«Стикерлермен диалог» әдісі арқылы сын тұрғысынан ойлауға дағдыланады. Олар бір-біріне қолдау көрсету арқылы өзінің білгенімен, жаңа идеяларымен, бөліседі, өзінің танымдық әрекетін дамытады.
Стикерлерге сұрақтар жазылады. Топтар стикердегі сұрақтарға жауап беріп немесе түсіндіріп, кейін бөлісіп, талқылап және таныстырулары керек.
Қыздыру шамының құрама бөліктерін атаңдар
Қыздыру элементі қандай материалдан жасалады?
Қысқа тұйықталу дегеніміз не?
Электр тізбегіне сақтандарғыш не үшін керек?
Балқымалы сақтандырғыш дегеніміз не?
Дескриптор:Білім алушы -қыздыру шамының құрама бөліктерін атайды;
-қыздыру элементінің материалын айтады;
-қысқа тұйықталуға анықтама береді;
-сақтандырғыштың пайдасын айтады;
-балқымалы сақтандырғыш туралы айтады;
Білім алушылар өзін-өзі бағалау жүргізеді. «Білім пирамидасы» қорытынды бағалау
1-саты 20-30%-дық білім – қанағаттанарлық деңгей (кейбір сұрақтарға қиналады), 2-саты 40-60%-дық білім – тақырыпты жақсы біледі, 3-саты 60-90%-дық білім – қосымша ақпараттар біледі, 4- соңғы саты -90-100%-дық білім – көшбасшы (өз білгендерін дәлелдеп, қолдана алады). Нәтижесінде бұл тәсіл оқушының сабақта оқу-білімге деген қызығушылығы мен белсенділігін едәуір арттырды.
Кері байланыс “SMS “ хабарламажазбаша түрде жазады.
Кімге _____________
Кімнен____________
“Мен үшін не қызықты”
Мен үшін не қиын? Үйге тапсырма. Электрқыздырғыш .Қысқа тұйықталу. Сақтандырғыштар