Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин. «Әке мен бала» әңгімесі.
Сабақтың мақсаттары:
1. Ы. Алтынсариннің қазақ әдебиетіндегі орны туралы оқушы білімдерңн толықтыру, әдебиет теориясынан түсінік беру, әңгімені талдау.
2.Мәтіннің мазмұнын түсініп айтуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту, жаңа сөздерді тексеру.
3. Адамгершілікке, еңбекті сүюге баулу,топта бірлесе жұмыс істеуге, өзгелердің ойын, пікірін тыңдай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: әңгімелесу, баяндау, ой қозғау, оқулықпен жұмыс, топпен жұмыс, көрініс.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Ы.Алтынсарин портреті, шығармалары, тірек сызба, деңгейлік тапсырмалар, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: -Амандасу, сыныпты түгендеу, сабаққа бейімдеу.
-Сабақтың тақырыбымен мақсатымен таныстыру.
ІІ. Өткен тақырыптарға шолу жасау. Білімді жүйелеу. Сұрақтарға жауап алу.(мониторда)
1. Фольклор кімнің шығармасы?
2. Тұрмыс – салт жырларының түрлері қандай?
3. Жылқы иесін қалай атайды?
4. Мақал – мәтелдердің тақырыптары қандай?
5. Қазақ ертегілері неше топқа бөлінеді?
6. Ертегілер қалай тараған?
7. Аңыз дегеніміз не?
Сөздерді меңгеруді тексеру (слайд)
Түйе
|
Түлкі
|
Домбыра
|
Наурыз
|
Қымыз
|
Қозы
|
Дүшпан
|
Аяқ
|
Төрт түліктің бірі
Ең қу аң
Музыкалық аспап
Ұлыстың ұлы күні
Сусын
Қойдың баласы
«Дос» сөзінің антонимі
Адамның дене мүшесі
ІІІ. Жаңа сабақ: - мұғалім сөзі: бүгін біз әдебиеттегі әңгіме жанры туралы оқып үйренеміз. (Әңгіме теориясына түсінік беру).
(Слайд) Әңгіме – көлемі жағынан шағын, баяндау түрінде қара сөзбен жазылған, оқиғаға құрылған көркем шығарма. Әңгімеде өмірдің бір мезеті қысқа оқиғалар суреттеледі. Оқиғаға қатысатын кейіпкерлер саны шектеулі болады. Қазақ әдебиетінде балаларға арнап тұңғыш әңгімелер жазған Ыбырай Алтынсарин.(Слайд, портрет + схема)
Ыбырай кім?
Мұғалім сөзі: -Балалар Ыбырай ата туралы біз не білеміз. (Оқушылар бір – біріне сұрақ қойып, жауап береді).
Ыбырай Алтынсарин кім?
Ол қай жерде дүниеге келді?
Ыбырай Алтынсарин балаларға арнап нелер ашты?
Ол қандай оқулық жазды?
Балаларға арналған қандай өлеңдері бар?
Мұғалім сөзі: -Балалар Ыбырай атаның қандай өлеңдерін білесіңдер?
(Оқушылар «Кел, балалар, оқылық!», « Өзен» өлеңдерін оқиды).
Мұғалім сөзі: - Ыбырай Алтынсарин балаларға арнап көптеген әңгімелер жазды. (слайд)
Әңгімелері
Әңгімелердің негізгі тақырыптары: слайд
Адамгершілік
Жастарды жақсы мінезге баулу
Еңбекке тәрбиелеу
Жақсы мен жамандық туралы
Білімге өнерге шақыру
Жаман әдеттен бойын аулақ ұстау
Бүгін біз Ыбырай атаның «Әке мен бала» деген әңгімесімен танысамыз.
А) Сөздік жұмысы, сөздерді оқу аудару. (Слайд плюс картинка с подковой)
Ескі таға – старая подкова
Ала жүр – захвати с собой
Иіліп алды – накланился и взял
Ұста – кузнец
Шие – вишня
Баласына қарамай – не обращая внимание на сына
Аяңдап жүрді – шли медленно, не спеша
Аузына салды – положил в рот
Жерге түсті – упал на землю
Еріну – полениться
Азға қанағат ету – довольствоваться малым
Көптен құр қаласың – останешься ни с чем
Б) мәтінмен жұмыс, оқушыларды үш топқа бөліп мәтін бөліктерін аударту.
Тапсырмалармен жұмыс істеу.
1 – топ. Мәтіннің бірінші бөлігін оқып, мазмұнын қысқаша әңгімелейді. Бөлікке ат қояды.
2 – топ. Мәтіннің екінші бөлігін оқып, мазмұнын қысқаша әңгімелейді. Бөлікке ат қояды.
3 – топ. Мәтіннің үшінші бөлігін оқып, мазмұнын қысқаша әңгімелейді. Бөлікке ат қояды.
Деңгейлік тапсырмаларды орындау (Слайд).
Деңгей.
Ассоциация жасау. Әке, бала.
Деңгей . Әңгіменің негізгі түйіні әкесінің қай сөзінде тұр? Мәтіндегі мақалды табыңдар. Мәтіннің мазмұнына байланысты қандай мақалды білесің?
Деңгей
Шығарма жанры ...
Әңгіменің авторы...
Әңгіменің тақырыбы...
Басты кейіпкерлер...
Оқиға қашан болды... на одном слайде
слайд
Мақал мәтелдер
Еңбексіз өмір жоқ
Еңбектің наны тәті
Жалқаудың жаны тәті.
Жаулқаулық жаман ауру
Мұғалім сөзі: -Ыбырай атаның әңгімелері сендерді неге үйретеді, тәрбиелейді деп ойлайсындар? (Оқушылар жауабы)
-Қазір балалар біз Ыбырай атаның әңгімелерінен көрініс көрейік.
«Бақша ағаштары», «Асыл шөп» әңгімелерінен көрініс.
Сабақты қорытындылау. Ой толғаныс. (Шығарма кестесі).
Әке мен бала әңгімесі бойынша кесте толтырып, сабақты қорытындылау. (слайд)
Шығарманың аты
|
Авторы
|
Шығараманың тақырыбы
|
Шығарманың жанры
|
Басты кейіпкерлері
|
Әкесіне мінездеме
|
Баласына мінездеме
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Рефлексия: балалар біз сабақта Ыбырай Алтынсариннің қандай әңгімесін талдадық? Сендерге сабақ ұнады ма? (Оқушылар жауабы).
Үйге тапсырма: ІІ деңгей .Жоспарға сүйене отырып әңгімені мазмұндау. І деңгей.Сурет салу,мақалды жаттау.
Сабаққа өзіндік талдау.
І. Сабақтың жалпы көрінісі.
1.1. Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсариннің « Әке мен бала» әңгімесі деп алынып, қазақ әдебиеті бойынша білім және білік дағдыларын аңғарту.
1.2. Сабақтың дидактикалық мақсаттары:1. Білімділік:Ы.Алтынсариннің қазақ әдебиетіндегі орны туралы оқушы білімдерін толықтыру, әдебиет теориясынан түсінік беру, әңгімені талдау.
2. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту, мәтіннің мазмұнын түсініп айтуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту.
3. Тәрбиелік: Адамгершілікке, еңбекті сүюге баулу, топта бірлесе жұмыс істеуге, өзгелердің ойын, пікірін тыңдай білуге тәрбиелеу.
1.3Негізгі кезеңдері. Сабақ күрделі процесс.Сол себебті бірнеше кезеңдерді қамтиды. Бүгінгі сабақ мынадай кезеңдерден тұрды:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Өтілген тақырыптарға шолу кезеңі
3.Жаңа сабақты меңгерту кезеңі.
4.Сабақты қорытындылау кезеңі.
6.Үй тапсырмасын беру.
7.Бағалау.
8.Рефлексия.
Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық тұрғыдан сабақ сабаққа дайындықтан, яғни, оқушылардың көңіл-күйін сабаққа икемдеуден басталды.Өтілген тақырыптарға шолу кезеңі. Бұл кезеңде оқушылар алған білімдерін еске түсіріп,ойларын тиянақтады. Жаңа сабақты меңгерту кезеңі. Бұл кезеңде оқушыларға әдебиет теориясы туралы түсінік берілді.Ы.Алтынсарин туралы білетіндерін еске түсіру мақсатында сұрақ-жауап жұмысы өткізілді. Мәтінмен жұмыс барысында сөздік жұмысы,топтық жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, көрініс көрсету сияқты жұмыс түрлері өткізілді.
Сабақты бекіту кезеңі. Бұл кезеңде сабақта алған білімдерін бекіту және қорытындылау мақсатында шығарма кестесін толтырды.
Үй тапсырмасын беру кезеңі.Оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту мақсатында жоспар бойынша әңгімені мазмұндау тапсырылды.
Бағалау кезеңі. Оқушылардың сабақ барысында көрсеткен білімдеріне қарай баға қойылды.
ІІ.Құрылымдық көрінісі.
2.1.Сабақтың мақсаты мен оқушы білуге тиіс икемділік дағдылары сабақ үрдісі кезінде толық түрде жүзеге асырылып отырылды. Сұрақ жауаптар,мәнерлеп оқу,әңгімені мазмұндау,деңгейлік тапсырмаларды орындау, көрініс көрсету,ой-толғаныс кестесін толтыру жұмыстары орындалды. Сабақ жоспар бойынша жүргізіліп, көздеген мақсатыма жеттім.
2.2. Сабақтың типі,кезеңдерінің өзара байланыстылығы. Сабақтың кезеңдері бір-бірімен байланысып,сабақтасып отырды. Сабақ өткен тақырыптарға шолу жасаудан басталды,яғни оқушылар ауыз әдебиеті түрлерін еске ала отырып,әдебиеттегі әңгіме жанрымен танысты.Сабақ барысында оқушылар топтық, жұп болып жұмыс жасады.
2.3.Уақыт тиімділігі.Әдебиет сабағы бірінші жыл оқытылып отырғандықтан,оқушыларға қиынырақ. Соған қарамастан уақыт тиімді пайдаланылды.
ІІІ.Мазмұндық көрінісі.
3.1. Типтік бағдарлама мен стандарттың орындалуы
Сабақ тақырыбы бағдарлама және стандартқа сәйкес жоспарланып ұйымдастырылды.Тақырыптың мерзімді өткізілуі,тапсырмалардың оқушылар деңгейіне сәйкес болуы сабаққа қойылған мақсат-міндеттердің орындалуына, оқушылардың білім және білік дағдыларының қалыптасуына жағдай жасады.
3.2.Пәнаралық байланыс. Әдебиет сабағы әркез қазақ тілі сабағымен байланысады, себебі сабақ барысында орындалатын жазба жұмыстарының қатесіз жазылуына көңіл бөлінеді.
3.3. Тапсырмалар күрделілігі мен өзара байланыстылығы.
Сабақта қолданылған тапсырмалар оқушылардың білім және білік деңгейлеріне сәйкес алынды және оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындап, өзара байланыста болды.
ІV.Сабақтың нәтижелілігі.
4.1. Оқушы іс-әрекеті. Оқушылар сұрақ –жауап.,әңгімелеу,көрініс көрсету арқылы сөйлеу дағдысын меңгерді.Білім-білік дәрежелерін тексеруге көңіл бөлінді. Деңгейлік тапсырмаларды ,кесте толтыру кезінде шығармашылық, ойлау қабілеттері шыңдалды.Көрініс көрсетуде әртістік қабілеттері дамыды.Сабақ барысында оқушылардың еңбектің маңызын түсінуге, ойларын шыңдауға мүмкіндік берілді.Бір-бірін сыйлауға, адмгершілік қасиеттерге тәрбиеленді.
4.2. Мұғалімнің іс-әрекеті.
Мұғалім оқушыларға әдебиет теориясынан түсінік беріп,оқушыларға әңгімені меңгерту барысында бағыт-бағдар беріп отырды.
4.3.Сабақтың түйіні.
Сабақ көзделген мақсатына жетті,әр сабақ барысындағы әр кезеңдер байланысты болды.
Достарыңызбен бөлісу: |