3.Тапсырма«Ойлан тап» әдісі«Топпен жұмыс»
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық тапсырмалары
1.Пиза тапсырмалары
Америка Құрама Штаттарында жылына 640 ретке дейін болатын құбылыс бар. Ол құбылыс жазықтықтық Техас, Оклахома, Канзас, Небраскоштаттарында жиі байқалады. Аталған штаттарда өмір сүретін адамдар табиғаттың бұл апатты құбылысынан жасырыну үшін өз үйлерін де қорғаныс баспаналар салады.
Бұл құбылыс қалай аталады?
2.тапсырма.
Солтүстік Америкада радиодан және теледидардан мысалда келтірілгендей ұсыныс-хабарлама жиі болады. Мысал: егер сіз үйде болмасаңыз және жақын жерде ешқандай баспана болмаса – жақын жердегі арыққа немесе ойпаң жерге етпетіңізден жатыңыз, басыңызды қолыңызбен немесе қалқан бола алатын затпен жабыңыз. Егер сіз машинада болсаңыз – жүріп кетуге тырыспаңыз, машинадан түсіңіз және жақын жердегі орға жатыңыз. Егер сіз үйде болсаңыз терезеден, есіктен және үйдің ішкі қабырғаларынан алшақ тұрыңыз, үйдегі жер төлеге тығылыңыз. Жылжымалы үйде, шатырда болсаңыз, одан шығып неғұрлым сенімді баспана табуғат ырысыңыз.
Аталған ұсыныстарды сақтаған жағдайда, адам өзінің өміріне төніп тұрған қауіпті және жарақат алу қаупін азайтуына болады.
Сұрақтар:
1. Бұл ұсыныстар қандай табиғи құбылыс барысында маңызды болып табылады?
2. Бұл құбылыстың нәтижесінде болатын зардаптар немен байланысты?
3. Бұл құбылыс туралы не білесіздер?
4. Жер шарының қай аймақтарында жиі байқалады?
5. Қазақстанның жекелеген аймақтарының халқы үшін бұл ұсыныстардың маңызы бар ма? Маңызы бар болса, онда қандай аймақтар үшін? Себебін атаңыздар.тапсырма.
3.Назгүл алма және лимон шырынымен эксперимент жасамақ болды. Ол алманы екіге бөліп, кесілген жағымен жайпақ ыдысқа салды. Алманың бір бөлігіне лимон шырынын сығып тамызды. Біраз уақыттан кейін лимон шырынымен «қорғалған» бөлігінің ақ қалпын да қалғанын, ал алманың «таза» бөлігі қарайғанын байқады.
Алманың «таза» бөлігі неліктен қарайды?
Достарыңызбен бөлісу: |