Сабақтың тақырыбы: html тілі ортасында web-сайт құру және web-дизайн жасау негіздері. Сабақтың мақсаты



Дата19.02.2017
өлшемі113,58 Kb.
#10448
түріСабақ
«ТЕКСЕРІЛДІ»

___________________ АӘК әдіскері


Информатика 11-сынып
Сабақтың тақырыбы: HTML тілі ортасында web-сайт құру және web-дизайн жасау негіздері.

Сабақтың мақсаты:

  • Дұрыс ойлай білуге, жауапкершілікке және адамгершілік құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

  • HTML тілі ортасында Web-сайт құру және Web-дизайн жасау негіздерін меңгеруге жан-жақты түсініктер беру және теориялық білімді тәжірибеде пайдалана білуге бейімдеу, практикалық дағдыларын қалыптастыру.

  • Ақпараттық мәдениетін дамыту және логикалық терең ойлай білуге машықтандыру.

Оқыту нәтижесі:

  • оқушылардың HTML тілі, Web-сайт құру және Web-дизайн жасау туралы түсініктері қалыптасады;

  • ақпараттық технологияларды қолдану деңгейін арттырады;

  • үйренген білімдерін тәжірибеде қолдана алады;

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың өткізілу әдісі:  түсіндіру, көрсете баяндау, өзіндік жұмыстар орындату

Сабақтың өткізілу формасы: ұжымдық, жеке

Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта және оның құралы, компьютер құрылғылары, тақырыпқа байланысты презентация, үлестірмелер.

Негізгі дереккөзі: 11-сыныпқа арналған оқулық.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.

- Оқушылармен сәлемдесу.

- Сабаққа қатысуын түгендеу.

- Сыныптың психологиялық ахуалын қалыптастыру


ІІ. Жаңа сабаққа әзірлік.

Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, web-дизайн, жүйелік программалушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

Мектеп бітірушілер компьютерлік сауатылықты меңгеріп шығады, бірақ келешекте олар программист, инженер, жүйе администраторы болуы міндетті емес. Дегенмен кез-келген шығармашылық мамандық сізден қазіргі заманға сәйкес компьютерлік технологияларды меңгеруді талап етеді. Шығармашылық жұмыстың қорытындысы әрқашан жаңа білім, жаңа ақпарат, ал осы ақпаратты таратудың ең жеңіл әдісі – Интернетте жариялау. 

Интернетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол web-дизайн ережелеріне сәйкес болуы керек. Демек, web-дизайн негіздерін білу кез келген мамандықта қажет болады, өткені web-бет дизайны – бұл ақпараттық дизайн. 


IIІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

HTML (HyperTextMarkupLanguage) – бұл құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипертекстік белгілеу тілі. 1989 жылы жарияланған HTML-дің бірінші үлгісінің авторы – Тим Бернес Ли. Идеяның негізгі мазмұны программа-браузерге арнайы түйін сөз-тегтердің көмегімен мәтінді қалай бейнелеу керек екендігін білдіру.

HTML құжаттарды көру үшін браузерлерді қолданамыз. Браузер – программалардың саны өте көп, мысалы көп таралғандар Microsoft Internet Explorer, Opera, Google Chrome.

HTML тiлiнде колданылатын командаларды «тег» деп айтамыз.  HTML тiліндегi тегтер екi топқа бөлiнедi: жұп, жұпсыз.



Жұп тегтер дегенiмiз, бiр тег ашылса, келесi тег оны жабады.

Мысалы: тегтiң жұмысын ашады да келесi тегi оны жабады. ашылуы, жабылуы.

Жұпсыз тегтер дегенiмiз, тег ашылады да қолданыла бередi. Мысалы:  т.с.с.
Web-құжаттың құрылымы.

HTML құжаттың негізгі құрылымы төмендегідей:



 <html>
        
                   <br />                  … <br />                  
        
<
body>


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет