Зерттеудің өзекті бағыттары
Географияның барлық салалары адамдар мен мемлекеттердің қажеттіліктерінен пайда болды. Олардың зерттеулері қазіргі уақытта барлық адамзат қоғамын қамтитын проблемаларды шешуге бағытталған. Оларға келесі проблемалар жатады:
бейбітшілік пен қарусыздандыру проблемасы;
экологиялық;
демографиялық;
энергетикалық;
шикізаттық;
азық-түліктік;
Дүниежүзілік мұхит ресурстарын пайдалану;
ғарышты бейбіт мақсатта игеру;
дамушы елдердің артта қалушылығын жою.
Географиялық деректерді визуалдау
Сендер мәтіннің ауқымы арқылы география ғылымының салаларымен, олардың зерттейтін нысандарымен, кеңістікті және уақытты қамтумен, заманның өзекті бағыттарымен таныстыңдар. Кез келген зерттеушіге қажетті дағды – бұл деректердің ауқымын сызба түрінде, яғни визуалды формада көрсете білу біліктілігі. Визуалдау – бұл көзге көрінбейтінді көрсету дағдысы. Ақпаратты визуалдау – сандық және мәтіндік ақпаратты графиктер, диаграммалар, құрылымдық сызбалар, кестелер, суреттер, карталар және т.б. түрде ұсыну. Ақпаратты визуалдау қабылдауға жеңіл және өз ойларың мен идеяларыңды жылдам және тиімді ұсынуға жағдай жасайды. Зерттеулер ақпараттың жартысынан астамын адам көру арқылы қабылдайтынын көрсеткен. Сурет, жазықтықтағы сызық, түс және формалар ақпаратты түсінуге және есте сақтауға, жүйелеуге, қорытынды жасауға, игеруге ықпал етеді.
География ғылымымен байланысты мамандық атаулары:
геоморфолог, биогеограф, гляциолог және криолитолог, метеоролог және климатолог, ландшафтанушы, спелеолог, мұхиттанушы, гидролог, топырақтанушы, геосаясаткер, әлеуметтік және экономикалық географияның мамандары, география пәнін оқытушылар.
Негізгі түсініктер
Физикалық география – Жердің географиялық қабығын зерделейтін ғылымдар жүйесі.
Қоғамдық (әлеуметтік-экономикалық) география халықты және оның шаруашылығын зерттеумен айналысады.
Достарыңызбен бөлісу: |