Сабақтың басы
3 мин
|
(Ұ) Ұйымдастырушылық кезең.
Оқушылар шаттық шеңберіне жиналып, бір-біріне сәттілік тілейді.
(Ұ) Жұмбақты шеш.
Мақсаты: оқушылардың қызығушылығын арттыру, сабақтың тақырыбын анықтау.
Соңыңнан қалмайды,
Тоқтасаң, тоқтайды.
Үйге іздеп бармайды,
Тығылсаң таппайды.
(Көлеңке)
- Балалар көлеңкеге қарама-қарсы ұғымды қалай атаймыз? (антоним)
- Жарық.
- Ендеше, бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Бағалау критерийлерін шығару
|
слайд
|
Орта
5 мин
15 мин
7 мин
5 мин
|
(Ж) Топтастыр.
Мақсаты: жарық көздерін анықтау, топтастыру, салыстыру, айырмашылығын анықтау.
Оқушыларға жарық шығаратын заттардың суреттері ұсынылады да оларды екі топқа бөлуін сұралады.
Олардың табиғаттағы жарық пен адамдардың қолымен жасалған жасанды жарық екендігі айтылады.
- Қайсысы көбірек жарық береді, майшам, шам немесе үстел шамы ма?
Осы заттарды көрсетіңіз, суреттерді (немесе атаулары) заттардан шығатын жарық деңгейі бойынша салыстырып және реттеп қойыңыз.
- Қайсысы көбірек жарық береді, күн, ай немесе от па?
Осы заттардың суреттерін салыстырыңыз, жарық деңгейі бойынша реттеп қою керек.
- Затқа жарық түскенде не пайда болады?
/Оқушылар көлеңкенің пайда болатынын айтады/
|