Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин. Кел, балалар, оқылық !



бет1/3
Дата21.07.2017
өлшемі0,67 Mb.
#21610
түріСабақ
  1   2   3
Жаксымбетова Жанна Манатовна

Пән:әдебиеттік оқу

Сынып: 2

Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин. Кел, балалар, оқылық !

Сабақ мақсаты: Оқушыларға Ы.Алтынсариннің өмірін үлгі ете отырып,оқудың пайдасы туралы әңгімелеу.Өлеңді түсініп оқуға,талдауға үйрету. 

Міндеттері:



- Оқушылардың сөздік қорларын, мәнерлеп айта білулерін дамыту.

-мәнерлеп оқу дағдысы дамиды.

-сөздік қоры байыды.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс:  Математика, қазақ тілі.

Құралдар: смайликтер, дәптер, қалам,тақта,бағалау парақтары, карточкалар, суреттер.

Әдіс-тәсілдер: Миға шабуыл «10 сұрақ», топпен жұмыс, жұптық жұмыс, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Оқыту нәтижесі: Жаңа тақырып туралы ұғымдары қалыптасады.

Сілтеме: Оқулық 2 сынып Б. Т. Қабатай, С. Р. Рахметова, 2013 Алматы «Атамұра»; әдістеме.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық

Дайындық

« Ыстық алақан» тренингін өткізеді

Алақандарын ыстық болғанша ысқылап, бір-бірінің көздеріне басады. Бұл көздің көру жүйесін жақсартады.

Оқушыларды топқа бөлу

Оқушыларды жемістердің суреттері арқылы топқа бөледі.

Оқушылар жемістердің суреттері арқылы топқа бөлінеді, топ басшыларын сайлайды.

Ой қозғау

Түрткі сұрақтар бере отырып, жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, сабақтың тақырыбын өздері ашады.

І. Білу


Ой қозғау.

Топтастыру стратегиясы.


 1841 – 1889 ж Қостанай облысында дүниеге келген
 Ақын, жазушы.  Ы.Алтынсарин ұстаз.ағартушы
1864ж.мектеп ашты Қазақ хрестоматиясы оқулық жазды

ІІ.Түсіну

1.Ыбырай Алтынсариннің  «  Кел балалар оқылық ! » атты өлеңімен танысамыз.

а) Мәтінмен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп оқу. Өлеңнің мазмұнын түсіндіру.



2. Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыту.  Өлеңнің мазмұнын ашу, түсіндіру.

ІІІ. Қолдану


Білімді болсаң бәрі алдыңнан шыға келеді.

Үстіміздегі көйлек тоқылады, сауысқан тамағын шоқып табады, ал, біздер білімді оқумен табуымыз керек. Көп оқыған адам мақсатына жетеді. Тек оқып қана қоймай, соны зейін қойып, көңілімізге тоқу керек. Бүгінгі көргеніңді, естігеніңді ертең ұмытып қалсаң, ол оқыған болмайды.










ІҮ. Талдау


Оқу, білім туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

Мақалдардың мағынасын ашу

Оқу оқығанда ғана адам білімді болады. Жақсы өмір сүру үшін не қажет?



Ойын:    1-10-ға дейінгі сандарды ретімен   орналастыру. (Мақал шығады.)

                2, 5, 9, 6, 4, 1, 3, 8, 7, 10.

(Сандардың артына буынға бөліп мақал жазу)        

Балалар, инемен құдық қазылмайды ғой, оқу деген өте қиын. Білім оңайлықпен келмейді. Сол себептен көп еңбектену керек, білімді болсаңдар болашақтарың жарқын болады.

-Ыбырай атамыздың бұл өлеңі неге шақырады?                                     


1.Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ

2.Оқу түбі – тоқу.

3.Оқу білім бұлағы,

         Білім өмір шырағы.

            4. Білім қымбат- білу қиын.

            5. Қына тасқа бітеді,

                Білім басқа бітеді.

            6. Білген кісі тауып айтады,

                Білмеген кісі қауып айтады.

            7. Ақыл – тозбайтын тон,

                Білім таусылмайтын кен.

            8. Оқыда біл, ойнада күл.

            9.  Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз

            10. Білегі күшті бірді жығар

                  Білімі күшті мыңды жығар.           (Мағынасын ашу)

-Оқу.


 « Оқу инемен құдық қазғандай »

- Оқуға, білімге шақырады.




Ү.Жинақтау


«10 сұрақ»

Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.



-Ыбырай Алтынсарин Қостанай облысында дүниеге келді?

-1849 жылы туған?

-Әліппе оқулыңын жазды?

-Қазақ хрестоматиясы оқулығын жазды?

-мектеп ашты?


ҮІ.Бағалау


Бағалау әдістерін түсіндіреді.

«Сиқырлы сандықтан» сұрақтар ала отырып ,өтілген тақырыпты бағалайды.

Өз-өздерін бағалайды.

Үй тапсырмасынберу

Үйге тапсырмалар береді.

 Ыбырай Алтынсариннің өмірі. Өлеңді жаттау.

VII. Рефлексия

Рефлексия парақтары таратылады

«Жетістік баспалдағы»

Оқушылар сабақ бойынша өз ой-пікірлерін рефлексия парақтарына жазады

Жаксымбетова Жанна Манатовна

Пән:әдебиеттік оқу

Сынып: 2



.
Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин. Малды пайдаға жарату

Сабақ мақсаты: Оқушыларға Ы.Алтынсариннің өмірін үлгі ете отырып,қанағат туралы әңгімелеу.Әңгімені түсініп оқуға,талдауға үйрету.

Міндеттері:

— төрт түлік мал және оның пайдасы туралы біліп, әңгімелеп үйренеді;


— ойлау, танымдық қабілеттері, ойын жеткізе білу дағдылары артады;

-мәнерлеп оқу дағдысы дамиды.

-сөздік қоры байыды.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, дүниетану

Құралдар: смайликтер, дәптер, қалам,тақта,бағалау парақтары, карточкалар, суреттер.

Әдіс-тәсілдер: Миға шабуыл «Арасындағы айырмашылық», топпен жұмыс, жұптық жұмыс, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Оқыту нәтижесі: Жұмысты өз бетінше және топта жасайды,бағалайды

Сілтеме: Оқулық 2 сынып Б. Т. Қабатай, С. Р. Рахметова, 2013 Алматы «Атамұра»; әдістеме.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық

Дайындық

Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Оқушыларды топқа бөлу

Оқушыларды жемістердің суреттері арқылы топқа бөледі.

Оқушылар жемістердің суреттері арқылы топқа бөлінеді, топ басшыларын сайлайды.

Үй тапсырмасын сұрау

Өлеңді жатқа сұрайды.

Өлеңді мәнерлеп жатқа айтады, топтар бір-біріне Ы.Алтынсариннің өмірбаяны туралы ашық, жабық сұрақтар қояды,

Қызығушылықты ояту

Сиыр мөңірейді. (Әр малдың мөңіреген, маңыраған, кісінеген, боздаған дауыстары естіліп тұрады).
— Қой не істейді?
— Қой маңырайды.
— Жылқы не істейді?
— Жылқы кісінейді.
— Түйе не істейді?
— Түйе боздайды.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

І. Білу


«Енді біз осы төрт түлік малдың адамға қандай пайдасы бар екені туралы айтамыз. Мына бейнекөрсетілімге назар аударып, тыңдайық».
Оқушылар мәтінді өздері дауыстап оқиды.

Тақтадан төрт түлік мал мен олардың пайдасы жайлы хабар беретін бейнекөрсетілімді қарайды, мәтін оқылып тұрады.

Оқушылар мәтінді өздері дауыстап оқиды.



ІІ.Түсіну

Сұрақтарға жауап алу:
— Қой бізге не береді?
— Сиырдан адамдар не алады?
— Сиырдың сүтінен не жасайды?
— Жылқының қандай пайдасы бар?
— Адамдар түйені қалай пайдаланады?



Сұрақтарға жауап береді.

— Ет, жүн, тері.

— Сүт, ет

— Сүттен айран, май, құрт жасайды.

— Жылқы ет, қымыз береді. Атпен шабады. Ат ойындары бар.

— Түйенің сүтінен шұбат жасайды. Түйені көлік ретінде пайдаланады.т.б.



ІІІ. Қолдану


Жұптық жұмыс

1. Оқулық, дәптермен жұмыс. 80-беттегі

2-тапсырманы жазбаша орындайды.
2. Жұмыстар оқылып, тексеріледі, қателері түзетіледі.


2 тапсырманы орындайды.

«Жүннен не жасайды? Жүннен киіз басады. т.б.»












ІҮ. Талдау


Жұмбақтар шешу:

«Кішкен ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар»


— Бұл не?
— Бұл қой.
— Қойдың төлі не?
— Қойдың төлі — қозы (оқушылардың жауабынан кейін төлінің суреті шығып отырады).
«Екі айнасы бар, Екі найзасы бар»
— Ол не?
— Ол сиыр.
— Сиырдың төлі не?
— Сиырдың төлі — бұзау.

Жұмбақтар шешіледі.

Малдың төлдерін атайды.



Ү.Жинақтау


« Арасындағы айрмашылық» әдісі арқылы алған білімдерін ортаға салады.

Таңдаған қалпақтарына сәйкес өз ойларын жинақтап, тұжырымдайды.

ҮІ.Бағалау


Бағалау әдістерін түсіндіреді.

«Сиқырлы сандықтан» сұрақтар ала отырып ,өтілген тақырыпты бағалайды.

Өз-өздерін бағалайды.

Үй тапсырмасынберу

Үйге тапсырмалар береді.

Ы. Алтынсарин. « Малды пайдаға жарату» түсініп оқу. Борыш, ата-ана туралы мақал-мәтел жазу.


VII. Рефлексия

Рефлексия парақтары таратылады

«Жетістік баспалдағы»

Оқушылар сабақ бойынша өз ой-пікірлерін рефлексия парақтарына жазады

Жаксымбетова Жанна Манатовна

Пән:әдебиеттік оқу

Сынып: 2



.
Сабақтың тақырыбы: Ө. Тұрманжанов. Мектеп-біздің анамыз

Сабақ мақсаты: Оқушыларға Өтебай Тұрманжановтың өмірімен таныстыра отырып,оның шығармашылығы туралы айту.Өлеңнің негізгі идеясы-білім,білім көзі мектеп,кітап екендігін ұғындыру,білім алуға ынталандыру.Өлеңді түсініп оқуға,талдауға үйрету. 

Міндеттері:

- Жүйелі іс әрекет нәтижесі: мектеп , 1 қыркүйек күнін мерекелік көңіл күймен, айнала табиғатпен ұштастыру арқылы шығармашылық қиялының дамуына мүмкіндік беру.

-мәнерлеп оқу дағдысы дамиды.

-сөздік қоры байыды.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, дүниетану

Құралдар: смайликтер, дәптер, қалам,тақта,бағалау парақтары, карточкалар, суреттер.

Әдіс-тәсілдер: Миға шабуыл «Сөйлемді толықтыру», топпен жұмыс, жұптық жұмыс, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Оқыту нәтижесі: Жаңа білімді түсінеді,топта жоба жасайды,қорғайды және бағалайды.

Сілтеме: Оқулық 2 сынып Б. Т. Қабатай, С. Р. Рахметова, 2013 Алматы «Атамұра»; әдістеме.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық

Дайындық

Ұзын құлақ, сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.
16. Бір, екі, үш
Қолға қалам аламыз
Әдемі етіп жазамыз

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Үй тапсырмасын сұрау

Ы. Алтынсарин. « Малды пайдаға жарату» түсініп оқу. Борыш, ата-ана туралы мақал-мәтел жазу.

«Малды пайдаға жарату» мәтінін бірнеше оқушы оқиды. Борыш, ата-ана туралы мақал-мәтелдер айтады.

Ой қозғау

Түрткі сұрақтар бере отырып, жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

-Өз мектептерін жайында не ойлайсыңдар?



-Мектеп біздің екінші үйіміз?



Оқушыларсұрақтарға жауап бере отырып, сабақтың тақырыбын өздері ашады.
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі

І. Білу


Салдыр-сұлдыр, сылдыр-сылдыр, дыңғыр-дыңғыр, гүрс-гүрс, шақыр-шұқыр, даңғыр-дұңғыр, сыңғыр-сыңғыр, күмбір-күмбір, тапыр-тұпыр.

-Басқа дыбыстар ненін дыбысы болуы мүмкін ?

- Мына сөз тіркестерін оқып, таңдаған қоңырау дыбыстарына ұйқастыра тіркестіріңдер:

------------------------- сазды қоңырау (сыңғырлаған) ;

------------------------- сағынышты қоңырау (сылдыр қаққан немесе  сылдырлаған) ;

------------------------- күміс қоңырау ( күмбірлеген).

Бүгін екі-үш мереке қатар келгендей.Бірінші мереке – Алтын күздің келуі.Екінші мереке –Алғашқы қоңырау мерекесі.Үшінші мереке- оқушылардың  Тілашар мерекесі.Осы үш мереке иесі ретінде үш топқа бөлініп отыру.Әр топ өз атына мерекелік көңіл күйде жұмыс жасайды.


Оқушылардың қоңырау үнін сипаттап шыққандарын атап өту .
1-топ күзді, табиғаттағы өзгерістерді бейнелеп, немесе күз туралы тақпақ айтуы мүмкін. Немесе құстар әнін шырқауы мүмкін.... (Топтың шығармашылық белсендігіне байланысты).

Екінші топ та өз таңдауына байланысты тапсырманы орындайды.

Үшінші топ 1- сыныптағы Тілашар күнін еске алып,әңгімелеп береді


ІІ.Түсіну

Топтық жұмыс

Топтарға тапсырма береді. Автор туралы мәлімет. Электронды оқулықтан алынған Ө.Тұрманжанов туралы мәліметті оқыту.

Оқушылар интертақтадан көрген мәліметті жүйелейді.
Топпен тұжырымдайды.

ІІІ. Қолдану


«Алғашқы қоңырау» туралы ән тыңдау
Оқулықпен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп оқу.
Әнді тыңдай отыра,өз әсерлерімен бөліседі.
Топпен өлеңнің шумағын оқып талдау.

Әнді тыңдайды. Өлеңді мәнерлеп оқиды.

Әр оқушы өзінің ойын айтады. Үнтаспадан ән тыңдау



Сегіту сәті

Оқушыларды сергітіп алу мақсатында бейнетаспа ойнатылады

Оқушылар қызықты әуенге жаттығуларды бірге орындады

ІҮ. Талдау


Сөздікпен жұмыс
Шөмеле-жиналып,үйілген шөп
Межелі кез-белгіленген кез
Сөздік сөздердің мағынасын түсінеді,дәптерге жазып алады. Оқулықтағы берілген тапсырма 5 бет

Сөздік жұмыс жасайды. Берілген сөздердің мағынасымен таныс болады. Дәптерге жазып алады.

Оқулықтағы 5 тапсырманы орындайды.

Ү.Жинақтау


« Сөйлемді толықтыр» әдісі арқылы алған білімдерін ортаға салады.

Тарауға берілген суретпен өздерінің жазғандарын байланыстыра әңгімелету.Өздерің жаңа ғана күз келді дедіңдер.Олай болса, мына қимылды білдіретін сөздерді күзбен байланыстырып, сөзбен тіркестіріп, толықтырыңдар.

——————— пісті,                       —————— сағыныпты,

——————- түсті,                          —————- ағылыпты,

—————- ел тасыпты,                     —————- қуаныпты,

—————- есік ашыпты,                   —————- келеді


ҮІ.Бағалау


Бағалау әдістерін түсіндіреді.

«Сиқырлы сандықтан» сұрақтар ала отырып ,өтілген тақырыпты бағалайды.

Өз-өздерін бағалайды.

Үй тапсырмасынберу

Үйге деңгейлік тапсырмалар береді.

Мектеп жайлы қалай ойлайсыңдар .

мектеп біздің екінші үйіміз жайында шығарма жазамыз.



VII. Рефлексия

Рефлексия парақтары таратылады

«Жетістік баспалдағы»

Оқушылар сабақ бойынша өз ой-пікірлерін рефлексия парақтарына жазады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет