Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин.«Кел,балалар,оқылық»



бет9/23
Дата25.03.2017
өлшемі6,39 Mb.
#12371
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

ҮЙГЕ: өтірік өлең құрастыру

Сабақтың тақырыбы: Үш арыстың үлгілері.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға халық ауыз әдебиетінің бір түрі шешендік сөздері туралы түсінік беру. Қара қылды қақ жарған қазақ билерімен таныстыру. Шешендік сөздердің идеялық мәнін ашу.Оқушылардың шығармашылық қиялын жетелеу арқылы сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Негізгі идеяларды суреттей отырып, тіл байлығын дамыту, сөздік қорын молайту.

Ана тілін ардақтап бағалай білуге, сөз қадірін терең түсінуге және тіл шеберлігіне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер үш би суреті

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Өздерінің құрастырған өтірік өлеңін» мәнерлеп оқу,

ІІІ. Жаңа сабақ Үш арыстың үлгілері.

Аутотренинг

«Мен бәрін орындай аламын»

Мен барлығын жақсы көремін, сол үшін

көздеріме рахмет.

Мен барлығын жақсы естимін, сол үшін

құлақтарыма рахмет.

Мен барлық жерге барамын, сол үшін

аяқтарыма рахмет.

Мен барлық жұмысты атқарамын, сол үшін

қолдарыма рахмет.

Мен барлығын білемін, сол үшін

басыма рахмет.

- Осындай табиғат сыйлаған дене мүшемізге саулық тілеп, сабағымызға сәттілік тілеймін.

- Балалар, қазір өтіп жатқан тарау қалай аталады?

- «Атадан қалған асыл мұра»

- «Мұра» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

- Дұрыс, мұра дегеніміз - ата - бабадан қалған асыл сөз немесе зат

- Мұра атадан қалады.

- Енді «ата» сөзіне топтау жасап көрейікші.

(оқушылар айтады)

Аталардың осындай қасиеттерінен өнеге алайық дегім келеді.

Елдің туын ұстаған

Ел намысын ұштаған

Қалың қазақ пір тұтар

Қасиетті үш бабам, - деп осындай үлгі тұтар бабаларымызбен «Үш арыстың үлгілері» атты сабағымызда танысамыз.


Үш арыстың үлгілері

Дәптерімізді ашып күнді, сабағымыздың тақырыбын жазайық.

Алмағайып заманда қазақ көгіне үркердей болып шыққан Төле Әлібекұлы (1663 - 1756) Байбекұлы бытыраған халқының басын қосып, көшін түзеп, шешендік те көсемдік қасиет танытты. Ел аузындағы аңыздар мен әңгімелер, шешендік сөздер мен толғауларда олардың биік болмысы, асқан азаматтығы көрініп тұрды. Бүкіл ел - жұрттың қамын ойлап қайғысын жеуден туған ғажап құжат. «Жеті жарғы» да бай мен сұлтандар емес, сол данагөй кемеңгер билердің қатысуымен дүниеге келді.

Үш арыстың бірлік пен тірлік, ынтымақ пен татулыққа шақырған үндері құлағымызға жетіп тұрғандай.

Осы бабаларымыздың шешендік сөздерімен танысамыз. Оқулықтағы

65 бетке қараймыз

Енді барлығымыз тыныш отырып, ұғып тыңдайық. (мұғалімнің шешендік сөздері түсіріледі)

Балалар, осындай өсиетті, өнегелі сөздер қалдырған аталарымызды қандай адам деп айтуға болады?



*Ел қамын ойлаған, ел ішіндегі әділ қазы;

*Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсеткен данышпан;

*Шешен, данагөй, ақылды деуге болады.

*Өте керемет!

Оқулықпен жұмыс

Мұғалім түсіндіруі

Ендеше, осы бабалар сөздерін өзіміз түсініп бір мәрте іштей оқуға тапсырма беремін.

Уақыт болды, барлығымыз мәнерлеп тізбектей оқып шығамыз.

Жарайсыңдар!

Дәптермен жұмыс

Би дегеніміз кім екен балалар?



Би - ел билейтін тарихи тұлға.

Дәптерімізге жазып алайық.

Балалар, сәл тынығып алу үшін сергіту сәтін ұйымдастырамыз

Сергіту сәт

Бірнеше тапсырмалар беріледі.

Бұл тапсырмаларды орындау үшін 3 топқа бөлінеміз.

І топ: Мына қамшыны «Төле бидей төре бол!» деп «Төре» тобының басшысына беремін.

ІІ топ: Қаз дауысты Қазыбек бидей тапқырлық танытар деп, «Тапқыр» тобының басшысына беремін.

ІІІ топ: Әйтеке бидей әділ бол деп,«Әділ» тобының басшысына беремін.

Балалар сендерге беріліп отырған қамшының рөлі қандай?

Оқушылар өз ойларын айтады.

Өте жақсы!



Қамшы дегеніміз бүгінгі сабағымызда биліктің символы.

Тапсырманы орындауда мен сендердің жандарыңнан табыламын.

(І тапсырмасы) (Парақшалар тарату)

Олай болса, сендер де өз тапқырлықтарыңды көрсетіңдер.


( 2 - тапсырмасы)

Шешендік сөздерді жалғастыру

Жауаптардың өте керемет балалар!

Міне, бүгін сендер бабаларымыздың асыл сөздерін толық меңгердіңдер. Билерше сөйлеуге тырысып, тапқыр да, елге иелік ететін кемеңгер азамат болыңыздар!

Керемет, міне бүгін сендердің тапқырлықтарыңды, бірлікпен жұмыс жасағандарыңды көріп мен де сендерге риза боп тұрмын.

Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Олай болса жазғы күнгі гүлдің хош иісін еске ала отырып, алдарыңдағы гүлге өз көңіл - күйлеріңді білдіретін сурет ала койыңдар.

V. Үйге тапсырма

Үш арыстың үлгілері /шешендік сөздерін жаттау/

65, 66 - бет

Қазақтың билері мәнжазба

IV. Бағалау.



Сабақтың тақырыбы: Үш арыстың үлгілері.

Сабақтың мақсаты:

Қазақтың билерімен танысу. -Мәнерлеп оқып білу,билерді ажыратып білу,

шешендік сөздердің мағынасын түсіне білу .Шешендік сөздердің мағынасын ұғыну, Мәнерлеп оқуға жаттығады.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер Билердің суреттері,

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өлеңін мәнерлеп оқу, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеу

ІІІ. Жаңа сабақ

Үш арыстың үлгілері.

Сергіту сәті 1-тапсырма.

Мәтінмен танысу.

Түсініксіз сөздермен жұмыс. 2—тапсырма.

Қарасөзбен жеткізу.

3—тапсырма.

«Билердің бейнесін сомдау»

Сахналық қойылым. 4-тапсырма.

«Мәліметті толықтыр»

Кейінгі тапсырма Жаттап алу

Рефлексия «Жетістіктер ағашы»

Топқа бөлу. Мұғалім «Шаттық шеңберін» ұйымдастырады. Оқушылар шаттық шеңберіне тұрады.

Оқушыларды билердің атымен топқа бөлу.

1-топ. Төле бидің ауылы

2-топ.Қазыбек бидің ауылы

3-топ.Әйтеке бидің ауылы

4-топ. Хандар ауылы -Оқушылар топқа бөлінеді.

Өткен сабақты еске түсіру арқылы ойлау қабілетін дамыту. -Өткен сабақтың тақырыбы не?

-Өтірік өлең дегеніміз не?

Сахналық көрініс. Оқушылардың болжамды жауаптары:

-Өтірік өлең.

-………………………….

Оқушылар өтірік өлеңді әуенге салып орындайды.

Сыныптың білім деңгейін анықтау. -Қандай тарауды өтіп жатырмыз?

-Аңыз дегеніміз не?

-Жаңылтпаш дегеніміз не? Оқушылардың болжамды жауаптары:

Сабақ тақырыбын ашу.

Үш бидің суретін көрсету.

-Би деген сөзді естулеріңіз бар ма? Оқушылардың болжамды жауаптары:

-Төле,Қазыбек,Әйтеке билер.

-Естуіміз бар, ел басқарған, елдің қамын ойлаған, ақылшы, кемеңгер, дауды шешетін, төрелік айтатын адамдар.

Тұсаукесер Қызығушылығын ояту.

Сергіту сәті

Сабақтың басты сәттеріне тоқталу

Бағалау


Рефлексия

Үйге тапсырма 1-тапсырма.


Мәтінмен танысу.

Түсініксіз сөздермен жұмыс.

2—тапсырма.

Мұғалім топтарға билердің сөздерін қарасөзбен жеткізуге тапсырма береді.

Мұғалім оқушыларға «Киіз үй» сергіту сәтін ұйымдастырады.

3-тапсырма.

«Билердің бейнесін сомдау»

Сахналық қойылым.

4-тапсырма.

«Мәліметті толықтыр»

Мұғалім үш би туралы қосымша мәліметтер ұсынады.

-Сабақта кімдермен таныстық?

-Шешендік сөздер дегеніміз не?

-Қазіргі кезде билер бар ма?

-Әділдікті кімдер орнатады?

Мұғалім оқушыларды бағалайды.

«Жетістіктер ағашы»

«Үш арыстың үлгілері» Оқушылар мәтінмен танысады.

Түсініксіз сөздермен жұмыс жасайды.

-Жетім


-Сөз қадірі

Әр топтың мүшелері бидің сөздерін қарасөзбен жеткізеді, Хандар тобы әр топтың жауабын толықтырады.

Оқушылар сергиді.

Оқушылар сахналық қойылым көрсетеді.

Оқушылар үш би туралы мәліметтерді пайдалана отырып, постер қорғайды.

Оқушылар өзін-өзі, жақсы жұмыстанған топтарды бағалайды.

Оқушылар «жетістіктер ағашына» өз жетістіктерін іледі.

Оқушылар өлеңді жаттап алады.


Сабақтың тақырыбы: Бөлімді қайталауға арналған тест

Сабақтың мақсаты:

Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтау. Атадан қалған асыл мұра бөліміндегі ертегі, аңыз, шешендік сөздерді қайталау, өз сөздерімен әңгімелеу, жатқа айту.



Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Қазыбек бидің сөзін мәнерлеп оқу, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеу, жатқа айту

ІІІ. Бекіту сабағы.

Бөлімді қайталауға арналған тест



  1. «Көзі моншақтай,

Өзі жұп-жұмыр

Құйрығы шашақтай

Ерні жып-жымыр

деген жолдарда қай төл туралы айтылған?

А)лақ Ә)бұзау б)қозы В)құлын

2) Қойдың төлі қалай айтылады?

А)лақ Ә)бұзау Б)қозы В)құлын

3) «Мүйізі айдай иілген

Мұрнын көкке шүйірген» не?

А)жылқы Ә)сиыр Б)түйе В)қой

4) «маң-маң басқан, маң басқан

Шудаларын шаң басқан» не?

А)жылқы Ә)сиыр Б)түйе В)қой

5)Өмірде болған адамның басынан өткен әңгіме қалай аталады?

А)жұмбақ Ә)жаңылтпаш Б)аңыз В)мысал

6) «Еңбек байлыққа жеткізер» деген ойға құрылған ертегіні ата.

А)Қасқыр мен түлкі

Ә)Аңқау арыстан

Б)Ұр, тоқпақ»

В)Байлық пен ақыл

7)Жан-жануарлар, аңдар жөнінде әңгімеленген ертегіні ата.

А)Байлық пен ақыл

Ә)Аңқау арыстан

Б)Шибұт, Қылмойын, Қарынбас

В) Ұр, тоқпақ

8)Қиял-ғажайып ертегілері тобына жататын мәтінді ата.

А)Байлық пен ақыл

Ә)Аңқау арыстан

Б) Ұр, тоқпақ

В) Түлкі мен қасқыр

9)Шыншыл ертегілер тобына жататын мәтінді ата.

А)Байлық пен ақыл

Ә)Аңқау арыстан

Б) Ұр, тоқпақ

В) Қонжық пен көжек

10) «Жаңбыр жаумаса-жер жетім» деп басталатын шешендік сөзді айтқан кім?

А)Қазыбек би

Ә)Әйтеке би

Б)Төле би

В)Халық


11) «Алтын ұяң-Отан қымбат» деп басталатын шешендік сөзді айтқан кім?

А)Қазыбек би

Ә)Әйтеке би

Б)Төле би

В)Халық

12) «Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін...» деп бата берген кім?



А)Қазыбек би

Ә)Әйтеке би

Б)Төле би

В)Халық
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ


ҮЙГЕ: өткенді қайталау
Сабақтың тақырыбы: ҚАЙТАЛАУ

Сабақтың мақсаты:

Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтау. Атадан қалған асыл мұра бөліміндегі ертегі, аңыз, шешендік сөздерді қайталау, өз сөздерімен әңгімелеу, жатқа айту.



Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Өткендерді қайталап мәнерлеп оқу, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеу

ІІІ. Бекіту сабағы ҚАЙТАЛАУ

А) Атадан қалған асыл мұра

1)Ертегі: Аңқау арыстан, Байлық пен ақыл, Қасқыр мен түлкі, Ұр, тоқпақ, Сақина, Шибұт, Қылмойын, Қарынбас

2)Төрт түлік туралы жырлар: Қой, торы құлын, сиыр, түйе, төрт түліктің кеңесі

3)Аңыздар: Қожанасыр мен ашқарақ, Қожанасыр мен Алдаркөсе, Үш сом

4)Өтірік өлең

5)Үш арыстың үлгілері: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би

Ә) ТОППЕН ЖҰМЫС

Ертегілер:

І-топ Аңқау арыстан

ІІ-топ Байлық пен ақыл

ІІІ-топ Ұр, тоқпақ,

ЖЕКЕ ЖҰМЫС:

Қой,


оры құлын,

сиыр,


түйе

СЕРГІТУ СӘТІ

АҢЫЗДАР:

Қожанасыр мен ашқарақ,

Қожанасыр мен Алдаркөсе,

Үш сом


ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС:

Өтірік өлең құрастыру

І-топ бор

ІІ-топ қалам

ІІІ-топ өшіргіш
ТОППЕН ЖҰМЫС (билердің шешендік сөздерін жатқа айту, мағынасын ашу)

Төле би
Қазыбек би


Әйтеке би
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ҮЙГЕ: Өткенді қайталау

Сабақтың тақырыбы: Ж.Аймауытов. Қартқожаның туған жері.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен қызметі жайлы толығырақ мағлұмат беру.

2.Әңгіменің негізгі идеясы туған жерді сүю, қадірлеу екендігін ұғындыра отырып, оқушылардың өз Отанына деген мақтаныш сезімдерін туғызу.

3.Оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: аралас сабақ,ауызша журнал беттері

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену, оқулықпен жұмыс,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер,Ж.Аймауытов портреті, қима сөздер жазылған беттер,сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Әдебиеттік оқу хрестоматиясынан ертегілер оқу, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеу

ІІІ. Жаңа сабақ

Жүсіпбек Аймауытов «Қартқожаның туған жері».

*Сөзжұмбақ шешкізу.

1.Қалың ағаш өсетін нулы жер қалай аталады?

2.Отбасындағы әке атауы.

3.Ел сөзін басқаша тағы қалай атауға болады?

4.Мемлекеттік рәміздеріміздің бірі.
О

Т


А

Н
3.Жаңа тараумен таныстыру : « Неткен сұлу,неткен көркем,



Осы менің туған өлкем !»

*Ауыл бейнесі кескінделген суретпен жұмыс.

1.Суретке зер салып қара,суретте нелер бейнеленген?

2.Жылдың қай мезгілі деп ойлайсың?

3.Қысқаша әңгіме кім құрастырар екен?

Жазушы Ж.Аймауытов туралы оқушылардан сұрай отырып,

« Пікірлер ағашына» жаздыру.

А) Оқулықпен жұмыс. Көрнекті жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың атақты «Қартқожа» романынан келтірілген үзіндіде бала Қартқожа өз ауылының бейнесі қалайша әсер еткенін бақылап отыру тапсырылып, оқулықтағы мәтінді мұғалім өзі оқиды.

Б) Мәтін оқылып біткеннен кейін сөздік жұмысы жүргізіледі.



Қотан – қой жататын үй маңы (Сөйлем құратылады: Қой қотанға келді.)

Үй басы - әр үй. ( Үй басы Наурызға әзірленуде.)

Ашамай – алдыңғы, артқы қастарының басы айқастырылып, балаға арналып жасалған ер (Ашамайға отырды.)

Ет бауыр жақын - өте жақын туыс.( Ет бауыр жақын адамы келді.)

Шерсіз – қайғы-мұңсыз. ( Жүрегі шерсіз,таза адам екен.)

Жетесіз – ақылсыз,ақымақ. ( Жеті атасын білмеген жетесіз.)

6.Мәтінмен жұмыс.

Оқушыларға тізбектей оқыту,сұрақтарға жауап алу.



Сұрақтар:

- Қартқожаға не нәрселер қатты әсер етті?

( кешкі ауыл көрінісі, ауыл адамдарының қарбалас жұмысы )

- Мәтіндегі қандай сөздер ерекше әсерлі болып көрінді? Көз алдыңа не елестеді?

( Әркімге өз мекені ыстық. Адам баласы ешқашан кіндік қаны тамған жерін ұмытпайды.)

Үш қатарға тапсырма беру:

І қатар: Мәтіннен жазушының туған жеріне деген сезімін білдіріп тұрған

жолдарды тап.

1-оқушы: Ыстық қой, шіркін, туған жер!

2-оқушы: Кім сүймесін өз жерін?

3-оқушы: Сүймесе зердесіз сүймес.

4-оқушы: Жүрегі шерсіз, тілеуі бөлек, жетесіз сүймес...

(Семей қаласындағы көпір суреті 4-ке бөлінген. Әр бөліктегі жауапты оқып, әр оқушы көпір суретін құрап шығады)



ІІ қатар: Мәтіндегі көркем сөздерді тап.

(Қоңырсыған сүт, қайнатқан қаймақ иісі, түтіннің иісі, күлімсі шуаш иісі)



ІІІ қатар: «Зердесіз», «шерсіз», «жетесіз» сөздеріне қарама-қарсы мәндегі қатарды тап.

Зердесіз – зерделі, ойлы

Шерсіз – қайғылы, мұңды

Жетесіз – текті, көргенді, әдепті.



7.Дәптермен жұмыс.Сөйлемдерді жаздыру.

8.Сабақты бекіту.



Қарамен жазылған сөздерді іштей оқы.Көп нүктенің орнына осы сөздерді қойып,дауыстап айт.

Отаным,туған жерім,атамекенім,туған өлкем,туған елім.

Менің ... – Қазақстан.

1. « Туған жерді сүю»дегенді қалай түсінесің?

2. Сен өз аулыңнан алыста жүрсің дейік.Көз алдыңа не елестер еді?
Бағалау.

Үйге тапсырма беру: мәтінді оқу,бөлікке бөлу,қаланың көрінісінен

сурет салу.



Сабақтың тақырыбы: Жақан Смақов. Отан.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға Отан туралы түсінік беру. Отан өзінің тұратын жері ретінде түсіндіру. Оқушылардың туған елі, Отаны туралы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Оқушыларды Отанын сүйетін, патриот болуға тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену, ой шақыру,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

Сәлем саған алтын күн!

Сәлем саған көк аспан!

Сәлем саған жер ана!

Сәлем саған достарым!

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Қартқожаның туған жері» мәтінін мәнерлеп оқу, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеу

- Балалар үйге қандай тапсырма берілді? Қартқожаның туған жері

- Мәтін не туралы?

- Осы мәтіннен кешкі ауыл көріністерін айтып беріңдерші?

- Қартқожаға кешкі ауыл суреті қалай көрінді?

- Өрістен қайтқан мал туралы не делінген?

- ауыл адамдары қандай қарбалас үстінде?

- Қартқожаға нелер қатты әсер етті?

- Ол өз туған жерін жақсы көрді ме?

- Өз туған жерін сүймейтін қандай адам?

( санасыз, ақылсыз, ақымақ, жетесіз,, зердесіз адам)

- Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Туған ел, туған жерсіз адамның күні жоқ.

- Балалар, «Туған жерсіз адамның күні жоқ» - дегенді қалай түсінесіңдер?

- Туған ел, туған жер деген сөздер адамның жүрегіне жылы әсер етеді.

- Туған елін, өскен жерін сүю әр адамның парызы.

- Әр адам туып өскен жерін аялайды, қастерлейді, қорғайды, мақтан тұтады

3. Ой шақыру

- Ал енді осы туып - өскен жерімізді тағы қалай атауға болады? Отан

- Отан деген не? ( оқушылардың пікірін тыңдау)

4. Топтастыру

Міне балалар осының барлығы әр адамның кішкене отаны. Осындай кішкене отандардан кең Отан шығады.

- Ендеше менің, сенің, біздің туған еліміз, туған жеріміз қалай аталады?

- Иә балалар. Біздің Отан анамыз Қазақстан республикасы

Біздің ата -*бабаларымыз, әкелеріміз Қазақстанда туып өсті. Бізде осында туып өстік. Өз ана тілімізде сөйлейміз. Мұндағының бәрі бізге етене жақын. Сондықтан оны біз Отанымыз дейміз. Отанымыз бізді нанымен, суымен асырады. Дүние жүзінде Қазақстаннан басқа мемлекеттер көп. бірақ ана әр адамда біреу – ақ. Ендеше Отан - ана да ол үшін біреу. Қазақстанның көп бөлігін далалы жерлер алып жатыр. Жеріміздің ұшы – қиыры жоқ байтақ даласы, жасыл ормандары, халық дастарханын ақ нанға толтырған егістігі, суы мөлдір өзендері, пайдалы қазбалары өте көп.

Қазақстанда басқа ұлттың өкілдері де көптеп тұрады. Олар бір - бірімен тату – тәтті.

- Ал енді осы Қазақстан қандай ел? (тәуелсіз, егеменді)

- Еліміз егемендігін қашан алды? (1991 ж 16 желтоқсан)

- Отанымыздың астанасы қай қала?

- Қазақ халқын басқа ел қайдан біледі?

( Елтаңба, әнұран, туымыз арқылы )



ІІІ. Жаңа сабақ

5. Картамен жұмыс

- Тақтадан не көріп тұрмыз балалар?

- Бұл Қазақстанның картасы

- Неше бөліктен тұрады?

- Астана қай жерде орналасқан? ( солтүстікте)

- Біздің тұрған жеріміз ше? (Қарағанды облысының территориясы, негізінен, Сарыарқаның орта бөлігіне орналасқан)

6. Сөзжұмбақ шешу

- Қазір бізге балалар сөзжұмбақ берілген. сол сөзжұмбақты шешу арқылы біз бүгінгі сабағымыздың тақырыбын білеміз

1. Ұлттар бірлігі, татулығы

2. Мемлекеттік рәміздеріміздің бірі

3. Ұлттың аты

4. Сені өмірге әкелген мейірімді жан

Қара түсті торкөздің ішіндегі сөзді бәріміз дауыстап оқиық. Отан

- Ендеше балалар бүгін біз сендермен белгілі балалар ақыны Жақан Смақовтың отан деген өлеңін өтеміз. Жазушы ағамыз өзінің Отанға деген ыстық сезімін өлеңмен жеткізеді

- ( Дәптерге күнді жазып, тақырыпты жаздыру)

(автор туралы түсінік беру)

Смақов Жақан (1932 - 1974)

Смақов Жақан 1932 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы, Ынталы ауылында туған. Сол жерде орта мектепті бітіргеннен кейін Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. Алғашқы өлеңі де сонда оқып жүргенде жазылған. «Мені балалар тақырыбы әрдайым қызықтыратын» - деп жазыпты ол өзінің қысқа ғана өмірбаянында. 1953 жылы партия тың жерді игеру жұмысын қолға алғанда, «Пионер» журналында «Арам шөп пен бидай» деген алғашқы өлеңі шықты.
Жақан Смақовтың елуінші - алпысыншы жылдары «Сыйлық», «Қаз - қаз бас», «Жастық сыры», «Ойындар мен жұмбақтар», «Күлдірген», «Сылдырмақ», «Жүз бір жұмбақ», «Қарақат», «Тамшы» деген өлеңдер жинағы басылды. Бұлардан басқа «Біздің атай Түсекең, қартаймайтын кісі екен», «Менің бөпем», «Ғажайып бұлттар», «Саяхат» деп аталған сурет кітапшаларын бастырды.

Жақан Смақовтың нағыз балалар ақыны екенін оқырмандарына әбден танытқан кітабы - «Жалын» баспасы 1976 жылы шығарған «Жаңғырық» атты таңдамалы өлеңдер жинағы. «Талапай» - кітабы да (1984) қазақ балалар әдебиетіне қосқан жаңалық ретінде қабылданды.

Ақын поэзиясының айрықша бір саласы - жұмбақтары. Бұларда мәнді мазмұн, тапқырлық, көркемдік сырлары бар.

Осы тәрізді жұмбақтарын оқи бергің келеді. Ж. Смақовтың қазақ балалар әдебиетіне енгізген тағы бір жаңалығы - әсерлі, әрекетті ойындар. Бұл ретте халықтың «Соқыр теке», «Талапай» сияқты ойындарын да шебер жандандыра білген.

Ақын жұмбақ, жаңылтпаш, ойын өлеңдерінде балдырғандарға тіл үйрету жағын қатты қадағалаған, мақсатты мағына беріп жазған.

Жақан Смақовтың шығармаларын оқыған адам оның тумасынан бөлек жанын ұғып, тілін біліп, сырласуға жаралған дарынды ақын екеніне көңілі әбден сеніп, көзі әбден жетеді.

Қалам ұстағаннан балаларға, әсіресе балдырғандарға арнап өлең жазған ақын, өзіндік ерекшелігі танылған шағында, денсаулығы нашарлап, қырық екі жасында қайтыс болды

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Қанат қағып алайық.

Аққу болып ұшайық,

Ұшып - ұшып алайық.

Көлде жүзген балықтай,

Жүзіп - жүзіп алайық.

Шаянға ұқсап былпылдап,

Қане айнаға қарайық.

Оқулықпен жұмыс

А) мұғалімнің оқуы

Ә) оқушылардың оқуы

Б) осы өлеңді ақын қандай көңіл күнмен жазған деп ойлайсыңдар?

В) Ақын отанды неге теңейді?

Дәптермен жұмыс

Өлеңді пайдаланып Отанға, аспанға, тауға, гүлге қатысты көркем сөздерді тауып жазу

Отан – Ұлы Отан, мөп - мөлдір аспан, асқар тау, қауызын ашқан гүл.

Поэзия минуты

Қазақстан Отан туған жер туралы өлең тақпақтарын сұрау, жазған эсселерін оқу



«Жалғасын тап» ойыны

1. Отан үшін отқа түс..........

2. Отанды сүю -...................

3. Отансыз адам -................

4. Отан оттан да..................

Қорытынды

- Сонымен балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

- Несімен? - Отан деген не?

- қазір тақтаға күн шығады. Сол күннің сәулесіндегі теңеулерді барлығымыз бірге айтамыз.

Қонақжай

Баршамызға қымбат

Батыр

Кең пейіл



Көп ұлтты

Өнерлі


табиғаты тамаша

Қарқынды даму үстінде

- Бұл туы көкте желбіреп, шыңдары аспанмен таласқан біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы

Өз Отандарыңның көркеюіне сендер қандай үлес қосудасыңдар?

- Мектепке келіп, сабақты жақсы оқып, тәрбиелі болу

Үйге тапсырма

Тақпақты жаттау. 8 тапсырманы үйде орындау



Бағалау

Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев Отан

Сабақтың мақсаты:

Қазақтың біртуар ақыны М. Мақатаев туралы, оның шығармасы жайлы түсінік беру. Шығармадағы негізгі ойды анықтау.Сөйлеу мәдениетін, сөздік қорларын, өлеңді мәнерлеп оқу, есте сақтау қабілеттерін көркем жазу дамыту Адамгершілікке, адалдыққа, елін, жерін сүюге, табиғатты қастерлеуге тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ – жауап



Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

• Оқушыларды тексеріп, олардың назарларын сабаққа аудару.

• Психологиялық тұрақтылық орнату.

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай таза көңілмен

Бүгінгі сабағымызды бастаймыз.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

• «Отан» Ж. Смақов жатқа айту

• «Менің – Отаным Қазақстан»- шығарма жазып келу.

• «Отан» тақырыбына альбом жасақтап келу.

Ой - қозғау:

1. Осы өлеңді ақын қандай көңіл - күймен жазған деп ойлайсың?

2. Ақын Отанды неге теңейді?

3. Отан несімен ыстық?

Оқушыларымның кішкентай жүректерін өз Отаны – Қазақстан үшін қуаныш сезімі кернейді. Олар өздері жазған, салған шығармаларында еліміздің әсем табиғаты, оның пайдалы қазбалары туралы сөз қозғайды. «Еліміздің асқар таулары, шалқар көлдері, ұлан - ғайыр далалары бар»- дейді. Отанымыздың тұңғыш президенті Н. Ә Назарбаев туралы, Жаңа астанасы - Астана қаласы туралы мақтанышпен жазған. Олардың ойларынан туған жерге, елге деген асқақ сезімді көремін және сол үшін қуанамын, риза боламын.



ІІІ. Жаңа сабақ

- Оқушылар, қазір біздер 2 топқа бөлініп жұмыс жасаймыз. Алдымен топтарды таныстырып өтейін: І топ – Жерұйық тобы, ІІ топ – Алтын бесік тобы. Осы екі топ сайысу арқылы бүгінгі сабағымыздың «Жеңімпаз топ» номинациясына ие болады. Әр топтағы оқушылардың жауабына берілетін ұпай алдарыңыздағы бағалау бетшесіне құйылады.


4 - слайд "Кім көп біледі?"

1. Мақал - мәтел

1. Туған жердің күні де ыстық,

Түні де ыстық.


Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап - ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған дала.

2. Отан оттан да ыстық.

Ал біздің халқымызда Отанын, атамекенін ардақтау сезімі өте терең. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата - бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген, өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы қасиеті жанымызға ана сүтінен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық

Оқушылар. Өзі өскен еліне, туған жеріне Отанына жыр арнамаған ақын жоқ. Бүгін біз осы өлеңдердің ұйқасын тауып, қисынын келтіріп Отан туралы жазған ақын Мұқағали Мақатаевтың“Отан туралы”

өлеңімен танысамыз

М. Мақатаев

Автор туралы түсінік беру.

(1931 - 1976)

Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді. Балалық шағы соғыспен тұспа - тұс келген Мұқағали өлеңді он - он бір жасынан жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген Мұқағали шығармалары 1960 - 1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл жылдарды ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады.

М. Мақатаев қаламынан "Қарлығашым, келдің бе?", "Дариға жүрек", "Аққулар ұйықтағанда", "Шуағым менің", "Өмір - дастан" т. б. жыр жинақтары туған. Қырық бес жасында қайтыс болған соң, Мұқағалидың екінші өмірі - өлмес ғұмыры басталды. Ақынның артында қалған мол мұрасы: "Соғады жүрек", "Шолпан", "Жырлайды жүрек", "Өмір - өзен" т. б. жыр кітаптары, "Қош, махаббат!" атты прозалық кітабы оқырманның қолдан - қолға түспей, іздеп жүріп оқитын шығармаларына айналды

Оқулықпен жұмыс

• Өлеңді мәнерлеп оқып беру.

• Әр топ өлеңді екі жолдан мәнерлеп оқу

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Қанат қағып алайық.

Аққу болып ұшайық,

Ұшып - ұшып алайық.

Көлде жүзген балықтай,

Жүзіп - жүзіп алайық.

Шаянға ұқсап былпылдап,

Қане айнаға қарайық.

"Менің Қазақстаным"

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

Дәптермен жұмыс. 1. Ақын қолданған өзенге, тауға, тілге, үнге қатысты көркем сөздерді тауып дәптеріне жазып алу.

Кесте сызбамен жұмыс

2. Өткен сабақта оқылған мәтін мен осы өлеңді салыстыр:

Ақындар: Отанды неге теңейді?

Екі өлеңдегі ұқсастықтар

Екі өлеңдегі ерекшеліктер

Жақан Смақов

Мұқағали Мақатаев


V. Сабақты қорыту: Топтастыру стратегиясы " Отан дегеніміз не?"

VІ. Бағалау.

• Ұпай сандарын анықтап «Жеңімпаз топты» анықтау.

• Оқушыларды мадақтау, бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма.

• Өлеңді жаттау.


Сабақтың тақырыбы: С.Жүнісов. Кімнің мекені жақсы?

Сабақтың мақсаты:

Мәтіннің мазмұнын ашу. Әр жәндіктер мен жануарлардың өз мекендерін қалай жақсы көретінін түсіндіру. Оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушыларды жан – жақты тәрбиелеу. Оқушыларға тұған жерлерінен артық мекен жоғын түсіндіру.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Пәнаралық байланыс: дүниетану, сурет.



Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Үй тапсырмасын сұрау:

- Балалар, біз сабақта қай ақынның өлеңімен таныстық?

- Мұқағали Мақатаев.

- Мұқағали Мақатаев қай қалада дүниеге келген?

- Алматы қаласы, Райыбек ауданында, Қарасаз аулында 1931ж. 9 ақпанда

- Оның қандай өлеңдерін білеміз?

- Үш бақытын, Отан туралы.

- Мұқағали Мақатаев Отанды қалай сүйетінін жеткізді?

- Өлеңді жатқа сұрау.



ІІІ. Жаңа сабақ С.Жүнісов. Кімнің мекені жақсы?

І топ


Екі басы жұдырықтай,

Ортасы қылдырықтай (құмырсқа)

ІІ топ

Қос мекенді жануар (құрбақа)



ІІІ топ

Жыл басы қай жануар? (тышқан)



Үш топқа тапсырма

Әр топ топ жауаптарындағы жәндіктері туралы әңгімелеңдер

Жау мысық

иелуі еңбекқор көл жаңбырда көп

болады қосмекенді бидай

көл дән


қиқымдарды жинайды шөп шөп ін

терісі шырыш

шыбын шіркей

- Балалар, осы құмырсқа, құрбақа, тышқан үшеуі жолға шығады. Олар жолға неге шықты деп ойлайсындар? Оны білу үшін алдарыңдағы араласып кеткен сөздерді орнына қойсаңдар олардың жолға неге шыққандырын білесіңдер.



Кімнің мекені жақсы ?

Олардың саяхаты туралы белгілі жазушы Сәкен Жүнісов әңгімелейді



Автор туралы мағлұмат беру

Көкшетау облысы Қызылтау ауданында дүниеге келген

Жазушы 1934ж

«Кімнің ішкені жақсы» «Шәркей» т.б. кітабы



Оқулықпен жұмыс:

І топ 1-ші бөлім

ІІ топ 2-ші бөлім

ІІІ топ 3-ші бөлімді оқыту



1-ші топқа сұрақ

1. Қалай ойлайсың, құрбақа, тышқан, құмырсқа үшеуіне осы мекен ұнады ма?

2. Неге ұнамады деп ойлайсыңдар?

Сонымен балалар, құрбақа, тышқан, құмырсқа тағыда ілгері қарай жүре берді. Содан кейін не болады екен?



2-ші топқа сұрақ

1. Қандай жерге келді?

2. Құрбақа бұл жерге келгенде не деді?

3. Олараға бозторғай не деп жауап берді?

4. Олар тағы да ілгері қарай жүріп кележатқанда табиғатта қандай өзгеріс болды?

5. Тышқан қандай күйге түсті?

6. Құмырсқа бұл жерді не деді?

7. Жауынқұрттар қалай қуанды?

- Балалар бұдан әрі не болды? – деп ойлайсындар

- Ендеше балалар одан әрі не болғанын толық білу үшін



3 – ші топтың әңгімесін тыңдайық

1. Олар қайда оралды

2. Өз мекеніне келіп не істеді?

- Сонымен, балалар ең бір жақсы мекен, жайлы қоныс қай жер екен?

- Әркімнің өз мекені, өз жері екен

- Туған жер, отан туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?

1. Туған жердей жер болмас

Туған елдей ел болмас

2. Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары

3. Бақа көлінде патша

Балық суында патша

Жігіт елінде патша

Мақалдарды түсіндіру, мағынасын ашу

-Балаларға «Туған жер — алтын бесік» эссе жаздыру



Бағалау: белсенділік танытқан оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма: Мәтінді оқып, түсінік айту, «Туған жер» тақырыбында сурет салу


Сабақтың тақырыбы: Сәкен Жүнісов

Кімнің мекені жақсы?



Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға мекен, қоныс туралы түсінік беру; әр адамға әркімнің өз мекені, жері жайлы қоныс екенін ұғындыру; оларға туған жерін құрметтеп, оны қадірлеуге тәрбиелеу; тіл байлығын арттыру.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

Талаптанып,

Қанаттанып,

Өмір сырын ұғамыз.

Білім алып,

Тұлғаланып,

Азамат боп шығамыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Мәтінді оқу, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеу

- « Кімнің мекені жақсы? » 4 — 5 оқушыдан сұрау;

- Сонымен бірге үйге « Менің туған жерім » әңгіме-эссе жазуға берілді. Оқиық. (4 — 5 балаға оқытамын. )

- Дұрыс-ақ.. Туған жер-әрбір адамның жарық дүниеге келген киелі мекені, ең алғаш жұтқан ауасы, аяғының ізі түскен жері, аялап өсірген алтын бесігі. Адам тағдыры (өмірі) туған жермен байланысты. Сондықтан әрбір адам өзі туып өскен мекенін құрметтеп, оған қамқоршы бола білуі керек. Өз туған жерінің әр тасын, әр құсын қызғыштай қорып, оған деген сезімін өз қамқорлығы арқылы көрсетіп отырған адамды ғана туған жерін құрметтейтін адам деуге болады.



ІІІ. Жаңа сабақ

Сәкен Жүнісов Кімнің мекені жақсы?

Осы мәтінді әрі қарай жалғастырамыз. 76-беттегі жаңылтпашты оқиық. (уақыт беріп, жаттағаннан кейін 3-4 баладан сұрау. )

Шалшық, балшық,

Балшық, шалшық,

Балшықтан ал шық.

- Шалшық дегеніміз — жиналып қалған су.

- Балшық – жаңбыр суы мен топырақтың араласқан қоймалжыңы.

- Ал шық – аяққа жабысқан балшықтан арылу, шық дегені.

- Осы жаңылтпаш оқыған мәтіннің қай кейіпкеріне қатысты?

- Көкқұтан жайлы не білесіңдер? (балалардың жауабы)

- Жақсы. Әрі қарай біздің үш кейіпкеріміз жүре берді. Содан кейін не болды екен? Тыңдайық (мұғалімнің суретті бейнемен баяндауы )

- Қазір енді мәтінді бір-бір сөйлемнен оқиық. Түсініксіз сөздерді белгілейміз, артынан мағынасын түсіндіремін. (әр оқушыға бір–бір сөйлемнен оқытамын.
Сөздікпен жұмыс:

- көз жеткісіз – шексіз созылып жатыр.

- таңдайы кепті – шөлдеді.

- көде – далалы жерде өсетін шөп.

- үйіріліп – аспанды жапты.

- жердің миы шығып – балшық.болды.

- деп қамықты — уайымдады.

- жарықшақ – жердің тілінген жерлері.

- Біздің кейіпкерлеріміз нелермен кездесті? (бозторғай, жауынқұрт)

- Бозторғайдың мекені қандай екен? (жазық дала, аптап тұрған ыстық )

- Ал жауынқұрттың ше? (жауыннан кейінгі батпақ жер)

- Ал сенлерге осы айтылған мекендер ұнады ма? Неге? ( балалардың жауабы. - Ендеше бүгінгі екі кейіпкердің бірі-бозторғайға арнап 5 жолды өлең құрайық.

Бозторғай

Ұсақ, қоңыр

Ұшады, қонады, қоректенеді

Даланың сәні – бозторғай

Құс.

( 6-7 оқушыны тыңдау. )



- Ребус шешу.

- Қазақстан – біздің …………………………………..(Отанымыз, туған жеріміз, атамекеніміз, туған өлкеміз. )

Ол – кең байтақ, табиғаты әсем де көркем, пайдалы қазбаға бай, көп ұлт өкілдері тұратын мемлекет. Қазақстанның қай жерінде тұрсақ та, біз сол жердің толыққанды мүшесіміз.

Бақытты, бейбіт елде туып, өмір сүріп жатырмыз. Биыл Қазақстанның тәуелсіздігіне – 23жыл. Біздің қосатын үлесіміз – сабақтан қалмай, сапалы да саналы білім алу.

- Ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал- мәтелдер білеміз? (оқушыларды тыңдау; 1 – 2 мақалдың мағынасын ашу. )

- Мақалдардың бәрі не туралы айтылған? ( Қазақстан картасын ілемін )

- Олай болса, Қазақстанға, туған жерімізге арнап тілек жазайық. (жазғандарын оқып, картаға іледі )
- Мінекей, балалар, мынау – сендердің кішкентай жүректеріңнен шыққан тілектер. Осы жазған тілектерің орындалсын. Ол үшін біз жақсы білім алып,оқуымыз керек. Бүгінгі сабағымызды «Атамекен» әнімен аяқтайық.

Атамекен.

Жасыл жайлау түкті кілем, көк кілем

Көк кілемде көп аунаймын көп күлем

Айдарымнан сипап өткен самалды

Қазағымның алақаны деп білем

Қайырмасы:

Қайда жүрсем атамекен

Көкейіңде жатады екен

Күннің өзі үясына,

Қимай оны батады екен.

Бағалау

Үйге тапсырма: 76 – 77 бет ( мазмұндау) 5жол өлең жауынқұртқа құрау

Сабақтың тақырыбы: Күләш Ахметова «Астана»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға ақын Күләш Ахметованың өмірі, шығармашылығы туралы айта отырып,өлеңнің негізгі идеясы туған жерді сүю,қадірлеу екендігін ұғындыра отырып,оқушылардың өз Отанына деген мақтаныш сезімдерін туғызу,білім алуғаталаптандыру.Оқушылардың шығармашылық қиялын,жүйелі ойлау қабілетін,сөздік қорын молайтып,тіл байлығын дамыту. Оқушыларды патриоттық тәрбиеге баулу.Туған жерін,елін сүюге, табиғат әсемдігін таныта және қорғай білуге тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

-Балалар бүгінгі біздің әдебиеттік оқу сабағымыз ерекше болмақ.Өйткені бізге сабағымызға қонақтар келіп отыр.Қазақ халқы қонақтарын ерекше сыйлап, бар жақсысын алдарына тосқан.Олай болса біз де салтымызға сай азамат екенімізді көрсетейік.Олай болса:

Әрбір адам? Туысым,досым,жұрағат.

Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат.

Әрбір ісің? Тірлік,тірек,адамдық.

Әрбір сөзің? Шындық,бірлік, адалдық.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-«Кімнің мекені жақсы?» мәтінінің авторы кім?

-С.Жүнісов туралы кім айтып беремін дейді?

1.«Кімнің мекені жақсы?» мәтінін бөлімдер бойынша 3 қатарға берген болатын-

мын.Қане, кім бастап айтамын дейді?(3 баладан сұрау)

2.Қазір енді осы мәтіннің құрылымына құралған сахналық көріністі тамашалайық.

ІІІ. Жаңа сабақ Күләш Ахметова «Астана»

-Жақсы балалар үй жұмысына жақсы дайындалып келген екенсіңдер,«Кімнің мекені жақсы?» мәтінінде айтылып отырған негізгі ой не?(туған жер,туған ел)

-Ендеше біздің туған жеріміз,туған еліміз қалай аталады?(Қазақстан)

-Ал Қазақстан туралы не білеміз? Қазақстан қандай ел?(тәуелсіз,егеменді ел)

-Дұрыс айтасыңдар, Еліміз егемендігін қашан алды? (1991 жылы 16 желтоқсан)

- Қазақстан Республикасының Президенті кім?(Н.Ә.Назарбаев)

-Жақында қандай мереке келе жатыр?(1желтоқсан-алғашқы президент күні)

-Иә,Республикамызда әр түрлі ұлттар тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

-Бүкіл әлем таныған «Лондон-2012»олимпиадасында Қазақстан нешінші орын алды? Неше алтын, неше күміс, неше қола алды?

-Осы Қазақстанымыздың бас қаласы қалай аталады?(Астана)

-Иә, Астана қаласы туралы толық мағлұмат алу үшін мына экранға көңіл аударайық.(Астана қаласы туралы видиофильм көрсету.Әрбір салынған зәулім де әдемі жерлері туралы айтып көрсету.)

- Олай болса, «Астана »өлеңімен танысайық.Бұл өлеңнің авторы Күләш Ахметова-1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстан Республикасы, Талас ауданы, Киров ауылында дүниеге келген.Ақын, жазушы. Өлеңдері бірнеше тілге аударылған.

1.«Астана»өлеңін мәнерлеп мұғалімнің оқуы.

2.Оқушылардың шумақтап тізбектеп оқуы.

3.Өлеңмен жұмыс:

-4 тапсырмаға назар аударайық.

-Өлеңдегі ақын ойын сызбаға сүйеніп түсіндір.

А)Сарыарқа ә)Алатау б) Алматы

Алматы Астана

Есіл


Астана

Бәйтерек


А) Бұл жерде ақын ауызбірлікке,бейбітшілікке,егеменді ел болуға Отаныңды,еліңді қорғауға шақырып тұр.

ә) Алматы бас қала болған кезде де біз біраз жетістіктерге жеткенбіз.Ең бастысы тәуелсіздікке қол жеткізгенбіз.

б) Ақын өлеңдегі Алматы мен Астана сөздерін адамның көз жанарына теңеген,себебі Алматы мен Астана да Қазақстан Республикасының құтты мекені десек те артық айтқандық болмас.Алматы бұрыңғы тарихы бар астана болса,Астана қазіргі бас қала.Алматыда «Тәуелсіздік монументі» болса,Астанада 97 метр биіктікте орналасқан «Бәйтерек» монументі бар.

5.Өлеңнен осы сөздердің әрқайсысына қатысты жолдарды тауып, тұтастай оқы. М: Өз Астанаң өз қолымен соғылған.

6. Алматы мен Астана аттары неге қатар аталады деп ойлайсың? «Күн шұғыласы»ойыны. Алматы деген сөзді айтқанда көз алдыңа нені елестетесіңдер?

Тәуелсіздік монументі Алатау тауы

Алматы



апорт алмасы Алғашқы бас қала

Медеу мұзайдыны Мәдени орталығы
Сергіту сәті:Қазақ жері.Маржан Арапбаева

Дәптермен жұмыс:

Астана. Күләш Ахметова.



Шығармашылық жұмыс:

82-беттегі суретке зер салып қара.Сурет сенде қандай сезім туғызды?Ақынға ілесіп,суреттен алған сезіміңді өлеңмен жеткізіп көр.

Бәйтеректің басына сен шықтың ба?

...


-Жақсы,енді сабақ басталғаннан бері туған жер, туған ел деп жатырмыз.Кім осы туған жерге, туған елге байланысты қандай мақал-мәтелдер біледі екен? Қане айтайықшы.

Сабақты қорыту.

-Сонымен, балалар бүгін сабақта қандай жұмыстар жасадық?

-Ендеше,тәуелсіздігіміздің тірегі,еліміздің жүрегі-Астанамыз асқақтай берсін!

Үйге тапсырма.

- «Астана» өлеңін мәнерлеп оқу.


«Астана-бас қала» атты эссе жазып келу.
Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Д.Әбілов. Туған тілім.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқытып, өлеңнің мазмұнын ашу.



Сабақтың міндеттері:

1. Мәнерлеп, түсініп оқу дағдысын қалыптастыру.

2. Сөздік қорын молайту, еркін өз пікірін ашық, еркін айта алатын тұлға дамыту.

3. Ұжыммен жұмыс жасай отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, тапқырлыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

К. Ахметованың «Астана» өлеңді жатқа оқу,

Үй тапсырмасын бекіту: «Ой шақыру» стратегиясы

- Астана туралы кім не біледі?

Астана біздің Отанымыздың жүрегі. Ал енді Отан деген сөздің не екенін сендер жақсы білесіңдер.

ІІІ. Жаңа сабақ

III Қызығушылықты ояту.

М. Мақатаевтың «Отан» өлеңін еске түсірейік

- Осы өлеңдегі ақынның қасиетті тіл дегені қай тіл?

- Қазақ тілі.

- Қазақ тілі біздің қандай тіліміз болып есептеледі? (бала жауабы).

...... – ана тілім ..... – мемлекеттік тіл

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл қазақ тілі екендігін Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 бабында бекіткен.Сондықтан әрбір қазақ азаматы қазақ тілін білуі керек.

« Тіл» деген ұғымды кім қалай түсінеді? әдебиет жүрегі

........байлығымыз мәдениетіміз.......

.......ұлттығымыз намысымыз......

......арымыз.

IV. Мағынаны тану.

Д. Әбілевтің «Туған тілім» өлеңімен танысамыз

Д. Әбілевтің өміріне тоқталу. (1907-2003)

Әдебиетіміздің ақсақалы Д. Әбілев 1907 жылы 26 желтоқсанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1926 ж «Қызыл әскер атты алғашқы өлеңі, 1928 ж «Сырлы шкафтың сыры» атты бірінші әңгімесі жарық көрген. 71 жыл бойы қазақ әдебиетінің өркенін өсіріп, мерейін биіктету жолында қаламымен қызмет етті, көптеген кітаптар дүниеге келді. Оның артта қалған мол мұрасы ұрпақтың рухани қазынасына айнала берері сөзсіз.


«Туған тілім» өлеңін мәнерлеп оқу.

Сөздік жұмысы (Түртіп алу стратегиясы)

Бабам – үлкен ата далам - туған жер

Оқушыларға оқыту. (Іштей, дауыстап топпен)

Сергіту сәті:

Ой толғаныс «Жинақтау тәсілі»

1 топ. Тіл туралы мақал-мәтел құрастыру

2 топ Тіл туралы өлең шығару

3 топ Эссе жазу

4 топ «Туған тіл» орнына «қазақ тілі» сөзін қойып, өлеңді мәнерлеп оқу.


Бекіту:

Оқушылар, біз Тәуелсіз егеменді ел болғанымызға 23 жыл толғалы отыр. Тәуелсіздігімізді, еркіндігімізді баянды етер басты қаруымыз – туған тіліміз. Адамды мұратқа жеткізетін ана тіліміз бен ата дәстүріміз.



. Бағалау:

Үйге тапсырма: өлеңді жаттау.

Сабақтың тақырыбы: Ө.Тұрманжанов. Туған өлкем.

Сабақтың мақсаты:

1. Отан, туған жер, туған тіл жайлы түсініктерін, оның табиғатының әсемдігі, байлығы жайлы түсініктерін тереңдету. Ө. Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңін оқу, мағынасын түсіндіру.

2. Өз ойларын айта білу дағдыларын дамыту. Тіл байлықтарын дұрыс сөйлеу, қатесіз, түсініп оқу дағдыларын дамыта түсу.

3. Туған жерді, елді, қастерлеу, тілді бағалай білу, ата - ананы сыйлау, халқыңа пайда келтіру сияқты адамгершілік асыл қасиеттерге баулу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Туған тілім» өлеңін жатқа айту,

ІІІ. Жаңа сабақ

- Бүгін сабақта «Неткен сұлу, неткен көркем, осы менің туған өлкем» атты тарауды әрі қарай жалғастырамыз. Және табиғаттың әсем жері таудың биік шыңына шығамыз. Ол үшін түрлі тапсырмаларды орындау керек. Осы тапсырмаларды орындау арқылы тау шыңындағы "Болашақ ұландар" атағына ие боламыз. Тау шыңына жету үшін 7 асудан өтуіміз керек. Ендеше дайынбыз ба?- деп, оқушылар ойы сұралады.



1 - асу. Үй тапсырмасын тексеру

1 - топ: Д. Әбілев «Туған тілім» өлеңін жаттағандарын топта бір - біріне айту.

2 - топ: Қазақ тілі сөзін "Туған тілім " тіркесінің орнына қойып айту көзделеді.

3 - топ: Топтағы оқушылар тіл туралы мақалдар бойынша жұптасып жұмыс істейді. Жаттаған мақалдарын бір - біріне айтады.



2 - асу. Жаңа сабақ

1. Неткен сұлу, неткен көркем – өлең тыңдау

- Балалар, өлең ұнады ма?

- Біздің жеріміз қандай екен?(сұлу, көркем, әсем, әдемі, көркем, тамаша, көз тоймайтын)

М:- Олай болса, бүгін біз Өтебай Тұрманжанов атамыздың «Туған өлкем» өлеңімен танысамыз. Алдымен тақтаға назар аударып, ақын өмірімен танысып алайық. Өлеңмен жұмыс.

1.тыңдау

2. Сөздік жұмыс: Жұпар - өте жақсы, хош иіс; шалқып, тасқан - өркендеген; бақыт тапқан - бақытты.

3. Өз беттерімен дауыстап оқу.

3 - асу. Мәнерлеп оқу. Әр топтан бір оқушыға мәнерлеп оқу үлгісін көрсетуді сұрау және ақын сезімін білдіретін сөздердің астын сызу, түсіндіру.(1 - т. қуаныш, 2 - т. мақтаныш, 3 - т. өкініш, 4 - т. шаттық.)

4 - асу. Сергіту сәті.

Бір,екі,үш

Бойға жинап күш.

Әдемі етіп жазайық,

Біз бақытты баламыз.
5 - асу. Өлеңге сай сурет таңдау

6 - асу. Бекіту: Тыңдалған ән мен ақынның өлеңін салыстырып көр:

ӘН Екеуі де туған жер туралы


Екеуі де қуанышты, көңілді сезімде

Өлең Екеуі де мектеп туралы




7 - асу. Қорытындылау.

ӨЛЕҢ ҰЙҚАСҚА ҚҰРЫЛАДЫ.


Көгінде күн нұрын төккен,


Жерінде гүл жұпар сепкен.




Неткен сұлу, неткен көркем,


Осы менің туған өлкем.

ТАПСЫРМА
ӨЛЕҢНІҢ 2-ШІ, 3-ШІ ШУМАҚТАРЫ ҰЙҚАСЫНЫҢ СЫЗБАСЫН ТАП.
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
Ер еңбегі шалқып, тасқан,
Ел еркіндей бақыт тапқан.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.

1) 2)











Үйге тапсырма: «Туған өлкем» Өлеңді жаттау

Сабақтың тақырыбы: Бөлімді қайталауға арналған тест.

Сабақтың мақсаты:

Өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау, Отан туралы өлеңдерді жатқа айту. Еңбекке деген қадір-қасиет пен Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру.



Сабақтың түрі: бекіту сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер, тапсырмалар

Пән аралық байланыс:өзін-өзі тану,дүниетану



Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Туған өлкем» өлеңін жатқа оқу,

ІІІ. Бекіту сабағы

Бөлімді қайталауға арналған тест.

Ойын: Бақыт ағашы.

Мақсаты: Отанға деген өз тілегіңді арнау.

Шарты: Жапыраққа өз тілегіңді жазып, ағашқа орналастыру.

Тыныштық сәті

- Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар да, терең тыныс алыңдар. Енді көз алдарыңа Қазақстанның болашағын елестетіп көріңдер. Биіктігі көк тіреген ғимараттар, күн шуағына бөленген бақытты балалар, балаларының қуанышына мәз болған аналар, оқушылардың бестігін мақтан тұтқан ұстаздар, ғарышпен сөйлесіп тұрған дана ағалар, немерелерінің ақылдығына риза болған аталар. Қазақ тілінде сөйлесіп тұрған басқа да туысқан халықтар.

Қазақстанның қай өлкесін аралап жүрсең де өздеріңді бұлтсыз аспан, қалықтаған құс, жайқалған гүл, жайнаған бақ, жарқыраған күн сияқты сезініңдер. Бұл – біздің Отанымыз.

Осындай бақытты, бейбіт елде туып, өмір сүріп отырғанымыз үшін Отанымызға іштей рақмет айтайық. Отанға деген осындай ризашылық сезіммен бұрынғы қалпымызға келейік.



«Әннің атын тап!»

Ән не туралы?

1-топ Саржайлау с. М.Мақатаев ә. Н.Тілендиев

2-топ Сәлем саған, туған ел ә: К.Дүйсекеев с: Ш.Сариев

3-топ Алтын бесік Жәудір Артықбаева

Поэзия минуты.

«Отан» туралы топ басшылары өлеңді жатқа оқу.



Бөлімді қайталауға арналған тест.


  1. «Ыстық қой, шіркін, туған жер!» деген сөздер кімнің шығармасында келтірілген?

А)М.Мақатаевтың

Ә)Ж.Аймауытовтың

Б)Ж.Смақовтың

В)С.Жүнісовтің



2) «Қоңырсыған сүт, қайнатқан қаймақ иісі...түтіннің иісі» деген жолдар кездесетін мәтінді ата.

А)М.Мақатаев Отан

Ә)Ж.Смақов Отан

Б)Ж.Аймауытов Қартқожаның туған жері

В)Ө.Тұрманжанов Туған өлкем

3)Ж.Смақовтың өлеңі қалай аяқталады: Өйткені ол Отан-...

А) Ұлы Отан

Ә)Жан Отан

Б)Сол Отан

В)Бұл Отан

4)С.Жүнісовтің «Кімнің мекені жақсы?» мәтінін есіңе түсір,

Өзі тар, өзі қараңғы, өзі қауіпсіз ненің мекені?

А)Құмырсқаның

Ә)Құрбақаның

Б)Тышқанның

В)Жауынқұрттың

5) С.Жүнісовтің «Кімнің мекені жақсы?» мәтінін есіңе түсір,

Өзі жайлы, өзі биік, өзі жұмсақ ненің мекені?

А) Құрбақаның

Ә) Құмырсқаның

Б)Көкқұтанның

В) Тышқанның
6) С.Жүнісовтің «Кімнің мекені жақсы?» мәтінін есіңе түсір,

Өзі салқын, өзі дымқыл, өзі көлеңке ненің мекені?

А) Көкқұтанның

Ә) Құмырсқаның

Б) Тышқанның

В) Құрбақаның

7)Бөлімдегі М. Мақатаевтың өлеңі қалай аяқталады:

Отан, Отан

Бәрінен биік екен

Мен оны мәңгілікке ....

А)Ұнатамын

Ә)Мақтан етем

Б)Сүйіп өтем

В)Жырлап өтем
8) Ағынды өзен, асқар тау, қасиетті тіл кімнің өлеңінен алынған көркем сөздер?

А)М.Мақатаевтың

Ә)Ж.Смақовтың

Б)Ө.Тұрманжановтың

В) К.Ахметованың

9)Астанаға жыр арнаған ақынды ата.

А)М.Мақатаев

Ә)Ж.Смақов

Б) К.Ахметова

В) Ө.Тұрманжанов

10)Ө.Тұрманжановтың өлеңі қалай аяқталады?

Неткен сұлу, неткен көркем,

...............................................
А)Көгінде күн нұрын төккен

Ә)Жерінде гүл жұпар сепкен

Б)Ел еркіндей бақыт тапқан

В)Осы менің туған өлкем



ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

ҮЙГЕ: өткенді қайталау

Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама №3 «Менің елім»

Сабақтың мақсаты:

Тарау бойынша алған білімдерін пысықтау. «Отан» сөзінің мағынасын тереңдете ашу. Отанға деген сүйіспеншіліктерін өз сөздерімен жеткізе білуге дағдыландыру. Туған жерге, Отанға құрметтерін арттыру



Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Туған өлкем» өлеңін жатқа оқу,

ІІІ. Бекіту сабағы

А)Қостанай облысы,

Қостанай қаласы,

Рудный қаласы туралы мәлімет беру

Ә) Отан, туған жер, туған ел туралы мақал-мәтелдер айту

Б)Мәтінді оқып, мазмұнын әңгімелеу



Мазмұндама №3

Менің елім

Осы кең-байтақ үлкен жерде әрбір адамның туған жері – өзінің ауылы, көшесі, үйі бар. Ол – оның кішкентай Отаны. Осындай кішкентай туған жерлерден үлкен Отан құралады. Сен осы жердің қай бұрышында тусаң да, бүкіл жер – сенің Отаның, туған елің. Сен оны мақтанышпен:

-Бұл менің елім – Қазақстан Республикасы!- дейсің.

Ө. Қанахин

В)ДӘПТЕРМЕН ЖҰМЫС

Менің елім

Менің үйім, менің Отаным...

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

ҮЙГЕ: өткенді қайталау
Сабақтың тақырыбы: Қыста талай қызық бар

Міржақып Дулатов «ҚЫС»



Сабақтың мақсаты:

Автормен таныстыру. Оқушыларға қысқы табиғат құбылысы туралы және адамдар мен жануарлар жайлы түсінік беру.

Қыс туралы алғашқы білімдерін толықтыра отырып, қысқы даланы, қысқы орманды сипаттай білуге, көркем сөздер топтамасын жинақтай білуіне жағдай жасау.Табиғат көріністерін тамашалау, әр жыл мезгілінің кереметін байқау арқылы оны бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

ІІІ. Жаңа сабақ

Қызығушылығын ояту.

1. Сөзжұмбақ шешу. Сөзжұмбақ шешу үшін, жұмбақтарды шешіп, торкөз - дерді толтыру.

а) Қыста ғана болады, ә) Есіктен кіреді еңкейіп, б) Отқа жанбас,

Ұстасаң қолың тонады. Төрге шығады қампиып. Суға батпас.

қ а р


а я з

м ұ з


ЙА+Я - ережесін еске түсіру: АЙАЗ - естілуі, АЯЗ - жазылуы.

- Қазір қандай мезгіл?-

- Жыл мезгілі нешеге бөлінеді?

- Қыс айларын ата?

- Үй жануарларының қысқы тіршілігі туралы еске түсіреміз?

- Дала аңдары туралы не білесіңдер?

- Қыс мезгіліне қандай өлең - жырларың бар?

- Бұл өлеңде қысты қалай сипаттаған? (Түн ұзарып, күн қысқарады)

1 - кезең: Тірек сөздермен жұмыс. Тақтаға жазу.(+- белгілеу)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет