Сабақты өту мақсатым шынайы болды.Бұл сабақта ооқушылар А.Құнанбайұлының «Шоқпардай кекілі қамыс құлақ»атты өлеңімен танысып , жақсы түсінік қалыптастырды.Сыныптағы ахуал өте жақсы.Оқушылар белсене қатысып,топпен жұмыс істеді. Менің жоспарымдағы әдістер тиімді болды.Тиімділігі барлық оқушылар түгел қатысып отарды.Диологтік оқуға түсіп,өз пікірлерімен бөлісті.Берілген уақытта үлгердім, уақытты ұтымды пайдалана білдім.
Мен әрдайым өз жоспарыма өзгеріс енгізіп отырамын.Деңгейлік тапсырма беруді өзгертемін деп отырмын.Себебі А деңгейдегі оқушымның мен берген тапсырмадан да күрделі тапсырма орындау мүмкіндігі бар екендігін байқадым.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды(оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)
1.Топтық жұмыста оқушылардың бірлесіп тапсырманы орындағаны.Үй тапсырмасын сұрауда «Зияткерлік добы» арқылы сұрақтарға қызыға жауап бергені.
2.Жаңа тақырыпты ашуда «Ой шақыру» әдісі арқылы және «Жеті қазына-жүйрік ат» деген бейнебаян көрсетуде оқушы өз ойын нақты айта білді.«Даналық кілттері» әдісі арқылы кілт суреттері бар үлкен парақшаға тапсырма жазылды. Әр топ кілттерді таңдап алады да,тапсырманы жақсы орындап шықты.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)
1. Сергіту сәті «Сиқырлы хобдиша» әдісі арқылы жүргіземін. Хобдишаға адам бойындағы жақсы қасиеттер салынған. Оқушылар шығып, алған жақсы қасиеттерін қай оқушының бойынан табылатын болса, сол оқушыға беріп отырады.
2.»Жарнама»әдісі арқылы өздерінің шығармашылығын дамытты яғни жазылым дағдысы да елеулі орын алды.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін нені білдім
Тапсырманы бірлесіп орындауды,нәтижеге жету үшін баламалы шешімдер ұсынуды,топпенжұмыс істеу ережесін оқушылар жақсы түсінді.Әдістерді дұрыс қолдану оқушының қызығушылығын, белсенділігін арттырып, өз оқуына өзінің жауапты болуына жол түсіне бастайтындығын білдім.Топтық жұмыс барысында оқушы диологқа түсіп оқушы мен оқушы арасында шынайы қарым-қатынас орнатып табысты оқуға қол жеткізетінімді білдім.