§44. 1989 жылғы Жаңаөзен оқиғасы, Қарағанды кеншілері ереуілінің себептері мен сипаты.
Мақсаты
Жылдар бойы қордаланып қалған мәселелерді шешудің тәсілдері мен жолдарын іздестіруге әрекеттенгендердің шешімінің соңғы амалы ереуіл болғанын түсініп, ой елегінен өткізе саралау.
Күтілетін нәтижелер
А. 1989 жылғы маусымдағы Маңғыстау облысының Жаңа Өзен қаласындағы ірі толқуы мен 1989 жылғы шілдедегі Қарағанды шахтерлерінің ереуілі туралы біледі.
В. Қарағанды кеншілерінің үкімет алдына қойған талаптарын саралап, Жаңа өзен оқиғасының нәтижесін талдайды.
С.Өмірмен байланыстыра, әлеуметтік жағдайды саясатқа ұластыратын, кейін ел егемендігіне қауіп төндіретін әрекетке баратындардан сақтануға дағдыландыру.
Керекті жабдықтар
Қазақстан тарихы /М.Қозыбаев, К.Нұрпейіс, Қ.Жүкешев Алматы «Мектеп» 2013ж /, флипчарт, ақ парақ, қалам сап, әдістемелік құрал, ресурс парақтары, бланкілер және фламастер, Бейне роликтер, карта, тірек- сызба
«Бинго» әдісімен берілген тапсырмаларға жауап бере отырып, үй тапсырмасына дайындығын көрсетеді.
«Бағдаршам» әдісі арқылы өз ара бағалайды.
Тұсаукесер
5мин
Табыс критерийлері:
А. 1989 жылғы маусымдағы Маңғыстау облысының Жаңа Өзен қаласындағы ірі толқуы мен 1989 жылғы шілдедегі Қарағанды шахтерлерінің ереуілі туралы білу.
В. Қарағанды кеншілерінің үкімет алдына қойған талаптарын саралап, Жаңа өзен оқиғасының нәтижесін талдау.
С.Өмірмен байланыстыра, әлеуметтік жағдайды саясатқа ұластыратын, кейін ел егемендігіне қауіп төндіретін әрекетке баратындардан сақтануға дағдыландыру.
Бейне фильмінен үзінді;
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты ашады.
Негізгі бөлім
25мин
Жеке, жұппен жұмыс және топпен талқылау,
«Радиоға қоңырау шалу» әдісі арқылы жаңа сабақты өздігінен меңгеру.
І-топ: 1989 жылғы Жаңаөзен оқиғасы,
ІІ-топ: Қарағанды кеншілері ереуілінің себептері мен сипаты
ІІІ-топ: Салыстыру.
Картамен жұмыс.
Топтар оқулық материалы, электронды оқулықтан алған мәліметтерін талқылап, ой елегінен өткізе, берілген материалдарды меңгеріп, бағдарлама жасайды.
Әр топ сағат тілімен бағыттала отырып «Басбармақ» әдісі арқылы өз ара бағалайды.
Қорытынды
10 мин
Венн диаграммасы арқылы жаңа сабақты бекіту.
«Блоб ағашы» арқылы кері байланыс,
Табыс критерийлер арқылы өзін- өзі бағалайды.
Сабақтан алған әсерлері жайында рефлексия парағын толтырады.
Бинго 1
«Ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару туралы» декрет шығарылды:
«Ауылды кеңестендіру» ұранымен Қазақстанда «жаңа революция» жүргізудің идеялық – саяси негізін жасаған:
Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағыты жариялаған уақыт:
Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін жергілікті белсенділерге қосымша қанша «ұжымдастырушылар» тартылды?
Орталық Комитет Қазақ АКСР- інде ұжымдастыруды, негізінен, аяқтауды қашан белгіледі?
1928 жылы Қазақстандағы барлық қожалықтардың қанша пайызы ұжымдастырылған болатын:
Республикаға ішкі Ресейден қанша адам жіберілді?
Асырасілтеушілік зардаптары:
Демографтардың табиғи өсімді ескере отырып есептеуі бойынша 1930 жылы қазақтардың саны қанша адам болған:
Бинго 2
1930-1932 жылдардағы аштық құрбаны болғандардың саны:
Аштық жылдары Қазақстаннан ауып, Қытайға, Ауғанстанға, Иранға, т.б. елдерге қанша адам көшіп кетті?
Аштық жылдары Қазақстаннан ауып, Қытайға, Ауғанстанға, Иранға көшіп кеткен қазақтардың қаншасы тарихи отандарына оралмады?
Қазақтар өздерінің тарихи отанында ұзақ жылдар бойы этностық азшылық жағдайына түсті, сандық мөлшері жағынан 1926 жылғы деңгейін тек қай жылы ғана қалпына келтіре алды?
Ұжымдастыру басталардан бұрын республикада қанша мал болды:
1933 жылғы 1 қаңтардағы есеп бойынша республикада қанша мал қалған еді?
1932 жылғы шілдеде жазылған «Бесеудің хаты» деп аталған ашық хатты жазған республика қайраткерлері:
1933 жылғы наурызда И.В.Сталинге Қазақстанда етек алған қасірет туралы шындықты ашып көрсетіп хат жазған Қазақ зиялысы:
Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру жылдары лаңкестік әрекеттерді, өрт салдарын есептемегенде республика аумағында қанша жаппай толқулар мен көтерілістер орын алды?
Бинго 3
«Ұжымдастыруды жүргізген кезде республиканың шаруашылық және мәдени даму деңгейі мен шаруалардың даярлық дәрежесін ескеру қажет» деп компартия қашан қаулы қабылдады?
Қазақстандағы күштеп ұжымдастырудың салдары қандай болды?
Ұжымдастыру басталардан бұрын республикада қанша мал болды:
Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағыты жариялаған уақыт:
Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру жылдары лаңкестік әрекеттерді, өрт салдарын есептемегенде республика аумағында қанша жаппай толқулар мен көтерілістер орын алды?
«Ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару туралы» декрет шығарылды:
Республикаға ішкі Ресейден қанша адам жіберілді?
Орталық Комитет Қазақ АКСР- інде ұжымдастыруды, негізінен, аяқтауды қашан белгіледі?
Қазақтар өздерінің тарихи отанында ұзақ жылдар бойы этностық азшылық жағдайына түсті, сандық мөлшері жағынан 1926 жылғы деңгейін тек қай жылы ғана қалпына келтіре алды?
«Бекітемін»__________
Сыныбы: 9
Күні: 27.02.2016 жыл.
Сабақтың тақырыбы
§45.1946- 1991 жылдардағы әлеуметтік- демографиялық үдерістер.
Мақсаты
1946-1991 жылдардағы Қазақстандағы демогрфиялық ахуалмен танысу.
Күтілетін нәтижелер
А. Жергілікті халықты ауылда шоғырландыру ахуалы қалыптасып, славян текті жұрт өкілдерін қалаларға орналастырғаны туралы біледі.
В.Қазақ жеріне қоныс тепкен қатардағы бұқара өкілдері мен жергілікті халықтың арасындағы қарым- қатынасты анықтайды.
С. Әлеуметтік- демографиялық ахуалды ой елегінен өткізе саралап, бүгінгі күнмен сабақтастыра зерделейді.
Керекті жабдықтар
Қазақстан тарихы /М.Қозыбаев, К.Нұрпейіс, Қ.Жүкешев Алматы «Мектеп» 2013ж /, флипчарт, ақ парақ, қалам сап, әдістемелік құрал, ресурс парақтары, бланкілер және фламастер, Бейне роликтер, карта, тірек- сызба
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері
Уақыты
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе
5мин
Ұйымдастыру. Амандасу.
Оқушыларды тренинг арқылы топқа бөлемін.
«Коктейль таяқшасы» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау,
Сынып оқушылары топқа бөлініп, ынтымақтаса отырып бірлесе жұмыстанады.
«Коктейль таяқшасы» арқылы үй тапсырмасын жұптаса немесе үштікте бірбіріне айтып шығады. Нәтижесінде «Ғажайып сызғыш» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды.
Тұсаукесер
5мин
Табыс критерийлері:
А. Жергілікті халықты ауылда шоғырландыру ахуалы қалыптасып, славян текті жұрт өкілдерін қалаларға орналастырғаны туралы білу.
В.Қазақ жеріне қоныс тепкен қатардағы бұқара өкілдері мен жергілікті халықтың арасындағы қарым- қатынасты анықтау.
С. Әлеуметтік- демографиялық ахуалды ой елегінен өткізе саралап, бүгінгі күнмен сабақтастыра зерделеу.
«Он сұрақ» әдісі арқылы жаңа сабаққа көпір жасау.
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты ашады.
Негізгі бөлім
25мин
«Елшілер» әдісі арқылы жаңа сабақты меңгеру.
/1946- 1991 жылдардағы әлеуметтік- демографиялық үдерістер/.
Топтар оқулық материалы, видео роликтен алған мәліметтерін оқып, бір өкіл келесі топқа барып бөліп берілген материалдарды меңгеріп, топқа келіп айтады.
Әр топ сағат тілімен бағыттала отырып, бағалау критерийлеріне сүйеніп «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» беру арқылы өз ара бағалайды.
Қорытынды
10 мин
«Автор орындығы» әдісі арқылы жаңа сабақты бекіту.
«3:2:1» арқылы кері байланыс жасау.
Табыс критерийлер арқылы өзін- өзі бағалайды.
Сабақтан алған әсерлері жайында рефлексия парағын толтырады.
0-ді, егер сұрақ толығымен ашылса 5-ті айналдыра сызыңыз)
Жалпы ұпай
А. Жергілікті халықты ауылда шоғырландыру ахуалы қалыптасып, славян текті жұрт өкілдерін қалаларға орналастырғаны туралы білемін.
0 1 2 3 4 5
В.Қазақ жеріне қоныс тепкен қатардағы бұқара өкілдері мен жергілікті халықтың арасындағы қарым- қатынасты анықтаймын.
0 1 2 3 4 5
С. Әлеуметтік- демографиялық ахуалды ой елегінен өткізе саралап, бүгінгі күнмен сабақтастыра зерделеймін.
0 1 2 3 4 5
Ұпай
0-5
6-9
10-12
13-15
Баға
2
3
4
5
«Бекітемін»__________
Сыныбы: 9
Күні: 29.02.2016 жыл.
Сабақтың тақырыбы
§46.Қазақстандағы экологиялық мәселелер.
Мақсаты
Қазақстандағы экологиялық дағдарыс салалары туралы білімді жүйелеу.
Күтілетін нәтижелер
А. 1950 жылдардан бастап Қазақстан нағыз экологиялық апат аймағына айналғанын біледі.
В. Зардаптары айтарлықтай дәрежедегі- Семей облысындағы атом полигоны мен Батыс Қазақстандағы Капустин Ярда атом полигонындағы сынақ жарылыстарының халыққа ауыр зардаптарын талдап, анықтайды.
С. Экологиялық жағдайдың шиеленісуі ірі кәсіпорындар шоғырланған қалаларда көрініс бергенін зерделеп, Арал тағдырыда елге қауіп болғанын ой елегінен өткізеді.
Керекті жабдықтар
Қазақстан тарихы /М.Қозыбаев, К.Нұрпейіс, Қ.Жүкешев Алматы «Мектеп» 2013ж /, флипчарт, ақ парақ, қалам сап, әдістемелік құрал, ресурс парақтары, бланкілер және фламастер, Бейне роликтер, карта, тірек- сызба
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері
Уақыты
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе
5мин
Ұйымдастыру. Амандасу.
Оқушыларды тренинг арқылы топқа бөлемін.
«Шынжыр» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау,
Ынтымақтаса топқа бөлінеді. «Шынжыр» әдісі арқылы үй тапсырмасына дайындығын көрсетеді.
«Ғажайып сызғыш» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды.
Тұсаукесер
5мин
Табыс критерийлері:
А. 1950 жылдардан бастап Қазақстан нағыз экологиялық апат аймағына айналғанын білу.
В. Зардаптары айтарлықтай дәрежедегі- Семей облысындағы атом полигоны мен Батыс Қазақстандағы Капустин Ярда атом полигонындағы сынақ жарылыстарының халыққа ауыр зардаптарын талдап, анықтау.
С. Экологиялық жағдайдың шиеленісуі ірі кәсіпорындар шоғырланған қалаларда көрініс бергенін зерделеп, Арал тағдырыда елге қауіп болғанын ой елегінен өткізу.
Фильмнен үзінді.
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты ашады.
Негізгі бөлім
25мин
«Жұптасып-ойланып-бөліс» әдісі арқылы жаңа сабақты өздігінен меңгеру .
Постер шығару.
Жаңа тақырыпты оқып үйрену үшін жеке оқуға уақыт беру.
Оқып болғаннан кейін әр топқа флипчарт таратып, тақырыпты ашу.
Бағалау критерилерін тарату.
Постер қорғау.
Бағалау критерийлеріне сүйене отырып «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы бағалату.
Постерді бағалау критерилері:
Тақырып мазмұнының ашылуы
Безендірілуі
Шығармашылығы
Топтар оқулық материалы, видео роликтен алған мәліметтерін қосып постер құрады.
Дайындап болғаннан кейін басқа топтардың алдында қорғайды.Әр топ сағат тілімен бағыттала отырып, бағалау критерийлеріне сүйеніп «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» беру арқылы өз ара бағалайды.
Қорытынды
10 мин
«Ойлаудың алты қалпағы» әдісі арқылы сабақты бекіту.
«Блоб ағашы» арқылы кері байланыс жасау.
Табыс критерийлер арқылы өзін- өзі бағалайды.
Сабақтан алған әсерлері жайында рефлексия парағын толтырады.