Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды элемент, қоспа және қосылыс бойынша үш топқа бөлу (парақшалар арқылы)
|
Психологиялық ахуал қалыптастыру , оқушылардың қызығушылығын ояту үшін « Сұрақтары бар қорап» әдісін пайдаланып сергіту сәтін ұйымдастырамын: Қандай жаратылыстану пәндеріне байланысты сөздер білесіңдер? Зат пен денеге мысалдар келтіріңдер? Мұзтау,темір шеге зат па,дене ме? т.б
|
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
|
Стикер
фасол салынған қапшық
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
1-тапсырма. «Сұрақты ұстап ал» әдісі. Өтілген тақырыпты түсіну дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырамыз:
|
1. Химия нені зерттейді? Химияның маңызы мен міндеттері қандай?
2. Дене және зат ұғымдарының айырмашылықтары неде?
3. Адамның табиғатқа тигізетін оң және кері әсерлеріне мысалдар келтіріңдер.
4. Химияның ғылыми-техникалық прогрестің дамуына қосар үлесі қандай?
5. Химия сөзінің шығу тарихын және химия ғылымының адамзат тарихындағы маңызын әңгімелеңдер.
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|