Сабақтың тақырыбы: Етістіктің райлары. Киіз үй



Дата24.05.2017
өлшемі82,51 Kb.
#16889
түріСабақ
Күні: 11.04.2014

Пәні: Қазақ тілі және әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің райлары. Киіз үй.

Сабақтың мақсаты: 1. Қазақ халқының ежелгі тұрағы киіз үй туралы мәлімет беру,киіз үй құрылысымен танысу.  Етістіктің рай категориясы туралы жалпы мағлұмат беру,

2. Оқушылардың сөздік қорын байыту, сыни тұрғыдан ойлап, өз ойларын еркін жетілдіру. Мәдениетке сүйіспеншілікпен қарауға ынталандыру

3. Оқушыларды әдептілікке, достыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақты меңгерту

Пәнаралық байланыс: этнопедагогика, қазақ тілі

Әдіс-тәсілдер: СТО, сұрақ-жауап, әңгімелесу

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезең:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Психологиялық дайындық.

Бір-біріне жақсы тілектер айтыңдар.


  • сен «5» ал;

  • жақсы жұмыс жаса;

  • ақылды бол.

- Оқушыларды түгендеу

- Балалар бізде бүгін ашық сабақ, біздің сабағымызға бүгін қонақтар келді, олар сендерді сырттай бағалайды.

Сабақтың тақырыбын және мақсатын түсіндіру.

  1. «Ой шақыру»

    1. Миға шабуыл

Етістік дегеніміз не?

Қандай сұраққа жауап береді?

Етістік сөйлемде қандай қызмет атқарады?

Етістіктің неше шағы бар?



Өткен шақ қалай жасалады?

    1. Семантикалық карта (Интер тақта)




      Өткен шақ

      Осы шақ

      Келер шақ

      Оқыған










      Кел










      Отыр










      Барамын










      Оқыды










      Келіп отыр










      Алмады










      Айтты










      Ойнайды










      Секіреді










      Жарысады










      Жатыр










      Оқып отыр










  1. Жаңа сабақ

  • Ал, енді балалар біз бүгін етістіктің тағы бір түрімен танысамыз, етістіктің райлары.

 Етістіктің райлары - орындау іс-қимылға байланысты ой-пікірін, қатынысын білдіреді. 




1

Ашық рай


2

Бұйрық рай


3

Шартты рай


4

Қалау рай


Іс-қимылдың 

қай шақта екенін білдіру


Іс-қимылдың бұыру талап ету, өтіну ретінде айтылу мағынасын білдіреді


Іс-қимылдың орындалу-орындалмау шартын білдіреді.


Қалау,тілекті білдіреді.


Үш жақтың жасалу жолдары

Етістіктің бұйрықты түрде жіктелуі арқылы




^ Етістік +(-са,-се) +жіктік жалғау арқылы.


Етістік + (-ғы,-гі,-қы,-кі) + тәуелді жалғау / кел етістігі




    1. Тапсырма

Етістіктерді қалау, шартты райда жіктеңдер.

Бар, айт, жаз

    1. Тапсырма

Берілген етістіктерді рай түрлеріне ажырату.
Қалау рай, шартты рай, бұйрық рай, ашық рай

Ашылды, барсам, кел, жүріп жатыр, күледі, барайық, көрсем, келсе екен, болды, оқып отыр, орындасын, көргім келеді.



  1. Топтық жұмыс

Балаларға шаңырақтың, домбыраның және сандықтың суреттері таратылады. Таңдаған сурет арқылы балалар, үш топқа бөлінеді. (Әр сурет бойынша балалар ассоциацияларын айтады)

Жаңа сөздермен жұмыс

Киіз үй – юрта

Шаңырақ – купол

кереге- раздвижная решетчатая основа

уық – купольные жерди

көшіп-қону – кочевать

жию- собирать

бұзу – разбирать

баспана- жилище

(Презентация интер тақта)

Киіз үй (музыка әуені) А. Енсепов Хафиз күйі

Киіз үй - қазақ халқының ертеден келе жатқан баспанасы. Ол көшіп-қонғанда тез жиюға және бұзуға  ыңғайлы. Жазда ауасы таза әрі салқын. Қыста қазақтар киіз үйдің сыртқы киіздерін қабаттап жауып, қыстап шыға берген. Киіз үй қатты боран соққанда жығылмайды, жаңбыр жауса суды өткізбейді.

Киіз үйдің қанқасы үш бөліктен тұрады: кереге, уық, шаңырақ. Кереге ағаштары бір-бірімен қайыспен байланады. Шаңырақ деп дөңгелек ағашты айтады. Шаңырақ қажетті кезде арнаулы киізбен жабылады, ашылады. Уықтар шаңырақты тіреп тұрады.



1. Мәтінмен жұмыс.

а) мәтінді оқу

ә) аудару

2. «Даналық ағашы» ойыны

Ойынның шарты: Оқушылар мәтінді жылдам, бірақ мұқият оқып шығады. Содан кейін әрқайсысы мәтін бойынша бір сұрақ құрап, қағазға жазады. Жүргізушінің қолындағы дорбаға оқушылар өз сұрақтарын кезекпен салады. Мәтінді тағы бір рет оқып шығады. Әр оқушы сандықшадан бір сұрақты алып оқиды да, оған жауап береді. Жауаптарының толық әрі дұрыс болуын өзім қадағалаймын. Ойынның соңында белсенді қатысқан әрі дұрыс жауап берген оқушыны атап өтемін.

VII. Өзіндік жұмыс


  1. Нүктенің орнына болымсыз етістіктің - ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарын жалға.

Үлгі: Бар - ма

Бар..., жат..., отыр..., үз..., кел..., ат..., қой..., айт..., кет..., секір... .



  1. Етістіктерді нүктенің орнына қой.

Киіз үй көне дәуірінде пайда .... . Киіз басу белгілі бір еңбек кәсібіне ... . Үй біздің заманымыздан бұрыңғы ғасырда кеңінен .... . Киіз үй негізгі төрт бөліктен ... .

Керекті сөздер: пайдаланылған, айналған, тұрады, болған.

  1. Барса сөзін жікте

VIII. Бекіту.

Балалар флипчарт құрып, киіз үйдің құрылысын құрастырады.


1. Венн диаграммасы:

Қазіргі кездегі үйлер Киіз үй








IX. Қорытынды:

Балалар, біз бүгін қандай тақырыппен таныстық?

1. Киіз үйді неден бастап құрады? (кереге)

2. Киіз үйдің ең жоғары бөлшегі не? (шаңырақ)

3.Шаңырақ пен керегені қосып тұратын бөлшек қалай аталады? (уық)

4.Қос босағадан және жарма беттен құралатын зат. (сықырлауық немесе есік)



X. Үйге тапсырма:

Жаңа сөздерді, ережені жаттау.



Мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұндау

XII. Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет