Сабақтың тақырыбы: Функция ұғымы және оның берілу тәсілдері. Сыныбы: 10-сынып Сабақтың мақсаты


Анықтама. Әртүрлі сандық мәндер қабылдайтын шаманы айнымалы шама



бет3/7
Дата10.12.2021
өлшемі81,41 Kb.
#78966
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Саба ты та ырыбы Функция ымы ж не оны берілу т сілдері. Сын

Анықтама. Әртүрлі сандық мәндер қабылдайтын шаманы айнымалы шама деп атайды.

Мысалы, маятниктің тербеліс периодының формуласы , мұндағы π және 2 сандары – абсолют тұрақтылар, g (еркін түсу үдеуі) – параметр, – тәуелсіз айнымалы, Т – тәуелді айнымалы.



Енді функция ұғымының анықтамасын берейік.

Анықтама. Х жиынындағы х-тің әрбір мәніне Y жиынның нықты бір мәнін сәйкес қоятын ереже немесе заңдылық функция деп аталады.

Функцияның y=f(x), y=ϕ(x), y=g(x) және т.с.с. белгілейді, мұндағы х – тәуелсіз айнымалы немесе функцияның аргументі; у – тәуелді айнымалы немесе функция; f, ϕ, g, т.с.с. – ереже немес заңдылық.

f(x) функциясы белгілі бір мән қабылдайтын тәуелсіз айнымалының нақты мәндер жиынын функцияның анықталу облысы D(f(x)), ал анықталу облысынан алынған әрбір тәуелсіз айнымалыға сәйкес табылған функцияның мәндерін оның мәндер жиыны E(f(x)) деп атайды.

Сонда анықтамадан көріп отырғанымыздай, Х жиыны функцияның анықталу облысы, Y жиыны функцияның мәндер жиныны болады.

Функцияның жоғарыда берілген анықтамасынан сәйкес төмендегі үш жағдайды анықтай білу керек:



  1. функияның D(f) анықталу облысын;

  2. х пен у мәндері арасындағы ереже немесе заңдылықты;

  3. функцияның Е(f) мәндер жиынын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет