«ӨЗ ІЗІ» мәтінін мәнерлеп оқып, мазмұнын әңгімелеу
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
Үйге тапсырма: «ӨЗ ІЗІ» оқу
Сабақтың тақырыбы: Алдаркөсе мен салт атты.
Сабақтың мақсаты:
Аңыздармен балаларды таныстыру. Аңыздардағы негізгі ойды анықтап, өз сөздерімен әңгімелеп айтуға дағдыландыру. Оқушыларды
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,
Көрнекілігі: оқулық, суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
«Өз ізі» мәтінін өз сөздерімен әңгімелеп айту.
ІІІ. Жаңа сабақ Алдаркөсе мен салт атты.
А) Оқулықпен жұмыс
ЖАҢЫЛТПАШТЫ ЖАҢЫЛМАЙ АЙТУҒА ЖАТТЫҒУ.
1)Киген тоны-
Оңды тон.
Өңді тон.
2)Сенсең,
Бейсенде бар сеңсең тон,
Сейсенде бар сеңсең тон,
Кигендері өңшең тон.
3)Үш кісі ішік пішті.
Бес кісі ішік пішті.
Қанша кісі ішік пішті?
ЖАҢЫЛТПАШТАРДАҒЫ КИІМ АТАУЛАРЫН АТА. БҰЛ КИІМДЕРДІ ҚАЙ КЕЗДЕ КИЕДІ? НЕ ҮШІН КИЕДІ?
106-беттегі суретке зер сал. Жерде тұрған кісі қалай киінген? Ат үстіндегі кісі қалай киінген? Ат үстіндегі кісі ше? Алдар көсе туралы бұрын қандай аңыз оқып едің?
Аңызда өмірде болған адамдар жөнінде әңгімеленеді.
МӘТІНДІ МӘНЕРЛЕП ОҚЫП, МАЗМҰНЫН ӘҢГІМЕЛЕП АЙТУ.
Аңыздар - халықтың ауызекі шығамашылығының ерекше жанры, оларда халық қиялы нақты жадығаттарды еркін сапырып, оқиғаларды өзінше пайымдайды.
Аңыз әңгімелер — Халық ауыз әдебиетінің жанры. Оқиғасы шындық өмірден алынғанымен, ауызша айтылып таралғандықтан, фольклорлық сапалармен толыққан көркем шығарма.
Аңыздар тарихта шын мәнісінде болған әлдебір оқиғаларға құрылады, әрі осы оқиғалар көбіне нақты бір мекенмен, тау-таспен, өзен-көлмен баланыстырылады. Мұндай аңыздар жер-су аттарына байланысты немесе топонимикалық деп аталады. Себебі олар белгілі бір жағырафиялық нүктенің неліктен солай аталатынын түсіндіреді. Мұндай аңыздарға Бурабай, Баянауыл, Қарағанды, Жекебатыр, Шайтанкөл, Екібастұз,т.с.с. жер аттарымен байланысты аңыздар жатқызылады.
Қазақ аңыздарының үлкен бір тобын ғашықтардың қайғысымен, өлімі немесе айрылысуымен аяқталатын махаббат хикаялары құрайды. Бұларға Зарина ханшайымның, Айша бибі арудың, Балқаш қыздың бастарынан өткерген уақиғалары жатады.
Батырлар туралы аңыздар
Қатыгез жауларға қарсы ерлікпен шайқасқан ата-бабаларымыздың қаһармандығын паш ететін батырлар жайындағы аңыздар да ауыз әдебиетінде айрықша орын алады. Бұлардың қатарына сақ патшайымы Томирис Отанын қорғау жолына өз өмірін құрбан еткен бақташы Шырақ жайындағы аңыз-әңгімелерді жатқызамыз. Бұл оқиғалардың аңызға айналу себебі сол уақыттан бері талай ықылым заман өтіп кеткендігі ғана емес, олар шын болды ма, жоқ па, ешкім дәлелдеп бере алмайтындығы.
Тарихи аңыздар
Ең ақырында, тарихи деректер мен оқиғаларды халық қиялы мүлде өзгертіп жібергендіктен, ақиқаттың өзі а уақыт өте келе аңыздық сипат алған қазақ аңыздарының бір тобы бар. Моңғолдардың атақты әміршісі Шыңғыс хан, оның ұлы Жошы хан және басқалар хақындағы кейбір аңыздар бұған дәлел болып табылады.
Тарихтың терең қойнауларынан орын алып, аңызға айналған оқиғалардың өтірік-шынын тексеріп жатудың өзі ақылға сыймайтын нәрсе. Олар ойдан шығарылған уақиғалар болғандықтан да-аңыз. Бір қызығы, әдеби немесе ғылыми шығармаларда мифтік бейнелерге айналатын немесе керісінше болатын тарихи тұлғаларға ,оқиғаларға тікелей байланысты аңыздар да көптеп кездеседі. Қазақ әдебиетінде Қорқыт, Алаша хан бейнелері осындай. Олардың өмірінде шын болғандығына кейбір зерттеушілер күмәнмен қарайды. Себебі олардың есімдері тарихи шежірелерден табылмай отыр. Сондықтан да қазіргі уақытта мұны дерек-құжатпен дәлелдеу қиын.
Қорытындылау
Бағалау
Үйге: «Алдаркөсе мен салт атты» аңызын оқу.
Достарыңызбен бөлісу: |