5 «ә» сынып
|
Күні 28.09.2013
|
Әдебиет
|
Сабақтың тақырыбы
|
Ер Төстік және оның достары.
|
Жалпы мақсаты
|
Ертегінің мазмұнын игеру; Жанрлық ерекшелігін тану; Шығармашылық жұмыстар арқылы оқушының ой-қиялын дамыту; Өзіндік көзқарасын, жазба әдеби тілін қалыптастыру;
|
Күтілетін нәтижелер
|
А.Пәнге қызығушылығы артады.
В.Ойлау, қиялдау қабілеттері дамиды.
С.Шығармашылықпен жұмыс жасауға қабілеті артады.
|
Сабақ түрі
|
қайталау сабақ
|
Керекті жабдықтар
|
Слайд, суреттер, интерактивті тақта.
|
Сабақтың барысы Сыныппен байланыс орнату . Психологиялық дайындық
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Кіріспе
|
Бағалау өлшемі:
1.Біліміңді байқап көр-10 балл
2.Ой қозғау-5 балл
3.“Кітап- досың, ақылшың”(оқулықпен жұмыс) -10 балл
4.Өмірмен байланыс– 5 балл
5.Ой толғау- 10 балл
Біліміңді байқап көр.
Бағалау шкаласы
«5» – 35 – 40 ұпай
«4» – 25 – 30 ұпай
«3» – 15 – 25 ұпай
«2» – 10 – 0 ұпай
1.Біліміңді байқап көр
1.Ерназардың байлығы, сегіз ұлы..........................
2.Жұт жылы сегіз ұлдың оралмауы...............
3.Ерназар мен кемпірінің жалғызсырауы...........
4.Төстіктің дүниеге келуі, өсуі...................
5.Кемпір қарғысы - ой салды........................
6.Ағаларын іздеу сапары, қуанышты оралу.........
7.Ерназардың келін іздеуі, құда түсуі................
ЕрТөстікке сипаттама бер.
|
Зейін қою
жауапкершілікті
сезінуі
Сұрақ-жауап, тақтамен жұмыс Білу, түсіну аясында сұраққа жауап берді.
Өткен материалды еске түсіріп, қорытындысын айтады.
|
Тұсаукесер
|
Қызығушылықтарын ояту .Топпен жұмыс
«Ер Төстік» ертегісі аналық қауымнан аталық қауымға өту дәуірінің халық санасындағы бейнесі»
(Қазақ эпосы мен тюркология еңбегінен)
«Ер Төстік» ертегісі болса, осы нақты өмірлік суреттер мен детальдарға бай. Ер Төстіктің әке-шешесі аштыққа ұшырағанда күлдіреуіштен семіз қойдың төстігінің табылуы.Төстіктің қайнаған құртқа шешесінің қолын күйдіріп, жұт жылы адасып кеткен ағалары туралы шындықты айтқызуы. Ағаларын іздеп барып, тауып әкелуі. Ерназардың жоғалған інгенді іздеуі. Сорқұдықтың басына баласы садағын ұштайтын егеудің тастап кетуі – бәрі-бәрі тұнып тұрған нақты суреттер
|
Сұрақ-жауап, тақтамен жұмыс Білу, түсіну аясында сұраққа жауап берді.
|
Негізгі бөлім
|
Мәтінмен жұмыс /МИҒА ШАБУЫЛ/
“Кітап- досың, ақылшың”(оқулықпен жұмыс)
“«Ер Төстік» ертегісінің екі бөлімін толық оқып, жоспар құру
І топ.
Ер Төстік және оның адал достарын тірек сызба арқылы сипаттаңдар?
ІІ топ.
Достық, ерлік, батылдық туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
ІІІ топ
Ер Төстік өзінің сенімді серігі - тұлпары Шалқұйрық.
ІVтоп
Төстікке дос болатын Таусоғар, Көлтауысар сияқты кейіпкерлер.
|
Дәптерлерін ашып, күннің жадынын,тақырыбын жазып алады. Шығарманы ой елегінен өткізді.
Жазбаша жұмыс, баяндау, әңгімелеу, түсіндіру, проблемалық ізденіс тудыру, ой қорыту.
Салыстырды дәлелдер келтірді, ойын қорытындылайды.
|
Қорытынды
|
Ой толғау «Шынайы дос»
Өмірмен байланыс:
Саққұлақ кім? –.
Көреген қазіргі өмірдегі не? –
Тыңшы –
Көлтауысар –
Таусоғар –
|
Шығармашылық жұмыс арқылы өз ойларын жазады.
|
Бағалау
|
(Топ басшылары бағалау парағы арқылы бағалайды)
|
Неліктен мұндай баға қойғаны туралы өз ойларын айтып шығады.
|
Рефлексия
Үй тапсырмасы
|
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Қандай әсер алдыңдар.
Ертегі мазмұнына сәйкес өздеріне ұнаған оқиғаларды суретпен бейнелеу, ертегі құрастырып келу.
|
Қысқаша сипаттама жазады.
|