Пәні: Қазақ әдебиеті Күні: Класы: 10
Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин әңгімелерінің тәрбиелік мәні.
«Атымтай Жомарт»; «Мейірімді бала»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Ы.Алтынсариннің шығармашылығымен тереңірек таныстыру, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу, Ы.Алтынсариннің ел болу идеясының өміршеңдігіне көз жеткізу;
Дамытушылық: Шығарманың эстетикалық,идеялық мәнін түсіне білуге, өзіндік талдау, жинақтау жасап, ойлай білуге дағдыландыру, жеке, топтық жұмыста шапшаңдық, тапқырлық танытуға, ойын әдеби тілмен өрнектей біуге төсілдіру;
Тәрбиелік:Ұлы ағартушының өмірлік ұстанған принциптері мен биік мұраттары болашақтың қамы екеніне тоқтала келіп, ел, Отан болашақ алдындағы борышын сезінуге, елін,жұртын сүюге тәриелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Ыбырай әңгімелерінің тақырыптарына байланысты суреттер жиынтығы, сызба кесте, слайд шоу.
Сабақтың түрі:Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі:сын тұрғысынан ойлау (ой қозғау,топтастыру, БББ кестесі, екі жақты күнделік)
Пәнаралық байланыс:қазақ тілі,тарих, география
Сабақтың жабдықталуы: Ыбырай Алтынсариннің шығармалар жинағы,слайдтар, портреті
Сабақтың барысы:
а)Ұйымдастыру кезең:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.Оқушыларды үш топқа бөлемін.
ә)Үй тапсырмасын пысықтау:
XIXғасырдың 2-жартысы мен XX ғасырдың басында өмір сүрген әдебиет өкілі Ы.Алтынсариннің өмірі мен өлеңдеріне шолу
Ыбырай лирикасы:
Табиғат лирикасы: «Өзен», «Жаз» өлеңдері,
Азаматтық лирика: «Бұл кім?», «Әй,достарым!», «Әй,жігіттер!», «Ананың сүюі» .
Саяси лирика:«Залым төреге», «Азған елдің хандары», «Азған елдің билері»..
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
-Балалар бүгінгі осы алған білімдерімізді толықтыру мақсатында «Ыбырай әңгімелерінің тақырыптарымен»танысамыз.
Алдымен әңгіме дегеніміз не?
Әңгіме -адам өмірінің бір сәтін бейнелейтін сюжеті бар шығарма.
Ыбырай Алтынсарин -қазақ балалар әдебиетінің атасы, әңгіме жанрының негізін салушы. «Қазақ хрестоматиясына» кірген әңгімелерінде Ыбырай жастарды еңбекті сүюге,оқу өнерге ұмтылуға,Отанын,елін сүйетін патриоттық сезімге,талапты,жігерлі,кішіпейіл болуға үндейді.Ы.Алтынсарин -балалар әдебиетінің атасы.Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған.
Бұл шығармалардың тақырыптық- идеялық мазмұнынан біз Ыбырайды ұстаз, тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз.
Шағын әңгімелерінің ішінде бүгін танысатынымыз - «Атымтай жомарт» пен «Мейірімді бала» әңгімелері
Топтық жұмыс.
Ітоп. Ыбырай әңгімелері
ІІ топ. «Кубизм» стратегиясы.
«Атымтай жомарт» әңгімесі бойынша.
1. Әңгіме мазмұнын баяндаушылар.
2. Зерттеушілер (қиын сөздерді тауып; мағынасын іздейді. Мыс: жомарт; көңілге жел кіргізу; әбірет)
3. Сұрақ құрастырушылар (мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады)
4. Афоризмдер табу (нақыл сөздер; мақалдар табу)
5. Сурет салу
6.Дәнекерлеушілер (Қазіргі заманмен байланыстыру)
ІІІ топ. Эдвард де Бононың « Ақылдың алты қалпағы» әдісі бойынша талдау.
Ақ (бұлт) - оқиғаның мазмұнын баяндайды.
Қызыл (от) – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру.
•Қара (тұман) – негативті ойлау, мысалы: "бұл орындалмайды, себебі....”
•Сары (күн) - оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы:
«неге, бұл міндетті түрде орындалады!»
•Жасыл (дала) – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар
Көк (аспан) – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды .
Білімді бекіту.
1.Әңгімеден бойларыңызға қандай қасиет жинадыңдар, нені ұғып,нені үйрендіңдер?
2.Әңгіме бізді неге,қандай қасиеттерге тәрбиелейді деп ойлайсыңдар?
Сол туралы өз ойларыңызды қысқаша жазыңдар.
БББ кестесі
Білемін
|
Білдім
|
Білгім келеді
|
|
|
|
|
|
|
Екі жақты күнделік
Әңгімеде саған не әсер етті? Несімен әсер етті?
Үйге тапсырма:
1. Ыбырай әңгімелерін оқу
2. «Ыбырай - балалар әдебиетінің атасы» тақырыбына ойтолғау жазу
Бағалау:Оқушылар бағалау парақтары бойынша бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |