Сабақтың тақырыбы: География ғылымының салалары. Географиялық зерттеу әдістерінің түрлері. Географиялық деректерді өңдеу және талдау



бет3/7
Дата08.09.2022
өлшемі2,11 Mb.
#148985
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Слайд 1

Табиғат ресурстары географиясы
Көлік географиясы
Географияның басқа да салалары
География ғылымы қамтылатын аймақтары бойынша да бөлінеді. Жергілікті жердің (өлкетану), ауданның (физикалық география), аймақтың (әлеуметтік-экономикалық және саяси география), елдің, дүние бөлігінің, материктер мен мұхиттардың, дүниежүзінің географиясын бөліп көрсетуге болады. Сонымен бірге мұндай бөлу физикалық география мен әлеуметтік-экономикалық географияны да қамти алады. Уақыттық кезеңдер бойынша география ғылымы палеогеография (физикалық география), тарихи географияқазіргі заман географиясы (қоғамдық география) болып бөлінеді.
Палеогеография – өткен геологиялық дәуірлердегі физикалық-географиялық жағдайлар туралы ғылым. ​Тарихи география географиялық ортаның адамзат қоғамының дамуына ықпалын зерттейді. ​Қазіргі заман географиясы тікелей қазіргі уақыттағы жағдайды зерттейді. Оның өткені осы уақыттағы географиялық нысандардың, құбылыстар мен үдерістердің жағдайына әсері тұрғысынан қарастырылады.
Картография
«Қайда?» – бұл географияның басты сұрағы. Карта – оның жауабы. Демек, физикалық және қоғамдық географиямен қатар, картография – география ғылымының үшінші тармағы. Географиялық ғылымдардың әрқайсысы әртүрлі карталарды қолданады және өз карталарын шығарады.
Географиядағы бірігу (интеграция)
Зерттелетін компоненттері, салалары, аумақты қамтуы, уақыттық кезеңдері бойынша география ғылымында жекелеген бөліктерге жіктелумен қатар, бірігу (интеграция) тәрізді үдеріс байқалады. Ол бір компонентті бірнеше географиялық ғылымдардың зерттеу мүмкіндігіне байланысты пайда болды. Мысалы, ландшафтанушыға тектоникалық құрылымдар (геотектоника), күн райы (метеорология), климат (климатология), өсімдіктер мен жануарлар (биогеография), топырақ (топырақ географиясы), су (құрлық гидрологиясыокеанологияметеорология және климатология) туралы білімдер бірдей дәрежеде қажет. ландшафтану әртүрлі дәрежедегі табиғи-аумақтық кешендерді зерттейді. ​Атақты ғалым В. И. Вернадский (4-сурет) жақын уақытта ғылымдар зерттеу нысандарына қарай бөлінбейді, зерттейтін проблемаларына байланысты бірлеседі деп санады.
​Бірігу (интеграция) келесі себептер бойынша күшейеді:
  • Биогеография мен биологияның арасындағы сияқты, бір ғылымнан екіншісіне өту шегарасы жойылады.
  • Ғылымдардың зерттейтін ортақ нысаны болуы мүмкін. Мысалы, метеорология мен климатология табиғаттың бірдей компоненттерін зерттейді; этногеография және демогеография нақты аумақтың тұрғындарын зерттейді.
  • Бір ғылымның зерттеу әдістерін басқа ғылымда қолдануға болады. Мысалы, физикалық-географиялық аудандастыру қағидалары қоғамдық географияда да қолданылуда.

  • Ғылымдар толығымен бірлесуінен геоэкология, геоэкономика, геосаясат сияқты жаңа ғылыми пәндер пайда болуда.
    ​Бірігуді ішкі және сыртқы деп бөлуге болады. Ішкі бірігу барысында географиялық ғылымдар бір-бірімен бірлеседі. Сыртқы бірігуде география географиялық емес ғылыми бағыттармен түйіседі.
    4-сурет. Академик В. И. Вернадский



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет