Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?
Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
Менің жоспарлаған сабағымда, жеке жұмыс, жұптық және топтық жұмыс жасалу арқылы тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым дағдылары сабақтың өң бойында көрініс тапты деп ойлаймын.
1. Мақсат бойынша саралау - оқу мақсаты Блум таксаномиясы негізінде жоспарланып, оқушылардың көпшілігі, басым бөлігі және кейбір оқушылар үшін қол жетімді тапсырмалар Жигсо әдісі арқылы көрсеттім.
2. Нәтиже немесе жауап бойынша саралау «Insert» әдісі арқылы орындалған 2 - тапсырмада жақсы көрініс табады деп ойлаймын. Себебі, оқушылар оқу барысында алған білімдерін берілген критерийлер бойынша жауап беру барысында көремин. Бірдей мәтін таратылып түрлі деңгейдегі жауап күтілді және нәтижесі әртүрлі болды.
3. Ресурс немесе мәтін бойынша саралау «Insert» әдісінде мәтінмен жұмыс жасағанда айқын көрініс табады. Оқушылар мәтінді түртіп оқып, мағынасын ұғады және тақырып бойынша өз ойын анық жеткізе алады.
Достарыңызбен бөлісу: |