Металдардағы электр кедергісінің температураға тәуелділігі, асқын өткізгіштік/Dependence of electrical resistance in metals on temperature, superconductivity
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
8.4.2.16 – металл өткізгіштердегі электр тогын және оның кедергісінің температураға тәуелділігін сипаттау
Сабақтың мақсаты
- Металдарда токты еркін электрондар тасымалдайтынын түсінеді, асқын өткізгішті біледі.
- Металдардағы электр кедергісінің температураға тәуелділік формуласын сипаттап, графиктерін сызады.
- Металдағы электр кедергінің температураның өзгерісіне тәуелді екенін тәжірибе арқылы көрсетеді.
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
«Миға шабуыл» әдісінде сұрақтар арқылы жаңа тақырыпты ашу
Металдардағы электр тогы қалай тасымалданады?
Металдар не себепті жақсы өткізгіштер деп саналады?
Асқын өткізгіштік дегенді қалай түсінесің?
«Мәселе неде?» әдісі арқылы оқушыға жаңа сабақты түсіндіру
1-мәселе: «Электр кедергісі» Тапсырма: Металдардағы электр кедергісінің температураға тәуелділік формуласы мен графигін салып көрсету.
«Электр кедергісі»
Тапсырма: Металдардағы электр кедергісінің температураға тәуелділік формуласы мен графигін салып көрсет.
Металдың кедергісі температураның өзгерісіне, яғни еркін электрондардың қозғалыс температурасына тәуелді екенін айтып, формуласын жазып, графигін сызып көрсетеді.