Сабақтың тақырыбы Excel электрондық кестеде экономикалық есептерді шешу Сабақтың мақсаты



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі0,52 Mb.
#97222
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Excel электрондық кестеде экономикалық есептерді шешу

Оқушылардың деңгейі:

8 сынып

Программалық қамсыздандырылуы

Excel электрондық кестесі

Дидактикалық материалдар

Жұмыс дәптері-практикум, мамандығы көрсетілген карточкалар, әр саланың бухгалтер-экономисі есептейтін жұмыстары.




Оқу модулі

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру

  1. Оқушылардың жұмыс орындарын ұйымдастыру.

  2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын, есептің қойылуын айту.

  3. Сабақтың мақсатына жету жолдары мен құралдарын анықтау.

  4. Сабақтың барысын жоспарлау

Үй тапсырмасын тексеру

Тексеру дәптері. (1-қосымша)

Білімдерін актуализациялау

Сыныпқа сұрақтар:

  1. ұяшыққа формулаларды қалай енгіземіз?

  2. мәліметтердің жалпы соммасын қалай табамыз: максималды, минималды және орташа мәнін?

  3. диаграмманы қалай құрамыз?

  4. мәліметтерді қалай сұрыптаймыз?

  5. Барлық жұмыс кітабын қалай баспаға шығарамыз?

Сабақ тақырыбын ашу

Қазақстан экономикасының жағдайы (2-қосымша)

Білімдерін қолдану

Оқушылар деңгейлік жағдайларына байланысты берілген деңгейлік түрдегі экономикалық есептерді шешеді. (3-қосымша)

Бақылау және өздік бақылау

Мұғалім оқушылармен бірге берілген есептердің негізгі орындалу этаптарын бақылайды

Сабақтың қорытындысын жасау

Сабақтың басында қойылған мақсатқа жету нәтижелері бойынша сыныппен талқылау

Үй тапсырмасы туралы ақпарат

«Сандық ақпаратты өңдеу» тақырыбы бойынша тест құрып келу (10 сұрақтан кем болмауы керек), 4 жауабының нұсқауы болуы керек және дұрыс жауабы көрсетілген болсын.

Рефлексия

Сабақтың қорытындысын әр оқушымен жекеше ойластыру:

  1. Ең қиыны не болды?

  2. Барлығынан не оңайға түсті?

  3. жұмысты не жақсартар еді?

1-қосымша. Тексеру дәптері.
1. Меңзермен көрсетілген жол элементтерінің атауларын жазыңдар.



2. Формулалардың бәрін бір мезгілде көру үшін мына әрекеттер тізбегін орындау керек:



3. Microsoft Excel бағдарламасындағы барлық форматтар келесі:



  • ______________________

  • ______________________

  • ______________________

  • ______________________

  • ______________________

  • ______________________

  • ______________________

  • ______________________

  • ______________________

  • ______________________




  1. Диаграммалардың элементтерін меңзермен көрсетіңдер.





2-қосымша.

Елу жылда – ел жаңа деуші еді бабаларымыз. Егемендікке қол жеткізгеннен бері елімізде жаңа саяси-әлеуметтік, жаңа экономика, әлем өркениетінің өктем талабынан туған жаңа жүйелер дүниеге келді. Мазмұны мен маңызы, салауаты мен сапасы жағынан олар қазақ қоғамының өткен ғасырлар бойы қалыптасқан бетпердесін күрт өзгертті. Бүгінгі Қазақстанның бет-әлпеті демократия мен нарық экономикасы. Бұған біздер тек тәуелсіздік жылдары қол жеткіздік. Сондықтан да біздер елу жылда емес, он бес жылда экономика жаңа, ел жаңа деп айта аламыз.


Егемендіктің алғашқы жылдарында ең қиын жағдайлар экономика саласында болды, ең ауқымды реформалар да осы салада жүргізілді. Ешбір елге еліктемей, тек өзіңе, Қазақстанға тән экономикалық дамудың үлгісін жасау керектігінен, егемендіктің нағыз тың, соны жолдары осы саладан басталды. 15 жылда жаңа ел болдық деп мақтанышпен айтуымыздың астарында да осы экономика саласында бүгін қол жеткен қомақты табыстар жатыр.


“Алдымен экономика” – деп ұран тастады тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдағы реформалардың алғашқы басталар шағында. Егемендік алғаннан кейінгі іс-қимылдың ең басты бағыты, шешуші басымдылығы осы экономика саласы деп атап көрсетті. Бұл дұрыс пікір еді. Өйткені жеке басты ғана емес, әр елді, әр халықты тұрмыс билейді. Ал тұрмыстың негізі, оның жақсылық-жамандығы экономикада, оның тиімділігі немесе тиімсіздігінде. Сондықтан қоғам алдына қоятын үлкенді-кішілі мақсатың, оның орындалуы ел экономикасының мүмкіндігіне байланысты. Саясат та экономиканың шоғырланған келбеті.


Экономика – өте терең және күрделі құбылыс. Оның заңдарын, тетіктерін біліп, оларды жақсы игермей, бір жүйеден екінші жүйеге көшу өте қиын да қауіпті қадам. Жаңа жүйеде жұмыс істейтін қалың бұқара оның заңдылықтарын білмесе, оның жақсы мүмкіндіктеріне сенбесе, тіпті қиын.


Батылдық пен қайрат-жігерді Президент Назарбаев көрсете білді. “Мен нарық экономикасын таң­дадым, оның мүмкіндіктеріне сенемін. Хал­қым менің соңымнан еріңдер және осы на­рық жолымен еш нәрсеге алаңдамай жедел жүріп отыруға бел байлаймыз” – деген Елбасының халыққа үндеуі Қазақ­стан­ның нарық экономикасына қарай табанды да тарихи бетбұрысының бастауы болды.


Қорыта келгенде, Қазақстандағы жедел реформалар негізінде нарық экономикасы бой көтерді, олардың тиісті тетіктері жа­сал­ды, институттық орындары мен байла­ныс­та­ры құрылды. Даму үрдісінде тұрақтылық орнай бастады. Әлем экономикасында қа­лып­тасқан өркениетті үлгі негізінде шетел­дермен сауда-саттық қатынастары орнап, олар жылдан-жылға кеңейе бастады. Нәти­жесінде Еуропа Одағы, басқа елдер Қазақ­стан нарық экономикасының елі деп танып, мойындады.




3-қосымша.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет