Сабақтың тақырыбы Ғажайып фабрика



бет49/69
Дата14.11.2019
өлшемі29,11 Mb.
#51795
түріСабақ
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   69
Байланысты:
жаратылыстану кмж 3 сынып

(Ұ) Осы денелердің формасын өзгерту үшін бірдей күш әсері қажеттігін талқылау.Серіппе мен резенкенің күштерін салыстыру.


(Ұ) Сабақтың тақырыбын анықтау

Мақсаты: Оқушылардың қызығушылығын ояту, сабақтың тақырыбын анықтау.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Бағалау критерийлерін анықтау

презентация


Сабақ ортасы

5 минут
5 минут

5 минут

5 минут


5 минут

(Т)

-Жер планетасының формасы қандай?

Оқушыларға үрленген шардың үстіне өшіргішті қойып, шарды айналдырып көру.

-Өшіргішке не болды?

-Жер планетасы шар тәріздес, ал онда адамдар неге Жерден құлап түспейді?

Тартылыс құбылысыжайлы ақпарат беру

(МК) Үстелге массасы әр түрлі заттарды қойып, оқушыларға қай зат ауыр екенін анықтауын сұраy. Оқушылар заттардың сырт пішініне қарай өз болжамдарын айтады.

-Арнайы құралсыз қай зат ауыр екенін анықтауға бола ма?



-Өлшеу үшін қандай құралдарды қолдануға болады?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау



(ОТ) Оқушының біреуіне доп беріп, екі қолымен жоғары көтеріп ұстап тұрып, допты төмен жібере салуын сұрау. Басқа балалар мұқият бақылап отырады.

Олардан не байқағандарын сұрау. Доп еденге түсті. Енді бала допты алға қарай лақтырады. Балалар доп бұл жағдайда да жерге түсетінін айтады. Оқушылардан егер допты жоғары лақтырса не болатынын болжау. Жоғары лақтырылған доп та жерге түсетінін айтады. Доп ұстап тұрған оқушы допты жоғары лақтырып көрсетеді.

-Неліктен әр жағдайда да доп жерге түседі?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау

(Ө) Оқушыларға жаңағы көрген экспериментті доптың қозғалыс траекториясын көрсете отырып, сызба немесе сурет түрінде қағаз бетіне (дәптерге) белгілеуді ұсыну.

(Т)Проблемалық сұрақ

-Ауырлық күші заттың массасына байланысты ма?

Оқушылар осы сұраққа жауап іздейді. Ол үшін балалардың біреуі массалары екі түрлі затты екі қолына ұстап, бір мезетте жоғарыдан төмен қарай тастап көруі керек. Ал басқа топ мүшелері заттардың еденге түсу мезетін қадағалауы керек. Осылайша әр түрлі заттармен бірнеше қайталап бақылауға болады. Биіктікті өзгерту үшін орындыққа шығуға да болады.

-Еденге қай зат бірінші түседі? (массасы ауыры)

-Қандай қорытынды жасауға болады?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

(Ж, Т)«Ойлан.Бірік.Талқыла» стратегиясы

-Ауырлық күшіне табиғат құбылыстары немесе қоршаған ортадан қандай мысалдар келтіруге болады?



Мысалы: жаңбыр тамшылары жерге құлайды. Жемістер, жапырақтар жерге түседі. Бала секірген уақытта ауырлық күшін жеңеді де, жерге қайта аяғы тигенде, ол ауырлық күшінің әсерінен болады.

Жұмыс дәптері



Сабақтың соңы
5 минут

-Сен бүгін не үйрендің?

-Саған бүгін ең маңызды болған нәрсе? Неге?

-Не туралы тағы да көбірек білгің келеді?

«Блоб ағашында» өзін –өзі бағалау


Слайд

«Блоб ағашы»



Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмаларқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінтексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы







Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім. Табиғат физикасы

«Атақты тұлғалар» ортақ тақырыбы аясында

5.1 Күш пен қозғалыс



Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: .



Күні:




Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Үйкеліс күші дегеніміз не?

Осы сабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтемеу)

3.5.1.3 - үйкеліс күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру

Сабақмақсаттары

үйкеліс күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру;

• жүргізілген эксперимент нәтижелерін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау.



Бағалаукритерилері

• Үйкеліс күші қай кезде пайда болатынын анықтайды;

• Үйкеліс күшін анықтайды және мысал келтіреді



Тілдікмақсаттар

үйкеліс күші, сырғанау үйкелісі, домалау үйкелісі, тыныштық үйкелісі

Құндылықтардыдарыту

Оқушылар топпен, жұппен жұмыста бір-бірінің пікірін құрметтеуге, тыңдауға, өз ойын еркін айтуына баулу.

Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы және жаһандық азаматтықтың іске асуы

Үйкелістің түрлерімен танысады, тәжірибелер келтіреді.

Пәнаралықбайланыстар

Дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Ауырлық күші қай жерде әсер етеді?

Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтажоспарланғаніс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі.

Оқулық: «Үйкеліс күші дегеніміз не?», 42-43-бб.

Жұмыс дәптері: 89-жұмыс парағы. «Үйкелістің өзгеруі», 33-б. 90-жұмыс парағы. «Үйкелістің түрлері», 34-б.




Сабақтың ортасы


ОМ таныстыру.

Бірінші топқа салмағы әртүрлі, бірақ көлемі бірдей ойыншық мәшинелер дайындау.

Үйкеліс күші бір дененің басқа дене бойымен қозғалуына кедергі келтіреді және үнемі қозғалысқа қарама-қарсы бағытталған. Үйкеліс күшінің пайда болуының себептері:

• өзара жанасатын дене беттерінің кедір-бұдырлығы.

Денелердің беттері микроскопиялық кедір-бұдыр, қозғалу кезінде олар бір-бірін іліктіреді де кедергі келтіреді.

• денелердің өзара жанасу нүктелерінде болатын молекулааралық тартылыс.

Жазықтық беті анағұрлым тегіс болса, екі дененің молекулалары соншалық бір-біріне тартылады. Тыныштық күйінде тұрған дене беттерінің арасында пайда болатын және олардың қозғалыстарына кедергі келтіретін үйкеліс күші тыныштық үйкелісі деп аталады. Сырғанайтын жазықтықтар арасындағы үй келіс күші сырғанау үйкелісі деп аталады. Ол тыныштық үйкелісіне қарағанда әлсізірек болады. Егер дене жазықтық бетімен сырғанамай, домаласа, онда жанасу жерлерінде пайда болатын үйкеліс тербеліс үйкелісі деп аталады. Үйкелістің бұл түрі сырғанау үйкелісіне қарағанда айтарлықтай азырақ болады. Тербеліс үйкелісі неғұрлым аз болса, жол соғұрлым қатты болады.

Кіріспе тапсырма. «Кімдікі дұрыс?». Оқушыларға фотосуреттерге қарап, сұрақтарға жауап беруді тапсыру.

-Денені не қозғалтады? (Күш.)

-Күш денелердің қозғалысына қалай әсер етеді? (Кейде көмектеседі, кейде кедергі келтіреді, бірақ жылдамдық әрдайым өзгеріп тұрады.)

-Фотосуреттерде көрсетілген денелердің қозғалысына әсер ететін күш қандай өзара әрекеттестіктің нәтижесінде пайда болады? (Денелер жанасады, олардың беттері бір-біріне үйкеледі.)

Сол кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталатынын айту. Себебін анықта. Әртүрлі жазықтыққа қарауды тапсыру: парта, дәптер мұқабасы, өшіргіш, алақан.

-Олар сырттан қалай болып көрінеді? (Алақан мен өшіргіш – жарғақ, қатпарлы, парта мен мұқаба – тегіс.)

Жоғарыда аталған заттардың беттерін қолмен сипап өтуді және алақандарды бір-біріне үйкеуді тапсыру.

-Бұл жазықтықтар қандай? (Барлығы кедір-бұдырлы.)

Оқулықтағы суретке назар аударту.

-Неліктен біз оларды ылғи көрмейміз? (Олар ұсақ. Бірақ оларды үлткейткіш әйнекпен көруге болады.)

Әрекет.

-Қайсыларың велосипед немесе самокат теуіп көрдіңдер?

-Сендер оны қалай тебесіңдер? (Велосипедтыңпедальдарын айналдыру керек, ал самокат тепкен кезде жерден әрдайым итерілу керек.)

-Егер оны істемесе не болады? (Денелер тоқтайды.)

-Неге? (Үйкеліс күші әсер етеді.)

-Бұл күш қозғалысқа қандай әсерін тигізеді? (Кедергі келтіреді.) «Пікірталас»тапсырмасындағы адамның банан қабығынан сырғанап құлап жатқаны бейнеленген суретке қайта келіп, сұрау:

-Егер үйкеліс күші қозғалысқа бөгет болса, неге адам қозғала бастайды? (Үйкеліс күші әлсіз.)

-Егер үйкеліс күші қозғалысқа кедергі келтірсе, онда ол қайда бағытталған? (қозғалысқа қарама-қарсы.)

Тәжірибе жаса. Оқушыларға қарындашты кітаптың үстіне оның түбіртегіне параллель қоюды тапсыру. Содан кейін кітаптың жоғарғы шетін жайлап көтеру.

-Не болып жатыр? (Қарындаш қозғалмайды.)

Қозғалмай тұрған, яғни, тыныштықта тұрған қарындашқа тыныштық үйкеліс күші әсер етіп тұрғанын айту. Одан жоғары көтеруді тапсыру. (Қарындаш төмен қарай сырғанай бастайды.)

Кітапты сәл еңкейтіп, сол күйде ұстап тұрып, қарындашты қайтадан қоюды тапсыру. (Қарындаш қайтадан қозғалмайды.)

Кітапты саусақпен шертуді тапсыру.

-Нені көріп тұрсың? (Қарындаш төмен қарай сырғанайды). Қарындаш сырғанайды, демек пайда болған күш сырғанау үйкеліс күші деп аталады. Сосын қарындашты көлденең қоюды тапсыру.

-Не болып жатыр? (Қарындаш домалайды.) Бұл домалау үйкелісі.

-Үйкеліс қандай болады? Суреттерге назар аудару. Әрқайсысындағы үйкелістің түрін анықтауды тапсыру. (Біріншісі – тыныштық, екіншісі – сырғанау, үшіншісі – домалау.)

-Қай суреттегі құбылыс оқушылардың түсінігіне ауыр тиеді? (Біріншісіндегі).

-Қалай ойлайсың, неге? Тыныштық үйкелісін басқаларымен салыстыру. (Тыныштық үйкелісі ең көп.)

-Қандай үйкеліс күші қозғалысқа ең аз әсер етеді? (Домалау.)

Күштерді өсу ретімен орналастыру. (Домалау, сырғанау, тыныштық.) Зертте. Оқушыларды шағын топтарға бөлу.

-Тәжірибеде нені өзгертуге болады? (Массаны, бетті, тақтайдың көлбеулену бұрышы).

Тәжірибе саны бойынша үш жұмыс аймағын құруға болады. Әр топқа қажетті ресурстар дайындау: тақтайлар, ойыншық машиналар, жазықтықтар, текшелер.

Зерттеу жүргізу.

-Өз тәжірибеңде нені өзгертесің?» (Ойыншық машиналар жүріп өткен қашықтықтар.) Әр топқа тәжірибе жүргізу жоспарын құруды тапсыру.

Бірінші топқа. Тақтайдың шетін текшеге қою. Машинаны тақтайдың жоғарғы шетіне қойып, жылжыту. Тоқтау нүктесіне дейінгі қашықтықты өлшеу. Тәжірибені басқа машиналармен жүргізу.

Екінші топ. Тақтайдың шетін текшеге қою. Үстелдің бетіне жазықтық болатындай затты көлбеу орнатe. Машинаны жіберіңіз. Тоқтау нүктесіне дейінгі қашықтықты өлшеe. Тәжірибені басқа машиналармен жалғастырыңыз.

Үшінші топ. Тақтайдың шетін текшеге қою. Машинаны жіберу. Тоқтау нүктесіне дейінгі қашықтықты өлшеу. Текшелерді бір-бірінің үстіне орналастыра отырып,үш тәжірибе жасау.

• Қорытындыны жазу,ал тәжірибенің суретін зерттеушінің дәптеріне салу.

• Тәжірибе жүргізу жоспарын оның іс жүзіндегі өту сипатымен салыстыру.

Түрлі топтар зерттеулерінің нәтижелерін талқылау. Берілген жұмыс оқушылардың жоспар құрып, тәжірибе жүргізу қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.Оқушылар үйкеліс күшінің түрлі параметрлерге байланыстылығы туралы өз болжамдарына дәлелдемелер келтіре алады.

Ойлан.

-Оқушылардан сұраңыз, денелер тек қатты жазықтықтар үстімен ғана емес, су мен ауада қозғала алады ма? (Иә, ұшақтар, су асты қайықтары, құстар.)

-Бұл денелердің пішіндерінің арасында ортақ нәрсе бар ма? (Олардың барлығы тегіс, сүйірленген.)

-Қалай ойлайсың, неге денелер осындай дөңгеленген, сүйір пішінге келтіріледі? (Ауа мен су олардың қозғалысына кедергі келтірмес үшін.)

-Сен білесің бе? Оқушылардан сұраңыз,олар ежелгі адамдардың отты қалай тапқанын біледі ме? (Таяқшаның соңын тақтайға тіреп бұраған.)

-Алақандарды бір-біріне тез үйкеуді тапсырыңыз.Не сезесің? (Алақандар жылы.)

-Олар өте ыстық болуы үшін не істеу қажет? (Өте тез үйкеу.) Ағаш кесетін араның не бұрғының қызуы туралы мысал келтіруге болады. Үйкеліс денелерді жылытатыны жайлы қорытынды жасау.

Жұмыс дәптері. 89-жұмыс парағы. «Үйкеліс өзгерісі»

Сызбаны толықтыр. Оқушылар берілген мысалдарды өсу не кему ретімен сәйкес бағаналарға бөледі, үйкеліске қатысы жоқ мысалдардың астын сызады. Сызбаны өз мысалдармен толықтырады.

Жауап: Үйкелістің өсуі: «жүк қосу», «домалаудың орнына тыныштық». Үйкелістің кемуі: «жеңіл денені алу», «сырғанаудың орнына домалау», «тыныштықтың орнына сырғанау». Үйкеліс күшіне әсер етпейді: «жанасу аумағын кеңейту».

Бағытты көрсет. Оқушылар нұсқармен үйкеліс күшінің бағытын көрсетеді.

Жауап: Үйкеліс күші денелердің жылдамдығына қарсы бағытталған.

90-жұмыс парағы. «Үйкелістің түрлері» Сәйкестендір.

Оқушылар суреттерді оларға сәйкес келетін үйкеліс түрлерімен сызықпен қосады.

Жауап:

Тыныштық үйкелісі: жүріп келе жатқан қыз, түйін байланған жіп. Сырғанау үйкелісі - жұмысшы жіппен жүкті көлбеу жазықтықпен сүйреп жатыр, адам шаңғы теуіп жүр.

Домалау үйкелісі – жүріп келе жатқан көлік, бала ролик теуіп жүр.

ҚБ тапсырамсын орындату.


Дескриптор


Білім алушы:

- үйкеліс күшін анықтайды;

- сұрақтардың негізінде ой қорытады;

-үйкеліс күшіне мысал келтіреді.



Тапсырма

Суреттерге мұқият қара. Сұрақтар бойынша ой бөліс.



  • Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде кедергі келтіретін күш қалай аталады?

  • Ол заттарға қалай әсер етеді?

  • Ол қай кезде пайдалы болады, қай кезде кедергі келтіреді?

  • Осы күштің байқалуына бірнеше мысал келтір.



әр топқа берілетін тақталар;

• бірінші топқа текше, массасы әртүрлі үш ойыншық мәшине;

• екінші топқа сапасы әртүрлі текше, ойыншық машина және үш жазықтық;

• үшінші топқа ойыншық мәшине мен бірнеше текше.



Сабақтыңсоңы

Рефлексия:

Не түсіндім? Не түсінбедім? Нені әлі білгім келеді?



Үйге берілетін тапсырманы түсіндіру.

Оқулық: «Үйкеліс күші дегеніміз не?», 42-43-бб.

Жұмыс дәптері: 89-жұмыс парағы. «Үйкелістің өзгеруі», 33-б. 90-жұмыс парағы. «Үйкелістің түрлері», 34-б.




Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы





Дифференциациялық тасырма. Оқушыларға өздеріне орындай алатын тапсырманы таңдауға мүмкіндік беріледі.Әр бала өз деңгейіге сай тапсырманы орындайды.

Сабақтың басындығы көңілдерің неге ұқсайтынын естідік, ал енді көңіл күйлеріңді неге теңейсіңдер?

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекеттүрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз

туралысолжақбағандаберілгенсұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

1.Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқытутуралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

2.Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет