Сабақтың тақырыбы: Екінші дүниежүзілік соғыс Сабақтың мақсаты



Дата13.02.2017
өлшемі84,93 Kb.
#9291
Сабақтың тақырыбы: Екінші дүниежүзілік соғыс

Сабақтың мақсаты:

1.                    Адамзат тарихындағы ең сұрапыл, қанды қырғын ошағына айналған екінші дүниежүзілік соғыс жайлы, фашизмге қарсы шайқастар мен онда ерлік көрсеткен батырлар жайлы деректерді өскелең ұрпақтың санасына сіңіруі үшін соғыс жайлы өткен тақырыптарды қайталау және қорытындылау.

2.                    Жастардың бойында Отанға, халыққа деген сүйіспеншілік сезімін арттыру. Ерліктің мәнін ұғындыру.

3.                    Оқушыларға Екінші дүниежүзілік соғыс пен Ұлы Отан Соғысының мәндерін ұғындыру.

 

Негізгі білім базасы (оқушылар сабаққа дейін білуі тиіс):

                       Соғыстың стратегиялық жоспарлары;

                       Соғыстың басталуы мен себептері;

                       Германияның Кеңес Одағына шабуыл жасауы;

                       Ұлы Отан Соғысы;

                       Қызыл Армияның жеңілу себебі;

                       КСРО мен оның жақтастары;

                       ''Үлкен үштік'' конференциясы;

                       Жапондардың әскери күштерінің талқандалуы;

                       Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы;

                       Жеңістің бағасы;

                       Кеңес Одағының әскери қолбасшылары (Г.К.Жуков, К.К.Рокоссовский, А.М.Василевский, И.С.Конев, И.Д.Черняховский);

                       Соғыстың салдары мен соғыстан алған сабақ.

 

Негізгі түсініктер:

коалиция, капитуляция, блицкриг, БҰҰ.

 

Сабаққа қажетті көрнекілік құралдар:

                       1941-1945 жж. Ұлы Отан Соғысының картасы;

                       Екінші дүниежүзілік соғыстың картасы.

 

Сабақтың типі:

Алған білімді қорытындылау және жүйелеу.

 

Сабақтың қанатты сөзі:

Ер есімі ел есінде.

Отан үшін отқа түс, күймейсің. (Б.Момышұлы)

 

Сабақтың жоспары

 

1.                    Кіріспесі (жалпылама мағлұмат беру);



2.                    Білімді қорытындылау мен жүйелеу;

3.                    ҰОС кезіндегі Қазақстан;

4.                    ЕДС мен ҰОС-ның соңымен соғыстан алған сабақ.

5.                    Үй тапсырмасы.




Сабақтың өтілу барысы 

1) Кіріспесі (жалпылама мағлұмат беру) 


Соғыс деген артынан зұлмат азап пен қаны төгілген адамдар мен қираған қалаларды қалдырып кететін тарихи жағдай.
 
XVII ғасырда болған соғыстарда 3 млн. 300 мың адам, XVIII ғасырда 5 млн. 200 мың адам, XIX ғасырда 5 млн. 500 мың адам, XX ғасырдағы Бірінші дүниежүзілік соғыста 10 млн. адам, Екінші дүниежүзілік соғыста 64 млн. адам қаза тапты. Екінші дүниежүзілік соғыстың салдарынан 110 млн. адам жарақат алды, мүгедек болды, 42 млн. бала жетім қалды.
 
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемде жүз реттен астам түрлі деңгейдегі соғыс оты тұтанды. Адамзат тарихында, дәлірек осы уақыттан 5000 жыл ьұрынғы уақыт аралығында болған қанды майдандарда 4 млрд.-тан астам адам қаза тапты.
 
Бүгінгі сабағымызда адамзат тарихындағы ең ауыр соғыс болған Екінші дүниежүзілік соғыс жайлы сөз қозғаймыз. Оқушылар, сіздер соғыста болған жәйттерге көңіл аударып, жеңістің қалай келгендігін анықтап, бағалай білу керексіздер. Соғысқа аттанып, елін қорғаған халқымыздың батыр ұлдары мен қыздарын есте сақтауға, ерліктерін үлгі тұтуға бәріміз де міндеттіміз. Олар бастан кешкен сұмдықты ендігі жерде ешкім көрмесін!
 

2) Білімді қорытындылау мен жүйелеу 
1) Әлемнің қай елдерінде қандай саяси режимдер болды? (Жауап: Демократиялық - Англия, АҚШ, Франция; Авторитарлық – Жапония, Испания; Тоталитарлық - СССР, Германия, Италия.)
 
2) Сыртқы саясатында жаулаушылық бағытта болған елдерді атаңдар. (Жауап: Германия, Италия, Жапония)
 
3) Екінші дүниежүзілік соғыстың алдында әлемдегі сыртқы саяси жағдай қандай болды? Кеңес Одағы мен батыс елдері жаулаушылық бағыт ұстанған елдермен келісімге келу үшін қандай саясат жүргізді? (Жауап: Кеңес Одағы мен батыс елдері Германиямен астыртын келісімдер жүргізді)
 
4) Астыртын келісімдердің нәтижесі қандай болды? Қандай келісімге келді? (Жауап: 1938 жылы 29-30 қыркүйекте «Мюнхен сөз байласуы» болды.)
 
5) «Мюнхен сөз байласуына» қай елдер қатысты? Қандай шешімдер шығарылды? (Жауап: Ұлыбритания (Н.Чемберлен), Франция (Э.Даладье), Германия (А.Гитлер), Италия (Б.Муссолини). Келіссөздер нәтижесінде Чехословакияны бөліп алу жайлы келісім болды)
 
6) Англия мен Франция не себепті Германиямен келіссөзге барды? (Жауап: Егер олай етпесе Гитлер Еуропада соғыс ашатындығын мәлімдеді)
 
7) Кеңес-герман келіссөздері қандай нәтиже берді? Екі жақтың дипломатиялық қатынастарына қандай баға беруге болады? (Жауап: 1939 жылы 23-тамызда соғыс ашпау туралы келісім (Пакт) пен Құпия протоколдар жасалды.)
 
8) Екінші дүниежүзілік соғыс қашан басталды? (Жауап: 1939 жылы 1-қыркүйекте фашистік Германия Польшаға қарсы жаулаушылық соғысын бастады)
 
9) Екінші дүниежүзіліксоғыстың ұзақтығы мен қатысқан елдердің саны жайлы мәлімет бере кетсеңіздер. (Жауап: Соғыс 2194 күнге созылды, 72 мемлекет қатысты. Соғыс 40 мемлекеттің территориясында болды. Соғысқа қатысқан мемлекеттердегі халықтың саны 1,700 млрд. адамды құрады. Ол дегеніміз, Жер щарын мекендегі халықтың 80% болатын. 64 млн. адам қаза тауып, 110 млн. адам тұрғылықты мекенінен басқа жақтарға көшуге мәжбүр болды.)
 
10) Екінші дүниежүзілік соғыстағы ең маңызды этап Ұлы Отан Соғысы болды. ҰОС қашан басталды? (Жауап: 1941 жылдың 22-тамызында)
 
11) ҰОС-ның мағлұматтары қандай? (1418 күнге созылды, 27 млн. адам қаза тапты, 2,6 млн. адам мүгедек болды, 1710 қала мен қала типтес елдімекендер қирады, 70 мың ауыл жойылды.)
 
12) Соғыстың алғашқы күндері Кеңес Одағының 28 әскери дивизиясы толықтай, 72 дивизия жартылай талқандалды. Фашичтердің әскері Кеңес Одағының шекарасынан ішке қарай 300-600 км. қашықтыққа дейін енді. Олар Литва, Латвия, Белоруссия, Украина, Молдавия елдерін жаулап алды. Сонда, Қызыл Армияның жеңілуіне нендей себептер болды? (Жауап: 1) Еуропаны өзіне қаратқан Германияның әскери-экономикалық жағдайы Кеңес Одағынан қарағанда әлдеқайда жақсы болды; 2) Фашистердің соғысуөнері жоғары болды. Олар Еуропада екі жыл соғысып тәжірубелі болды. Ал Қызыл Армияның әлсіз болуына соғыс алдындағы және соғыс кезіндегі жаппай репрессия әсер етті; 3) Кеңес Одағын басқарушы биліктің әскери ұрыстарды дұрыс бағамдай алмауы мен шешуші сәтте жаңылысуы; 4) Кеңес Одағын басқарушы билік болып жатқан соғысты саралап, сақтық шараларын жасамады. Сондықтан фашистік Германияның шабуылы кездейсоқтық болып саналды.)
 
13) «Тайфун», «Барбаросса», «Ост», «Цитадель», «Багратион» әскери жоаспарларына түсініктеме беріңіздер. (Жауап: «Тайфун» -- Гитлер армиясының Мәскеуге басып кіруі туралы жоспар; «Барбаросса» -- фагшистік Германияның Кеңес Одағына кенеттен соққы беру жоспары; «Ост» -- Кеңес Одағы мен Шығыс Еуропаны мекендеген халықтарды қырып-жою жоспары; «Цитадель» -- Гитлер армиясының Курсаймағына басып кіру жоспары; «Багратион» -- Қызыл армияның Белоруссияны азат ету жоспары.)
 
14) «Үлкен үштік» конференциясының әскери әрекет етуі жөніндегі конферанциялар қашан және қайда болды? (Жауап: 1943 жылы 28-қараша мен 1-желтоқсан аралығында Тегеран қаласында (Иран); 1945 жылы 4-11-ақпанда Ялтада (Украина ); 1945 жылы 17-шілде мен 2-тамыз аралығында Потсдам қаласында (Германия))
 
15) «Үлкен үштік» басшыларын атаңыздар. (Жауап: Англия – У.Черчилль, АҚШ – Ф.Рузвельт, КСРО – И.Сталин)
 
16) Тарихта басты рөлдерді ойнайтын басқарушы тұлғалар болады. Осы «Үлкен үштік» басшылары жайлы қысқаша энциклопедиялық деректерді тыңдайық. (Осы жерде аталған үш басшы жайлы 3 оқушы өздерінің дайындағын қысқаша анықтамалық мәтіндерін оқиды немесе жатқа айтады, әңгімелеп береді. Бұл әрекет сұрақтармен бас қатырған оқушыларды аз да болса сергітеді.)
 
17) Сабағымызды ары қарай жалғастырамыз. «Үлкен үштік» конференцияларында қандай мәселелер қаралды? (Жауап: Екінші фронт ашу, БҰҰ-ны құру, Ленд-лиз бағдарламасы, соғыстан кейінгі қайта қалпына келтіру шаралары)
 
18) Екінші дүниежүзілік соғыс пен Ұлы Отан Соғысының негізгі шайқастарын (ұрыстарын) атаңыздар. (Жауап: Мәскеу үшін шайқас – 1941 жылдың 30-қыркүйегінен бастап 1942 жылдың 7-қаңтарына дейін; Сталинград шайқасы – 1942 жылдың 19-қарашасынан 1943 жылдың 2-ақпанына дейін; Курск шайқасы -- 1943 жылдың 5-шілдесінен 23-тамызына дейін; Днепр үшін шайқас 1943 жылдың қыркүйегі мен қарашасы аралығында; Берлин операциясы – 1945 жылдың 20-сәуірі мен 8-мамыры аралығында.)
 
19) Германия сөзсіз жеңіліске ұшырап, капитулация жасау туралы актіге қашан қол қойылды? (Жауап: 1945 жылы 8-мамырда Германия тарапынан - фельдмаршал Кейтель, КСРО жағынан – маршал Жуков қол қойды.)
 
20) Жеңіс күні қашан аталып өтеді? Алғашқы Жеңіс парады қашан болды? (9-мамырда. 1945 жылы 24-маусымда алғаш рет Жеңіс парады болды.)
 
21) Екінші дүниежүзілік соғыс қашан аяқталды? (Жауап: 1945 жылы 2-қыркүйекте Жапонияның тас-талқан болуынан соң)
 
22) Жапонияның Хиросима мен Нагасаки қалалары қандай жан түршігерлік жағдайды бастан кешті? (Жауап: АҚШ ядролық бомба тастады.)
 

3) ҰОС кезіндегі Қазақстан 
1) Сабақты ұйымдастырушы мұғалім ҰОС кезіндегі Қазақстан жайлы, Қазақстаннан соғысқа аттанғандар мен Қазақстанның соғысқа қосқан үлесі жайлы хабарлама оқып, көпшілік назарына мәліметтер ұсынады. Соғыста Отанын қорғаған ержүрек батырларымыз жайлы қысқаша айтады.
 
2) Ал батырлардың қысқаша өмірі мен жасаған ерліктері жайлы екі-үш оқушы қысқаша түсіндіреді. Ары қарай оқушыларға батырларымыз жайлы, олардың ерліктері жайлы жалпылама сұрақ қою болады.
 
4) ЕДС мен ҰОС-ның соңы мен соғыстан алған сабақ. 
Екінші дүниежүзілік соғыс алты жылға созылды. 64 млн. адамның өмірі соғыста қиылды. Келген шығын Бірінші дүниежүзілік соғыстағы шығаннан 12 есеге көп болды.
 
Соғыстың нәтидесі. Фашизмнің күл-таоқаны шығып, Кеңес одағы мен ның жақтастары жеңіске жетті. Әлемдік аренада Кеңес Одағының беделі арта түсті, АҚШ-пен иық тірестірер жағдайда болды. Соғыстан соң социализм орнады. Отаршыл елдердің Африкадағы күштері әлсіреп, отаршылдық жойыла бастады. Ең басты өзгерістердің бірі БҰҰ-ның құрылуы болатын.
 
Соғыстан кейін қалыптасқан ой бойынша Кеңес Одағы фашизмге қарсы соққы беруде басты, маңызды рөлді ойнады.
 
Соғыстан соң адамзат үлкен сабақ алды. Әсіресе, Кеңес Одағы. Соғыс кез-келген мәселе бойынша КСРО-ны қиын жағдайға қалдырғанымен, алға қарай жылжуына да септігін тигізді. Мұндай Ұл Жеңіске Қазақстан жерін мекендеген халықтың қосқан үлкесі орасан зор болды.
 
5) Үй тапсырмасы 
• «Ұлы Отан Соғысы кезіндегі Қазақстан» атты реферат немесе қысқаша баяндама дайындау;
 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет