Сабақтың тақырыбы: Ғафу Қайырбеков «Ана тілі»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ғ.Қайырбеков туралы мәлімет беру, өлеңнің мазмұнымен таныстырып, талдау;
Дамытушылық: Оқылған шығарма туралы өз пікірін, ойын айтып, оны дәлелдеуге дағдыландыру. Оқушылардың ой белсенділігін арттыру, сөздік қорын дамыту;
Тәрбиелік: Ана тілінің құдіреттілігін сезіну. Оқушыларды таза сөйлеуге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: Ғ.Қайырбеков. Тақырыптық суреттер, тіл туралы мақал-мәтелдер.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: «БиС технологиясы», сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгінгі әдебиеттік оқу сабағын сендерге мен өткіземін, аты-жөнім - Әйкен Гүлжанат Мұғалімбекқызы.
Психологиялық дайындық. «Өрмекшінің торы»
- Балалар, сабағымызды бастамас бұрын «Өрмекшінің торы» деген ойын ойнаймыз. - Бұл ойын лента арқылы ойналады. Қазір мен біреуіңе жақсы тілек айтып, лентаның ұшын лақтырамын. Лентаны алған оқушы жылы сөз айтып оны келесі оқушыға лақтырады. Ойын лента ұшы біткенше жалғасады. Сонда балалар, ойын соңында бізде өрмекшінің торы пайда болады.
ІІ.Өткен сабақты қайталау.
- Балалар, қазір барлығыңның алдарыңа кесте таратамын. Осы кесте бойынша бүгінгі сабақтағы білімдерің бағаланады. Әр кесте де тапсырмалар реті көрсетілген. Осы тапсырмаларға дұрыс әрі толық жауап берген оқушы өзіне қосу таңбасын, жауап бере алмаса алу таңбасын қойып отырды. Сабақ соңында осы таңбаларды санатып, бағалатамын.
1-тапсырма: Үйге берілген тақырып бойынша.
- Мәтін қалай аталады?
- Мәтіннің авторы кім?
- Қамбар ата не жасады?
- Қамбар ата балаларға не деп жауап берді?
- Балалар қандай сөзді түсінбей қалды?
- Бұл сөзді сендер қалай түсінесіңдер?
- Ауылға қандай құс ұшып келді?
- Қамбар ата қандай құс туралы айтқан екен?
ІІІ. Жаңа сабақ. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Ғафу Қайырбековтың «Ана тілі» өлеңі.
- Ғ.Қайырбеков- көрнекті ақын, әрі жазушы. Ғ.Қайырбеков 1928жылы 15 тамызда Торғай облысында дүниеге келген. Ақынның 40-тан астам кітабы жарық көрген.
- Бүгінгі өтетін «Ана тілі» өлеңінде ақын қазақ тілінің ерекше байлығын, қасиетін паш етеді.
ІV. Оқулықпен жұмыс.
- Ғафу Қайырбековтың «Ана тілі» өлеңін оқу.
1) Іштей оқыту;
2) Тізбектей оқыту;
Жаңа сабақ бойынша сұрақ-жауап:
- Ана тілі өлеңінің авторы кім?
- Өлеңде не туралы айтылған?
- Өлең жолдарында қазақ тілінің ұлылығы туралы ақын не дейді?
- Өлеңнің қай шумағында қазақтың орман, көлі туралы айтылған?
- Осы өлең бойынша қандай қорытынды шығаруға болады?
Сергіту сәті. «Ана тілі» туралы өлең тыңдату.
V.Дәптермен жұмыс. Күнді жазғызу. Сөздік жұмыс: Балалар, мына сөздерді естеріңе сақтап, дәптерге көшіреміз.
Шарлап Ажар Қалмассың Бәйшешек Қазақтың Қиясы
VІ.Бекіту.
«Ана тілім-тірлігімнің айғағы» тақырыбына тіл туралы бір шумақ өлең құрастыру.
VІІ.Қорытынды. «Иә», «Жоқ» ойыны.
- «Ана тілі» өлеңінің авторы Әбділда Тәжібаев?
- Ғафу Қайырбеков айтыскер ақын?
- Өлеңде ана тілінің ұлылығы туралы айтылған?
- Өлеңнің соңғы шумағы. Тауысар ма ырысыңды, қорыңды. Тізелесіп қатар жазса мың ақын. - деп аяқталады? - Ақын өлеңінде қазақ жерінің табиғаты туралы айтылмаған?
V. Үй тапсырмасы: Өлеңді жаттау.
VІ. Бағалау.
Кестедегі ұпайлар бойынша оқушылар өз-өзін бағалайды.
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
+
_
+
+
|
_
_
+
|
+
+
+
+
|
_
_
+
|
+
+
|
_
+
+
|
Достарыңызбен бөлісу: |