Сабақтың тақырыбы: Экономикалық тәрбиенің міндеттері, мазмұны


Экономикалық тәрбиенің міндеттері



бет2/2
Дата17.10.2023
өлшемі32,56 Kb.
#186105
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Экономикалық тәрбиенің міндеттері, мазмұны.

Экономикалық тәрбиенің міндеттері:
-экономикалық сана-сезіммен ақыл-ойды, саналы мұқтаждықтар мен қажеттіліктерді қалыптастырып бекіту;
-адам бойында ұқыптылық, тәртіптілік, үнемшілдік, іскерлік, ұйымдастырушылшық, енбек сүйгіштік сияқты қасиеттерді қалыптастыру;
-балалардың шығармашылықпен еңбек ету және тиімді, үнемді, аз шығындармен жоғары нәтижелерге жете алу іскерліктерін дамыту;
-тиімді экономикалық іс-әекетке деген ынта мен талпынысты қалыптастыру. Экономикалық тәрбие және білім беру шаруашылық іс - әрекетті жақсартудың өндірісті басқарудағы белсенділікті арттырудың қажетті және маңызды шарты.
Қазақстан Республикасының қазіргі әлеуметтік – экономикалық тәрбиесі мен білім алуына жоғары талаптар қойып отыр. Себебі бұрын қалыптасқан экономикалық саясат, экономикалық қатынастар күйреп, жаңа – рыноктық, экономикалық саясат пен қатынастар орын тебуде.
Осы талаптарға сай оқушылардың экономикалық ойлауын дамыту үшін мектеп төмендегідей міндеттерді ескереді:
1. Қоғамның рыноктық экономикалық заңдары мен заңдылықтары жөніндегі білімдерді игеру.
2. Мемлекеттің экономикалық теолриясы мен саясатын, өндірісті жедел қарқынмен дамыту міндерттерін тәжірибеде шешудің жолдары мен әдістерін жақсы білетін, өзінің оқу - өндірістік іс - әрекетінде жоғары нәтижелерге жетуге қабілетті, өз ісіне ие бола алатын, өзіне және қоғам игілігіне ұқыпты және ыждағатты қатынас жасайтын тұлғаны қалыптастыру;
3. Өндірістегі экономикалық қатынастарға белсене қатынаса алатын дай, еңбектің жаңа алдыңғы түрлері мен әдістерін тез игеретіндей мүмкіндік беретін юіліктермен қаруландыруы;
4. Ақыл – ойға сиымды қажеттіктерді қалыптастыру.
Экономикалық тәрбие - жас жеткіншектерге әкономикалық қызмет, қоғамымыздық экономикалық заңдары туралы дұрыс түсінік беру. Осының негізінде өндірістік экономикалық қызметте, материалдық өндірістен тысқары экономикалық қатынаста, күнделікті өмірде жеке адамның санасын қалыптастыру.
Экономикалық білім мен тәрбиенің міндеттері:
• Оқушыларды қоғамның даму заңдылықтарымен, өндіріс экономикасымен таныстыру.
• Басқаруға тән - ұқыптылық, іскерлік, ықыластылық, тәртіптілік, т.б. қасиеттерді дағдыландыру.
• Экономикалық есеп, талдау жасау дағдыларына үйрету, еңбекті ғылым негіздерімен байланыстыра білу.
Экономикалық тәрбие және білім беру мектептегі барлық оқу пәндерінің мазмұны арқылы жүреді.
Ең алғашқы оқушылардың экономикалық білімі әр түрлі пәндер бойынша сабақтарда қалыптасады. Мектьеп оқушыларының биология, химия пәндері бойынша жүргізілетін ауыл шаруашылық тәжірибесінде ең жақсы тұқым сорттарын пайдалануда, тыңайтқыштарды ұтымды етіп өсімдіктерді қоректендіруде тәжірибе жұмысы экономикалық нәтижені көруге мүмкіндік береді.
Оқушылардың экономикалық тәрбиесінде қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек ерекше орын алады. Өйткені олар еңбек арқылы түсірілетін қаржының құндылығына түсінеді. Егер еңбек материалдық құндылықты өндіруге бьағытталса, онда ұтымды табысқа жетеді.
Өнімді еңбекте оқушылардың жоспарлау ісіне, өнімділік процесіне ұйымдастыруға, есеп алу, бақылау және нәтижесін талдау жұмыстарына оқушылардың қатынасуының маңызы өте зор. Бұлардың бәрі материалдық қаржы қорын, жұмыс күнінің өнімді пайдалана білуге, ұйымшылдыққа, шаруашылыққа тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады.
Экономикалық тәрбиеде оқушылар мынандай ұғымдарды білуге қажет. Олар: ұлттық кіріс, қаржы, еңбек ақы, пайда, рентабілдік, өзіндік құн, еңбек өнімділігі, акция, бизнес, рынок т.б.
Экономикалық тәрбиеде ақша мәселесі негізгі бағыттардың бірі. Бұл мәселе негізінен жанұяда шешіледі, мектептің қатынасы жанама ғана.А.С. Макаренко: “Ержетіп өмірге аяқ басқан адамның өзіндік қаржы қоры жөнінде тәжірибесі болуы және ақшаны жұмсай білуі керек”, - деп жазды.
Қазіргі қоғамдық өмір оқушылардың қалада, ауылда, құрылыста т.б. үлкен ұжымдық, кішкенге топтық, жеке еңбегін ұйымдастыру, оның жыл бойына, мезгілдік, қысқа уақыттағы жасауды талап етеді. Мұндай жүйені жасау шаруашылық, жеке тұлғалық сияқты көптеген мәселелердің шешімін табар еді. Осы мәселені ақыл – ойға сыйымды шешу, оқушылардың ақшаға қатынасын, сонымен бірге сынып оқушыларының әлеуметтік бағдарын қалыптастыру.
IV. Сабақты бекіту
«Ыстық орындық» әдісі арқылы сабақты бекіту
V. Бағалау
Сабақ барысында көп балл жинағандарына қарай тиісті бағаларын алады.

VІ. Үйге тапсырма:


«Экономикалық тәрбиенің міндеттері, мазмұны» тақырыбын мазмұндау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет