Физикалық география
1-суретте бейнеленген ландшафт – жер бедері. Ол өзен, жануарлар мен өсімдіктер әлемі, метеорологиялық элементтер, мұздықтар, топырақ тәрізді компоненттерден тұрады. Бұл компоненттердің әрқайсысы физикалық географияның жеке бағыты бойынша оқылады.
1-сурет. Физикалық географияның зерттелу компоненттері бойынша бөлінуі
Қоғамдық география
Жер халқы да өзінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Адамдар қауымдастығының құрылымы ғасырлар бойы қалыптасқан нәсілдік, этностық, діни мәдениеттер мен өркениеттерге бөлінеді. Құрылымының ерекшеліктері бойынша нәрестелер, балалар, жасөспірімдер, жастар, ересектер, қарттар, ұзақ өмір сүрушілер, ер және әйел адамдар болып та бөлінеді. Кеңістіктік шоғырлануы бойынша ауыл, қала, өлке, аймақ, ел, материк халқы деп бөліп көрсетуге болады. Халық динамикасындағы туу және өлім, көші-қон тәрізді үдерістерді атауға болады.
Аталған ерекшеліктердің әрқайсысы әлеуметтік географияның жекелеген бағыттары бойынша зерттеледі. Оның кейбір бағыттары 2-суретте көрсетілген. Халықтың нәсілдік құрамы 5-сыныпта қарастырылды. Жер халқының этностық және діни құрамы, мәдени ерекшеліктері 7-сыныптың бағдарламасында қарастырылған болатын. Биылғы жылы сендер маңызды демографиялық үдерістерді оқисыңдар.
Ауылшаруашылық географиясы
Өнеркәсіп
географиясы
Қызмет көрсету саласы географиясы
Дүниежүзілік шаруашылық географиясы
Экономикалық география
Адамның шаруашылық іс-әрекетінің географиясы да құрамы мен құрылымының күрделілігімен ерекшеленеді. Географияда олардың әрқайсысы жеке бағыт болып оқылатын шаруашылық салалары бөлініп көрсетіледі. 3-суретте экономикалық-географиялық ғылымның кейбір салалары көрсетілген. Ауылшаруашылығы және өнеркәсіп географиясымен сендер өткен оқу жылында таныстыңдар. Әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылым қызмет көрсету саласына жатады. Олар да 7-сыныптың бағдарламасында қарастырылған болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |