Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин.«Кел,балалар,оқылық»



бет14/23
Дата25.03.2017
өлшемі6,39 Mb.
#12371
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23

Сабақтың тақырыбы: Құлақ пен Тымақ.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды мысал өлеңмен таныстыра отырып,өлеңдегі негізгі ойды ұғындыру,талдау,мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру және белсенді,ынталы оқуға үйрету. Оқушыларды ізденімпаздыққа,сыпайы,әдепті-арлы болуға,кішіпейіл болуға , адал достыққа ,мейірімділікке тәрбиелеу; Өз ойларын ,пікірлерін еркін айтуға,өз көзқарастарын дәлелдей білуге машықтандыру,шығармашылық қабілеттерін дамыту. Зейінін, тіл байлығын, сөздік қорын, мәнерлеп оқу дағдысын дамыту.Шығармаға талдау жасау арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту;


Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену, қызығушылығын ояту, проблемалық,салыстыру, сұрақ-жауап, ой қозғау,топпен жұмыс,өзіндік ж
Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Алдаркөсенің өлеңі

Мен Алдармын,Алдармын

Тура жолды таңдармын

Керегі жоқ паңдардың

Жылуы жоқ жандардың

Адалдарды аңдармын

Арамдарды алдармын

Алдаркөсе кім ,ол жайында не білдіңдер?

«Алдаркөсе мен салт атты» Мазмұндау

Зерттеу орталығы Алдакөсе кім ? Өмірде болған ба? «Алдаркөсе» деген не мағынаны береді? Алдаркөсенің атында не бар?

Өнер орталығы . Ертегіні сахналау

Жазу орталығы . Кесте толтыру



Алдаркөсе

Бай

Ақылды ,айлакер,зерделі қу,қарапайым халыққа жаны ашыды,мұратына жетіп отырды,тапқыр,сөзге шешен

Сараң,өзімшіл,арам,әділетсіз ,халыққа озбырлық көрсетті

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін,батыр болсаң жауға найзаң тисін! Әйтеке би

Жомарттықтың негізінде үш нәрсе бар:бірі-өз айтқан сөзіңді өзің орындау,екіншісі-әділдікті нұқсан келтірмеу,Үшіншісі-қайырымдылықты есіңе ұстау,ұмытпау

Осы қасиеттердің барлығы кімнің бойында болды?

Жыл мезгілдерінің суреті

Көктем-көңілді Жаз –жайдары Күз-көңілсіз Қыс-қатал

Адамның көңіл -күйінің жыл мезгілдерімен байланысы.Көңілді,көңілсіз.

III..Жаңа сабаққа кіріспе

-Қыс мезгілі Қыста адамдар қалай киінеді? Байдың киіміне назар аудару

Оқулыққа назар аудару Жаңылтпашты айту

Қыста құлағым үсіп кеті,

Үсіп,ісіп кетті.

-Құлағың үсімес үшін не істеу керек?

«Сиқырлы сандар» топпен жұмыс.Жаңа сабақтың тақырыбын шығару

а

ұ

л

қ

қ

4

2

3

1

5



қ

т

м

а

ы

5

1

3

4

2



ы

м

с

л

а

2

1

3

5

4

Жаңа сабақ . Құлақ пен тымақ . А.Тоқмағанбетов.

Күн ретін,тақырыпты жазу.

«Болжау» стретегиясы

«Құлақ пен тымақ» ойларыңа не келді,не туралы болуы мүмкін?

Бұл-мысал өлең.

Мысал өлең деген не? ?  


     Жан- жануарлар мен өсімдіктерге адамдық қасиет  беріп бейнелеу арқылы  адамдар ортасындағы жағымсыз қылықтар мен іс әрекеттерді сын тезіне алып , ой- пікірді  астарлы бейнелейтін  уақиғалы өлеңдерді мысал өлең дейміз.

1.Кім жазды?

2.Не туралы?

3.Қай жанрда жазылған?

4. Тымақ қандай болады?

1.Автор жайлы мағлұмат

Асқар Тоқмағам­бе­тов (19.9.1905, Қызы­лор­да обл., Те­рең өзек ауда­ны, бұрынғы 18-пар­тия съезді атын­дағы кеңшар — 21.8. 1983, Қызы­лор­да қ.) — ақын, жа­зушы.

1932 жы­лы Моск­ва по­лиг­ра­фия инс­ти­тутын бітірген. «Ле­ниншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») (1927–30), «Ле­нин жо­лы» (Қызы­лор­да, 1933—34), «Қазақ әде­би­еті» (1934–35), «Со­ци­алистік Қазақстан» (қа-зіргі «Еге­мен Қазақстан») (1937–1944) га­зет­терінде, «Ара» жур­на­лын­да қыз­мет істеді.

Тоқтағам­бе­тов ка­зак әде­би­етіне еле­улі үлес қосқан. Оның по­эма­ларын тақыры­бы, түрі жағынан төрт топқа бөлу­ге бо­лады: кеңшар, ауыл өмірі; ел­ге еңбегі сіңген та­рихи адам­дарға ар­налған шығар­ма­лары; Отан қорғау, ерлік; ха­лықтар дос­тығы тақырып­та­ры.

Тоқтағам­бе­тов — 19 ғасыр­да өмір сүрген қа­зақ ақын­да­ры ту­ралы «Жыр күмбезі» (1975) ат­ты та­рихи ро­ман­ның ав­то­ры. Ақын­ның алғашқы са­тира­лық өлеңдер жи­нағы «Күлкі-сықақ» 1929 жыл­да­ры ба­сыл­ды. Тоқтағам­бе­тов «Әзірет Сұлтан», «Се­мафор ашық», «Екі заң» ат­ты дра­малық шығар­ма­лар, «Бәріміз де сон­дай бол­сақ» ки­нос­це­нарий де жаз­ды. С. Ай­нидің «Құлдар» ро­манын қазақшаға аудар­ды (1953). 1-дөр. Отан соғысы, 3 рет Еңбек Қызыл Ту ор­дендерімен және бірне­ше ме­даль­дар­мен ма­рапат­талған.

2. Тымақ– мал, аң терісінен тігілетін қыстық бас киім. Төрт сайлы, биік төбелі, мол пішілген маңдайы, екі құлағы және желкені жотаға дейін жауып тұратын артқы етегі болады. Тымақтың сырты дүрия, шағи, пүліш, барқыт, т.б. матамен тысталады

3.Оқулықпен жұмыс

1. «Құлақ пен тымақ» Мысалды оқу

2 Мысал өлеңді талдау

3.Тізбектей оқыту

4.Ролге бөліп оқыту

5.Сұрақтар қою

-Мысал не туралы айтылған?

-Мысалдан жылдың қай мезгілі екенін білуге болады?

-Тымақ құлақтан не сұрады?

- Құлақ тымаққа не деді?

-«Сұлуынан жылуы» дегенді қалай түсіндіңдер?

-Қысқы киімдерді атау

4.Дәптермен жұмыс



Құлақ

Тымақ

Мінеді,сынады ,мазақ етті

Күлді,кешірім сұрады,қатесін түсінді



Көрінбей кеткенін сұрады, «сұлуынан жылуы»- деді,қыста туылғанын айтты

Ой қозғау. Тымақтың орнында болсаң не істер едің?

V.Бекіту

1-топ Аққала құрастыру. Адам бойындағы жағымды қасиеттер

2-топ. Шырша құрастыру Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер

3-топ. Қар түйіршіктері Мақал-мәтелдер

Қар жауды алақай!

Аққала жасаймыз

Жасыл шырша жанында.

Билеп,өлең айтамыз

2.Семантикалық картаны толтыру.

Өлеңнің аты

Авторы

Кейіпкерлер

Шығарманың түрі

Құлақ

Тымақ


Мысалдан қандай ой түйдің?

Құлақ пен тымақ

А.Тоқмағанбетов

Құлақ тымақ

Мысал

Қатесін түсінді

Кешіре білді



Дәйексөз
   Адамдар абайсызда бірін – бірі ренжітіп алғанда кешірім сұрап татуласады. Ал татулық – адамдар, сыныптастар, достар арасындағы қарым – қатынастағы ең бір жақсы қасиет. Өйткені татулық бар жерде сыйластық, махаббат, бақыт, жақсы өмір бар. Сол үшін белгілі қазақ жазушысы М.Әуезов: «Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық» деп айтқан болатын.Адамдар арасында болатын түсініспеушіліктен туындаған ренішті ақылға жеңдіріп, кешірім сұрап, өзара тіл табысып, жарастыққа жетуді келісім дейді

Жаңа ақпарат Баскиім қасиетті, оны айырбастауға болмайды, аяқасты қылмайды. Жақсы кісілердің тымағы атадан бапаға мұра есебінде қалып отырған. Қазақ «бағым ауады » деп баскиімді ешкімге сыйламаған. Баскиімді айырбастамайды, басыңдағы бағың кетеді немесе біреудің басындағы бәлесі жұғады. Ертеде шала туған сәбиді «тымаққа салып қырқынан шығаратын» ғұрып болған. Шала туған сәби ұстауға, бесікке салуға келмейді, тымақ жылы әрі бөлеуге, ұстауға ыңғайлы болады және сәбидің неше күні кем болса, сонша күн бойы керегенің әр басына ілініп қойылады дейді, есеп кереге басы арқылы есептеледі. Мысалы, қырық күні кем болса, керегенің қырқыншы басынан бала тымақтан алынып, әдетте жаңа туған бапаның рәсімі жасала бастайды. Егер бала қыста туса, онда үй қабырғасына бірнеше шеге қағылып ілінеді. Біреуге бас ұрғанда аяғына тымағын тастайтын әдет бар. «Тымақ ұру» немесе «Тымақ тастап кешірім сұрау» — бітімге шақырудың ең үлкен жолы. Бұл да тымақтың қадірі мен қасиетін бейнелейтін көріністердің бірі.

Қорытындылау

«Басқа адамның кемшілігін, қателігін кешіру және өз қатесін түсініп, мойындап кешірім сұрау адам бойындағы жақсы қасиет ».



Үйге тапсырма: Мысалды мәнерлеп оқу.Мақал-мәтел жазу

Оқушыларды бағалау

Татуласу
А.Оразақын
Әкел, досым, қолыңды,
Татуласқан орынды.
Өкпелесіп не керек,
Көрсет, қане соныңды.

Баққа бірге кірейік,


Қол ұстасып жүрейік.
Татулықтың белгісі,
Кел қосылып күлейік.

Сабақтың тақырыбы: Б.Соқпақбаев. Шынықсын денеміз.

Сабақтың мақсаты:

Б. Соқпақбаевпен таныстыра отырып, өлең мазмұнын ұғындыру.

Салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Тілін, сөздік қорларын байыту, шығармашылық қабілетін дамыту

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Құлақ пен тымақ

ІІІ. Жаңа сабақ Б.Соқпақбаев. Шынықсын денеміз.

.1.Жұмбақ: 1) Табаныма байладым,

Қос аяқпен айдадым. (шаңғы)

2) Зулап түсіп төменге,

Шықпас менсіз төбеге. (шана)

3) Табанға тақтым,

Жалпаң қақтым,

Зырлап бақтым. (коньки)

2. Ой тастау: Жұмбақтың шешуі болған заттар қыста не үшін керек?

3. Автормен таныстыру, өлеңді оқып, түсіндіру.

4. Кітаппен жұмыс: мәнерлеп оқу.

5. Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкене ағаштар

Үп-үлкен боп өседі.

6. Дәптермен жұмыс. Спорт түрлерін немесе ұлттық ойындарды жазу

Мысалы: тоғызқұмалақ, теннис, футбол, баскетбол, воллейбол, пионербол, қыз қуу, арқан тартыс, көкпар.


7. Шығармашылық жұмыс.

1-топ Шығарма жазу.

2-топ Сурет салу.

3-топ Мақал-мәтел жазу.


8. Сабақты бекіту. Өлеңнің авторы кім?

Өлең мазмұнын айт.

ІV. Қортындылау: Бағалау, мадақтау.

V. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау.




Сабақтың тақырыбы: Қ.Мырза Әли. Жұмыстың жылуы.

Сабақтың мақсаты:

Өлеңді түсініп оқу, мазмұнын талдау. Негізгі ойды анықтау. Өз ойларын ,пікірлерін еркін айтуға,өз көзқарастарын дәлелдей білуге машықтандыру,шығармашылық қабілеттерін дамыту. Зейінін,сөздік қорын, мәнерлеп оқу дағдысын дамыту.Шығармаға талдау жасау арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту;бір-бірінің пікірін тыңдауға, мәдениетті сөйлеуге ықпал ету.



Күтілетін нәтиже Өлеңді мәнерлеп оқи отырып, қызығушылығы артады. Негізгі ойды түсінеді. Топ алдында өз ойын еркін айтып, сөйлеуге машықтанады. Өзіне деген сенімділігі артады.

Сабақтың типі: Аралас сабақ



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

Желтоқсан, қаңтар, ақпан

Үлкенге сіз,

Кішіге де сіз,

Барша жанды құрметтеп,

Бас иеміз біз.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1.«Шынықсын денеміз» өлеңін жатқа сұрау

2. Қалың-жұқа сұрақтар арқылы бекіту.

3. Топтық тапсырма / жоба қорғау/

1-топ «Жылу»

2-топ «Қысқы еңбек»

3-топ «Қысқы киімдер»

ІІІ. Жаңа сабақ Қ.Мырза Әли. Жұмыстың жылуы.

/Мюнстенберг әдісі/

1.МЮРТЖҰМЫСТЫҢШРАТЬУЮЖЫЛУЫРСЯЖ

2.Авторы жайлы қысқаша мәлімет беру



Қадыр Мырза Әли

1935ж шыншыл

Батыс Қазақстан обл. зерделі ақын

Жымпиты ауд.

дүниеге келген. «Күміс қоңырау»

«Домбыра , «Жерұйық»т.б.

3.«Жұмыстың жылуы» өлеңін оқуға ұсыну

Музыкалық дене қимыл жаттығулары

4.Сөздік жұмысын жүргізу

5. Топтық жұмыс

1-топ Жұмысқа дейінгі баланың іс-әрекеті

2-топ Баланың жұмыс кезіндегі күйі

3-топ Жұмыстан кейінгі күйі

6.«Мен қыста қандай жұмыстар атқарамын?» ой толғаныс

Кері байланыс жасау

«Сіз білесіз бе?» бүгінгі сабақтан алған білімі, әсері туралы бір ауыз пікір айтқызу

Бүгінгі сабаққа қатысуларына қарай өздерін-өздері бағалайды. ОҮБ 1,2,5

Өлеңді жаттап келу. Тақырыптық сурет салу

Оқушылар топқа бөлініп отырады.

Сабаққа өздерін дайындайды.

Өлеңді мәнерлеп айтады. .

Оқушылар өздеріне берілген тапсырманы орындайды.

Топтар бір-бірінің жұмысын бағалайды.

Оқушылар әріптердің ішінен тез сөздер тауып оқиды.

Авторы жайлы мәлімет алады.

Өлеңді мәнерлеп , түсініп іштей оқиды. Топта шумақтап тізбектей оқиды.

Өлеңнің мазмұны бойынша өз сөздерімен әңгімелейді.

Топтасып жұмыс атқарады.

Топта өзара бір-бірін бағалайды.

Сабақтың тақырыбы: Б.Ысқақов. Қыста қызық жұмыс бар.

Сабақтың мақсаты:

Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеп айтуға үйрету. Қыс мезгілінің қызықтары туралы әңгімелеп айтуға дағдыландыру. Қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейту. Балаларды табиғатты сүюге баулу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Қадыр Мырза Әли «Жұмыстың жылуы»

Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын әңгімелеу.

ІІІ. Жаңа сабақ Б.Ысқақов. Қыста қызық жұмыс бар.

А) Автор туралы мәлімет

Бүркіт Ибрагимұлы Ысқақов (4.11.1924, Қарағанды облысы Нүра ауданы Көкмөлдір ауылы - 22.1.1991, Алматы) — ақын, филология ғылым кандидаты (1970). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. ҚазҰУ-ды бітірген (1948).

1946 - 1949 жылдары "Пионер" (қазіргі "Ақжелкен") журналы,

1949 - 1960 "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас алаш") газеті,

1960 - 1969 жылдары "Білім және еңбек" (қазіргі "Зерде") журналында қызметкер,

1969 - 1991 жылдары Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметтер атқарған.
Өлеңдері баспасөзде 1938 жылдан жариялана бастаған. Тұңғыш кітабы "Сенің Отаның" 1958 жылы жарық көрген. "Қарлығаштың құйрығы неге айыр?" ертегісі негізінде мультфильм жасалған. Ысқақов көптеген мәтіндерінің авторы. А.С. Пушкин, М.Ю.Лермонтов, И.Я. Франко, В.Маяковский, Н.Хикмет, С.Вургу т.б. ақындардың шығармалары қазақ тіліне аударуға қатысқан. Өлеңдері орыс, өзбек, түрікмен татар, т.б. тілдерге аударылған. Әр дәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталған.[1] 1924 жылы 4 қарашада Қарағанды облысының, Нұра ауданына қарасты "Көкмөлдір" деген жерде туған. Ол жастайынан қиялшыл, арманшыл болған екен. Зерек жас ел аузындағы қисса дастандарды зейін қоя тыңдап, жаттап алып жүреді. Соның әсері болса керек, кейін өзі де өлең шығара бастайды. Оның ең алғашқы өлеңі "Ана туралы жыр" деп аталады. Одан соң "Қарағанды комсомолы" газетінде әр түрлі тақырыпқа жазған өлеңдері жарық көре бастайды. Сондай өлеңдерінің бірі ақынның туған жерге арнаған "Көкмөлдір" деген жыры.

Ысқақовтың шығармашылық өмірге кең құлаш ұруы 1940 жылы Қарағанды мұғалімдер институтына түсуінен басталады. Сол жылдары жазған өлеңдері "Советтік Қарағанды", "Қарағанды комсомолы" газеттерінде үзбей жарияланып тұрады да, оқуын бітірген соң 1942 жылы "Советтік Қарағанды" газетіне қызметке келеді. Сол жылы әскерге алынып, соғысқа аттанады.1946 жылы еліне жеңіспен оралған жауынгер ақын еңбек жолын бұрынғы өзі істеген газетте жалғастырады да, көп ұзамай, Алматыға барып, "Пионер", "Білім және еңбек" журналында, "Лениншіл жас" газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарады.1948 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітіріп, Ғылым Академиясының аспиратурасына түседі.


Бүркіт Ысқақов саяси көзқарасы үшін қудалауға ұшырады. Айыптау үкіметінде Ысқақовтың ертеректе "Жас қалам" үйірмесі мен "ЕСЕП-ке" (елін сүйген ерлер партиясы) қатысына қосымша, "Үндістан" деген өлеңді С.Сейфуллиннің "Азия", І.Жансүгіровтың "Гималай" өлеңдеріне еліктеп жазғансың деп кінәлаған. Содан 1951 жылы жаппай қуғын-сүргін тұсында "Үкіметке қарсы үгіт жүргізіп жүр" деген жаламен жазықсыз жазаланып, 25 жылға бас еркінен айырылады. Сөйтіп 27 жасар жігіт 30 жылдық жазаны арқалап кете барады.Лагерьде, тозақ отының төрінде жер қазып, шаң жұтып, шаршап–шалдығып, титықтап жүрсе де өлеңді қоймайды, өлең-жыр өңешінен түйдік-түйдік құйылды. Ол қазақ поэзиясында "Тұтқын жыры", "Лагерьдегі өлеңдер" деп аталатын поэзияның жаңа түрін бастады. Ұлы соғыстың оты мен суығынан аман оралған ақын қапаста көрген қайғы-қасіретін бүркемей, бүкіл үнімен шырқап жүрді. "Тас өзеннің ызғары" өлеңдер циклі оқырманның ойынан шыққан дүние. Ақылды ағамыз, академик М.Қаратаевтың "Ақындарымыздың абақтыда отырып жазған өлеңдері бізге жеткен жоқ, сол олқылықтың орнын олардың ақын ұрпағы – Ысқақовты жырлары торлтырғандай. Оның бұл өлеңдерінен Сәкеннің сыры, Бейімбеттің мұңы, Ілиястың үні естілгендей болады" деуі тегін емес. Қапаста бес жыл қасірет шеккен Ысқақов КСРО Жоғарғы сотының 1956 жылы 20 қарашадағы қаулысы бойынша толық ақталып, еркін өмірге оралды да, сүйікті кәсібін жалғастырды. Журналистика, әдебиет, ғылым саласында жемісті қызмет атқарды. Қазақ СССР Ғылым Академиясының М.О.Ауезов атындағы әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып, 1991 жылы дүниеден өткенге шейін ұзақ жылдар еңбек етті. Ақынның шығармалары 1938 жылдан бастады. 1951 жылында репрессияға ұшырап, 1956 жылында ақталған.

Шығармалары

Сенің Отаның. Өлеңдер. A., 1959;

Кішкене театр. Мектеп сахнасына арналған пьеса. А., 1959;

Москвані тыңдаймын. Өлеңдер. А., 1962;

Өнерпаз болсаң... Өлеңдер. А., 1965;

Кішкен көмекші. Суретті кітапша. А., 1966;

Қарлығаштың құйрығы неге айыр. А., 1966;

Өлеңдер, балладалар, ертегілер. А., 1974;

Қазақ татар байланысы. Монография. A., 1976;

Жылдар жырлайды. Өлеңдер. А. 1979;

Шабыт шуағы. Өлеңдер мен поэма А., 1984;

Жеткіншек. Өлеңдер мен дастандар. А., 1985.[2]

Ә) Қыста қызық жұмыс бар

1)қысқы ойындар

2)қысқы мейрамдар

3)қысқы еңбек түрлері

ӨЛЕҢДІ МӘНЕРЛЕП ОҚЫП, МАЗМҰНЫН ӘҢГІМЕЛЕУ

Б)САЛЫСТЫРУ

Бердібек Соқпақбаев Бүркіт Ысқақов

«Шынықсын денеміз» «Қыста қызық жұмыс бар»
Екі өлеңді салыстыру, айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде?
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ҮЙГЕ: «Қыста қызық жұмыс бар» өлеңін мәнерлеп оқу

Сабақтың тақырыбы: Бөлімді қайталауға арналған тест. Қорытынды

Сабақтың мақсаты:

Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, тиянақтау. Өткен тақырыптарды, өлеңдерді, мәтіндерді еске түсіру. Өлеңдегі, мәтіндегі олардан келтірілген үзінділерден тақырыптары мен авторлары туралы мәліметтерді есте сақтай білуге дағдыландыру.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

ІІІ. Бекіту сабағы Бөлімді қайталауға арналған тест. Қорытынды

А) ҚЫСТА ТАЛАЙ ҚЫЗЫҚ БАР

Бөлімді қайталауға арналған тест

1)Жұмбақтың шешуін табу



Есіктен кіреді еңкейіп,

Төрге шығады қампайып.

А)аяз Ә)жел Б)боран В)үскірік



2) «Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де, жылынбайды» деген жолдарда жылдың қай мезгілі сипатталған?

А)күз Ә)көктем Б)қыс В)жазғытұры



3) «Күле шулап кірсе үйге,

Самауыр тұр бу шыққан» деген өлең жолдары М.Дулатовтың қай шығармасында келтірілген?

А) «Мектепте» Ә) «Мектептен» Б) «Қыс» В) «Оян, қазақ»



4) Солтүстік Қазақстан облысында туған ақын, жазушы әрі педагог кім?

А)М.Дулатов Ә)Қ.Аманжолов Б)З.Шүкіров В) М.Жұмабаев



5)Тәуелсіздік сөзін басқаша тағы қалай айтуға болады?

А) Бақыт Ә)Бостандық Б)Бейбітшілік В)Еңбек



6)Қазақша жыл санауда жыл басы неден басталады?

А)Тышқаннан Ә)Доңыздан Б)Түйеден В)Жылқыдан



7) «Шырша жырын» есіңе түсір. Өлең жолын дұрыс аяқта:

Қар жауып тұр......

А)далада Ә)қоймастан Б)тынбастан В)аспаннан



8)Жаңылтпашты дұрыс аяқта:

Киген тоны-

Оңды тон,

......................

А)әдемі тон Ә)жылы тон Б)қысқы тон В)өңді тон

9)Бөлімдегі Бүркіт Ысқақовтың өлеңі қалай аталады?

А) Қыста қызық мейрам бар

Ә)Қыста қызық жұмыс бар

Б)Қыста қызық ойын бар

В)Қыста қызық думан бар

10)Биялай деген сөзді кімнің өлеңінен кездестірдің?

А) Қ.Мырза. Әли «Жұмыстың жылуы»

Ә) Б.Ысқақов «Қыста қызық жұмыс бар»

Б) Б.Соқпақбаев «Шынықсын денеміз»

В) З.Шүкіров «Ақшақар»

ЖАУАПТАРЫ:
1)Б 2)Б 3)Ә 4)В 5)Ә 6)А 7)Б 8)В 9)Ә 10)Б
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ: Өткенді қайталау

Сабақтың тақырыбы: Бөлімді қайталауға арналған тест. Қорытынды

Сабақтың мақсаты:

Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, тиянақтау. Өткен тақырыптарды, өлеңдерді, мәтіндерді еске түсіру. Өлеңдегі, мәтіндегі олардан келтірілген үзінділерден тақырыптары мен авторлары туралы мәліметтерді есте сақтай білуге дағдыландыру.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

ІІІ. Жаңа сабақ Бөлімді қайталауға арналған тест. Қорытынды

А) ҚЫСТА ТАЛАЙ ҚЫЗЫҚ БАР

Бөлімді қайталау, қорытындылау

«Қыс» Міржақып Дулатов

Мектепке Мектептен

Балапан қанат қақты Мағжан Жұмабаев

Ақша қар Зейнолла Шүкіров

Он алтыншы желтоқсан Тұманбай Молдағалиев

Қайраттың жазу дәптерінен

Қазақстан Қасым Аманжолов

Түйе мен тышқан (ертегі)

Шрша жыры

Өз ізі Мәдіхат Төрежанов

Алдаркөсе мен салт атты

Құлақ пен Тымақ

Шынықсын денеміз Бердібек Соқпақбаев

Жұмыстың жылуы Қадыр Мырза Әли

Қыста қызық жұмыс бар Бүркіт Ысқақов


Ә)ТОППЕН ЖҰМЫС
Б)СУРЕТ САЛУ
В) СӨЗБЕН СУРЕТ САЛУ
Г) ӨЛЕҢДЕРДІ ЖАТҚА АЙТУ
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

БАҒАЛАУ


ҮЙГЕ: Өткенді қайталау

Сабақтың тақырыбы: Қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым

С.Мәуленов. Ата ақылы.

С.Көбеев Атасы мен немересі.

Сабақтың мақсаты:

Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқи білуге үйрету. Әңгімені мәнерлеп оқып, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеп айтуға дағдыландыру. Балаларды еңбекке, үлкендерді сыйлап құрметеуге баулу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Жаңа сабақ : Қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым

С.Мәуленов. Ата ақылы.

С.Көбеев Атасы мен немересі.

А)Сырбай Мәуленов «Ата ақылы» жаттап алу

Кім үлкенді тыңдаса,

Кім үлкенді сыйласа,

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.



Мәуленов, Сырбай (17.9.1922 ж. туған Қостанай облысы; Жанкелдин ауданы; Торғай поселкесі; — 1993) — ақын. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген (1973). 1943 — 1950 Қостанай облысы радиокомитетінде редактор, "Большевиктік жол" (қазіргі "Коммунизм таңы") газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, 1951 — 1955 жылы . Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редакция меңгерушісі, 1957 — 1961 жылы Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші; "Қазақ әдебиеті" газетінде бас редактордың орынбасары, 1964 — 1971 жылы "Жұлдыз" журналының, 1955 — 1957, 1971 — 1977 жылы "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы болды. Тұңғыш өлеңі Жамбыл облысы "Колхозшы" газетінде 1937 жылы жарияланды, "Өлеңдері" атты алғашқы жинағы 1948 жылы жарық көрді. С. Мәуленов — қырыққа жуық жыр жинақтарының авторы. Өлеңдері қазақ поэзиясының лирика жанрын дамытуға елеулі үлес ретінде қосылды. Шығармаларында туған жер, замандас және оның жасампаз еңбегі жарқын жырланады. "Жолдас" (1954), "Жас жүрек" (1956), "Жол үстіндегі жалындар" (1963), "Жұлдыз жырлар" (1963), "Қызыл арша" (1969), "Боз қырау" (1976), "Тау гүлдері", "Шалқар", "Жалын" (үшеу де 1979). "Жаңбырсыз күз" (1980), өлендері "Шуақ", "Алтын тасқын" өлендер мен поэмалары (екеуі де 1981); "Жұлдыз жүрек" (1985) жинақтары шықты. Ақын кітаптары сыншылар тарапынан жоғары бағаланды . (1958) жылы "Таңдаулы өлеңдер" атты таңдамалысы, 1966 жылы "Шаңқай түс" жинағы, 1972 жылы "Тандамалыларың" 2 томдығы басылып шықты . Оның "Жаңа көктем" (1956), "Дала таңы" (1957), "Көгілдір таулар" (1964), "Жер нәрі" (1970), "Апрель жапырақтары" (1972), "Таңдамалы лирикалары" (1967), "Тандамала лирикалары" (1972), "Жапырақтар жанады" (1972), өлеңдер жинақтары орыс тілінде Мәскеуде басылды. 1981 — 1984 ж. "Таңдамалы шығармалары", "Алтын тасқын" 1-т. 1981, "Өлеңдері" 2т.-1983; "Өлеңдері", 3т. 1984 жарияланады. Мәуленов — белгілі журналист бола отырып мерзімді баспасөзге белсене қатысты, көптеген публицистикалық мақалалар мен очерктер жазды. "Жар нәрі" атты әдеби портреттер мен очерктер жинағында 1966 республика еңбекшілерін халық шаруашылығын өркендетудегі еселі еңбегін туысқан республикаларға барған сапарларынан алған әсерлерін суреттейді. "Ал Үркер төбеде тұр" 1971 жыл кітабы естеліктер мен портреттерден этюдтерден құралған. Бұл жинақта Абай, Ыбырай; Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Қ. Аманжолов, Н.С. Тихонов, М. Тұрсын-заде тағы басқа өмір жолын қысқа әрі көркем бейнеленген. Шындағы шұғыла атты мақалалар мен очерктер жинағында 1972 Отанымыздың 50 жыл ішіндегі қол жеткен табыстары баяндалған. Мәуленов балаларға арнап "Барлаушы бал" (1961), "Құлыншақ", "Бала жолбарыс" (екеуі де 1963), Амангелді Имановтың балалық шағы туралы "Қорқақ торпақ" (1968) тағы басқа өлеңдер мен әңгімелер жазды. Мәуленов орыс және туысқан халықтар әдебиетінің классиктері А.С. Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Н.А. Некрасов, Т.Г. Шевченко, В.В. Маяковский, А,А. Блок, С.А. Есенин, Н.С. Тихонов, М.А. Шолохов, Ә. Науаи тағы басқа шығармаларың қазақ тіліне аударды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығынаң лауреаты (1970). 1-дәрежелі Отан соғысы; "Қызыл Ту", "Халықтар Достығы", "Құрмет Белгісі" ордендерімен және медальдармен марапатталды.[1]

Ә) НАҚЫЛ СӨЗДІ ТҮСІНІП ОҚУ

Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.

Б)СПАНДИЯР КӨБЕЕВ «Атасы мен немересі»

Спандияр Көбеев (1878 - 1956) - қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі. 1878 жылы бұрынғы Торғай облысы, Обаған болысына қарасты нөмiрі үшiншi ауылда - қазiргi Ақсуат ауылында дүниеге келген. Анасы Айтбоз өте қайратты, ақылды, ауылының ортақ анасы сияқты қадiрлi адам болған көрiнедi. Әкесi Көбей хат таныған, шыншыл, тек қолөнерiмен күн көрген. Әке-шешесiнiң үлгi тәрбиесi болашақ педогог-жазушының мiнез құлқының қалыптасуына көп әсер еткен. Мектеп жасына жетiп қалған бала бiрде әкесiмен бiрге бұл кездегi дәулеттi кiсi Соқытбайдың ауылына барғанда, Ыбырай Алтынсариндi көредi. Көп кешiкпей сол ауылда ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин бiрiншi рет екi жылдық мектеп ашады. 1887 жылдың желтоқсанында Алтынсариннiң тiкелей көмегiмен Спандияр сол мектепке алынады. Содан кейiнгi жылдары Қарағайлыкөл деген жердегi төрт жылдық болыстық мектепте бiлiм алады да, Қостанай қаласындағы Алтынсарин ашқан орыс-қазақ мектебiнде оқуын жалғастырады. Ендi ол осы қаладағы жаңадан ашылған екi жылдық педагогикалық курсқа түсiп, оны 1901 жылы бастауыш мектеп мұғалiмi деген мамандық бойынша бiтiрiп шығады.
Спандияр Көбеев Петропавлскiде оқытушылық қызметiн атқарып жүргенде, сол кездегi ұлы орыс халқының атақты жазушысы И. Крыловтың бiрнеше мысалдарын қазақшаға аударып, баспаға ұсынады. Ол аудармалары «Үлгiлi тәржiме» деген атпен 1940 жылы және «Үлгiлi бала» 1912 жылы кiтаптары басылып шығады. Осы кiтаптарына енген өлеңдерi мен әңгiмелерi жасөспiрiмдердi еңбек пен бiрлiкке, тату-тәттi ынтымаққа шақырған.

С. Көбеевтiң қазақ топырағында тұңғыш романдарының бiрi болған «Қалың мал» 1913 жылдың қазан айында басылып шығады. Бұл роман шығармашылық өмiрiнде ерекше орын алады. Мұнда қазақ ауылының әлеуметтiк суретi, қазақ әйелiнiң тағдыры, оның теңсiздiгi және жастар өмiрi, ойын-той салттары туралы бейнеленген. Атайдың соңғы жылдары жазған «Орындалған арман» атты мемуарлық еңбегi 1954 жылы өңделiп, екiншi рет кiтап болып баспадан шығады. Кiтаптың негiзгi мазмұны педагог-жазушының өткен өмiр жолы, қоғамдық қызметi, ортасы мен дәуiрi жайлы шығарма. Әсiресе, Ы. Алтынсариннiң халықтық қызметiн көрсетуге көп көңiл бөлген. Ұлы ағартушының iзбасары С. Көбеевтiң кезiнде жоғары бағаланып, екi дүркiн Ленин орденiмен марапатталып, «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген мұғалiмi» деген құрметтi атақ алған және Республика Жоғарғы Кеңесiне депутат болып сайланды.

Шығармалары

Екі соқа: Әңгімелер мен мысалдар.

Қалың мал: Роман.

Құстың ұясы: Әңгімелер мен мысалдар.

Орындалған арман: Романдар мен мысалдар.

В) Мәтінді мәнерлеп оқу

Сөздікпен жұмыс: Аяқ-ағаш табақ

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

Мәтіннен не түйдің?....

Бағалау


ҮЙГЕ: Атасы мен немересі (оқу)

Ата ақылы (жаттау)



Сабақтың тақырыбы: С.Көбеев. Шал мен балалар.

Сабақтың мақсаты:

Мәтінді мәнерлеп оқып мазмұнын түсіндіру. Мәтінді өз сөздерімен әңгімелеп айта білуге дағдыландыру. Балаларды үлкендермен құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

Сабаққа дайындық



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

«Ата ақылы» жатқа айту. «Атасы мен немересі» әңгімесі бойынша түсінгенін айту.



ІІІ. Жаңа сабақ С.Көбеев. Шал мен балалар.

А)Спандияр Көбеев туралы мәлімет

Спандияр Көбеев (1878 - 1956) - қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі. 1878 жылы бұрынғы Торғай облысы, Обаған болысына қарасты нөмiрі үшiншi ауылда - қазiргi Ақсуат ауылында дүниеге келген. Анасы Айтбоз өте қайратты, ақылды, ауылының ортақ анасы сияқты қадiрлi адам болған көрiнедi. Әкесi Көбей хат таныған, шыншыл, тек қолөнерiмен күн көрген. Әке-шешесiнiң үлгi тәрбиесi болашақ педогог-жазушының мiнез құлқының қалыптасуына көп әсер еткен. Мектеп жасына жетiп қалған бала бiрде әкесiмен бiрге бұл кездегi дәулеттi кiсi Соқытбайдың ауылына барғанда, Ыбырай Алтынсариндi көредi. Көп кешiкпей сол ауылда ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин бiрiншi рет екi жылдық мектеп ашады. 1887 жылдың желтоқсанында Алтынсариннiң тiкелей көмегiмен Спандияр сол мектепке алынады. Содан кейiнгi жылдары Қарағайлыкөл деген жердегi төрт жылдық болыстық мектепте бiлiм алады да, Қостанай қаласындағы Алтынсарин ашқан орыс-қазақ мектебiнде оқуын жалғастырады. Ендi ол осы қаладағы жаңадан ашылған екi жылдық педагогикалық курсқа түсiп, оны 1901 жылы бастауыш мектеп мұғалiмi деген мамандық бойынша бiтiрiп шығады.

Спандияр Көбеев Петропавлскiде оқытушылық қызметiн атқарып жүргенде, сол кездегi ұлы орыс халқының атақты жазушысы И. Крыловтың бiрнеше мысалдарын қазақшаға аударып, баспаға ұсынады. Ол аудармалары «Үлгiлi тәржiме» деген атпен 1940 жылы және «Үлгiлi бала» 1912 жылы кiтаптары басылып шығады. Осы кiтаптарына енген өлеңдерi мен әңгiмелерi жасөспiрiмдердi еңбек пен бiрлiкке, тату-тәттi ынтымаққа шақырған.

С. Көбеевтiң қазақ топырағында тұңғыш романдарының бiрi болған «Қалың мал» 1913 жылдың қазан айында басылып шығады. Бұл роман шығармашылық өмiрiнде ерекше орын алады. Мұнда қазақ ауылының әлеуметтiк суретi, қазақ әйелiнiң тағдыры, оның теңсiздiгi және жастар өмiрi, ойын-той салттары туралы бейнеленген. Атайдың соңғы жылдары жазған «Орындалған арман» атты мемуарлық еңбегi 1954 жылы өңделiп, екiншi рет кiтап болып баспадан шығады. Кiтаптың негiзгi мазмұны педагог-жазушының өткен өмiр жолы, қоғамдық қызметi, ортасы мен дәуiрi жайлы шығарма. Әсiресе, Ы. Алтынсариннiң халықтық қызметiн көрсетуге көп көңiл бөлген. Ұлы ағартушының iзбасары С. Көбеевтiң кезiнде жоғары бағаланып, екi дүркiн Ленин орденiмен марапатталып, «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген мұғалiмi» деген құрметтi атақ алған және Республика Жоғарғы Кеңесiне депутат болып сайланды.

Шығармалары

Екі соқа: Әңгімелер мен мысалдар.

Қалың мал: Роман.

Құстың ұясы: Әңгімелер мен мысалдар.

Орындалған арман: Романдар мен мысалдар.

Ә) КІТАППЕН ЖҰМЫС Сөз жұмбақты шешу

Сырбай, жонып, ата, анасы, кеміді, қария, аяқ, немересі СПАНДИЯР

Б) «Шал мен балалар» мәтінді оқу

МӘТІНДІ БАСҚАША ТАҒЫ ҚАЛАЙ АТАУҒА БОЛАДЫ?

В) ЖАҒДАЯТ «Ойланып жауап бер!»

Асқар дастарқан басында шешесіне: -Сен шайды көп ішесің,-деп кінә тақты.



  • «Сен» деме, «сіз» деп сөйле,-деді әкесі. –Менің досым Сергей әке-шешесіне «сен» деп сөйлейді ғой. «Сен» деген ең жақын адамдарға айтылады емес пе?-деді Асқар.

  • КІМНІҢ ПІКІРІ ДҰРЫС? СЕН АТА-АНАҢА НЕ ДЕЙСІҢ?

ТЫЙЫМ СӨЗ

Әркімді бір келемеждеп, мұқатпа.


ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: «Шал мен балалар» мәтінді өз сөздерімен әңгімелеу


Сабақтың тақырыбы: Мысық пен тышқандар

Сабақтың мақсаты:

1. Ертегі мазмұнын түсініп оқу, идеясын ашу. Ертегідегі нақыл сөздің мағынасын дұрыс ұғыну

2. Оқушылардың көркем сөйлеуін, өз ойларын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын кеңейту.

3. Үлкеннің ақылын тыңдауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

Оқушылардың қызығушылығын ояту – психологиялық дайындық.

Мұғалім: — Көз не үшін керек?

Оқушы: — Жақсыларды көру үшін.

Мұғалім: — Екі құлақ не үшін керек?

Оқушы: — Ақыл - кеңес тыңдау үшін.

Мұғалім: — Екі қол не үшін керек?

Оқушы: — Елге көмек беру үшін.

Мұғалім: — Екі аяқ не үшін қажет?

Оқушы: — Шетте жүрсең,

Туған жерге жету үшін.

Дұрыс балалар, олай болса мен сендердің құлақтарың, көздерің, қолдарың мен аяқтарыңа саулық тілеймін.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

«Шал мен балалар» мәтінінің мазмұнын баяндату

Оқушылардың бір - біріне сұрақ қоюын ұйымдастыру арқылы қорытынды жасау

Қайталау Сауалнама жүргізу

1. Қазақша жыл санау бойынша ең соңғы жыл

А. түйе Б. ит В. доңыз

2. Аңыз деген не?

А. Өмірде болған адамдардың басынан өткен оқиғалары жөніндегі шығарма Б. Ойдан құрастырылған шығарма

Б. Екі адамның өзара сөйлесуі

3."Құлақ пен тымақ" қандай шығарма?

А. ертегі Ә. мысал Б. аңыз

4. Қысқы ойын түрлері туралы айтылған өлең

А. Жұмыстың жылуы Ә. Шынықсын денеміз Б. Қыста қызық жұмыс бар

5."Жұмыстың жылуы" өлеңінің авторы



А. Қадір Мырза Әли Ә. Бүркіт Ысқақов Б. Бердібек Соқпақбаев

ІІІ. Жаңа сабақ Мысық пен тышқандар

Ой шақыру - Жұмбақ шешу

Мысықтан қорқады, Тонын кие туған,

Түнде жортады. Жалап бетін жуған.(тышқан)




Мұртын сипап күн бойы,

Бетiн сусыз жуады.

Тысырды аңдып түн бойы,

Тышқанды көп қуады. (Мысық)

Сыныпқа сұрақ:

- Тышқан, мысық туралы не білесіңдер?

Ертегі мазмұнын түсіндіру

Ертегіні тізбектей оқыту

Ертегідегі нақыл сөзді тауып оқу

- Ертегі неліктен осы нақыл сөзге құрылған?

- Ертегі желісі бойынша мультфильм құрастыру
«БӘРІ ТАППАҒАН АҚЫЛДЫ КӘРІ ТАБАДЫ»
ІҮ. Сабақты бекіту

- Мен не үйрендім?

Ойын ойнау "Мысық пен тышқан"

Ү. Үйге тапсырма беру

Ертегіні түсініп оқу

ҮІ. Бағалау



Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет