Үй тапсырмасын тексеру;
Қайталау сұрақтары (Өзіндік жұмыс);
Жаңа тақырып;
Бекіту тапсырмалары;
Пазл құрастыру
Оқулықпен жұмыс;
Сабақты қорытындылау;
Рефлекция;
Бағалау.
Flippity платформасында рандом арқылы 4 топқа бөліп отырғызу. Топ басшысын сайлап бағалау парағын тарату. Әр дұрыс жауап, есептерге дескриптор бойынша бағалайды.
Ұйымдастыру: Топ басшылары өз тобына тілек, жылы сөз айтып көңілдерін көтеру.
«Тобыңмен таныстыр» әдісімен 1 минуттық диалог орнату арқылы ынтымақтастық атмосферасын орнату
«Сен маған, мен саған» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексереді. (жұптық жұмыс)
Үй тапсырмасын тексеру. № 5.7, 133 бет
Тақтаға формулаларды жазып көрсету.
QUZIZZ платформасы арқылы қайталау.
(Өткен тақырып бойынша есептер)
|
Амандасады, сабаққа
дайындалады.
QUZIZZ платформасында тапсырмаларды орындайды.
Сұрақтарға жауап береді
Тақтада өткен формулаларды жазады
|
Бағалау парағында топ басшылары бағалайды
|
7 мин
Жаңа сабақ
|
Бүгін, Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырмасы тақырыбын қарастырамыз. Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз: -екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырмасының формулалары.
-екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырмасының формулаларын қолдану.
Екі өрнектің кубтарының қосындысын көбейткіштерге жіктеу үшін келесі тепе-теңдік қолданылады:
a3 + b3 = (a + b)(a2 – ab + b2).
Тепе-теңдікті дәлелдеу үшін көпмүшені көпмүшеге көбейту ережесін қолдан:
(a + b)(a2 – ab + b2) = a3 – a2b + ab2 + a2b – ab2 + b3 = a3 + b3.
(a2 – ab + b2) үшмүшесін айырманың толымсыз квадраты деп атайды. Бұл айырманың толық квадратынан (a2 – 2ab + b2) тек орта коэффициенті арқылы ерекшеленеді (2 сандық коэффициенті жоқ).
a3 + b3 = (a + b)(a2 – ab + b2) формуласы екі өрнектің кубтарының қосындысының формуласы деп аталады және «екі өрнектің кубтарының қосындысы осы екі өрнектің қосындысын олардың айырмасының толымсыз квадратына көбейткенге тең» деп оқылады.
⠀⠀
Екі өрнектің кубтарының айырмасын көбейткіштерге жіктеу үшін келесі тепе-теңдік қолданылады:
a3 – b3 = (a – b)(a2 + ab + b2).
Тексеру:
(a – b)(a2 + ab + b2) = a3 + a2b + ab2 – a2b – ab2 – b3 = a3 + b3.
(a2 + ab + b2) үшмүшесін қосындының толымсыз квадраты деп атайды. Бұл қосындының толық квадратынан (a2 + 2ab + b2) тек орта коэффициенті арқылы ерекшеленеді (2 сандық коэффициенті жоқ).
a3 – b3 = (a – b)(a2 + ab + b2) формуласы екі өрнектің кубтарының айырмасының формуласы деп аталады және «екі өрнектің кубтарының айырмасы осы екі өрнектің айырмасын олардың қосындысының толымсыз квадратына көбейткенге тең» деп оқылады.
|
Тақырып бойынша ресурстарды қарап, танысады.
Анықтаманы, мысалдарды жазып алады.
|