Антиденелердің молекуласында антигендермен байланысқа түсе алатын белсенді орталықтары орналасқан. Олардың саны антидененің валенттігін сипаттайды. Осыған байланысты антиденелердің толық және толымсыз түрлері белгілі.
Екі немесе он валентті толық антиденелер өз антигендерімен әрекеттескенде аспапсыз көзбен көрінетін агглютинация, лизис, преципитация феномендерін тудыра алады.
Толымсыз моновалентті немесе блокирлеуші антиденелер өздеріне телімді антигендермен әрекеттескенде көзге ілінер ешбір нышан байқалтпайды. Мұның себебі – толымсыз антиденелер антигендік бөлшектерді ірі конгломераттарға біріктіре алмайды. Толымсыз антиденелерді анықтау үшін арнайы серологиялық реакциялар ұсынылған.