Сабақтың тақырыбы: «Елін сүйген- елбасы»



бет1/2
Дата02.07.2018
өлшемі257,75 Kb.
#45367
түріСабақ
  1   2
Пәні: тәрбие сағаты
Сыныбы:
6 «А»

Сабақтың тақырыбы: «Елін сүйген- Елбасы»



Мақсаты: 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;

Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу;

Оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру;

Көрнекілігі: Нұрсұлтан Назарбаевтың суреттері

Барысы:
Мұғалім:- Құрметті оқушылар! Барша Қазақстан халқы 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күні мерекесін тойлайды. Осыған орай лицей бойынша апталық жоспарланып, салтанатты жиын, спорттық жарыстар, кітап көрмесі, тақырыптық кеш ұйымдастырылады. Сөйтіп біз де өз сыныбымызда «Елін сүйген, елі  сүйген  Елбасы» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізіп отырмыз

Мен- қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен- қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім!


- Неліктен Тұңғыш Президент күні мерекесі 1 желтоқсанда аталып отыр? Өйткені


1991 жылы 1желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

- Ал Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы не білесіздер?


Оқушылар өздері білетін мәліметтерін айтып шығады. Сосын жоспар бойынша дайындалған фактілерді слайд арқылы көрсетіп, түсіндіремін.

«Балалық шағы» 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз - маз өнімдерін сатып, үй - ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.



 Ата - анасын қатты құрмет тұтты.

  

Каталог: 2018
2018 -> Сабақ: Уақыт. Уақыттың өлшем бірліктері. Aқтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк селосы
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> «дизайн» бойынша Қалалық олимпиадасы
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың мақсаты: ден 10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту тәсідерін қайталау. Апта күндерін ретімен меңгерту
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет