Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин.«Кел,балалар,оқылық»



бет11/23
Дата25.03.2017
өлшемі6,39 Mb.
#12371
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23

ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС

Мәтінді мәнерлеп оқу

Суретпен жұмыс

1)Жылдың қай мезгілі бейнеленген?

2)Не көріп тұрсың?

3)Балапан неге жылы жаққа кете алмаған?

4)Мәтіндегі жазушы сөзін пайдаланып суреттегі балапанның қимылын, іс-әрекетін сипатта.

*Шығармашылыө тапсырма

1-топ Балапанның халі қандай көңіл күй туғызады?

2-топ Құстарға көмек


ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ

Үйге: Балапан қанат қақты (оқу, мазмұнын айту)




Сабақтың тақырыбы: Зейнолла Шүкіров «Ақша қар»

Сабақтың мақсаты:

Өлеңнің негізгі идеясын ашу. Қыс мезгілінің ерекшелігімен танысу.

Міндеттері:

1. Өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға төселдіру, қыс мезгілінің ерекшелігін әңгімелеу.

2. Оқушылардың көркем сөйлеуін, өз ойларын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын кеңейту.

3. Табиғатты қорғауға, сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

- М. Жұмабаев кім?

- «Балапан қанат қақты...» М. Жұмабаев.

Әңгімені өз беттерінше аяқтау керек. (3-4 баланы оқыту, қалған шығармашылық тапсырмаларды жинап алу).

- Біз жылдың қай мезгілі жайлы шығармалармен танысып жатырмыз? Қыс айларын атаңдар. Қазір қай ай? Бұл айда қандай мереке болады? Тәуелсіздік алғанымызға неше жыл болды? Тәуелсіздік дегенді қалай түсінеміз?

Бүгінгі өтетін тақырыбымыз да қыс мезгіліне қатысты екен.

І. Қызығушылықты ояту: Жаңылтпаштар оқу.
а) Бұл қар –

Сұр қар.


Сұр қар –

Кір қар.


Үстінде ойнама

Үстіңді былғар


ә) Қырбық қар құрғақ па,

Құрғақ қар құрғақ па?

Қырбық қар да құрғақ,

Құрғақ қар да құрғақ.

- Балалар, жаңылтпаштардан қардың қандай түрлері бар екенін білдік. (Сұр, кір, қырбық т.с.с.)

Енді жауаптарымызды тақтаға жазып көрейік.





ІІ. Мағынаны тану:

- Балалар, бүгінгі сабақта біз қар туралы, оның түрлері туралы айтып жатырмыз. Ендеше жаңа сабағымызды қарға байланысты екен.



ІІІ. Жаңа сабақ Зейнолла Шүкіров «Ақша қар»

- Өлеңді оқымас бұрын, оның авторымен танысып алайық.

Шүкіров Зейнолла (1927–1979)

Қызылорда облысының Арал ауданындағы Бөген кеңесінде туған. Бастауыш білім алғаннан кейін қатты науқастанған. Бірақ төсек тартып жатқанмен, мүгедек халіне ерлікпен, төзімділікпен төтеп беріп, қайсар жас өздігінен білім алған. Сөйтіп бар өмірін жазушылыққа арнаған. Өмірінің соңына дейін жазушылық қаламын қолынан түсірмей, ондаған кітап ұсынды.

• Өлеңді мұғалімнің оқуы.

2. Ақша қар

(мұғалім оқиды)

Айналамда ұшып жүр

Ақ мамық қар себелеп.

Қалт-құлт еткен бейне бір

Ақ қанатты көбелек.


Үстіме жалп-жалп жауады

Ақ тауықтың жүніндей.

Жайнатады даланы

Ақ жібектің түріндей.


Ақ желегін жамылды

Сұрғылт тау-тас, сай-сала.

Ақ қардан көрпе жамылды

Ауыл үсті айқара.


• Өлеңді оқушылардың іштей оқуы. Таныс емес сөздерді түртіп алу. Түсінік беру.

• Өлеңді дауыстап, мәнерлеп оқу (3-4 бала).

• Сұрақтарға жауап беру.

- Ақын ақша қарды неге теңейді? Өлеңнен тауып көрейік.

Топтастыру.

Ақ мамық, ақ қанатты көбелек, ақ тауықтың жүніндей, ақ жібектей, ақ желек, ақ көрпе.



Сұрақ:

1. Өлең не туралы?

2. Ақын ақша қарды неге теңейді? Өлеңнен теріп дәптерге жазу.

Ақ мамықтай

Ақша қар Ақ қанатты көбелек

Ақ жібектің түріндей

Ақ тауықтың жүніндей
ІІІ. Ой қозғау.

Әдебиет үйірмесі.

1-қатар.Жазушылар тобы. Сурет бойынша әңгіме құрау, жазу.

2 – қатар. Суретшілер тобы. Сурет салу.

3 – қатар. Сілтеме табушы топ. Мақал – мәтелдер жазу. Орындаған тапсырманы оқу, қорғау.
Ұйқас бойынша өлең құрау:

Аппақ ------ қар жауар,

----------------------- қуанар.

Аққала соғып, жарысып

--------- --------- балалар.

Автор орындығына отырып қыс мезгілі жайында әңгімелеу. Жағымды және жағымсыз жақтарын айту.

Кестені толтыру:

Нені білдім?

Не үйрендім?

Нені білгім келеді?

Автор орындығына отырып қыс мезгілі жайында әңгімелеу.
Үй тапсырмасы.- «Ақша қар» өлеңді жаттау.

Бағалау:


Сабақтың тақырыбы: Т.Молдағалиев. Он алтыншы желтоқсан.

Сабақтың мақсаты:

І. Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру арқылы, он алтыншы желтоқсан туралы мәлімет беру. Негізгі ойды түсінуге жағдай жасау.

ІІ. Оқушыларды тақырыпты тыңдай және оқи отыра өз шығармашылығын еркін ойлау арқылы туған жерін, елін, Отанын сүюге, қазақ елінің ұлттық нышандарын қастерлеуге дамыту.

ІІІ. Еліміздің табиғаты мен байлық қазынасын қорғауға, ел бірлігін ойлай білетін ұлтжанды, патриот сезімі оянған, өз ойын айқын, көркем жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға етіп тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

Сәлем саған күн, сәлем достым

Сәлем саған жер, мен сені сағындым.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

«Ақша қар» өлеңді жатқа айту.



ІІІ. Жаңа сабақ Т.Молдағалиев. Он алтыншы желтоқсан.

А) Оқулықпен жұмыс

(Тұңғыш елбасы айлығымен байланыстыру. Елбасының еліне жасаған игі істері, оның халыққа деген құрметі және елордадағы ғимараттар туралы әңгімелеу).

Диалогтық әдіс арқылы оқушылардың ойларын қозғау жаңа тақырыптың мазмұнына тоқталу.

(Оқушыларға берілген тақпақтарды айтқызу арқылы тәуелсіз мемлекет екенімізді еске түсіру.)

Автордың өмірбаянынан қысқаша мағлұмат беру.



Тұманбай Молдағалиев 20.03.1935 жылы туған, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, "Жарсу" совхозы – қазақ ақыны. Қазақтың Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді (1956). "Пионер" журналында (1959-70) жұмыс істеді. "Балдырған" журналының жауапты хатшысы (1970-1973) болды. 1973 жылдан "Жазушы" баспасы жанындағы Балалар және жастар әдебиетінің бас редакциясы мен "Жалын" альманахының бас редакторы және т.б. ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударды. Қазақстан мемлекетінің атақты ақын жазушысы Тұманбай Молдағалиев 2011 жылы қазанның 10 күні дүниеден озды.

«Он алтыншы желтоқсан» өлеңін мәнерлеп оқу.

Оқушыларға орнынан іштей мәнерлеп оқу тапсырылады.

Сергіту сәті:

Басымызда күн біздің,

Бәйтеректей көктеген.

Ұшып көкке самғаған.

Жортқан дала құмында,

Жас ұрпақпыз біз деген.

(Дәптермен жұмыс)

Балалар оқып болсақ осы тәуелсіздік күні туралы ой толғаныстарыңды дәптер бетіне жазайық. Отанға байланысты мақалдарда жазуға болады.

Ия жазып болсақ, кәне оқиық. (мағынасын аша отырып талдату)

Балалар міне осы жазған тілектеріңнің барлығы жарқын күнге байланысты екенін байқадыңдар ма?

Тәуелсіздік дегеніміз - шаңырағымыздың тыныштығы күннің шуағындай бірлікте, достықта өмір сүру, өз теңдігімізді білу.

Біз кәзір қолымызда тұрған қағаздарды пайдалана отырып жарқыраған күн бейнесін жасаймыз. (Оқушылардың өзіндік қолданбалы өнерлері)

Сабақты қорытындылау:

Ал балалар осы тәуелсіздік дегенде ойымызға не келеді?

Ол жер, отан, ел, туған ел, еліміздің рәміздері.

Дұрыс айтасыңдар олай болса сендер жасаған күн мына менің де күнім болсын осы тәуелсіздік күніне байланысты ойласып жазып көріңдерші.

(Оқушылар таратылған күннің шуақтарына осы мерекеге байланысты ойларын жазады, тақтаға жабыстырады)

Мысалы: Отан, елтаңба, ту, т.б

Оқушылардың шығармашыл ойларын жинақтау мақсатында логикалық сұрақтар қою арқылы «Елбасы» сөзін жазып шығару.
Біз қай сыныпта оқимыз? Екінші

Жазғы демалысты біз қайда өткіземіз? Лагерьде

Біз сабақтан не аламыз? Баға

Біз қай қалада тұрамыз? Астана

Біз не оқимыз? Сабақ

Жазда күн қандай болады? Ыстық


Олай болса біз «Елбасы» сөзін құрадық елбасы бар мемлекеттің тыныштығын, бірлігін ойлаған адам.

Тәуелсіз еліміздің теңдігі, еркіндігі, бостандығына арнап құрметпен елімізде «Тәуелсіздік монументі» ескерткішін орнатқан болатын.

Оны 10.10.2011 Тәуелсіздік монументі – Қазақстанымыздың жиырма жылдығына байланыстырып 20 метр биіктікте жасалынған. Еліміздің егемендігін айғақтайтын ең алғашқы қастерлі нышандарының бірі.

Бағалау: Оқушыларға сабақ барысында таратылған кеспе суреттер

арқылы бағалау.



Үйге тапсырма: «Он алтыншы желтоқсан» 97-бет өлеңді жаттау.

Сабақтың тақырыбы: Қайраттың жазу дәптерінен.

Сабақтың мақсаты:

Қазақстан тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ жастары туралы мағлұмат беру.Батырдың биік тұлғасын суреттеу арқылы ұлтын сүйетін, елінің болашағына, өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосатын табанды азамат тәрбиелеу. Оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру, байланыстырып сөйлеуін дамыту, өзіндік ой-пікірін айта білуіне баулу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

- Әрбір адам? - Туысым, досым, жұрағат.

- Әрбір сабақ? - Үйрену, ұғу, ұлағат.

- Әрбір ісің? - Тірлік, тірек, адамдық.

- Әрбір сөзің? - Шындық, бірлік, адалдық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

- Осы қыс мезгілінің айларын атайықшы?

- Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

- «Тәуелсіздік» сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер? (Оқушылардан жауап алу).

- Ал, біздің еліміз тәуелсіздікті қашан алды? (жауап алу)

- Ендеше, оқушылар 16 желтоқсан – Қазақстан Тәуелсіздігін жариялаған күн.

- Биыл біз тәуелсіздіктің неше жылын тойлаймыз? (20жыл).

- Тәуелсіздікті қашан алдық?

- 1991 жылы 16 желтоқсанда.

- Міне, балалар тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ.

- Осы біздің тәуелсіздігімізге, егемендігімізге көптеген ақын, жазушы ағаларымыз, аталарымыз өлеңдер арнаған екен.

- Олай болса, біз бүгін Т. Молдағалиев атамыздың «Он алтыншы желтоқсан» деген өлеңін жатқа айту


ІІІ. Жаңа сабақ Қайраттың жазу дәптерінен.

- Ендеше, балалар, біз Т. Молдағалиев атамыздың «16 желтоқсан» өлеңімен таныссақ, басқада ағаларымыз «Желтоқсан» оқиғасына арнап әуені мен өлеңдер арнаған екен.

- Осы тәуелсіздіктің бізге оңайлықпен келмегенін білдік. Тәуелсіздік, егемендік жолында қазақ жастары шеруге шықты. Сол желтоқсан оқиғасының ішінде біздің ауылдас ағаларымызда болды.

Олар: Сарболаев Абзал, Шәудірбаев Ғабит, Қашығұлов Жәнібек, Озғанов Саттар т.б. ағаларымыз болды.


Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан

Тарихы оның тым әріден басталған

Бостандықтан құтқарам деп елімді

Талай боздақ қара жерді жастанған – демекші, біздің көптеген аға – апаларымыз желтоқсан оқиғасының құрбандары болды.

- Біздің осы аға-апаларымыз желтоқсанда ерлігімен, өжеттігімен, батылдығымен, батырлығымен көзге түсті.

Солардың ішінде біз бүгін Қайрат ағамызға ерекше тоқталамыз.

Қайрат Рысқұлбеков

Жан сыры.

- Осы абақтыда жатқан кезде өзінің ішкі жан сырын қағаз бетіне түсіріп отырған.

- Ендеше, бүгін бізге де «Қайраттың жазу дәптерінен» үзінді берілген екен. Сонымен танысайық.

(тақырыпты жаздыру)

1. Өзім оқулықтан оқып беремін.

2. 2 оқушыға оқытамын.

3. Сұрақтарға жауап алам.

а) Мәтінде қорқақтық туралы не делінген? Сенің пікірің қандай?

ә) Қ. Рысқұлбековтің асыл міндет деп отырғаны не деп ойлайсыңдар? (оқушылардан жауап алу)

Қайрат өз халқының бостандығын, ел болашағын, тәуелсіздігін өз алдына мақсат, асыл міндет етіп қойды.

Қайраттың өмірден өткеннен кейінгі өмірі.

- Міне, оқушылар қазір біз Қайрат ағамыздың сөзіне, ісіне қарап сипаттама берейікші.
V. Сабақты қорыту.

- Біз бүгінгі сабағымыздан не үйрендік? Не білдік?

Сандардың сырын айтсақ, артынан бүгінгі сабағымыздың қорытынды, түйінді сөз шығады.

VI. Бағалау.



Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов. Қазақстан.

Сабақтың мақсаты:

Ақын өмірінен мағлұмат беру. Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын меңгеріп тақырыбы мен идеясын аша білуге, өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету. Шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілеттерінің дамуына, тіл байлығының артуына ықпал жасау. Отансүйгіштікке, сөз өнерін бағалап, туған жерді қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі



Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Он алтыншы желтоқсан өлеңін жатқа айту



ІІІ. Жаңа сабақ Қасым Аманжолов. Қазақстан.

Құпия сөз."Қазақстан"

ә) Автор туралы түсінік

Қасым Аманжолов қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыл деген жерде 1911 жылы дүниеге келеді. Майданнан өлеңмен жазған "Ағайыма" деген хатындағы: "Қыс. Қыстау. Атамекен Қызылдағы" дегендегі Қызыл – сол туған жері. Әкесі де сонда қайтыс болады. Жас болса да Қасым соның бәрін есінде жақсы сақтап қалған. Әке-шешеден жастай жетім қалған, ол біраз жыл ағасының қолында өседі. Алғашында жаңадан ашылған ауыл мектебінде оқып, сауатын ашады. Кейін, 1924 жылы, ағасы Қасымды Семей қаласындағы интернатқа орналастырады. Қасым онда 1927 жылға дейін тәрбиеленеді. Одан әрі қарай үш жыл Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды. Алғашқы өлеңдерін де осы кезде жазады. 1930 жылы Алматыға келіп, біраз уақыт "Лениншіл жас" газетінде істейді. 1931 жылы Ленинградтағы орман шаруашылығы институтына түсіп оқиды. Бірақ, денсаулығына байланысты және түскен оқуын да онша ұната қоймағандықтан, бірер жылдан кейін елге оралып, Орал қаласында "Екпінді құрылыс" газетіне қызметке орналасады. Жас ақынның көптеген өлеңдері осы газетте жарық көреді. Әншілік, әртістік өнерге бейім, домбыра, мандолина бастаған бірсыпыра музыкалық аспаптарда еркін ойнайтын ақ көңіл, жайсаң жанды "ерке Қасымның" Оралда болған, әсіресе 1935-1936 жылдары Оралдағы қазақ театрындағы қызмет еткен кезі өміріндегі ең бір қызықты, қымбат шағы болып қалады. Оның бойындағы туа бітті зор таланты да осында белгі беріп, ақындық жолына біржолата бет бұрады. 1938 жылы тұңғыш өлеңдер жинағы "Өмір сыры" деген атпен жарық көреді.

Түсініксіз сөздермен жұмыс.

Түсініксіз сөздерді өлеңді оқыту арқылы таптыра отырып, талдау жүргізу.


Қазақстан

Дүрсілдейді сонау Балқаш жағасы,

Баршы өзің, көңіл қойып қарашы!

Тұр ғой соғып туған дала жүрегі,

Жеріміз бар қасиетті, киелі,

Сен бақытты, атам қазақ баласы

Кең далалы, кең пейілді қазақпыз,

Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз!

Қас тағдырдың қиқаңына көнбейміз,

Ел намысын ешбір жауға бермейміз.

Сертің осы азат жігіт, азат қыз!
. Сергіту сәті.

Дәптермен жұмыс. Шығармашылық тапсырма

Ақын сөздерін берілген сөздермен сәйкестендіру.

Дәптерлеріне орындаған сөз тіркестерін жазу.



Бекіту

(Сұрақ - жауап арқылы алған білімдеріне қорытынды жасалынады)

Сұрақтар:

- Қ. Аманжолов деген кім?

- Бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?

- Қазақстан өлеңінде не туралы айтылған?

- Өлең неше шумақтан тұрады?

Қорыту. Не түсіндік, не ұқтық?

4 жол өлең жолдарын тақтадағы берілген тірек сөздермен құрастырады және жеке оқытылып мадақталады.

-------------------------- барамын.

--------------------------- саламын

--------------------------- аламын.

--------------------------- баламын



Үйге тапсырма. - Қазақстан өлеңін түсініп, мәнерлеп оқу.

- Қазақстан туралы әңгіме жазып келу.



Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Түйе мен тышқан

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушыларға ертегінің мазмұны мен идеясын аша отырып,ертегіні түсініп,дұрыс оқуларын қалыптастыру.

ә)Ауыз әдебиетінің бір саласы ертегіні оқи отырып, қорытынды жасау, негізгі ойды табу дағдыларны дамыту.

б)Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға,сөзбен емес,іспен мақтануға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

Қуанамын мен де

Қуанасың сен де,

Қуанайық, достарым

Арайлап атқан күнге

-Арайлап атқан күнге неге қуанамыз?



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Өлеңді дұрыс, мәнерлеп оқу

ІІІ. Жаңа сабақ Түйе мен тышқан

(16 желтоқсан-тәуелсіздік күніне байланысты айту,яғни елімізде тыныштық, бейбітшілік,тәуелсіздік бар) Жаңа жыл.

Қазақстан картасы, Бәйтерек,Шырша суреттері 5-6 бөлікке бөлініп қиылған сол бойынша топқа бөлінеді.

Топқа бөліну.Қазақстан. Бәйтерек. Шырша.

І. Қызығушылықты ояту.

Отанын сүйетін азамат болып өсетіндеріңе сенемін. Сонымен біздің Отанымыз ҚР. Біз басқа елдермен достық қарым - қатынастамыз.

- Ертегінің неші түрі бар?

Бүгінгі оқитын ертегіміздің тақырыбын білу үшін мына жұмбақтардың шешуін табайық.

Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.



Түйе

Мысықтан бұл қорқады,

Бұдан тілі қорқады.

Тышқан

« Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісін қарау. 3мин.

ІІ. Мағынаны тану

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын табу үшін мына жұмбақтарды шешіп көрелік.Сонымен жұмбақтың шешулері не болып шықты? «Түйе мен тышқан»

Ерте-ерте,ертеде адамдар әр жылды жан-жануарлар атымен атауды ұйғарады. Олар он бір жылға он бір жан-жануардың атын береді.Он екінші жылды атамақ болғанда, түйе мен тышқан өз аттарын ұсынып,бір-бірімен айтыса бастайды.Адамдар олардың екеуін де өкпелеткісі келмей, бұл мәселені өздерің шешіңдер дейді.« Болжау» стр. әр топтан өз ойларын сұрау.Қалай ойлайсыздар, әрі қарай не болады?

Оқушылардың ой-пікірлерін сұрағаннан кейін,әрә қарай ертегіні тыңдау.

.* Ертегі мазмұнымен танысу

*Мүшел дегеніміз не?



Дәптермен жұмыс

Түйе мен тышқан ертегісі



Топтық жұмыс.

І топ Түйе неге жыл атына ие болмай қалды?

ІІ топ Ертегіден мақтанудың жағымсыз қасиет екенін аңғару. Жағымсыз қасиетті айту.

ІІІ топ Берілген нақыл сөзді өз бетіңше аяқтау.

Бойыңа сенбе, … сен.

Сыныппен жұмыс. Артығын тап. Суретпен жұмыс.

-Қай жануар артық? Неге?

Суретке зер сал, жыл аттарынан не артық екенін айту.

Сергіту сәті.

Жылдардың ретін есте сақтаудың оңай әдісі

Түйе сеніп бойына,

Қалған ұмыт жылдардан.

Жатпа қарап, мойыма,

Тойма именіп ділмәрдан

Осы шумақтағы әрбір сөз жыл санаудағы қолданылып жүрген жануарлардың алғашқы әрпімен басталады. Тышқан, Сиыр,Барыс, Қоян, Ұлу, Жылан, Жылқы, Қой, Мешін, Тауық, Ит, Доңыз.

«Сен маған, мен саған» ойыны

*Түйе мен тышқан неге айтысты?

*Олар неге келісті?

*Түйе неге жыл атына йе болмай қалды?

*Жағымсыз қасиетті айт.

*Ертегідегі негізгі ойды тап.

Қазақша жыл санаулары: тышқан,сиыр,барыс,қоян,ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз.

12 жыл-бір мүшел.Мүшел-уақыттың өлшем бірлігі.Адам жасын мүшелмен есептеген.2013ж-жылан,2014ж жылқыны қарсы алу туралы айту.



ІІІ. Ой толғаныс.

І топ «Балық» ойыны. Балықтың денесіне қазақша жыл атауын ретімен жазып шығу.

ІІтоп « Шырша» ойыны .12 жылды атап шыршыға салу.
ІІІ топ «Бәйтерек» ойыны. 12 жылды жылдам жазып шығу.

— Бүгінгі сабақта қандай ертегімен таныстық? Не білдік?

Үйге тапсырма: 99-101-беттер оқу.түс. айту.

Бағалау. Бағалау парағы бойынша айтып, бағасын қою.


Бағалау.

Үйге тапсырма: Ертегіні мазмұндау.

Сабақтың тақырыбы: Шырша жыры

Сабақтың мақсаты:

1) Оқушыларға 1 сыныпта танысқан Ә.Дүйсенбиевтің «Шырша жыры» өлеңін жадында қайта жаңғырта отырып, шырша жөнінде кеңінен мағлұмат беру.

2) Оқушылардың ауызекі сөйлеу қабілетін дамыта отырып сөздік қорын молайту, мәнерлеп оқу дағдыларын, білім-білік дағдыларын дамыту, ойын арқылы сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.

3) Оқушыларға табиғатты аялауға және қорғауға, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа баулу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер сөзжұмбақ, ребус, шырша, шырша ойыншықтары т.б.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылсын.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Оқушыларға «Түйе мен тышқан» ертегісінің мазмұнын айтқызу

Үй тапсырмасын қорытындылау: Жақсы балалар бүгін сабаққа өте жақсы дайындалып келген екенсіңдер.Ендеше қалған оқушылардың білімдерін тексеру үшін «Аққала жасау» ойынын ойнаймыз.


Қ



1. Ертеде адамдар әр жылды қалай
о

атауды ұйғарды?


я



2. Жыл басына нелер таласады?
3. Тышқан қандай қулық жасайды?
н

4. Бойына сеніп,жылдан құр қалған

жануарды ата?


ІІІ. Жаңа сабақ Шырша жыры
- Балалар аққаланың ортасынан қандай сөз шықты?

- Қоян

Қазір қандай мезгіл?



- Қыс

  • Қыс айларын ата?

  • Желтоқсан, қаңтар, ақпан

  • Қыста қандай өзгерістер болады?

  • Қыста қар жауады, боран соғады, аяз болады, су бетіне мұз қатады т.б

  • Қысқы қандай қызықты ойындарды білесіңдер?

  • Шанамен, шаңғымен, конькимен сырғанау, аққала жасау, қар атыспақ т.б

  • Қыстың алғашқы айында қандай мерекені атап өтеміз?

  • 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні

  • 16 желтоқсан оқиғасын кім біледі?

  • Балалар біз тәуелсіздігімізді қай жылы алдық?

  • 1991 жылы 16 желтоқсанда

  • Тәуелсіздік жолында қаза тапқан апа-ағаларымызды кім атайды?

-Иә , дұрыс айтасыңдар балалар, 2014 жылдың 16 желтоқсанында ҚР Тәуелсіздігіне 2 3 жыл толғалы отыр. Тәуелсіздіктің бізге оңайлықпен келмегенін сендер білесіңдер. Тәуелсіздік жолында көптеген апа – ағаларымыз қаза болды.Ата – бабаларымыз армандап, қол жеткізе алмаған тәуелсіздікті біздерге алып берді.

Балалар ендеше сабағымызды сөзжұмбақ шешуден бастайық



ң

а

Ж

а

л

ы

ж



  1. Қыс айын ата

  2. Аяз атаның серігі кім?

  3. Соңғы жыл атауын ата?

  4. Жаңа жылдың көркі не?

  5. Жыл атауын ата?

  6. Жыл басын ата?

  7. Аяз атаның дорбасындағы зат?

Балалар, сөзжұмбақтың ортасынан қандай сөз шықты?

  • Жаңа жыл

  • Бұл ненің атауы?

  • Мерекенің атауы

Иә, балалар дұрыс айтасыңдар, алда Жаңа жыл мерекесі келе жатыр. Біз Жаңа жылды қай күні тойлаймыз?

1 қаңтар


  • Ендеше балалар біз Жаңа жылдық шыршаға дайындық жұмыстарын жүргізейік. Балалар Жаңа жылдық шыршаға кімдер қонаққа келетін еді?

  • Аяз ата мен Ақшақар

Балалар Аяз ата бізге құрдан-құр келмейді. Ол бізге дорбасына көп сыйлықтар салып әкеледі. Сол сыйлықтарды алу үшін Аяз атаға біздер тақпақтар мен өлеңдер айтып беруіміз қажет. Ол үшін балалар біз бүгін

Сөзін жазған.: Әнуарбек Дүйсенбиев

Әнін жазған: Латиф Хамидидің « Шырша жыры» деген өлеңімен танысамыз.

Балалар естеріңде болса, біз бұл өлеңмен 1 сыныпта музыка сабағында өткен болатынбыз. Ал қазір біз осы өлеңді қайта естерімізге түсіріп , жаттап Жаңа жылдық шыршада Аяз атаға айтып беріп, сыйлықтар алатын боламыз. Келістік пе балалар? Ендеше балалар мен сендерді Ә.Дүисенбиевтің және Л. Хамидидің өмірбаянымен қысқаша таныстырып өтейін




Әнуарбек Дүйсенбиев







М.Ю.Лермонтов, С.Маршак, А.Барто т.б ақындардың өлеңдерін қазақшаға аударған

Ақын,

аудармашы

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарқыстақ ауылында туған


Латиф Хамиди





Қазақ кәсіби музыкасының негізін салушылардың бірі.

Композитор

«Қазақ вальсі», «Бұлбұл», «Отан» т.б әндері бар

Мұғалім алдымен өлеңді әнімен бірге айтып береді



  1. Оқушылар мұғаліммен бірге хормен айтады

  2. Оқушылар өлеңді жүргізіп оқиды


Дәптермен жұмыс: Шырша жыры
Өзі таудың бөктерінде өседі,

Жаңа жылда үй төріне көшеді. (Шырша)
- Балалар ойын ойнағанды жақсы көреміз бе?

Ендеше, Жаңа жыл мерекесі келіп қалды. Жаңа жылда біз қоян жылымен қоштасып,ұлу жылын қарсы аламыз.Жаңа жылдың көркі шырша, олай болса біз «Жаңа жылдық шыршаны безендіру» ойынын ойнаймыз. Ол үшін сендер мына бос шыршаны безендіру үшін, артында жұмбақтар жасырылған ойыншықтардың жұмбақтарын шешу арқылы ойыншықтарды шыршаға іліп,безендіреміз.


1 – ойыншық: Суда қалқиды,

Жылыда балқиды. (Мұз)
2 – ойыншық: Мініп алып ылдида,

Тыңнан жол табамын.

Жоғарыдан ылдиға

Жұлдыз болып ағамын. (Шана)
3 – ойыншық: Өзі таудың бөктерінде өседі,

Жаңа жылда үй төріне көшеді . (Шырша)
4 – ойыншық: Ақ көбелек асықты,

Аппақ кілем басыпты. (Қар)
5 – ойыншық: Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)

Жаңа жылға тақпақтар айту
Қорытындылау:

  1. «Шырша жыры» өлеңінің әні мен сөзін жазған кімдер?

  2. «Шырша жыры» өлеңін хормен айтып, шыршаны айналып жүреді.

Үйге тапсырма: «Шырша жыры» жаттау

Шырша суретін салу.



Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

Сабақтың тақырыбы: М.Төрежанов. Өз ізі.

Сабақтың мақсаты:

Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын әңгімелеп айтуға үйрету.

Ондағы негізгі ойды анықтап өз сөздерімен айтуға дағдыландыру. Балаларды еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

«Шырша жырын» жатқа айту



ІІІ. Жаңа сабақ М.Төрежанов. Өз ізі.

А) Оқулықпен жұмыс

Жаңылтпашты тез, шапшаң айтуға дағдыландыру

1)ІЗШІЛЕР ІЗДЕСТІ

ТҮЗ КЕЗДІ, ІЗ КЕСТІ

2)ІЗГЕ ТҮСТІ ІЗМҰРАТ

ІЗМҰРАТТЫ БІЗ БІРАҚ

ІЗДЕП-ІЗДЕП ТАППАДЫҚ

ІЗІ-ҚАЙЫМ, ҚЫЗЫҚ-АҚ

Ә)Суретпен жұмыс КІМНІҢ, НЕНІҢ ІЗІ?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет