Сабақтың тақырыбы ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық саяси үдерістер Мақсаты



бет10/15
Дата20.06.2018
өлшемі2,03 Mb.
#43807
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

«Бекітемін»__________



Сыныбы: 9

Күні: 06.02.2016 жыл.

Сабақтың тақырыбы



§39. Ауыл шаруашылығындағы 1970 -1980 жылдардағы дағдарысты құбылыстар.


Мақсаты


Ауыл шаруашылығы тиімділігінің төмендеуінің басты себебі- шаруалар өз еңбегінің жемісін өздері көре алмауы, осы жағдайды ой елегінен өткізе саралау.


Күтілетін нәтижелер



А. Ауыл шаруашылығы дағдарысқа ұшырап, 80-жылдардың ортасында азық – түлік өнімдерімен шектеулі қамтамасыз ету жүйесі енгізілгені туралы біледі.

В. Ауыл шаруашылығын өркендетуге бағытталған шаралар неліктен ойдағыдай нәтиже бермегенін анықтайды.

С.Шаруашылықты жүргізудің қалыптасқан жүйесін өзгертуге әрекеттенгендердің тағдырын зерделейді, Алматы облысы Еңбекшіқазақ және Күрті аудандарының директоры болған И.Н.Худенконың шаруашылықты жүргізуді өзгертеуін бағалайды.

Керекті жабдықтар



Қазақстан тарихы /М.Қозыбаев, К.Нұрпейіс, Қ.Жүкешев Алматы «Мектеп» 2013ж /, флипчарт, ақ парақ, қалам сап, әдістемелік құрал, ресурс парақтары, бланкілер және фламастер, Бейне роликтер, карта, тірек- сызба,

интербелсенді тақта.



Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Уақыты


Мұғалім әрекеті


 Оқушы әрекеті

Кіріспе


5мин


Ұйымдастыру. Амандасу.

Оқушыларды тренинг арқылы топқа бөлемін.


«Шынжыр» әдісі арқылы арқылы үй тапсырмасын сұрау,


Ынтымақтаса топқа бөлініп, «Шынжыр» әдісі арқылы үй тапсырмасына дайындығын көрсетеді. «Ғажайып сызғыш» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды.



Тұсаукесер

5мин


Табыс критерийлері:

А. Ауыл шаруашылығы дағдарысқа ұшырап, 80-жылдардың ортасында азық – түлік өнімдерімен шектеулі қамтамасыз ету жүйесі енгізілгені туралы білу.

В. Ауыл шаруашылығын өркендетуге бағытталған шаралар неліктен ойдағыдай нәтиже бермегенін анықтау.

С.Шаруашылықты жүргізудің қалыптасқан жүйесін өзгертуге әрекеттенгендердің тағдырын зерделейді, Алматы облысы Еңбекшіқазақ және Күрті аудандарының директоры болған И.Н.Худенконың шаруашылықты жүргізуді өзгертеуін бағалау.

«Он сұрақ» әдісі арқылы жаңа сабаққа көпір жасау.


 

Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты ашады.



Негізгі бөлім

25мин


«ТВ шоу» әдісі арқылы жаңа сабақты өздігінен меңгеру ,
/Ауыл шаруашылығындағы 1970 -1980 жылдардағы дағдарысты құбылыстар/


Топтар оқулық материалы, видео роликтен алған мәліметтерін оқып, бөліп берілген материалдарды меңгеріп, бағдарлама жасайды.

Әр топ сағат тілімен бағыттала отырып, бағалау критерийлеріне сүйеніп, «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы өзара бағалайды.



Қорытынды

10 мин

«Автор орындығы» әдісі арқылы жаңа сабақты бекіту.

«Блоб ағашы» арқылы кері байланыс,


Табыс критерийлер арқылы өзін- өзі бағалайды.

Сабақтан алған әсерлері жайында рефлексия парағын толтырады.


«Бекітемін»__________



Сыныбы: 9

Күні: 08.02.2016 жыл.

Сабақтың тақырыбы


§40. 1965- 1985 жылдардағы саяси өмір және ұлттық саясат.

Мақсаты



1960 жылдардың ортасынан 1980 жылдардың ортасына дейінгі мерзімді қамтыған тоқырау кезеңіндегі болған оқиғаларды саралайды.

Күтілетін нәтижелер



А. Тоқырау жылдарының идеологиясы және КОКП- ның ұлт саясаты туралы біледі.

В. Ұлт зиялыларының наразылығын ой елегінен өткізе, мақсатын айқындайды.

С. Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың қызмет атқарған жылдардағы Қазақ КСР жағдайын саралап, Ұлт зиялыларының ел үшін жасаған әрекетін бағалайды.

Керекті жабдықтар



Қазақстан тарихы /М.Қозыбаев, К.Нұрпейіс, Қ.Жүкешев Алматы «Мектеп» 2013ж /, флипчарт, ақ парақ, қалам сап, әдістемелік құрал, ресурс парақтары, бланкілер және фламастер, Бейне роликтер, карта, тірек- сызба

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Уақыты


Мұғалім әрекеті


 Оқушы әрекеті

Кіріспе

5мин

Ұйымдастыру. Амандасу.

Оқушыларды «Дінмұхамед Қонаев», «Мұрат Әуезов» және «Олжас Сүлейменов» деп 3 топқа бөлемін.


«Сұрақты ұстап ал!» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау,



Ынтымақтаса оқушылар «Дінмұхамед Қонаев», «Мұрат Әуезов» және «Олжас Сүлейменов» деп үш топқа бөлінеді.

«Сұрақты ұстап ал!» әдісі арқылы үй тапсырмасына жауап береді және басқа да оқушыларға қойған сұрақтарды ой елегінен өткізе,

өз білімінің қаншалықты деңгейде екенін «Ғажайып сызғыш» әдісі арқылы біліп, өзін өзі бағалайды.



Тұсаукесер

5 мин


Табыс критерийлері:

А. Тоқырау жылдарының идеологиясы және КОКП- ның ұлт саясаты туралы білу.

В. Ұлт зиялыларының наразылығын ой елегінен өткізе, мақсатын айқындау.

С. Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың қызмет атқарған жылдардағы Қазақ КСР жағдайын саралап, Ұлт зиялыларының ел үшін жасаған әрекетін бағалау.

Бейне фильмінен үзінді

Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты ашады.



Негізгі бөлім

25мин


«Өкіл» әдісі арқылы жаңа сабақты өздігінен меңгеру ,
І-топ: «Дінмұхамед Қонаев»;
ІІ-топ: «Мұрат Әуезов» ;
ІІІ-топ: «Олжас Сүлейменов».

Топтар оқулық материалы, видео роликтен алған мәліметтерін зерделеп, «сүзгіден» өткізе саралап, бір өкіл келесі топқа барып бөліп берілген материалдарды меңгеріп, топқа келіп айтады.

Әр топ сағат тілімен бағыттала отырып, бағалау критерийлеріне сүйеніп «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» беру арқылы өз ара бағалайды.



Қорытынды

10 мин

«Ыстық орындық» арқылы жаңа сабақты бекіту.

«3:2:1» арқылы кері байланыс,




Табыс критерийлері:
табыс критерийлері арқылы өзін-өзі бағалау.
Сабақтан алған әсерлері жайында рефлексия парағын толтырады.


Өзін –өзі бағалауда басшылыққа алатын табыс критерийлері

Табыс критерийлері

Ұпайлары (егер сұрақты ашпасаңыз-

0-ді, егер сұрақ толығымен ашылса 5-ті айналдыра сызыңыз)

Жалпы ұпай

А. Тоқырау жылдарының идеологиясы және КОКП- ның ұлт саясаты туралы білемін.


0 1 2 3 4 5

.

В. Ұлт зиялыларының наразылығын ой елегінен өткізе, мақсатын айқындай аламын.


0 1 2 3 4 5




С. Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың қызмет атқарған жылдардағы Қазақ КСР жағдайын саралап, Ұлт зиялыларының ел үшін жасаған әрекетін бағалаймын.

0 1 2 3 4 5







Ұпай

0-5

6-9

10-12

13-15

Баға

2

3

4

5

«Бекітемін»__________



Сыныбы: 9

Күні: 13.02.2016 жыл.

Сабақтың тақырыбы



§41.1979 жылғы Целиноградтағы оқиға.


Мақсаты


Мақсаты: Еліміздің біртұтастығын сақтап, бөлінуге жол бермеген қазақ жастарының батылда, асқақ шешімін ой елегінен өткізу.

Күтілетін нәтижелер



А. Қазақстан аумағында Неміс автономиялық облысын құру жөніндегі шешімге Қазақ жастарының қарсылығы туралы біледі.

В.Коммунистік идеология Кеңес Одағындағы ұлттар мен ұлыстарды жою үшін қандай айла- шарғыларды ойлап тапқанын анықтап, ұлт үшін жасаған қасіретті талдайды.

С. Елдің бір тұтастығын сақтау үшін жасаған қазақ жастарының шешімін бағалайды.


Керекті жабдықтар



Қазақстан тарихы /М.Қозыбаев, К.Нұрпейіс, Қ.Жүкешев Алматы «Мектеп» 2013ж /, флипчарт, ақ парақ, қалам сап, әдістемелік құрал, ресурс парақтары, бланкілер және фламастер, Бейне роликтер, карта, тірек- сызба

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Уақыты


Мұғалім әрекеті


 Оқушы әрекеті

Кіріспе


5мин


Ұйымдастыру. Амандасу.

Оқушыларды тренинг арқылы 2 топқа бөлемін.


«Стикерлермен диалог» әдісі арқылы арқылы үй тапсырмасын сұрау,


Топқа бөлініп, ынтымақтаса отырып бірлесе жұмыстанады.

«Стикерлермен диалог» әдісімен берілген деңгейлік сұрақтарға жауап бере отырып, үй тапсырмасына дайындығын көрсетеді. «Ғажайып сызғыш» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды




Тұсаукесер

5мин


Табыс критерийлері:

А. Қазақстан аумағында Неміс автономиялық облысын құру жөніндегі шешімге Қазақ жастарының қарсылығы туралы білу.

В.Коммунистік идеология Кеңес Одағындағы ұлттар мен ұлыстарды жою үшін қандай айла- шарғыларды ойлап тапқанын анықтап, ұлт үшін жасаған қасіретті талдау.

С. Елдің бір тұтастығын сақтау үшін жасаған қазақ жастарының шешімін бағалау.
«Он сұрақ» әдісі арқылы жаңа сабаққа көпір жасау;


 

Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты ашады.



Негізгі бөлім

25мин


«Жұптасып-ойланып-бөліс» әдісі арқылы жаңа сабақты өздігінен меңгеру .
/1979 жылғы Целиноградтағы оқиға/.
І-топ: «Көрініс дайындау»;
ІІ-топ: «ТВ шоу»:
ІІІ-топ: «Радиоға қоңырау шалу».


Топтар оқулық материалы, видео роликтен алған мәліметтерін қосып бағдарламалар мен постер құрады.

Дайындап болғаннан кейін басқа топтардың алдында қорғайды.Әр топ сағат тілімен бағыттала отырып, бағалау критерийлеріне сүйеніп «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» беру арқылы өз ара бағалайды.



Қорытынды

10 мин

«Сұрақты ұстап ал!» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.

«Блоб ағашы» арқылы кері байланыс жасау.


Табыс критерийлер арқылы өзін- өзі бағалайды.
Сабақтан алған әсерлері жайында рефлексия парағын толтырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет