Сабақтың тақырыбы: Х дыбысы және әрпі



бет2/4
Дата08.09.2017
өлшемі1,85 Mb.
#30776
түріСабақ
1   2   3   4

Сабақтың тақырыбы: Х дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: Балалардың сөз, сөйлем жайында түсініктерін бекіту. Сөздерге дыбыстық талдау жасатуды жалғастыру. Х әрпінің баспа түрімен таныстыру. Дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден жаңа дыбыстарды қатыстырып сөйлем, сөз құрастыру және оны талдауға үйрету.

Дамытушылығы: Сөз, сөйлем ойлау арқылы еске сақтау қабілетін дамыту. Дыбыстардың айтылу артикуляциясын дұрыс меңгерту. Әр түрлі ойын ойнату, ребус шешкізу арқылы логикалық ұшқыр ойлау қабілеттерін арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Тәрбиелілігі: Балаларды бауырмалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілі: Сұрақ - жауап, көрсету, түсіндіру, ойын, қол жаттықтыру жұмысы, ребус шешу.

Көрнекіліктері: Әліппе, сауат ашу, суреттер, ребус, кеспе әріптер мен буындар, хат қалта, пошта жәшігі, интерактивті тақта, слайд шоу, бейне көріністер, қызыл, көк текшелер.

Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, құрастыру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Кіріспе әңгіме өткізу

Оқушылар бүгін бізге сабаққа ұстаздар, мұғалімдер қонаққа келіп отыр. Бәріміз орнымыздан тұрып, оңға бұрылып, мұғалімдермен амандасып алайық.

Ізеттілік белгісі-

Бас иіп сәлем бергенің.

Кәне, бәріміз басымызды иіп амандасайық! Ал, қане, балалар, қазір бізде қандай сабақ?

Сұрақ: Ал сендер білім алуға бала-бақшадан шығып, қайда келдіңдер?

Жауабы: Мектепке.

Олай болса, сабағымызды білім, мектеп туралы өлең, тақпақпен бастайық. Кім мектеп, білім туралы өлең, тақпақ біледі?



Туғаннан соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Мектепке сен келмесең,

Жұрт айтады надан деп.

Міне, балалар ,олай болса, білім алуға мектепке келдіңіздер. Өткен сабақта мектепте не үйреніп едіңіздер? Қандай әріп және дыбыспен таныстыңыздар?

Дыбыс дегеніміз не? Әріп дегеніміз де?



Кім тақтаға Юля, Юра сөздерін жазып, дыбыстық талдау жасап береді?

Юля, Юра сөздерінде неше дыбыс бар? Неше әріп бар?

Алдарыңыздағы әліппе, сауат ашу кітабынан өткен сабақтағы сөздерді кім оқып береді? Әр қатарға оқыту.



Интерактивті тақтаны қолдана отырып, аю, ою сөздеріне бейне көріністер көрсету арқылы балаларға сөйлем құрату. т п

Мысалы: Аю суда жүр. Аю қонжықтарымен жүр. Қоңыр аю орманда жүр. Аю бал жеп отыр. т.б. Киіз үйдің сырты оюмен өрнектелген. Байдың шапанында ою бар. Әженің бешпетінде, орамалында ою- өрнектер бар. Киіз үйдің іші-сырты ою-өрнектермен безендірілген т.б.



Каталог: uploads -> doc -> 05c2
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
05c2 -> Сабақ жоспары Сабақ: Отбасы Мектеп: Күні


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет