Сабақтың тақырыбы Электролиттік диссоциациялану дәрежесі. Табиғаттағы және тұрмыстағы күшті және әлсіз электролиттер



Дата22.06.2017
өлшемі132,45 Kb.
#19535
түріСабақ

Сыныбы, пәні: 9 сынып, химия

Пән мұғалімі: химия пәнінің мұғалімі Темиралиева А.Д


Сабақтың тақырыбы

Электролиттік диссоциациялану дәрежесі. Табиғаттағы және тұрмыстағы күшті және әлсіз электролиттер.

Жалпы мақсаты

Электролиттік диссоциациялану дәрежесі және оның белгіленуі туралы мағлұмат беру. Күшті және әлсіз электролиттердің айырмашылығын дәлелдеу.

Сілтеме

Химия оқулығы 9 сынып. Авторлары: Н.Нұрахметов, К.Жексембина, Н.Заграничная. Алматы"Мектеп" 2013ж







Оқу нәтижесі



- Электролиттік диссоциациялану дәрежесін және оның қандай жағдайларға тәуелді екенін біледі;

- Күшті және әлсіз электролиттердің қайсысында иондар берік байланысқанын және олардың айырмашылықтарын дәлелдейді.



Негізгі идеялар

Презентация, флипчарт, шаблон

Ресурстар және керекті құрал-жабдықтар, реактивтер


Интернет материалын пайдаланады.Электронды оқулық 9 сын, интерактивті тақта, смайликтер, бағалау парағы, қима қағаздар, рефлексия парағы, тапсырмалар, стикерлер, маркерлер, заттардың электрөткізгіштігін тексеретін аспап, кейбір күшті және әлсіз электролиттердің диссоциация дәрежесінің сандық мәндері көрсетілген кесте.

Оқыту формасы, технологиясы, әдіс-тәсілдер

Үй тапсырмасын жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар арқылы тексеру, топтық жұмыс: жаңа білімді меңгерту, жетектеуші сұрақтар, ой бөлісу, бағалау әдістері, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары – блум таксономиясы, деңгейлік тапсырмалар.

С а б а қ б а р ы с ы :

Сабақ

кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе

Психологиялық дайындық
1.Білу


Ұйымдастыру

- Сыныптың санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау;

- Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

- Топқа бөлу: Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы 4 топқа бөлемін.

-Үй тапсырмасын тексеруде жабық және ашық сұрақтар қойылып, тапсырмалар орындалады:

Тапсырма № 1.

1.Электролиттік диссоциация дегеніміз не?

2. Электролиттерге, бейэлектролиттерге қандай заттар жатады?

3. Натрий хлоридінің судағы ерітіндісі электр тогын өткізетіндігін, ал қант пен глюкозаның судағы ерітінділері неліктен ток өткізбейтіндігін түсіндіріңдер.

4. Мына заттардың электролиттік диссоциациялану теңдеулерін жазыңдар:

а) мыс ІІ сульфаты;

б) кальций хлориді;

в) натрий гидроксиді;

г) алюминий нираты.



Мұғаліммен амандасады.




Оқушылар зертханалық ыдыстардың суреттерін құру арқылы 4 топқа бөлінеді.
Оқушылар үй тапсырмасы бойынша жауап береді. Флипчартта жазылған тапсырмалар орындалады. Топ басшысы жауап берген оқушыларды жұлдызшалармен бағалап отырады. Топтарға

критериалды бағалау парақшасы таратылады.




2. Түсіну

Оқушылар күннің жады мен сабақтың тақырыбын жазады. Үй тапсырмасымен байланыстыра отырып, жаңа тақырыпқа көшемін. Электронды оқулықтан “Электролиттік диссоциациялану дәрежесі. Күшті және әлсіз электролиттер” тәжірибе жүзінде дәлелденіп, бейне баяннан көрсетіледі.

Сонымен қатар диссоциациялану дәрежесі концентрацияға,



температураға,

электролиттің табиғатына тәуелділікте болады.

Мысалы: концентрацияға тәуелділігін сірке қышқылының электрөткізгіштігінен көруге болады. Алғаш электр шамы әлсіз ғана жылтыраса, ерітіндіге су құйған сайын шам жарқырап, жануы күшейеді.

Диссоциациялану дәрежесінің электролиттің табиғатына тәуелділігін NaОН және КОН, НF және НСІ электролиттерінің электрөткізгіштігінен салыстыруға болады.

Диссоциациялану дәрежесінің температураға тәуелділігін стакандағы қыздырылған және қыздырылмаған сірке қышқылына электрөткізгішті салып, байқаймыз.

Мына электролиттерді ажыратып жазыңдар: HCI, HCIO4, CuSO4, NaOH, H3PO4, H2S, CH3COOH, H2SO3, H2SO4, H2SiO3, NaCI, K2SO4, AI2(SO4)3.



Оқушылар электронды оқулықтан алған жаңа тақырыпты бірлесе талдай отырып, күшті, орта және әлсіз электролиттерді ажырату мақсатында жаттығулар орындайды.

3. Қолдану


Тапсырма № 2.

Оқулықпен жұмыс 35 беттегі № 4,5,6 жаттығуларды орындайды.

4. “Сарыағаш” минералды суы құйылған ыдыста: Na+, K+ катиондары және HCO3-, CO32-, F- аниондары бар” деп жазылған. Осы минералды суда түзілуі мүмкін тұздардың формулаларын жазыңдар.

5. Егер электролит молекуласының әр 200 – інің 60 – ы иондарға ыдыраса, сол заттың диссоциациялану дәрежесі қанша пайызға тең?

6. Мыналардың қайсысы күшті электролитке жатады: H2S, H2CO3, HNO3, NH4OH.

көмір қышқылы, натрий гидроксиді, аммиак, күкірт қышқылы?




Берілген тапсырмаларды оқушылар жеке орындайды, жұптық және топтық талқылайды, бір-бірін топтық бағалайды жұлдызшалармен. Тапсырманы бірінші аяқтаған топ марапатталады: Смайликпен. Топ басшысы бағалау парағына бағалап отырады.


4.Талдау


Тапсырма №4.

Шығармашылық жұмыс “Электролиттердің маңызы”

І топ: “Электролиттер – ғылым мен техникада”

ІІ топ: Электролиттер – медицинада”

ІІІ топ: Электролиттер – өндірісте”

ІV топ: “Электролиттер – тамақ өнеркәсібінде”



Оқушылар берілген тапсырмаларды бірлесе отырып, топпен орындайды. Әрбір топ өз постерлерін қорғайды. Топтар бір –бірін бағалайды. Сабақта интернет материалдары, қосымша мәліметтер қолданылады.


5.Жинақтау

Тапсырма № 5. Венн диаграммасы

Ұқсастықтары




Әлсіз электролиттер

Күшті электролиттер




Оқушылар Венн диаграммасына күшті және әлсіз электролиттердің айырмашылықтарын және ұқсастықтарын (ортаға) жазып, толтырады. Жауап берген оқушыларды топ басшылары формативті бағалап отырады.


6. Бағалау


1)Бекіту сұрақтары:

  • Электролиттік диссоциация дәрежесі дегеніміз не және ол қандай жағдайларға тәуелді?

  • Күшті және әлсіз электролиттердің қайсысында иондар берік байланысқан?

  • Электролиттердің маңызы қандай?

2)Бағалау: Сабақ барысындағы жұмыстары бойынша, сабақ критерийлеріне сәйкес оқушыларды бағалап отырған топ басшылары өз бағаларын айтады, сыныппен кеңесе отырып бағалаймын, бағаға түсініктеме беріп, жетілу жолдарын айтамын.

3)Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, интернет материалдарынан қосымша мәліметтер жинақтап, әкелу.

Ә.Темірболатова Есептер жинағынан



№ 1.10 – 1.17 есептер шығару.

4)Рефлексия:

Бүгінгі сабақта ұнады -------------




ұнамады-----------------


Менің көңіл –күйім:




(рефлексия парақтарына түсіреді)

- Сабақ аяқталды!

- Сау болыңыздар!



Оқушылар тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылайды.

Формативті бағалау жүргізіледі.

Оқушылар бағаланады. Сабақ барысындағы жұмыстары бойынша, сабақ критерийлеріне сәйкес оқушыларды бағалап отырған топ басшылары өз бағаларын айтады.



Сабақтан алған әсерін баяндайды. Кей оқушы сыныпқа оқып береді.


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет