Сабақтың тақырыбы: Химия пәні. (1-сабақ) Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты


Бөлім: 7.1В Заттардың агрегаттық күйінің өзгеруі



бет8/18
Дата18.09.2024
өлшемі1,93 Mb.
#204600
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
7-сынып. 1-тоқсан

Бөлім:

7.1В Заттардың агрегаттық күйінің өзгеруі

Педагогтің аты-жөні:

Бастамбеков Бексултан Талғатбекұлы

Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Физикалық және химиялық құбылыстар.
№3 зертханалық тәжірибе «Химиялық реакциялардың белгілері»
(5-сабақ)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.1.3 -физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату

Сабақтың мақсаты:


-физикалық және химиялық құбылыстарды ажыратады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
5 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:
Сабақ басында көніл аударылатын кезеңдер:
– оқушылардың зейіні
– оқушалармен бірге сабақ мақсатын анықтау (оқыту нәтижелері)



Өзектендіру тірек білімдері:
(У) Адам және оны қоршаған тірі және өлі табиғат үздіксіз өзгерісте болады. Осындай болып жатқан әр түрлі өзгерістер мен құбылыстар заттарға да сипат алады. Бізді қоршаған ортадағы өзгерістер мен құбылыстарға мысалдарды қарастырсақ, бұл құбылыстар физикалық және химиялық болып келеді. Бүгін өткізілетін сабақтың мақсаты физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату.

Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Фигуралар салынған конверт



Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады.
.

Химиялық реакциялардың белгілері:

  1. Түсінің өзгеруі (күзде жапырақ түсінің сарғаюы)

  2. Тұнбаның түзілуі (сүттің ашуы)

  3. Жағымсыз иістің пайда болуы (жұмыртқаның шіруі)

  4. Газдың бөлінуі (ас содасы + сірке қышқылы)

  5. Жарық пен жылудың бөлінуі (жану, шіру)


(Г) Күнделікті өсірден химиялық құбылысқа 5 мысал келтіру. Қандай негізгі белгілері бойынша бұл құбылытарды химиялық құбылысқа жататынын түсіндіру



Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.



Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Топтық тапсырма



Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

1) 2 топқа бөлініздер:
а) физикалық құбылыстар;
б) химиялық құбылыстар;
Темірдің таттануы, судың қатуы, бензиннің жануы, алюминийдің балқуы, сүттің ашуы, табадағы тамақтың күюі, қардың түзілуі, жұмыртқаның шіруі, спирттің жануы, қағаздың тозуы, майшамның жануы.
Өз таңдауларыңызға түсінік беріңіз.

2) Қай жағдайда химиялық өзгерістер, ал қай жағдайда физикалық құбылыс екенін түсіндіру:
А) резина дайындауда табиғи газ қолданылады;
Б) судың буға айналуы;
В) ерітіндіні сүзгіден өткізеді;
Г) металл оксидтік қабықпен қапталады;
Д) шыныдан зертханалық ыдыстарды дайындау;
Е) майшамның жануы.



Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Физикалық және химиялық құбылыстарды анықтайды.



Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет