды, қысқаша сипаттама айтып өтеді.

Рефлексия

-Топ ішінде қалай жұмыс жасадыңдар?

-Сабақ ұнады ма?



Оқушы жауаптары




Пәні

Ана тілі3-сынып

Сабақтың тақырыбы:

 Міржақып Дулатов «Шілде»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Бұл сабақта жеті модульді ықпалдастыра отырып, мәтіннің мазмұны мен идеясын ашу.Жаз айларында болатын өзгерістерді ашып көрсету.

Дамытушылық: оқушылар халықтың салт-дәстүрі туралы кеңінен танып,тіл байлығын,ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілік: топтық жұмыс істеуге баулу, өзара көмекке, ынтымақтастыққа, табиғатты аялауға  тәрбиелеу.


Күтілетін нәтиже

Бір-біріне сұрақтар қою, жауап беру арқылы сөйлеу мәдениеті артады.Жаз мезгілін сипаттап, өзіндік пікір айтуға үйренеді..Өз ойын тиянақтай біледі, нақты толық жауап береді.

Сілтеме

Оқулық 3 сынып. Слайд.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Оқулық     

Интербелсенді тақта, слайдтар, смайликтер.



Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық:

Қоршаған өмір әлемі,

Не деген көркем, әдемі.

Сол сұлулықты сақтайық,

Мадақтайық, мақтайық


 

 


 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қызығушылығын ояту:

Сыныпты топқа бөлу(жаз айлары бойынша)

Оқушылар топтарға бөлінеді, топ басшысын сайлайды.

1-топ:Маусым

2-топ: Шілде

3-топ: Тамыз



 Үй тапсырмасын тексеру

Абай «Жаз»

Өлеңді жаттау.Өлең бойынша сурет салу



 

Жаңа сабақ

Бейнероликтен «Жайлаудағы жылқылар»туралы слайд көреді.

«Миға шабуыл» стратегиясын

пайдалана отырып, жаңа

сабаққа байланысты

бірнеше жабық сұрақтар

қоямын.


-Жайлау – дегенді қалай түсінесіңдер?

 

-«Қырық күн шілде» деген сөз бар.Қалай түсінесіңдер



Міржақып Дулатов өмірі туралы сызба.

 

Оқушылар бейнеролик бойынша тұжырым жасап,жаңа тақырыпты анықтайды.

 

 

 



Оқушылар жауап береді.

 


 Оқулықпен жұмыс

*Балалар өздері оқиды.

*Бір-біріне мазмұнын айтып береді.



Оқушылар оқып  шығады.

Дәптермен жұмыс


Оқыған бөліктерге ат қояды.

1.Басы (Жазда)

2.Ортасы(Жайлаудың қызығы)

3.Соңы (Оқуға бару)


Сергіту сәті

Әуенмен қимыл-қозғалыс жаттығулары

Әуенмен қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасайды.

 Тапсырма

1-топ:Төрт түліктің пайдасы туралы

2-топ: «Шілде» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру

3-топ: «Шілде »сөзіне ребус құрастырасыңдар


Постер қорғайды

(Берілген тақырыптар бойынша қорғап шығады).



 Қорытынды

 Балалар мәтінді оқып шығады

Оқушылар мәтінді оқиды.

Үй тапсырмасы

Міржақып Дулатовтың «Шілде» мәтінін мазмұндау.Шілде тақырыбына шығарма жазу.

Тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.

 Бағалау

Топтық жұмыс нәтижелерін, жеке жұмыс нәтижелерін қортындылап бағалау

Бағаны не үшін қойды, қысқаша сипаттама айтып өтеді

Рефлексия

Оқушыларға стикерлер таратылады

Оқушылар жауабын жазады.
 

 

 




Пәні

Ана тілі

Сабақтың тақырыбы:

Сәбит Мұқанов «Шыбынсыз жаз»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:мәтіннің негізгі идеясын ашуға жағдай жасау, жаз мезгілінің ерекшелігі, таудағы табиғаттағы өзгерістер жайлы нақтылау.

Дамытушылық:таулы жердегі тіршілік,өсімдіктер мен жануарлар әлемінің алуан түрлілігі жайлы түсінеді, ойлау дағдылары дамиды.

Тәрбиелілік:табиғаттың өзіне тән сұлулығын қорғау, сұлулықты сезіне білуге тәрбиелеу.


Күтілетін нәтиже

Өзіндік ойын ортақ пікірге тоғыстырып біледі.Дүниетанымы кеңейеді, пәнге деген қызығушылығы артады, шығармашылық қабілеттері дамиды.

Сілтеме

Оқулық 3 сынып. Слайд.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Оқулық

2.Слайдтар, смайликтер.



Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.





Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қызығушылығын ояту:

Сыныпты топқа бөлу(ағаш, бұта,шөп бойынша)

Оқушылар топтарға бөлінеді, топ басшысын сайлайды.

1-топ: Ағаш

2-топ: Бұта

3-топ: Шөп



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Міржақып Дулатовтың «Шілде»

Оқушылар түсінгендерін айтады.

ІІІ. Жаңа сабақ

«Қазақстан таулары» атты бейнеролик көреді.

«Ой қозғау» әдісі

-Қазақстандағы тауларды атаңдар?

-Осы тауларда ауа райы қандай болады?

-Тауда шыбын болады ма?

Сәбит Мұқановтың өмірі туралы түсінік беріледі.



Оқушылар бейнеролик бойынша тұжырым жасап,жаңа тақырыпты анықтайды,өздері білетіндерімен толықтырады.(Алтай, Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы т.б.)

ІҮ. Оқулықпен жұмыс

Мәтінді бөліккебөліп беремін.

1-топ:Алатаудың етегі.

2-топ:Маусым, шілде айлары

3-топ: Мамыр, тамыз айлары.



Оқушылар оқып шығады.әр топ түсіндіреді.

Ү. Дәптермен жұмыс

Оқулықтағы ағаш, бұта, шөп аттарын теріп жазу.

Жазған ағаш, бұта, шөп аттарын оқиды.

ҮІСергіту сәті

Әуенмен қимыл-қозғалыс жаттығулары

Әуенмен қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасайды

ҮІ. Тапсырма

1-топ: Ағаштар тобына

Алатауда өсетін ағаштардың суретін салу.

2-топ: Бұта тобына:

Тауда мекендейтін жануарлар

3-топ: Шөп тобына

Тау туралы мақал, не өлең құрастыру



Постер қорғайды



ҮІІІ. Қорытынды

Венн диаграмасы

Оқушылар салыстырады

ІХ. Үй тапсырмасы

Сәбит Мұқановтың «Шыбынсыз жаз» мәтінін оқу

Тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.

Х. Бағалау

Сабақ барысында алған баллдарын қорытып, бағалау. Күнделіктеріне қою.

Бағаны не үшін қойды, қысқаша сипаттама айтып өтеді

Рефлексия

-Сабақ сендерге ұнады ма?

Өзара бағалау



Екі жұлдыз, бір ұсыныс

 

 



 

 

 



№ 

 


Пәні

Ана тілі

Сабақтың тақырыбы:

 Мұқан Иманжанов «Таңның атуы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға табиғаттың құдіреттілігін таныта отырып, жаз мезгілінің әсемдігін сезіне, бағалай білуге баулу.

Дамытушылық:табиғат ерекшеліктерін елестете білу,шығармашылық ,іскерлік дағдыларын дамыту, ұжымдық жұмыс жасауға үйрету.

Тәрбиелілік:табиғаттың өзіне тән сұлулығын қорғау, сұлулықты сезіне білуге тәрбиелеу.


Күтілетін нәтиже

Ойы толығады.Өзіндік ойын ортақ пікірге тоғыстырып біледі.Дүниетанымы кеңейеді, пәнге деген қызығушылығы артады, шығармашылық қабілеттері дамиды.

Сілтеме

Оқулық 3 сынып. Слайд.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Оқулық             

2. Слайдтар, смайликтер.



Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық

Күн жарығын алақанға саламын,

 Жүрегіме басып ұстай қаламын.

 Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Сәбит Мұқановтың «Шыбынсыз жаз»

Графикалық диктант арқылы тексеремін.

-Олай болса жаз айларын атап жіберейікші?


 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қызығушылығын ояту:

Сыныпты топқа бөлу(жаз айлары бойынша)

Оқушылар топтарға бөлінеді, топ басшысын сайлайды.

1-топ: маусым

2-топ: шілде

3-топ: тамыз



ІІІ. Жаңа сабақ

Сөз жұмбақ шешеді жаңа тақырып ашылады.

Бейнероликтен

 «Таңның атуы» атты үзіндіні көреді

 

«Мұқан Иманжановтың өмірімен танысады.



 

Оқушылар бейнеролик бойынша тұжырым жасап,жаңа тақырыпты анықтайды.

Слайд көреді, өздері білетіндерімен толықтырады.


ІҮ. Оқулықпен жұмыс

Мәтінді іштей оқиды.

Мәтінді тізбектей оқиды.

 

-Таң атарда шығыс жақ қандай боп көрінеді екен?



-Шолпан жұлдызы қай уақытта туады?

«Шолпан» жұлдызы туралы аңыз оқып берейін.



Оқушылар оқып  шығады.әр топ түсіндіреді.

Ү. Дәптермен жұмыс

Шолпан жұлдызы туралы берілген сөйлемді тауып жазыңдар

Жазған сөйлемдерін оқиды.

ҮІСергіту сәті

Әуенмен қимыл-қозғалыс жаттығулары

Әуенмен қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасайды

ҮІ. Тапсырма

1-топ:Эссе жазады.

2-топ «Таңның атуы» мәтінін топтастыру

3-топ: «Таңның ату» суретін салу


 

 

Постер қорғайды



ҮІІІ. Қорытынды

«Бәйге жарысы» бойынша

-Мұқан Иманжанов қай жылы туылды?

-Таң атарда шығыс жақ қандай боп көрінеді ?

-Шолпан жұлдызы қай уақытта туады?

-Мұқан Иманжанов қай өңірде туылған?

-Қандай пьессалары бар?

-Әңгімелері қай тілде аударылған?


 

 


ІХ. Үй тапсырмасы

Сәбит Мұқановтың «Таңның атуы» мәтінін оқу

Тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.

Х. Бағалау

Сабақ барысында алған баллдарын қорытып, бағалау. Күнделіктеріне қою.

Бағаны не үшін қойды, қысқаша сипаттама айтып өтеді

Рефлексия

-Сабақ сендерге ұнады ма?

Өзара бағалау



Екі жұлдыз, бір ұсыныс

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 Әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспар «Атамұра» баспасы



3 «А» сыныбы

Пәні:

Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 3 «а» сынып

Сабақтың тақырыбы:

А. Сейдімбек. Бетбақдала.

Жалпы мақсат:




Сілтеме:

Әдебиеттік оқу 198 - бет.

«Тренингтік ойындар мен жаттығулар» «әдістемелік құрал 41-бет



Оқу нәтижелері:

Қамқорлық тақырыбын талдай білу.

Ақпарат көздері, қолданатын материалдар:

Оқулық, интер белсенді тақта, флипчарт, электронды оқулықтар, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд. А форматтағы қағаздар, маркер,стикер, күлегештер.

Негізгі идеясы:

Қамқор болуға тәрбиелеу.

Әдіс тәсілдер:

Топпен жұмыс: жұппен жұмыс топта талқылау. АКТ қолдану: электронды оқулық. СТО: «Блум таксономиясы»

ОҮБ: (Табыс критерийлері бойынша)

«Болжау» әдісі, «Екі түрлі жазу күнделігі» стратегиясы, «РАФТ» стратегиясы, топтық пікілесу, танысу картасы.


Дереккөздері:

Оқулықтан алынған тапсырмалар, материалдар, ғаламтордан алынған материалдар.


Каталог: uploads -> doc -> 12ce
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
12ce -> Шағын жанрды оқыту. Кейiпкерлерге мiнездеме беру жолдары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет