Карибаева Нұржамал Орынбекқызы
№ 31 Сарыбұлақ орта мектебінің жоғарғы санатты математика және информатика пәні мұғалімі
Пәні: Математика
Күні:29.02.2016ж
Сынып: 5 «б»
Сабақтың тақырыбы: «Әй осы математика ...» сайысы.
Мақсаты: Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру,
білімді азаматтар тәрбиелеу.
Мұғалім сөзі:
Бүгінгі күн сайыста
Ешкінен сен қалыспа,
Білімі кімнің көп болса,
Сол озады сайыста- деп «Әй осы математика .... » атты
сайысымызды бастаймыз.
Шын жүйрік шабысынан танылады
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.
Сайыстың ұраны:
2030- дың біз барысымыз.
Болашаққа бастайды әр ісіміз
Егемен елімізді көркейтетін,
Білім шыңына шығу парызымыз
Ортаға қатысушыларымызды шақырамыз.
Көпжасар Арман
Құлман Мақпал
Кенесбаева Асылзат
Жарылқапов Нұрдаулет
Юлдашбай Нүргүл
Жанабаева Шаттық
Анипиаева Алия
Ағыбай Арайлым
Сайысымыздың әділ қазылар мүшелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер:
Жүргізуші : Шеберлікті, білімді
Сараптап сендер көріндер
Әділқазы алқасы
1 Ауезова Замира математика пәні мұғалімі
2 Құттылмұратова Лаура 10 сынып
3 Шарапатов Нұрсұлтан 10 сынып
««Әй осы математика ...» сайсы.» өту жоспарымен таныстырайық.
Өту жоспары:
Математика жайлы әңгімелер
Логикалық есептер
Мақал-мәтелдер сайысы
Есепке кім жүйрік?
Кім көп біледі?
Қорытынды
1.Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
(К.Гаусс) 2.Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек. (М.В.Ломоносов)
3.Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да,
қажет те. (Р.Бэкон)
І- кезең: Математика жайында әңгімелер
Оқушылар математика жайлы дайындаған әңгімелерін оқиды ІІ – кезең: Логикалық есептер (ӘРКІМ ӨЗІНЕ СӘЙКЕС НӨМІРДЕГІ ЕСЕПТІ ШЫҒАРАДЫ)
Мұғалім сөзі:Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз.
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.
7 жұмыртқаның бағасы 7 теңге болса, 100 жұмыртқаның бағасы неше теңге? Ж: 100
1т темір ауыр ма, әлде 1000 кг мақта ауыр ма?Ж. Бірдей
4 827 105 санындағы үш цифрды ең кіші сан шығатындай етіп сыз. Сонда қандай сан шықты? Ж:2105
Сандар қатарындағы келесі санды тап?20,21, 23, 24, 26, 27, … 29
Квадрат үстелді айнала төрт адам отыра алады (әр жағына бір-бірден). Мектепте дәл осындай 7 үстелді жалғап бір қатарға қойып, ұзын үстел құрды. Осы үстелді айнала қанша адам отыра алады? Ж:16
Түйе, бота маң басқан
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақпен қос ешкі.
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой.Ж:17
Көл тоғанды қырға бар
Келіп қонды тырналар.
Жұптан қонып сол жерде
Отыр екен он жерде
Санап берші тырналар
Қанша болды ол жерде?Ж:20
Бірдей үш цифрмен жазылған сан 3 –ке және 37 –ге де бөлінеді. Ол қандай сан? Ж.101
ІІІ –кезең: Мақал- мәтелдер сайысы
Мұғалім сөзі: Ал, балалар, балалар
Мақал –мәтел айтайық.
Қиындыққа қайыспай
Асулардан өтейік
Төртбұрыштың орнына сан қойып, мақалды оқы
Әркім өзінің нөміріне сәйкес мақалды орындайды
2. 7 рет өлшеп, 1 рет кес.
1.Ер 1 рет өледі,
Қорқақ 1000 рет өледі.
3. 2 құзғын таласса,
1 қарғаға жем болар.
4. 1 кісі қазған құдықтан,
1000 кісі су ішеді.
5.Жақсыны 7 жыл жетелесең адам болар,
Жаманды 7 жыл жетелесең надан болар.
6. 30 тістен шыққан сөз,
30 рулы елге тарайды.
7. Білгенің бір 9,
білмегенің 99.
ІҮ – кезең: Есепке кім жүйрік?сайысы
Мұғалім сөзі: Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де - есеп.
Ауырсаң, ішетұғын дәрі де - есеп.
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз ау,
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.
Берілген есептердің барлығын орындайды
1.Жұлдызшаның орына сан қойып, көбейтуді орында:
* 2 *
2 7
3 6 * 8
* * * *
* * * * *
2. 0, 1, 2, 3 цифрларынан бірдей цифр қайталанбайтын барлық мүмкін төрт таңбалы сандарды жазыңдар. Мысалы 3 201 санын және т. б. құрастыруға болады. Алынған ең үлкен және ең кіші сандардың айырмасын неге тең? 3 210 – 1 023= 2 187
3. Әрбір сақинадағы сандардың қосындысы 55-ке тең болса, А қаншаға тең?
3 әтүрлі сандарды алдымен қосты, одан кейін оларды көбейтті. Сонда олардың қосындысы мен көбейтіндісі тең болды.
Олар қандай сандар болғаны? 1+2+3=1х2х3=6
4.
5.Оқушы кешкі сағат 10-да ұйықтауға жатар алдында, шырылдайтын
сағатын келесі күні сағат 12-де оянатындай етіп қойды. Сағаты шырылдап
оятқанша ол неше сағат ұйықтайды?
Адамның қолында 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар? 50
6.
Бір-бірімен белгілі байланыспен орналасқан сандар қатары берілген. Сандар байланысы ерекшелігін тауып, қатар жалғастыр, яғни келесі қай сан екенін анықта.9, 7, 10, 8, 11, 9, 12,...? 10
7.
Дүкенде 16кг, 17кг, 40кг –дық қораптарға кәмпиттер салынған. Қораптарды ашпай- ақ Аяз Ата балаларға 50кг кәмпит сатып алуына бола ма? 16кг+17кг+17кг= 50кг
8.
9. 12 сақинаның біреуі өзге сақиналардан жеңіл. Кір тастары жоқ табақшалы таразымен бір рет қана өлшеп, массалары бірдей 4 сақинаны қалай табуға болады?
Ү –кезең: «Кім көп біледі?» сайысы
Мұғалім сөзі: Білімнің ұшқырлығын танытып сен,
Асып- тасып, асықпа,қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап , зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.
Әр оқушы ұяшықтар таңдайды. Оған кім тез және қанша уақытта жауап
беретіні ескріледі .
сандар
ӘЙ ОСЫ МАТЕМАТИКА... САЙЫСЫ
ӨРНЕКТЕР
ТЕҢДЕУ
бөлшектер
5
5
5
5
10
10
10
10
15
15
15
15
Өрнектер – 5
Санды өрнек дегеніміз не?
Жауабы: Амал таңбалары және қажет
болған жағдайда жақшалардың көмегімен сандардан құрастырылған өрнек санды өрнек деп аталады
Өрнектер - 10
Әріпті өрнек дегеніміз не?
Жауабы: Құрамында әріптері бар өрнек әріпті өрнек деп аталады.
Өрнектер-15
Көбейтудің ауысытырмыдылық қасиетін айт.
Жауабы: Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді.
Сандар – 5
Натурал сан дегеніміз не?
Жауабы: Санауға қолданылатын сандар натурал сандар деп атаймыз.
Сандар – 10
Аралас сан дегеніміз не?
Жауабы:Бүтін және бөлшек сандардан құралған сандарды аралас сан
дейміз.
Теңдеу – 5
Теңдеу дегеніміз не?
Жауабы: Құрамында мәнін табу қажет болатын әрпі бар теңдікті теңдеу
дейміз
Теңдеу – 15
(Х + 46):3= 18
Жауабы: Х = 8
Теңдеу – 10
Теңдеудің түбірі дегеніміз не?
Жауабы: Әріпті теңдеуді тура санды теңдікке айналдыратын мәні теңдеудің
түбірі деп аталады.
Бөлшектер 5
Дұрыс бөлшек дегеніміз не?
Жауабы: Алымы бөлімінен кіші болатын жай бөлшекті айтамыз
Бөлшектер – 10
Бұрыс бөлшек дегеніміз не?
Жауабы: Алымы бөлімінен үлкен болатын жай бөлшекті айтамыз
Бөлшектер– 15
3 -ке қандай сандар бөлінеді?
Жауабы: цифрларының қосындысы
3 - ке бөлінетін натурал сандар 3-ке бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |