Сабақтың тақырыбы: Хаттама Сабақтың мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі49,51 Kb.
#30643
түріСабақ
Рахманова Гүлнар Шәмшіханқызы

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінің

мемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінің оқытушысы
Сабақтың тақырыбы: Хаттама

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студенттерге хаттама туралы мағлұмат бере отырып, жазылу ерекшелігін түсіндіру. Теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру арқылы үлгі түрлерін жазуды үйрету, іс қағаздарынының бір-бірінен айырмашылығын мысалдармен көрсету, білімдерін кеңейту.

Тәрбиелік: Студенттерге құжаттарды жаздыру арқылы іс қағаздарын сауатты жаза білуге, ұқыпты толтыруға үйрету, отансүйгіштік рухқа, өз ана тілін қастерлеуге, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Студенттердің ой-өрісін, ауызекі сөйлеу қабілетін дамыту, өз бетінше ізденуге дағдыландыру, пәнге деген қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілетін

арттыру.
Сабақтың түрі : тәжірибелік сабақ



Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, талдау, ақпараттандыру технологиясы, СТО стратегиялары, сөздік жұмыс, тәжірибелік жұмыс, тірек-сызба.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, бейнематериалдар, кеспе қағаздар, үлгі түрлері, электронды орта
Пәнаралық байланыс: қазақстан тарихы, қазақ тілі, музыка, орыс тілі

Сабақтың өту барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Студенттердің сабаққа қатысымын тексеру, зейінін сабаққа аударту (психологиялық ойын)



II Үй тапсырмасын сұрау

1) Топтастыру жұмысы Бұйрық туралы не білдік?

2) Тәжірибелік жұмыс жазыңыздар

1-тапсырма. Қызметкеріңіз өз еркімен басқа жұмысқа ауысқалы жатыр. Соған орай бұйрық жазыңыз 2-тапсырма. Мекемеде наурыз мерекесін өткізу туралы қызметтік құрам бойынша бұйрық жазыңыз

3) Ой толғаныс оқушылардың шығармашылық ізденісі

Бұйрық түрлерін құрастырыңыз

Бейнематериал арқылы бұйрықтың жазылу үлгісін толықтыру

Хаттама туралы дәрісті үнтаспадан тыңдату

Жаңа сабаққа кіріспе. Мұғалім сөзі:

Қымбатты студенттер, бүгінгі сабағымызда іс қағаздарының бірі, әр мекемеде, оқу орындарында, күнделікті өмірде жиі қолданылатын құжат түрі хаттамамен танысамыз.


Жаңа сабақ.

«Қызығушылығын ояту»

Хаттаманың жазылу үлгісін, сөздік жұмысын үнтаспадан тыңдай отырып, негізгі түйін сөздерін жазу



Ой қозғау. Хаттама туралы не білеміз?
Хаттама

Хаттама – мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның жиналысы мен мәжілістерінде қаралған, талқылаған, қорытындыланған жағдайларды тіркейтін (толық жазатын) ұйымдастырушы - өкімшіл ресми құжат. Қоғамдық тәртіптің бұзылғаны туралы факт тіркелетін рәсми құжат. Хаттамаға мекеме басшысы, фактіні тіркеуге жауапты адам және хаттаманы жазған адам қол қояды, мөр басады.



Сөздік жұмыс жүргізіледі. Үлгі түрлері көрсетіліп, оқылады.

Тәжірибелік жұмыстарды орындаңыз

1-тапсырма. Хаттаманы аяқтаңыз...

Хаттама №1

Мекеме жиналысы 10.11.2012ж

Жиналыс төрағасы:

Хатшысы:


Қатысқандар:

Күн тәртібінде:

1. Жылдық жұмыстың орындалу барысы

2. Мекеме жұмысының сапасын арттыру шаралары

2-тапсырма. Топта « Денсаулық-зор байлық» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Төраға топ басшысы. Хатшы Ахметова Ж. Баяндамашылар. Тақырыптар: «Шылым шегу әдет пе?» , «Нашақорлыққа жол жоқ». Сынып сағатының өткізілгені туралы хаттама құрастырыңыз. Жеткіліксіз деректемелерді өзіңіз толықтырыңыз

3-тапсырма. Банк есепшоты туралы есеп беріңіз. Мұнда жылдық тапсырманың орындалғанын көрсетіңіз

Семантикалық карта


мысалдар

бұйрық

хаттама

штат кестесі

жарғы

Құрылтайшылар жиналысының бекіту белгісі.













теңге айлық жалақы қорымен













Күн тәртібі














Шешім қабылданды













Белгілеуші және жарлық.














Бекіту

Венн диаграммасы (Бұйрық , хаттама)


Қорытындылау
-Хаттама туралы не білдік?

-Құжаттың негізгі деректемелерін атаңыз



- Құжаттың жазылу ерекшелігі неде?
Бағалау (диаграмма арқылы бағаланады)

Үйге тапсырма. Үлгі жазу

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет