Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөйлемдегі сөздердің байланысы «Шылау» туралы ұғымдарын қалыптастыра отырып, септеулік шылаулар туралы білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын ұштау, ізденімпаздыққа баулу, өз беттерімен жұмыс жасауларына жағдай туғызу.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, имандылыққа, қазақ тілін құрметтей білуге, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабықтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Әдісі: Түсіндіру, топтастыру, мысалдар келтіру, сұрақ-жауап, жаттығулар орындау.
Сабақ барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі:
-Оқушыларды түгендеу, олардың сабаққа қатысы туралы кезекшінің мәліметін тыңдау.
-Оқушыларды тәртіпке шақыра отырып, сабақтың мақсаты айтылады.
ІІ.Өткен сабақты пысықтау
Шылау дегеніміз не? Мысалдар келтір.
Шылаудың түрлері.
Сөзжұмбақ, ребустарын тексеріп, бағалау.
324-жаттығуды тексеру.
ШЫЛАУ:
Сұраққа жауап бермейді
Жеке тұрып сөйлем мүшесі болмайды, шылаулар түрленбейді
Өз алдына толық мағынасы жоқ
Сөзден бөлек жазылады
Біріңғай қолданыста екі сын есім арасында келгенде тыныс белгі қойылмайды
Біріңғай сөздермен қайталанып келсе үтір қойылады
Сөзбен сөзді байланыстырады
Өзі тірк.сөзге үстеме мағына береді
ІІІ. Жаңа сабақ: Септеулік шылаулар туралы түсінік
Шылау сөздер білдіретін мәні мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарау: Септеулік, демеулік, жалғаулық болып үшке бөлінеді.
Септеулік шылау Атау, барыс, шығыс, көмектес септіктерінде тұрған сөзбен ғана тіркесіп қолданылады, сөздерді сабақтастыра байланыстырады.
Атау: туралы, сияқты, Үшін, сайын т.б.
Мысалы: Біз сабақ туралы сөйлестік.
Отан үшін отқа түс –күймесің.
Жұма сайын үйге қайтамыз.
Барыс: дейін, қарай, тарта, жуық т.б.
Мысалы: Түске дейін жүзге жуық хат жібердік.
Шығыс: кейін, соң, әрі, гөрі, бері т.б.
Бұдан әрі оның сөзін ести алмадым.
Сабақтан соң үйге үйірме жұмысымен айналысамыз
Көмектес:бірге, қабат, қатар
Мен әкеммен бірге кешке дейін жұмыс істедім.
ІҮ. Тақтамен жұмыс: Жазылған сөйлемдерді талдау.Шылаулар туралы түсінігін меңгерту,ереже қортып шығару.
Мектепке(неге?)дейін бірге бардық.
Мен әкеммен(кіммен?) бірге кешке(неге?) шейін жұмыс істедім.
Көпір (не?) арқылы өттік.
Ү. Ой сергіту:
Кім көп шылау біледі? Тақтаға оқушылар шығып толтырады /Топтастыру/
ҮІ. Үлестірмелі карточкамен немесе тақтамен жұмыс
Көп нүктенің орнына үшін, және, сайын шылауларының тиістісін қойып көшіріп жаз:
Шашты күту аса қажет. Ол ................ шашты 7-10 күнде бір рет жылы сумен сабындап жуу керек. Шаш жұмсақ .............таза болу ............ оны айран қосылған сумен жуу керек. Ерлерге шашты жұма ................... қырықтыру қажет.
№2 тапсырма
Көп нүктенің орнына түсіп қалған шылауларды қойындар.
А)Ақан ...ойланып, ...ойланып сенімді шешімге бел байлады.
Ә)Қара торы қыз өзгелерден ... келген.
Б)Осыдан ...көктемгі егіс ........ сөз бола бастады.
В)Оспан ...Жексен бүгін көңілді оралды.
Г)Кішкене-кішкене шамдар бірінен ............ бірі жана бастады.
№3 тапсырма
А)Абай халық ..... , халық Абай ... алысады.
Ә)Жолсейіт бүгін телефон ... үйімен хабарласты.
Б)Осы кезге ... ол Раушанды көрмеген еді.
В)Даладағы дабыр-дұбыр естіп, үйден Әділ ... Айгул жүгіріп шықты.
Г)Терезені біреу ақырын ... қаққандай болды.
№4 тапсырма
Мына шылауларды қатыстырып сөйлем құраңдар.
Үшін, туралы, сияқты, сайын.
Үйге тапсырма: Септеулік шылаулар туралы ережені түсініп оқу,
327-жаттығу: Көп нүктенің орнына төменде көрсетілген септеуліктердің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Септеуліктердің мағыналық, қызметтік сипатын талдаңдар.
Бағалау.
Сабақ №15
Тақырыбы: Жалғаулық шылау.
Мақсаты:
Шылаулар туралы білімдерін толықтыру, жалғаулық шылаулардың қалай жасалатыны туралы түсіндіру.
Оқушылардың ойлау, пайымдау қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігіне, ой ұшқырлығына баулу.
Туған тіл әрбір елдің ұлттық мақтанышы екенін ұғындырып, келтірілген мысалдар арқылы елін, жерін, туған тілін сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту сабағы.
Әдісі: талдау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ізденушілік т.б.
Пәнаралық байланыс:әдебиет
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Кезекшінің мәліметін тыңдау, оқушыларды тәртіпке шақырып сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
Шылаулар, септеулік шылаулар туралы сұрақтар қою.
Мысалдар келтіру.
Жаттығуларды тексеру.
ІІІ.жаңа сабақ: жалғаулық шылау.
Сөздер мен сөйлемдерді байланыстырады. /сөз бен сөзді, сөйлем сен сөйлемді салаластыра байланыстырады/
Жалғалық шылауларды жалғаулықтар деп атайды.
Жалғаулық шылаулар:
-және, да, бірақ, дегенмен, алайда, өйткені, себебі, сондықтан, сол үшін, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде, бірде, біресе, егер т.б.
Мағыналық қатынастары:
Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: мен, бен, пен, менен, бенен, пенен, да, де, та, те, және, әрі /Мысалдар келтіру/
Қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да т.б.
Талғаулықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар немесе кезектес мәнді білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде
Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар:себебі, өйткені, сондықтан т.б.
ІҮ.Тақтаға мысалдар жазу:
Олар жолшыбай көп мәселені сөз етті, бірақ бірін-бірі ұнату жайлы ләм дескен жоқ. (оқушылар қай әңгімеден үзінді екенін айтады: С.Мұратбеков «Қылау»)
«Дәрмене ұрлаған бала ақшаны да ұрлап, құрып кетер»-деп отырсыз ғой, ә?»-дегенде Тоқаң селт ете қалды. (Д.Исабеков «Ата үміті» әңгімесі)
Ү. Сабақты бекіту:
Оқушылардан тестілеу жұмысын алу:
Септеулік шылаулар туралы тестілеу жұмысы І нұсқа
1. Барыс септігіндегі сөзбен тіркесетін септеулік шылауды табыңыз.
А) Бірде. В) Өйткені. С) Дейін. D) Тұрсын. E) Сондықтан.
2.Атау септігіндегі сөзбен тіркесетін септеулік шылауды табыңыз.
А) Қатар. В) Кейін. С) Арқылы. D) Басқа. E) Соң.
3.Септеулік шылауы бар сөйлемді табыңыз.
А) Сен қонаққа жиі барасың ба? В) Тұсау кескеннен кейін сыйлық беріледі.
С) Мен де домбыра тарта аламын. D) Досым біреу-ақ.
E) Алтының мен кітабың жерге түсіп кетсе, кітабыңды көтер!
4.Дұрыс қолданылған шылауды табыңыз.
А) Мектепке соң. В) Тойға кейін. С) Жұмыстан соң. D) Жұмыстан қатар.
E) Менен қатар.
5. Сөйлемдегі септеулік шылауды табыңыз.
Мұнай өндіру арқылы экономикамызды көтереміз.
А) Мұнай. В) Өндіру. С) Арқылы. D) Экономикамызды. E) Көтереміз.
6.Септеулік шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.
А) Іскер адамдар уақыттың бағасын білу керек. В) Егер уақыт болса, серуенге шығамыз.
С) Күндіз жақсылық жасаған адам түнде жақсы ұйықтайды.
D) Мәжілісте осы мәселе жөнінде сөз болады.
E) Біз өнерді ұлттық мәдениеттің дамуына пайдаланамыз.
7.Шығыс септігімен тіркесетін септеуліктерді табыңыз.
А) Бірде. В) Басқа. С) Үшін. D) Арқылы. E) Туралы.
8.Септеулік шылауы дұрыс қолданылған сөйлемді табыңыз.
А) Кітапханаға кейін жүз метр қалды. В) Ол Астана қаласына оқуға түсуге барды.
С) Әр елдің тағдырында үлкен тарих жатыр. D) Тұсау кескен адамға сыйлық береді.
E) Мен сабақтан кейін үйірмеге бардым.
9. Көмектес септігімен тіркесетін септеулікті табыңыз.
А) Үшін, арқылы. В) Кейін, басқа. С) Қатар, бірге. D) Кейін, шейін. E) Бірде, болмаса.
10.Септеулік шылауларды табыңыз.
А) Түгіл, тұрсын. В) Дейін, шейін. С) Себебі, өйткені. D) Егер, егер де. E) Я, болмаса.
11.Көп нүктенің орнына тиісті септеулікті белгілеңіз.
Қыстан ... көптен күткен көктем келеді.
А) Да. В) Шейін. С) Кейін. D) Арқылы. E) Дейін.
12.«Дейін, шейін» шылаулары қай септікпен тіркесетінін көрсетіңіз.
А) Атау септік. В) Барыс септік.. С) Шығыс септік. D) Көмектес септік.
E) Жатыс септік.
13. Сөйлемдегі шылаудың түрін анықтаңыз.
Мен сіз туралы аз біледі екенмін.
А) Демеулік шылау. В) Септеулік шылау. С) Жалғаулық шылау.
D) Сұраулық демеулік. E) Ыңғайластық жалғаулық.
14.Шығыс септігімен тіркесетін септеулікті табыңыз.
А) Домбырамен ән айтады немесе күй шертеді. В) Ол сабаққа бармады, себебі денсаулығы болмады.
С) Егер де киноға барсаң, маған айт.
D) Бұл сырды қасым түгіл досыма да айтпадым. E) Кешеден бері қауырт жұмыстар көбейді.
15.«Бірге, қатар» шылаулары тіркесетін септіктерді табыңыз.
А) Атау септік. В) Барыс септік. С) Шығыс септік. D) Көмектес септік. E) Жатыс септік.
16. «Послед., о, для» шылауларының қазақша баламасын көрсетіңіз.
А) Арқылы, бері, үшін. В) Бойы, бойына, бойынша. С) Соң, кейін, туралы.
D) Арқылы, үшін, дейін. E) Кейін, туралы, үшін.
17.Септеулік шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.
А) Әлиханның ойы бүгін өзгерді. В) Тыста қоңыр күздің сызы білініп тұр.
С) Көңілі бір жадырап шайдай ашылды. D) Мұнай қоры мол мемлекеттердің біріміз.
E) Бұл кездесуде оқушылармен бірге ата-аналар да отырды.
18. «Для учебы» тіркесінің қазақша баламасын табыңыз.
А) Оқушы үшін. В) Оқулық туралы. С) Оқулыққа. D) Оқу үшін.E) Оқу арқылы.
19.Септеулік шылауды көрсетіңіз.
А) мен В) және С) дейін D) түгіл Е) ба
20.Септеулік шылаулар тобын анықтаңыз.
А) түгіл, емес В) және, әрі С) немесе, бірақ D) арқылы, туралы Е) ма, ме
Септеулік шылаулар туралы тестілеу жұмысы ІІ нұсқа
1.Септеулік шылауды анықтаңыз.
А) дейін В) сондықтан С) түгіл D) емес Е) немесе
2. Көп нүктенің орнына шылауды жазыңыз.
Сабақтан …
А) және В) кейін С) дейін D) шейін Е) туралы
3.Септеулік шылауды көрсетіңіз.
А) үшін В) –ақ С) –еу D) мен Е) және
4. Шылау сөздерге қайсысы жататынын анықтаңыз.
А) Жалғаулық. В) Одағай. С) Үстеу. D) Түбір. Е) Жұрнақ.
5.Септеулік шылауды жазыңыз.
Мектеп …
А) ма В) туралы С) тұрсын D) менен Е) біресе
6.Көмектес септігінде тұрған септеулікті көрсетіңіз.
А) әрі В) бірге С) арқылы D) жайында Е) қарсы
7.Септеулік шылауларын көрсетіңіз.
А) түгіл, тұрсын В) ма, ме С) немесе, әлде D) менен, бенен Е) дейін, шейін
8.Барыс септігінде қолданылатын шылауды табыңыз.
А) таман В) қатар С) әрі D) бері Е) арқылы
9.Атау септігінде қолданылатын шылауды көрсетіңіз.
А) жайында В) дейін С) бері D) қатар Е) кейін
10.Кейін шылауы қай септікте тұрғанын анықтаңыз.
А) Барыс. В) Табыс. С) Жатыс. D) Шығыс. Е) Көмектес.
11.Көмектес септігінде қолданылатын шылауды табыңыз.
А) қатар В) шейін С) дейін D) сияқты Е) сайын
12.Шығыс септігінде қолданылатын шылауды табыңыз.
А) жөнінде В) ғой С) гөрі D) қатар Е) қарай
13.Тауға …
Тиісті шылауды қосыңыз.
А) бері В) кейін С) қарай D) туралы Е) үшін
14.Септеулік шылауды көрсетіңіз.
А) емес В) түгел С) және D) әрі Е) туралы
15.Гөрі шылауы қай септікте қолданылатынын көрсетіңіз.
А) Атау. В) Көмектес. С) Ілік. D) Шығыс. Е) Барыс.
16.Сайын шылауы қай септікте тұрғанын көрсетіңіз.
А) Ілік. В) Барыс. С) Шығыс. D) Табыс. Е) Атау.
17.Нүктенің орнына келетін жалғаулықты анықтаңыз.
Қонақтан … қайттық.
А) бірге. В) емес. С) түгел. D) және. Е) бірақ.
18.Барыс септігінде қолданылатын септеулік шылауды анықтаңыз.
А) дейін В) үшін С) арқылы D) қатар Е) басқа
19.Атау септіктің шылауларын анықтаңыз.
A) Үшін, арқылы, туралы. B) Дейін, шейін. C) Кейін, басқа. D) Қатар, бірге.
E) Астам,жуық.
20. Барыс септіктің шылауларын анықтаңыз.
A) Үшін, арқылы, туралы. B) Дейін, шейін. C) Кейін, басқа. D) Қатар, бірге.
E) Астам,жуық.
Септеулік шылаулар туралы тестілеу жұмысы ІІІ нұсқа
1. Шығыс септікпен бірге қолданатын септеуліктерді анықтаңыз.
A) Үшін, арқылы, туралы. B) Дейін, шейін. C) Кейін, басқа. D) Қатар, бірге.
E) Астам,жуық.
2. Септеуліктерді анықтаңыз.
A) Үшін, арқылы, туралы. B) Бірақ, сондықтан. C) Түгіл, тұрсын. D) –ақ, -ау,-ай,.-шы
E) –мыс, -міс.
3. «Дейін, кейін, қарай» шылаулар түрін анықтаңыз.
A) Себеп-салдар. B) Жалғаулық. C) Демеулік. D) Сұраулық.
E) Септеулік.
4.Көмектес септігімен тіркесетін шылаулар қатарын көрсетіңіз.
A) Біресе, кейде. B) Сондықтан, алайда. C) Бірге, қатар. D) Не, немесе.
E) Және, әрі.
5. Септеулік шылау бар сөйлемді анықтаңыз.
A) Біз де естіп, қуанып жатырмыз. B) Батырлар туралы мақала жаздым.
C) Аман-есенсің бе? D) Жанар да, қанат та үлгілі оқушылар.
E) Жазда бәрі ауылға барады.
6.Сөйлемдегі шылау түрін көрсетіңіз.
Отан үшін отқа түс – күймейсің.
A) Демеулік. B) Жалғаулық. C) Шартты. D) Септеулік. E) Кезектес.
7.Шығыс септігімен тіркесетін септеуліктерді табыңыз.
А) Бірде. В) Басқа. С) Үшін. D) Арқылы. E) Туралы.
8.Септеулік шылауы дұрыс қолданылған сөйлемді табыңыз.
А) Кітапханаға кейін жүз метр қалды. В) Ол Астана қаласына оқуға түсуге барды.
С) Әр елдің тағдырында үлкен тарих жатыр. D) Тұсау кескен адамға сыйлық береді.
E) Мен сабақтан кейін үйірмеге бардым.
9. Көмектес септігімен тіркесетін септеулікті табыңыз.
А) Үшін, арқылы. В) Кейін, басқа. С) Қатар, бірге. D) Кейін, шейін. E) Бірде, болмаса.
10.Септеулік шылауларды табыңыз.
А) Түгіл, тұрсын. В) Дейін, шейін. С) Себебі, өйткені. D) Егер, егер де. E) Я, болмаса.
11.Көп нүктенің орнына тиісті септеулікті белгілеңіз.
Қыстан ... көптен күткен көктем келеді.
А) Да. В) Шейін. С) Кейін. D) Арқылы. E) Дейін.
12.«Дейін, шейін» шылаулары қай септікпен тіркесетінін көрсетіңіз.
А) Атау септік. В) Барыс септік.. С) Шығыс септік. D) Көмектес септік.
E) Жатыс септік.
13. Сөйлемдегі шылаудың түрін анықтаңыз.
Мен сіз туралы аз біледі екенмін.
А) Демеулік шылау. В) Септеулік шылау. С) Жалғаулық шылау.
D) Сұраулық демеулік. E) Ыңғайластық жалғаулық.
14.Септеулік шылауды көрсетіңіз.
А) емес В) түгел С) және D) әрі Е) туралы
15.Гөрі шылауы қай септікте қолданылатынын көрсетіңіз.
А) Атау. В) Көмектес. С) Ілік. D) Шығыс. Е) Барыс.
16.Сайын шылауы қай септікте тұрғанын көрсетіңіз.
А) Ілік. В) Барыс. С) Шығыс. D) Табыс. Е) Атау.
17.Нүктенің орнына келетін жалғаулықты анықтаңыз.
Қонақтан … қайттық.
А) бірге. В) емес. С) түгел. D) және. Е) бірақ.
18.Барыс септігінде қолданылатын септеулік шылауды анықтаңыз.
А) дейін В) үшін С) арқылы D) қатар Е) басқа
19.Атау септіктің шылауларын анықтаңыз.
A) Үшін, арқылы, туралы. B) Дейін, шейін. C) Кейін, басқа. D) Қатар, бірге.
E) Астам,жуық.
20. Барыс септіктің шылауларын анықтаңыз.
A) Үшін, арқылы, туралы. B) Дейін, шейін. C) Кейін, басқа. D) Қатар, бірге.
E) Астам,жуық.
К
ІІІ нұсқа
1. дұрыс жауап: С
2. дұрыс жауап: А
3. Дұрыс жауап: E
4.Дұрыс жауап: С
5. Дұрыс жауап: B
6.Дұрыс жауап: D
7.Дұрыс жауап: В
8.Дұрыс жауап: Е
9. Дұрыс жауап: С
10.Дұрыс жауап: В
11.Дұрыс жауап: С
12Дұрыс жауап: В
13. Дұрыс жауап: В
14.Дұрыс жауап: Е
15.Дұрыс жауап: D
16.Дұрыс жауап: Е
17.Дұрыс жауап: А
18.Дұрыс жауап: А
19.Дұрыс жауап: А
20. Дұрыс жауап: В
ІІ нұсқа
1.Дұрыс жауап: А
2. Дұрыс: В
3.Дұрыс жауап: A
4. Дұрыс жауап: А
5.Дұрыс жауап: В
6.Дұрыс жауап: В
7.Дұрыс жауап: Е
8.Дұрыс жауап: А
9.дрыс жауап: А
10.Дұрыс жауап: D
11.Дұрыс жауап: А
12.Дұрыс жауап: С
13.Дұрыс жауап: С
14.Дұрыс жауап: Е
15.Дұрыс жауап: D
16.Дұрыс жауап: Е
17.Дұрыс жауап: А
18.Дұрыс жауап: А
19.Дұрыс жауап: А
20. Дұрыс жауап: В
ІЛТІ: І нұсқа
1. Дұрыс жауап: С
2.Дұрыс жауап: С
3.Дұрыс жауап: В
4.Дұрыс жауап: С
5. Дұрыс жауап: С
6.Дұрыс жауап: D
7.Дұрыс жауап: В
8.Дұрыс жауап: Е
9. Дұрыс жауап: С
10.Дұрыс жауап: В
11.Дұрыс жауап: С
12Дұрыс жауап: В
13. Дұрыс жауап: В
14.Дұрыс жауап: Е
15Дұрыс жауап: С
16. Дұрыс жауап: Е
17.Дұрыс жауап: Е
18. Дұрыс жауап: D
19.Дұрыс жауап: С
20.Дұрыс жауап: D
Сабақ №16
Тақырыбы: Демеулік шылау.
Мақсаты:
Шылаулар туралы білімдерін толықтыру, демеулік шылаулардың қалай жасалатыны туралы түсіндіру.
Оқушылардың ойлау, пайымдау қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігіне, ой ұшқырлығына баулу.
Туған тіл әрбір елдің ұлттық мақтанышы екенін ұғындырып, келтірілген мысалдар арқылы елін, жерін, туған тілін сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту сабағы.
Әдісі: талдау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ізденушілік т.б.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Кезекшінің мәліметін тыңдау, оқушыларды тәртіпке шақырып сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ. Өткен тақырыптарға көз жүгірту.
Шылау дегеніміз не?
Шылаулар нешеге бөлінеді?
Септеулік шылаулар дегеніміз не?
1.Барыс септігіндегі сөзбен тіркесетін септеулік шылауды табыңыз:
дейін, шейін, таман, қарай, салым, жуық, тарта т.б.
2.Атау септігіндегі сөзбен тіркесетін септеулік шылауды табыңыз:
арқылы, жайында, үшін, сайын, тәрізді т.б.
3. 7.Шығыс септігімен тіркесетін септеуліктерді табыңыз:
кейін, соң, гөрі, бері, бұрын, әрі т.б.
4. Көмектес септігімен тіркесетін септеулікті табыңыз:
қатар, қабат, бірге т.б.
Жалғаулық шылаулар дегеніміз не?
Мағыналық қатынастары:
Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: мен, бен, пен, менен, бенен, пенен, да, де, та, те, және, әрі /Мысалдар келтіру/
Қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да т.б.
Талғаулықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар немесе кезектес мәнді білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде
Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар:себебі, өйткені, сондықтан т.б.
ІІІ.Жаңа сабақ:Демеулік шылаулар
Демеулік шылауларды демеуліктер деп атайды. Олар өз шылауында тұрған сөзге немесе сөйлемге күшейту, тежеу, шектеу, сұрау, болжалдық, күмән сияқты қасымша мағына үстейді.Бірақ септеуліктер мен жалғаулықтар сияқты сөздерді де, сөйлемдерді де байланыстыра алмайды.
Мысалы: 1. Алдымда толған мақсат, толған таңдау
Алайын мынасын ба, анасын ба.
2.Ертең емес, бүгін-ақ, қазір-ақ жүрсек етті.
3.Үлкен үйге кірген соң бәрі де кішірейіп кеткендей, отырғандар құмандай болып қалыпты.
Бірінші сөйлемде ба деген демеулік шылау сұрау мағынасын үстеп мынасын, анасын деген сөзбен тіркесіп тұр.
Екінші сөйлемде –ақ демеулігі бүгін, қазір шылауында қолданып, ол сөздерге күшейткіш мән үстеп тұр.
Үшінші сөйлемде –де демеулігі бәрі деген сөзге күшейткіш мән үстеп тұр, ғана демеулігі құмандай сөзінің шылауында жұмсалып, шектік мән үстеп тұр.
Топтастыру:
Демеулік шылаулар сөзге /сөйлемге/ үстейтін мағынасына қарай былай бөлінеді:
Сұраулық демеуліктер: ма /ме, ба, бе, па, пе/ ше
ДЕМЕУЛІК ШЫЛАУЛАР
Нақтылау мәнді демеуліктер: қой, ғой, ды, ді, ты, ті
Сұраулық демеуліктер: ма /ме, ба, бе, па, пе/ ше
Күшейткіш демеуліктер -ақ, -ау, -ай, әсіресе, да /де, та, те/
Шектік демеуліктер: ғана, қана, тек, кейде, -ақ
Болжалдық демеуліктер: -мыс, -міс, кейде, -ау
Болымсыздық н/е қарсы мәнді, салыстыру демеуліктері: түгел, тұрсын, тұрма
ІҮ. Оқулықпен жұмыс:
331 жаттығу: Демеуліктерді тауып, қай сөзбен бірге жұмсалғанын және оған қандай мән үстеп тұрғанын көрсетіңдер.
-ғой – кездесе береді ғой - нақтылау мәнді;
-ді - сөз еткен-ді - нақтылау мәнді;
-бе, -ба- сөйлегендіктен бе,
қырсығып қалдым ба - сұраулық:
-ау - басталыпты-ау - болжалдық;
-ше,ма - сенің бригадаңда ше
болмай ма - сұраулық;
-ақ - тез-ақ жетем деген - күшейткіш;
-да - орнына да келді - күшейткіш.
Ү.Біліміңді тексер:
(оқушыларға семантикалық карта немесе тақтаға сызба сызылады)
Семантикалық картаны толтырыңыздар:
№
|
Мысалдар
|
Септеулік
А
|
Жалғааулық
Ә
|
Демеулік
Б
|
|
Мен, бен, пен
|
|
+
|
|
|
Бірақ
|
|
+
|
|
|
Және, әрі
|
|
+
|
|
|
Үшін, тәрізді
|
+
|
|
|
|
Ба, бе
|
|
|
+
|
|
Дегенмен, әйткенмен
|
|
+
|
|
|
-ды, -ді,-ты, -ті
|
|
|
+
|
|
Түгіл, тұрмақ, тұрсын
|
|
|
+
|
|
-ақ, -ау
|
|
|
+
|
|
Сайын, сықылды
|
+
|
|
|
|
Біресе, бірде, кейде
|
|
+
|
|
|
әйтпесе, я болмаса
|
|
+
|
|
|
Ғана, қана
|
|
|
+
|
|
Немесе, я
|
|
+
|
|
|
әлде, я болмаса
|
|
+
|
|
|
Алда-жалда, егер де
|
|
+
|
|
|
Мейлі, құр
|
|
+
|
|
|
Туралы, сынды
|
+
|
|
|
|
Сөйтсе де, сонда да
|
|
+
|
|
|
Шамалы, шақты
|
+
|
|
|
|
Кейін, соң, бұрын, бері, әрі, гөрі
|
+
|
|
|
|
Дейін, шейін, қарай, таман, жуық
|
+
|
|
|
|
Байланысты, қатысты
|
+
|
|
|
|
Па, пе
|
|
|
+
|
|
Сондықтан
|
+
|
|
|
|
-мыс, -міс
|
|
|
+
|
|
Сияқты, тәрізді
|
+
|
|
|
|
Ғой, қой
|
|
|
+
|
|
Қатар, қабат
|
+
|
|
|
|
Себебі, сол үшін
|
|
+
|
|
ҮІ. Үйге:
Шылаулар туралы толық оқу, ережелерді қайталау.
332-жаттығу: демеуліктерді тауып, оларды мағынасына қарай талдаңдар.
Сабақ №17
Тақырыбы: Шылаулардың емлесі
Мақсаты:
Шылаулар туралы білімдерін толықтыру, шылаулардың емлесі туралы жалпы түсінік беру.
Шылаулар туралы алған білімдерін тиянақты талдай білуге бейімдеу, дағдыландыру, білім деңгейлерін көрсету.
Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке, өз беттерімен жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Әдісі: ойларын жүйелі жеткізу, сұрақ-жауап арқылы талдау, қайталау, тексеру, сергіту.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Кезекшінің мәліметін тыңдау, оқушыларды тәртіпке шақырып сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ. Өткен тақырыптарға көз жүгірту, үй тапсырмасын тексеру:
Шылау дегеніміз не? Түрлері.
Шылаулардың сөз таптарынан айырмашылықтары.
Септеулік шылауларды ата, мысал келтір.
Жалғаулық шылаулар, мағыналық қатынастары.
Демеулік шылауларды ата, мысал келтір.
332-жаттығуды тексеру.
ІІІ Жаңа сабақ: Шылаулардың емлесі
Шылаулардың көпшілігі өздері қатысты сөзден бөлек жазылады;
Кейбірі дефис арқылы жазылады.
Мысалдар тақтаға жазылып, әрбір шылаулардың емелесі туралы айтылады.
Шылаулар
|
Емлесі
|
мысалдар
|
Және, мен /бен, пен/
|
Бұл шылаулар бірыңғай мүшелер мен ыңғайлас мәнді сөйлемдерді байланыстырып, қайталанбай қолданылады. Сондықтан байланыстырған сөздер мен сөйлемдердің арасына үтір қойылмайды.
|
Алыс пен жақынды жортқан білер. Әке мен шешенің еңбегін ұмытпа. Омар, Оспан және Ахмет-үшеуі сабақ оқып отыр.
|
Да (де, та, те)
|
Бұл шылаулар өзі қатысты сөздің соңғы дыбысына қарай үндестік заңы бойынша бірде да, бірде де, бірде та, бірде те болып өзгереді.
|
Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан
Де – демеулік,сен деген сөзге қатысты, күшейткіш мағына үстеп тұр, ал та –жалғаулық, ол тап, бар, қалан деген бірыңғай баяндауыштарды ыңғайластыра байланыстырып тұр.
|
Ма (ме, ба, бе, па, пе)
|
Сөйлемге сұрау мәнін үстеп, сұраулы сөйлеп жасайды. Олар өзі тіркескен сөзден бөлек жазылады.
|
Бұрын мұндай самғарлық күйіміз болды ма? /бұл шылаулар болымсыз етістіктің жұрнағымен ұқсас келеді/
|
-ақ, -ай, -ау, -мыс,-міс, -ды, ді
|
Өзі шылауында жұмсалған, яғни өзінен бұрын тұрған сөзбен дефис арқылы жазылады.
|
Өзің-ақ бар! Күннің суығын-ай! Орнын жаңа тауыпты-ау! Келісе келді-ау деймін. «Үйлесер едік» деп айтады-мыс. Осындай көп хабарға қанып келген-ді.
|
ІҮ. Оқулықпен жұмыс жасау.
337-жаттығу: Және, мен /бен, пен/ жалғаулықтарының қолданылу, сөздерді, сөйлемдерді байланыстыру ерекшеліктеріне бірнеше сөйлем ойлап жазып, талдаңдар.
Қыста және көктемде күн суық болады. Асан мен Үсен ауылдан адасып қалды. Алыс пен жақынды жортқан білер. Саят пен Алмас сабақтың соңынан үйге бірге қайтады.
339-жаттығу: Да, де, та, те шылауының әрі жалғаулық, әрі демеулік мәнінде жұмсалуына және жатыс септік тұлғасымен келуіне үш-үштен сөйлем ойлап жазыңдар. Талдап көрсетіңдер.
Анам мен әкем қонаққа кетті де, үйде өзім ғана қалдым.
Сыныпта оқыған әңгіме туралы қарындасыма айтып бердім.
Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан.
Ү.Сызбаны толтыру арқылы сабақты бекіту:
ҮІ.Үйге: Шылаулары бар білім, өнер туралы 5 мақал-мәтелдер теріп жазу, мағыналық, қызметтік ерекшеліктеріне талдау жасау.
Бағалау.
Сабақ №18
Сабақтың тақырыбы: Диктант
Мақсаты:
1.Жазба жұмысының мазмұнын меңгерту, абзацтарды анықтау.
2.Оқушының есте сақтауын, ұқыптылығын, сауатты жазуға дағдыландыру.
3.Сауатты, көркем әрі таза жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі жазу сабағы
Әдісі: Мәнерлеп оқу, түсіндіру.
Көрнекілік: Диктанттар жинағы, түсініксіз сөздерді тақтаға жазу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
-Сәлемдесу;
-Кезекшінің міндеті, сабаққа келмеген оқушыларды белгілеу,
-диктант дәптерлері таратылып беріледі.
ІІ. Диктант мәтінін мәнерлеп оқу.
Мәтін:
Тапсырма: шылаулардың астын сызып, түрлеріне қарай ажыратып жаз.
Өзің таңдаған бір сөзге фонетикалық талдау жаса.
ІІІ.Диктант екі рет оқылады, түсініксіз сөздер тақтаға жазылады.
ІҮ. Сабақты бекіту: Оқушылар өздері диктант мәтінін тексеріп шығады, дәптерлері жиналып алынады.
Ү.Үйге тапсырма: Көмекші есімдер мен етістіктер, шылаулар туралы толық қайталау.
ҮІ.Бағалау. Диктант тексерілген соң, келесі сабақта оқушыларға бағасы айтылады.
Сабақ №19
Тақырыбы: Тіл мәдениеті туралы түсінік
Мақсаты:
1. тіл мәдениетіне ғылыми тұрғыдан жан-жақты түсінік беріп, ол туралы оқушы ұғымын кеңейту, сөз мәдениеті туралы түсінікті кеңейтіп, оның ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету; тілдің қызметі туралы түсініктерге де тоқталу.
2. оқушылардың ғылыми ойлауын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін, оқуға деген саналы түрдегі ықыласын, қоғаммен байланысын дамыту;
3. тіл білімінің мәнін, сөз әсерлілігін, тіл байлығын түсінуге, болашақта кәсіби бағдар алуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Сөздік қоры молайған, тіл мәдениеті, еркін сөйлеу дағдылары қалыптасқан, оқушы қызығушылығы оянады.
Тіл білімін меңгеріп, тәжірибеде дұрыс қолдануды үйренеді.Ой-өрісі жан-жақты дамиды.
Сабақтың түрі: ойын сабағы.
Әдісі: түсіндіру, сөзді дұрыс қолдану, әңгімелесу, сұрақ-жауап.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
-сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын даярлау, сабаққа назарларын аудару.
ІІ. «Ойлан тап!» мына сұрақтарға тиісті тұрақты сөз тіркестерімен жауап беріңдер:
Адамның төбесі аспанға жете ме?
Сөйлегенде сөз ауыздан түсіп қала ма?
Бір қазанға сыймайтын қандай бастар?
Екі аяқ бір етікке сия ма?
Тұрақты тіркестердің мәнін ашыңдар:
Маңдай тер -адал еңбек
Тепсе темір үзеді -күштілік
Қолы алтын -шебер
ІІІ. Тіл мәдениеті туралы қысқаша түсініктер беру:
Тілдің екі түрдегі қызметі туралы;
Сөйлеу тілі мен жазба тілінің айырмашылықтары.
Әркімнің сөз қолдану ерекшеліктері;
Оқушылардың қазіргі таңдағы күнделікті ауызекі сөйлеу тілдеріне тоқталу.
ІҮ. Ойындар: Кім тапқыр?
Торкөздерді толтыр:
Т
|
А
|
Я
|
Қ
|
Тыңдамасаң күнде жейтін затың не?
|
А
|
Т
|
А
|
У
|
Ешқандай қосымшасы жоқ септік.
|
П
|
Е
|
Р
|
І
|
Жын-... сыңарын тап.
|
Қ
|
А
|
З
|
Ы
|
Жылқының етінен жасалады?
|
Ы
|
Д
|
Ы
|
С
|
... – аяқ сыңарын тап
|
Ш
|
Ы
|
Н
|
Ы
|
Әйнек сөзінің синонимін ата.
|
Т
|
А
|
Р
|
Ы
|
Тауықтың түсіне не кіреді?
|
А
|
Р
|
А
|
Й
|
Алтын ... газеттің атауы қалай?
|
Р
|
А
|
Й
|
Ы
|
Ауа ... тіркесінің сыңарын тап.
|
Б
|
А
|
Т
|
А
|
Жас үлкен адам не береді?
|
А
|
Л
|
М
|
А
|
Жемістің аты.
|
Й
|
|
|
|
Үнді дауыссыз дыбысының бірі.
|
Қ
|
А
|
Р
|
Т
|
Қария сөзінің синонимі
|
А
|
Р
|
Ы
|
Қ
|
Ауыл ішіндегі кішкене өзендер.
|
У
|
|
|
|
Бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс.
|
Ы
|
Р
|
Ы
|
С
|
Береке сөзінің синонимі.
|
Ерекше торкөзден Тапқыштар байқауы деген сөз шығуы тиіс.
Ү. Жұмбақтар шешу.
Ж-дан басталса жыл мезгілі,
Қ-дан басталса, онда ол құс белгілі.
Ол қай сөздер?
Жауабы: жаз, қаз.
А дыбысымен айтылса, негізгі мүше,
А гер Е-ге алмасса,
Есептік сан есім, сұрауы – неше?
Бұл қай сөз?
Шешуі: карта, парта.
Басы ашық, аяғы қысаң,
Екі-ақ дыбыс, есеп қылсаң,
Саған да ол керек болар,
Өзен-көлге жақын тұрсаң.
Шешуі: ау
Фонетикалық екі ұғым бірі мен бірі сыбайлас,
Бірі айтылады да естіледі,
Екіншісі жазылады да көрінеді.
Шешуі:әріп пен дыбыс
ҮІ Берілген мақаладағы жасырын сөзді тауып, мақалды жалғастыру.
Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).
Бал тамған тілден ... (у тамған).
Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты ... (сөз бұзар).
Жақсы сөз - ... (жарым ырыс)
Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар)
Шебердің қолы ортақ, шешеннің ... (тілі ортақ).
Жақсы байқап сөйлер, жаман ... (шайқап сөйлер).
Бас кеспек болса да, ... (тіл кеспек жоқ).
Дәлелсіз сөз ... (желмен тең).
ҮІІ. Үйге: 6 сыныпта өткен барлық тақырыптарды жүйелі түрде қайталау.
Бағалау.
Сабақ №20
Тақырыбы: Сөздің жасалу тәсілдері, тіл мәдениетімен байланыстылығы
Мақсаты:
1.Оқушыларға сөздің жасалу тәсілдері туралы қысқаша тоқталу. Сөзжасамның тіл мәдениетімен байланыстылығы.
2.Оқушылардың ана тіліне , әдебиетіне деген қызығушылығын ояту, арттыру.Ой –өрісінің жетілуі, шығармашылық қабілетінің артуы.
3. Тек қана жақсы қасиеттерді үлгі ету арқылы еліміздің жан-жақты мәдениетті болашағын тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: лекция сабақ
Әдісі: түсіндіру, баяндау, әңгімелесу
Сабақтың өту барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
-Оқушыларды түгендеу;
-Оқу құралдарын тексеру;
-Оқушыларды тәртіпке шақырып, сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
ІІІ Жаңа сабақ: Сөздің жасалу тәсілдері, тіл мәдениетімен байланыстылығы
Сөз түрлі бөлшектерден тұрады. Ол бөлшектердің өзіне тән мағынасы, белгілі бір қызметі болады.
Мысалы: /тақтаға жазылады/ жолдастыққа-деген сөз төрт бөлшектен тұрады:
жол-дас-тық-қа
Жол -«салған із» немесе «сапар» дегенді білдіреді.
Жол+дас- «серік» деген мағынаны білдіреді;
Жолдас+тық –адамдар арасындағы қатынасты білдіреді.
Жолдастық+қа - қа жалғауы сөзге жаңа мағына үстеп тұрған жоқ, басқа сөзбен байланысу қызметін атқарып тұр.
Сөздер тұлғасына қарай
Күрделі сөздер
кемінде екі түбірден жасалып, бір мағынаны білдіреді
Дара сөздер
жалғыз түбірден тұратын сөздер
Түбір сөз
|
Туынды сөз
|
Біріккен сөз
|
Қос сөз
|
Қысқарған сөз
|
Тіркескен сөз
|
сөздің бастапқы мағыналы бөлшегі
|
түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалады. үй+шік,өнер+паз, біл+ім
|
Екі н/е одан да көп сөз бірігіп, бір ұғымды білідіреді.
|
Сөздердің қайталанып н/е қосарланып айтылуынан жасалған сөздер.
|
Күрделі атаулардың қысқартылып жазылған түрлері
|
Екі н/е одан да көқп сөзждер тіркесіп бір ұғымды білдіретін күрделі сөздің түрі
|
Мысалы: үй, әке, бала
|
Мысалы: маңдай+ша,
|
Талды+қорған, қара+құрт, Екі+бас+тұз
|
Көре-көре, көзбе-көз
Үлкен+кіші. Ата-ана
|
ТМД-Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы, ҚарМУ-Қарағанды Мемлекеттік Университеті
|
Алматы қаласы, қара кер, ұзын бойлы, он бес, күні бойы, келіп отыр,тидеп айтты.
|
Сөз мәдениеті — әдеби тілдің ауызша түрлеріне тән нормаларын игеру, тілдік амал-тәсілдерді айтылатын ойдың мақсатына сай орнымен қолдана білу, сөйлеуде мәдениеттілік, әдептілік таныту.
Сөйлеуде диалектизмдерді, қарапайым, дөрекі сөздерді, варваризмдерді қолдану, орынсыз көп сөйлеу, бір пікірді қайталау беру, өзіне өзі сілтеме жасау, асқақтап сөйлеу, дене қимылдарын араластыра беру Сөз мәдениетіне жатпайды.
Кірме сөздерді орынсыз жұмсай беру, сіреспе құрылымдарды қолдану Сөз мәдениетіне нұқсан келтіреді.
Сөздердің байланысу тәсілдері
Аналитикалық тәсіл – сөйлемдегі сөздердің қосымшасыз, орын тәртібі, интонация және шылаулар арқылы байланысуы.
Мысалы, Тамаша өмір, шаттық жыр, қала, дала, ой мен қыр (Жамбыл);
Синтетикалық тәсіл – сөздердің қосымшалар арқылы байланысуы.
Мысалы, Жаздың көркі енеді жыл құсымен. Жайраңдасып жас күлер құрбысымен (Абай).
Оқулық бойынша 347 –жаттығуды орындау:
Мәтінді мәнерлеп оқыту, Ақыл-білімді ауыр, оқу-ғылымды терең, адам өмірін ыстық, тәкаппардың көңілін биік деудің мәнісін түсіндіріңдер.
348-жаттығу: Мәтінді түсініп оқыңдар.
Сырымға қойылған сұрақтарда «мұраты не?» деген сөздің мағынасын ашыңдар.
Үйге: Көркем әдебиеттен немесе «Ел аузынан» айдары бойынша шағын мәтіндер тауып әкеліп, мәтін құрамындағы кірме сөздерді, тұрақты тіркестерді, көнерген сөздердің мағыналарын ашып салыстыру.
Сабақ №22
Тақырыбы: Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті
Мақсаты:
Оқушыларға жұрт алдында сөйлей білуге дағдыландыру, сөйлеуге үйренудің жолдарын меңгерту.
Оқушыларды жүйелі сөйлей білуге, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Қазақ тіліне деген құрмет, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге және адамгершілік, ізгілік тәрбиелерін беру.
Сабақтың түрі: тақырыпты меңгерту.
Әдісі: Қолданылған әдіс-тәсілдер: “Негізгі идеяны суреттеу”, эссе жазу, әңгімелесу, сұрақ-жауап, мәтіндермен ауызша жұмыс т.б.
Көрнекіліктер: Жұрт алдында сөйлеу мәдениетін қалыптастыратын кеңестер жазылған плакат, ақ парақтар.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру:
Оқушылардың сабаққа қатысу туралы кезекшінің мәліметін тыңдау.
І. Қызығушылықты ояту
Жұрт алдында сөйлеу мәдениетін қалыптастыратын кеңестерге тоқталу.
Психологиялық жаттығу жұмысы. РЕЛАКСА ЦИЯ.
Релаксация
(Психологиялық жаттығу)
Балалар, әрқайсымыз өзімізге ыңғайлы, жайлы жер тауып отырайық. Басымызды сәл бұрып, қолымызды тіземізге, бар зейінімізді маған аударып, көзімізді жұмайық. Қол аяғымызға жайлы, жағымды энергия берілуде. Денемізден ток жүріп өткендей, аздап ысып келеді. Рахаттану сезімін басымыздан кешкендейміз. Осы қалпымызда 10 секунттай отырамыз. Мен кері санағанда ойымызды жинақтап, көзімізді ашуға даярланамыз. 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0. Енді бәріміз бастапқы қалпымызға келеміз. Көзімізді ашамыз.
Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жолдарын оқушылармен бірлесе отырып айқындау.
1. Психологиялық дайындық.
2. Ақпараттар жинау.
3. Сөйлеу техникасына төселу.
4. Жазбаша мәтін құрастыру. Бірақ мүмкіндігінше қағазға қарамай сөйлеуге дағдылану.
5. Шешендік сөздер, мақал-мәтелдерді орынды қолдана білу.
ІІ. Мағынаны тану.
“НЕГІЗГІ ИДЕЯНЫ СУРЕТТЕУ” СТРАТЕГИЯСЫ.
356-жаттығу:5-6 оқушыдан бірігіп, өздеріңді толғандыратын бір мәселе төңірегінде “Негізгі идеяны суреттеу” стратегиясы бойынша жұмыс жасайды.
Әр топ өзіне тақырып таңдайды.
Сыйлы оқушы деген кім?
Егер мұғалім болсам…
Қай оқулық ұнайды?
Мектеп өмірі қайтсе қызықты болар еді?
Жеке, көршісімен ой бөліседі, топқа салады.
Спикер шығып қорғайды. 1 ұсыныс, 1 пікір.
ТАПСЫРМА:
Топ мүшелерінің өз тақырыптарын қорғау кезінде қолданған 1 мақал-мәтел немесе қанатты сөзін тақтаға жаздырып, сөз таптарына талдау жасату.
Ойашар.
Түрлі түстер тесті
Авторы М.Лютер
Оқушыларға алдын ала дайындалған түрлі түстегі кеспе қағаздар таратылады. Әрбір оқушы өзіне ұнаған түсті таңдайды.
Қазіргі сәтте қандай көңіл – күйде отырғандарын анықтау.
Негізгі түстер:
Көк – тыныштық, қанағаттанарлық.
Жасыл - өзіне сенімділік, табандылық.
Қызыл – күштілік, агрессия, қозу.
Сары – белсенділік, көңілділік, қарым-қатынасқа ұмытылу.
Көмекші түстер:
Қара, Қоңыр, Күлгін, Қызғылт – қорқыныш, қорқынышты бастан өткізу, дабыл, негізінен адам бойындағы негативті (жағымсыз) жағдайларды көрсетеді.
ІІІ.Ой толғаныс.
354-жаттығу
Оқушылар, сендерге бір күнге ғана жетерлік уақыт ішінде бір сиқырлы күш бітсе, мәселені неден бастар едің?
Эссе жаздыру.
“Бүкіл әлем тек сенің иелігіңде болса…”
Қорытынды:
Сабақты қорытындылау.
Бағалау.
Бағалау парағы.
Топтағы оқушының аты
|
Бағалау критерийлері
|
356-ж спикер
|
356-ж тақтамен жұмыс
|
356-ж толықтыру
(ұсыныс, пікір)
|
356-ж топта өз ойын ортаға салу
|
354-ж
|
Қосымша
|
Қорытынды баға
|
1.Аяулым
|
*
|
5
|
5
|
5
|
5
|
*
|
5
|
2. Диас
|
-
|
4
|
3
|
3
|
4
|
-
|
3
|
3. Дамир
|
-
|
3
|
4
|
4
|
4
|
*
|
4
|
Үйге тапсырма:
200 бет. 355-жаттығу
1. Өздерің ұнататын өнер түрі туралы шағын шығарма жазыңдар.
2. Мәтіндегі сөздердің мағыналы, жүйелі, әсерлі болуына көңіл бөліңдер.
3. Биылғы өткен грамматикалық тақырыптардың пайдасы тиді ме? Өзіңе есеп бер.
Сабақ №23
Сабақтың тақырыбы: Диктант
Мақсаты:
1.Жазба жұмысының мазмұнын меңгерту, абзацтарды анықтау.
2.Оқушының есте сақтауын, ұқыптылығын, сауатты жазуға дағдыландыру.
3.Сауатты, көркем әрі таза жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі жазу сабағы
Әдісі: Мәнерлеп оқу, түсіндіру.
Көрнекілік: Диктанттар жинағы, түсініксіз сөздерді тақтаға жазу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
-Сәлемдесу;
-Кезекшінің міндеті, сабаққа келмеген оқушыларды белгілеу,
-диктант дәптерлері таратылып беріледі.
ІІ. Диктант мәтінін мәнерлеп оқу.
Мәтін:
Өзің таңдаған бір сөзге фонетикалық, фонологиялық, морфологиялық талдаулар жаса.
ІІІ.Диктант екі рет оқылады, түсініксіз сөздер тақтаға жазылады.
ІҮ. Сабақты бекіту: Оқушылар өздері диктант мәтінін тексеріп шығады, дәптерлері жиналып алынады.
Ү.Үйге тапсырма:Қайталау.
ҮІ.Бағалау. Диктант тексерілген соң, келесі сабақта оқушыларға бағасы айтылады.
Сабақ №24
Тіл ұстарту
Мақсаты:
1.Мәтін бойынша берілген грамматикалық тапсырмаларды орындауы. Мәтінмен жұмыс кезінде өз бетімен жұмыс жасауы.
Қолданылған әдіс-тәсілдер: Ассоциаця құрастыру, мәтінмен жұмыс, бес жолды өлең құрастыру.
Көрнекіліктер: Мәтіндер, сауалнама, ақ плакаттар, түрлі-түсті маркерлер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
І. Қызығушылықты ояту.
Батыр деген сөзді естігенде естеріңе не түседі?
Бүгінгі сабақта Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ жауынгерлерінің ерлік істері туралы еске түсіріп, батыр ұл – қыздарымыз туралы әңгімелейтін боламыз. Олар: Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Талғат Бигелдинов.
ІІ. Мағынаны тану.
Мәтінмен жұмыс.
PS /мәтіндер жеке қағаздарда басылып топ мүшелеріне таратылады/
1 – топ
Бауыржан Момышұлы
Бауыржан Момышұлы – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, Халық Қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы.
1941 жылы екінші дүниежүзілік соғыс басталысымен, Бауыржан Момышұлы даңқты генерал-мойор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады. Батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады.
Соғыс кезінде жеке басының қаһармандық ерлігімен, жаужүректігімен, батырлығымен және ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше көзге түседі. Бірнеше рет жау қоршауынан жауынгерлерін аман-сау алып шығады. Мәскеу түбіндегі шайқастағы ерлігі сол кездің өзінде Одақ көлеміне аңыз болып жайылады. Бауыржан Момышұлының батырлығы жөнінде белгілі орыс жазушысы Александр Бек “Волоколамское шоссе” (қазақшасы “Арпалыс”) хикаятын жазды. Бұл шығарма кейіннен бірнеше тілге аударылды.
Ол соғыс кезінде “Красная Звезда” газетінде былай деп жазды: “Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам. Өз елінің бағасын білген пенде ғана басқа елді қадірлей алады. Өйткені халықтардың туыстығы алдымен адамдардың өз халқына сүйіспеншілігі арқылы ғана келеді. Мен өзге ұлттарды құрметтеуші, өз ұлтын сүюші адаммын.”
Бауыржан Момышұлы өз сарбаздарымен бірге “жаным - арымның садағасы”, халқым үшін қасықтай қаным пида деп жанып тұрған отқа талай түсті.
Соғыстан кейін Бауыржан атамыз әскери – педагогикалық жұмыспен айналысты. Демалысқа шыққаннан кейін біржола шығармашылық жұмыспен айналысты. Аты аңызға айналған батыр ұлын халқы ешқашан ұмытпайды.
2 – топ.
Қаһарлы күндерде
Ұшқалы он минуттай өтті. Төмендеуіме болады. Тұтқаны жайлап итердім. Жерге бес жүз метр… үш жүз метр, екі жүз метр қалған мезетте ұшақ жалт етіп бұлттар арасынан шыға келді. Тағы да төмен түстім. Қырық метр биіктікте ұшып генерал айтқан нысанаға тарттым.
Терең бір сай екен. Қыбыр еткен жан жоқ. Сайды өрлей бірнеше бомбаларды тастап-тастап жібердім. Гүрс-гүрс бірнеше рет жарылған дыбыс естілді де, тым-тырақай оңды-солды қаша жөнелген адамдар қарасы көрінді.
Қайтадан жоғары көтерілдім. Бұлт арасына еніп, бұрылып алдым да, енді колоннаға тап бердім. Екі танк пен бірнеше машиналар лапылдап жанып жатыр. Енді үйге қайтуға болады.
Төменде жапан дала, шошайған шөмелелер. Майдан шетінің қақ іргесінде жатқан мына шөмелелерді-ай! Астында талай пәлелер жатыр-ау жасырынып. Осылардың бірін атқылап көрейінші деп ұйғардым. Өздерінің тым-тырыс жатқан түрі жаман. Шүйіліп келдім де, зеңбіректен ұрғыладым. Мәссаған! Шөмеленің гүрс етіп жарылмасы бар ма? Екінші біреуін атып едім, жалп етіп шөп жерге түсті де, бірнеше адам айқайлап қаша жөнелді. Ендеше, жорамалым шынға айналды. Енді шөмелелердің үстінен қыдыра ұшып, үлкенді-кішілі бомбаларды тастай бердім. Шамасы, немістер шыдап жата алмаса керек, танктер шөптерін сыпырып тастай сала, беті ауған жаққа қарай шашыла жөңки қашты.
Ұшқыш Талғат Бигелдиновтің естелігінен.
3 – топ.
Шығыс жұлдызы
Әлия Молдағұлова бар атқыштар батальоны жау қоршауын бұзып, алға шықты. Шайқас барған сайын қыза түсті. Фашистер жанталасып үсті-үстіне зеңбірек оғын жаудырды. Көп кешікпей екі жақ бетпе-бет келіп қалды. Ұрыс қыза түсті, аямай атысты. Әлия сол қолынан жараланғанына қарамай, жаумен қасық қаны қалғанша, батырларша соғысты. Бір кезде окопқа тасаланып жатқан неміс офицері он тоғыз жасар талдырмаш, ер жүрек қыз Әлияға тап берді. Әлия оны басынан асырып лақтырып жіберді де, сұм жауды шалқасынан түсірді. Автоматын кезеп, ата жауды құртуға айналғанда, фашист Әлияны пистолетпен атып қалды.
Қапылыста қазаға ұшыраған Әлияны майдандас жолдастары “Шығыс жұлдызы” деп атады.
Ер жүрек, мерген қыз, Шығыс жұлдызы Әлия майданда болған аз уақыт ішінде жүзге тарта фашистерді жер жастандырды.
Әлияның ерлігі жоғары бағаланып, 1944 жылы 4 шілде күні оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың асқан ерлігі мәңгі ұмытылмайды.
“Әлия – батыр қызы сен халқымның,
Ерке құсы сен даламның.
Ә-ли-я!”- деген ән жолдары Тәуелсіз қазақ елінің аспанында мәңгі қалықтай береді.
Тапсырма:
А) Мәтінді оқы. Мәтіннің мазмұнына сүйеніп 1 негізгі, 1 қосымша сұрақ құрастыр.
Жұппен, топта, араларыңнан кім жауап беретінін анықтаңдар.
Ә) Грамматикалық тапсырма.
1 – топқа:
Мәтіннен синоним сөздерді тап.
2 – топқа:
Мәтіннен антоним сөздерді тап.
3 – топқа:
Мәтіннен омоним сөздерді тап.
Мәтінмен жұмыс.
Мәтіндерді ауыстыру.
Тапсырма:
А) Мәтінді оқып, 5 жолдық өлең құрастыр.
Ә) Грамматикалық тапсырма.
1 – топқа:
Батыр, батыл, ер жүрек сөздеріне фонологиялық, фонетикалық талдау жаса, сөйлем құрастыр.
2 – топқа:
Жаз сөзі омоним болатындай бірнеше сөйлем құрастырып жаз.
3 – топқа:
Мәтіндегі кез-келген 3 сөзді алып, синонимдік қатар жаса.
Мұғалімнің сөзі:
- Ұлы Отан соғысы 1418 күнге созылып, 27 миллион Отандастарымыз мерт болды. Орта есеппен алғанда күніне 1900 адамнан келеді.
Ендеше, соғысты қалай болдырмауға болады?
Бұл үшін:
Әскерилер
Саясаткерлер
Экономистер не істей алады?
Әр топ өз әдіс – тәсілдерін ұсынады.
Өз іс-әрекеттерінің бағдарламасын ұсыну. (кесте, сызба, сурет т.б. түрінде)
- Топпен жұмыс жасап, өз бағдарламаларыңды кім таныстыратынын анықтаңдар.
Қорытындылау, бағалау.
Үйге тапсырма:
“Ер есімі, ел есінде” атты эссе жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |