«Бекітемін»__________
Сыныбы: 9
|
Күні: 14.03.2016 жыл.
|
Сабақтың тақырыбы
|
Қазақстан 1946- 1991 жылдарда/ қайталау/.
|
Мақсаты
|
1946- 1991 жылдардағы Қазақстандағы тарихи оқиғалар туралы білімді жинақтау.
|
Күтілетін нәтижелер
|
А) Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардан Тәуелсіздік жылдарына дейінгі аралықтағы Қазақстандағы тарихи оқиғаларды пысықтайды.
В). Қоғамдық саяси өмірді саралап, өнеркәсіптегі, ауыл шаруашылығындағы және мәдениеттің дамуындағы өзгерістерді талдай, маңызын анықтайды.
С). Ел үшін қызмет етіп, әміршіл- әкімшіл жүйенің бұғауында болсада қаймықпаған қайраткерлерді бағалайды.
|
Керекті жабдықтар
|
Қазақстан тарихы /М.Қозыбаев, К.Нұрпейіс, Қ.Жүкешев Алматы «Мектеп» 2013ж /, флипчарт, ақ парақ, қалам сап, әдістемелік құрал, ресурс парақтары, бланкілер және фламастер, Бейне роликтер, карта, тірек- сызба
|
Сабақ барысы:
|
Сабақ кезеңдері
|
Уақыты
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Кіріспе
|
5мин
|
Ұйымдастыру. Амандасу.
Оқушыларды тренинг арқылы топқа бөлу.
«Бинго» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау,
|
Оқушылар тренинг арқылы топқа бөлінеді.
«Бинго» әдісімен берілген тапсырмаларға жауап бере отырып, үй тапсырмасына дайындығын көрсетеді.
«Бағдаршам» әдісі арқылы өз ара бағалайды.
|
Тұсаукесер
|
5мин
|
Табыс критерийлері:
А) Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардан Тәуелсіздік жылдарына дейінгі аралықтағы Қазақстандағы тарихи оқиғаларды пысықтау.
В). Қоғамдық саяси өмірді саралап, өнеркәсіптегі, ауыл шаруашылығындағы және мәдениеттің дамуындағы өзгерістерді талдай, маңызын анықтау.
С). Ел үшін қызмет етіп, әміршіл- әкімшіл жүйенің бұғауында болсада қаймықпаған қайраткерлерді бағалау.
Бейне фильмінен үзінді;
|
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты ашады.
|
Негізгі бөлім
|
25мин
|
«Жұптасып-ойланып-бөліс» әдісі арқылы жаңа сабақты өздігінен меңгеру .
Постер шығару.
Жаңа тақырыпты оқып үйрену үшін жеке оқуға уақыт беру.
Оқып болғаннан кейін әр топқа флипчарт таратып, тақырыпты ашу.
Бағалау критерилерін тарату.
Постер қорғау.
Бағалау критерийлеріне сүйене отырып «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы бағалату.
Постерді бағалау критерилері:
Тақырып мазмұнының ашылуы
Безендірілуі
Шығармашылығы
|
Топтар оқулық материалы, видео роликтен алған мәліметтерін қосып постер құрады.
Дайындап болғаннан кейін басқа топтардың алдында қорғайды.Әр топ сағат тілімен бағыттала отырып, бағалау критерийлеріне сүйеніп
«басбармақ» арқылы өз ара бағалайды.
|
Қорытынды
|
10 мин
|
«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі арқылы сабақты бекіту.
«Блоб ағашы» арқылы кері байланыс жасау.
|
Табыс критерийлер арқылы өзін- өзі бағалайды.
Сабақтан алған әсерлері жайында рефлексия парағын толтырады.
|
Бинго 1
«Қырғыз халқының 1000 әні» және «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» жинақтарының авторы:
|
1925 жылы Париж қаласында өткен концертке қатысып ән салған қазақ халқының әйгілі әншісі:
|
Алғашқы ұлттық театрдың негізін қалаған:
|
1941-1945 ж.ж. майдан шебіне шайқасқан ақын- жазушылардың саны:
|
Ұлы Отан соғысы жылдарында жазылған «Өмір мектебі» повесінің авторы:
|
1954 жылға дейін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы:
|
Қазақстан кәсіподақтарының республикалық І конференциясы өтті:
|
1943 жылы Алматыда жарық көрген «Қазақ КСР тарихы» атты көлемді еңбектің авторларының бірі:
|
ХХ ғ. 40- 50 ж. басында биология, медицина, геология саласындағы біраз ғалымдарға тағылған айып:
|
Бинго 2
1950 жылдары «өзгеше ойлайтындығы» үшін жазалауға ұшыраған кеңес азаматтарының саны:
|
КОКП-ның ХХ сьезінде қаралған ең басты мәселе:
|
ХХ ғасырдың екінші жартысында көмірді ашық әдіспен өндіретін ірі кен орнына айналды:
|
Өскемен қорғасын- мырыш комбинаты алғашқы өнімін қашан берді:
|
Карточка жүйесі қашан жойылды?
|
Тың игеру жылдарында орталықтың нұсқауы бойынша Қазақстан КП ОК-нің бірінші хатшысы болып сайланды:
|
Тың игеру жүргізілген облыстар:
|
Күріштен рекордты өнім алған, екі мәрте «Социалистік Еңбек Ері»:
|
1964- 1986 жылдары Қазақстанды басқарған:
|
Бинго 3
Кеңестік Қазақстанның соңғы Конституциясы қабылданды:
|
Семей ядролық полигонында ең алғашқы ядролық сынақ болған жыл:
|
1960 жылдардың ішінде құрылған, айналасына алғашқыда 800 студентті біріктірген ұйым:
|
1960 жылдары қазақ жастары Қарағандыда құрған ұйым:
|
1979 жылы болған Целиноград оқиғасының мәні:
|
1965 жылы өзінің алғашқы мұнайын берген кен орны:
|
1960 ж. құрылған «Тайшұбар» ұйымы жұмыс жасаған қала:
|
Қазақстанда ядролық қалдықтарды көметін орындар саны:
|
1986 жылы желтоқсанның 16 күні Қазақстан КП Орталық Комитетінің пленумы Республика партия ұйымының басшысы етіп кімді сайлады:
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |