(Ұ, Ө) Кестемен жұмыс.
Мақсаты: ақпаратты есте сақтауын дамыту.
Серпімділік күшін анықтаған ғалым
|
Серпімділік күші дегеніміз не?
(анықтама)
|
Серпімділік күші
(жинақтаған ақпарат бойынша тұжырым жасау)
|
|
|
|
/Оқушылар өзара кестелерін ауыстырып, 1-2-ші баған бойынша дұрыс жауаппен тексеріп, «+», «-» әдісі бойынша бағалайды, кері байланыс жасалады. Үшінші бағаны толытырылмайьтыны айтылады/.
(Ө, Ұ)Салыстыр.
Мақсаты: оқушылардың сыни ойлауын дамыту.
Оқушыларға ермексаз (жұмсақ болу керек) және резинкадан жасалған доп таратылып беріледі.
Тапсырма:
Бір қолына ермексаз, екінші қолына допты алып, алақанмен заттарды қысуларын сұрайды.
-Не байқадың? Денелерде қандай өзгеріс болды? Неліктен?
- Серпімділік күші қай денеде орын алды?
/Оқушылар доптың өз қалпына келгендігін, ал, ермексаздың піщшіні өзгеріп, бастапқы қалпына келмегендігін және оның себебін дәлелдейді/.
(Қ)Кестемен жұмыс.
Мақсаты: зерттеулер бойынша өз тұжырымын ұсыну.
Мұғалім оқушыларға жоғарыда толтырған кестенің үшінші бағанын толтыру қажеттігін айтады.
/Оқушылар жинақтаған мәлімет бойынша өз тұжырымдарын қорытып жазады, өзара «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағалайды /.
Мұғалім оқушылардың дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күш серпімділік күші екендігін туралы қорытынды жасағандығына қарап, оқушыларды ауызша түрде бағалайды.
(МК, Ж)«Анықта».
Мақсаты: Әр түрлі денеге бірдей күш әсер еткенде серпімділіктің өзгерісін анықтау.
Тапсырма: Әр түрлі денелердің суреттерін бірдей күш әсер еткен кезде серпімділігінің артуына байланысты өсу ретімен орналастыр.
/Тапсырма орындалып болған соң, ұжыммен талқылау арқылы реттілікті анықтайды. Себебін түсіндіреді. Оқушылар өзін-өзі бағалайды, оқушылармен кері байланыс жасалады/.
(Ж) «Ойлы болсаң, тауып көр»
Мақсаты: Күнделікті өмірде серпімділік күшінің білінуіне мысал келтіру.
Тапсырма: күнделікті өмірде серпімділік күшінің білінуіне мысал келтір.
Оқушылар жұпен бір-біріне мысал келтіреді.
Мұғалім ұжыммен бірнеше оқушыға мысал келтіріп, дәлелдеулерін сұрайды. Ұжыммен толықтырулар мен ұсыныстар енгізіледі.
(Қ) «Анықта»
Мақсаты: денеге әсер етуші серпімділік күшін анықтау.
Созған немесе қысқан кезде қай денелерде серпімділік күші пайда болады? Белгіле ().
/Тақтадағы дұрыс жауаппен тексереді, өзін-өзі «+», «-» әдісі бойынша бағалайды, кері байланыс жасалады/.
|
Слайд
Доп, резинадан жасалған ойыншықтар
серіппе
Слайд
Кесте
Ермексаз,
Доп
Қима қағаздар
Қима қағаздар
|