Электр қыздырғыш құралдар, қыздыру шамдары, қысқа тұйықталуған балқымалы сақтандырғыштар./Electric heating devices, incandescent lamps, short circuit fuses.
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
8.4.2.17 – қысқа тұйықталудың пайда болу себептерін және алдын алу амалдарын түсіндіру;
Сабақтың мақсаты
- Қыздырғыш приборлар параметрлерінің тәуелділігін біледі.
- Шам кедергісін табуға қатысты дұрыс есептеулер жүргізеді (кедергі тәуелді болатын шамалардың бірін табу үшін формуланы өзгерте алады).
-Қысқа тұйықталу жайлы біледі,балқымалы сақтандырғыштар қолдану мақсатын түсінеді.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі//уақыты
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы
Өткен білімді еске түсіру
Жаңа білім
Бекіту
Кері байланыс
Сабақтың соңы
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Миға шабуыл» әдісі арқылы сыныпқа сұрақтар қою арқылы, тақырып аясында оқушылардың ойы мен түсінігін тыңдау.
-Электр қыздырғыш құралдары дегенімізді қалай түсінесіңдер?
-Электрқыздырғыш құралдарының күнделікті тұрмыста қолданылуы
Жаңа сабақ
Ең алғашқы электр шамдар, осы уақытқа дейін пайдаланылып жүрген, қыздыру шамдары б. т. Олардың жарық көзі адам көзінің қабылдауына оптималды б. т. Бірақ олардың елеулі кемшілігі бар: жуық шамамен олардың 95% энергиясы жылуға айналады, ал 5% ғана жарық көзінің үлесіне қалады.
Электр шамының бір ғана өнертапқышы жоқ. Шамның тарихы әр түрлі уақытта, әр түрлі адамдардың ашқан жаңалықтарының тізбегінен тұрады. Лодыгин ең бірінші болып шамға вольфрам сымын қолданды және қыздырғыш сымды спираль пішінде орауды ұсынды. Лодыгин ең бірінші шамнан ауаны сорып алды, сөйтіп ол шамның қолдану мерзімін көп есеге арттырды. Лодыгиннің тағы бір жаңалығы шамды инертті газға толтырып, қолдану мерзімін арттыруға бағытталды.
1876 жылы 23 - ші наурызда П. Н. Яблочков (1847 - 1894) дүниежүзінде бірінші болып электр шамын жасауға патент алды. Орыстың электротехнигі П. Н. Яблочков «Яблочков шамы» деп аталатын электр доғалы шам жасады. Мұндай шамдар 1878 жылы Париждің алаңдары мен көшелерінде орнатылды, ал кейін Москва мен Петербургте пайда болды.