Жеке жұмыс: Математикалық диктант: Тік төртбұрыштың периметрі оның ұзындығы мен енінің 2 еселенген қосындысына тең. Формуласы:
Тік төртбұрыштың ауданы оның ұзындығы мен енінің көбейтіндісіне тең. Формуласы: Жол жылдамдықтың қозғалыс уақытына көбейтіндісіне тең. Формуласы: Заттың құны оның бағасын заттың санына көбейткенге тең. Формуласы: Тік бұрышты параллепипедтің көлемі оның ұзындығын ені мен биіктігіне көбейткенге тең. Формуласы:
Осы айтылған ережелерді қолданып оқулықпен есептер шығарылады
Сұрақтарға жауап береді
Тақырып бойынша ресурстарды қарап, танысады
|
Оқушылар осы мысал-дарға қарап түсінеді.
|
Слайд
|
15 минут
|
Бекіту тапсырмасы
|
Оқулықпен жұмыс: “Джигсо” әдісімен 3 топқа есептер үлестіремін
№128
Тік төртбұрыш пішінді суқоймасының ұзындығы 45м, ені 38м. Оның жиегінен 2м қашықтықта қоршау жүргізілді. Қоршаудың ұзындығы неше метр?
№129
Квадрат пішіндес қаңылтырдан ені 5см тік төртбұрыш қиылып алынғанда, ауданы қаңылтыр қалды. Қаңылтырдың алғашқы ауданын табыңдар.
№130
Асхаттың 500тг ақшасы болды. Ол бағасы 25тг 7 дәптер және бағасы 80тг 3 қаламсап сатып алды. Не белгісіз? Сұрақ қойыңдар.
Дескриптор:
-
Есептің шартын түсінеді, берілген табылатын затты ажырата алады,жауабын тексереді (1 балл)
-
Есептің шартына сәйкес теңдеу құра біледі. (1 балл)
-
Теңдеуді шешіп, жауабын дұрыс таба алады (2 балл)
Жаңа материалды пысықтау.
Әр бір оқушы мәселе есептерді шығаруда үшін жүйелі ойлануды қажет ететіндігі туралы ой қорытады.
I топ.
1) Оқушы бір сан ойлады, одан 27-ні азайтып, нәтижесін 2-ге көбейткенде 144 саны шықты. Оқушы қандай сан ойлады?
Жауабы: 99
2) Дүкенге 4 қорап тәтті әкелінді.Әрбір қораптан 12 кг тәтті сатылғаннан кейін барлығында қалған тәтті алғашқы бір қораптағыдай болған. Алғашында әрқайсысында неше кг тәтті бар еді?
Шешуі: (х – 12) · 4 = х, 4х – 48 = х, 3х = 48, х= 16. Жауабы: 16 кг
II топ.
1) Тіктөртбұрыштың ұзындығы а см, ені b см. Тіктөртбұрыштың периметрін табыңдар. Мұндағы a = 17; b = 9. Жауабы: 52 см
2) Бөтелке тығынымен 60 теңге тұрады. Бөтелке тығынынан 58 теңге қымбат болса, бөтелке мен тығынның жеке – жеке бағасын тап.
Жауабы: 2
III топ.
1) Асхат ақшасының жартысына фломастер сатып алған соң, оған атасы 130 теңге ақша берді. Сонда Асхаттың ақшасы 205 тг болды. Асхатта алғашқыда неше тенге ақша болған?
Жауабы: 150 тг
2) Мен атамның 61 жасында 10 жаста болатынмын. Қазір атам менен 4 есе үлкен жаста болса мен неше жастамын?
Шешуі: атасы -61 + х, мен – 10 + х, (10 +х) · 4 = 61 + х, 3х = 21, х = 7
Жауабы: мен 17 жастамын7
|
Достарыңызбен бөлісу: |