Сабақтың тақырыбы: «Ел ордасы-Астана»



бет2/2
Дата17.06.2018
өлшемі142,95 Kb.
#42737
түріСабақ
1   2

«Қазақ елі» - Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласында орналасқан мәдени-архитектуралық монумент. Монумент 2009 жылы ашылды. Монументтің авторлары - Сәрсен­бек Жүнісовжәне Жаңбыршы Нұркенов.

Сипаттамасы[өңдеу]

Тарихи-мемориалдық кешеннің жалпы аумағы 5,2 гектар, соның монумент орна­лас­қан орталық тұғырнамасы 1 гек­тар жерді алып жатыр. Ақ мәр­мәрдан құйылған монумент­тің биіктігі – 91 метр, бұл –Қазақстан тәуелсіздігін алған 1991 жыл­дың белгісі. Ал оның басындағы алтын түстес бояу­мен әрленген алып құс – Сам­ұрық Қазақ­стан­ның тынышты­ғын «күзетіп» тұр. Монументтің түсі – ақ. Ол қазақстан­дық­тардың дос­тық­қа адал, бау­ырмал, ақ ниетін паш етсе ке­рек. Көптеген елдерде орнатыл­ған мұндай стелалар қара, кейде қызыл түсті болып келеді. Олар тиісінше қара күш­тің, қанның белгісі іспетті.

«Қазақ елі» монументінің сыртқы бөлігінде 28 колоннадан тұратын жалпы ұзындығы 120 метрлік доға пішіндес ақ колон­на да орнатылған. Стеланың өзі осы ақ колоннаданың қақ орта­сында, қызыл граниттен жасалған төрт қырлы тұғырға отырғызыл­ған. Оның төрт қырлы болған се­бебі – дүниенің төрт бұрышына да Қазақстанның құшағы ашық, көңілі адал дегенді айғақтайды.

Өзгеріс: тұғыр граниттің төрт қабырғасына жасалмақ. Оның биіктігі 20,1 метрге дейін көте­рілетін болады, содан соң қабыр­ғаларға жаңа көркемдік шешім бойынша қола барельефтер ор­натылмақшы. Идея авторла­ры­ның ойынша, бұл монументтің мазмұны мен көркемдігін аша түседі.

Орталық барельеф – «Халық және Президент» деп аталады. Онда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның сыртында халықтың бейнесі көрінеді. Алдыңғы фигура­ның биіктігі – 5 м, онда Н.Назар­баевтың Конституцияның үстіне қолын қойып, ант беріп тұрған сәті бейнеленген. Бұл – біздің тәуелсіз, демократиялық елімізде заңның үс­тем­дік құратынын айғақтайтын нышан. Президенттің сыртындағы халық – қазақстандықтар, олардың бейбіт, мейірімді көңілін ұшып жүрген қарлығаштар дәйектейді.

Монументтің оң жағындағы екінші барельеф – «Қаһармандық» деп аталады. Онда Отан қорғау қазақ ұлдарының ежелден қасиетті борышы болғанын көрсететін бейнелер шоғырланған. Соның ішінде ерлік пен елдікке үндеген жыраудың, ат үстіндегі ел қорғаған сарбаздың және қолында автоматы бар жауынгердің елдің шебін күзеткен бейнелері орналастырылған.

Батыс жақ бетке орналастырылатын «Жасампаздық» атты барельефте авторлар Қазақстанның көшпелі дәуірден ғарышқа ұшқанға дейінгі жолын бейнелемек болған. Сондағы жасампаздықты туғызған ғалымдар мен инженерлер, металлургтер мен диқандар бейнесі көрінеді.

Ал монументтің шығыс жағындағы «Болашақ» атты барельефте тәуелсіз елде өсіп, өз тағдырларын өздері жасап, ғылымда, мәдениетте, спортта үлкен жетістіктерге жетіп келе жатқан қазақстандық жастардың көңілді шақтары бейнеленген.

Осы идеялардың бәрі Қазақстан халқының тәуелсіздік алғандағы шаттанған сезімдерін бейнелеген «Бірлік» атты мүсіндік композициямен аяқталады.





«Қаһар­мандық»

 




«Жасампаздық»

 




«Болашақ»

 




«Бірлік»
Каталог: uploads -> doc -> 0d15
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d15 -> Бекітемін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А. Саянова


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет