Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин.«Кел,балалар,оқылық»



бет23/23
Дата25.03.2017
өлшемі6,39 Mb.
#12371
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Қ.Әбдіқадіров портреті




Қ.Әбдіқадіров портреті



- Қалмақан Әбдіқадыров ақын жазушы. Ең алғашқы өлеңі «Сырдария» деген өлеңі «Еңбекші қазақ» газетінде басылып шықты. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Жалшы» деген атпен 1928 ж. жарық көрді. «Қажымұқан» повесі, «Тәтті қауын» кітаптары балалар әдебиетінен үлкен орын алды.

ә) Оқулықпен жұмыс: Ұлы Отан соғысы кезінде Қажымұқан Мұңайтпасов өзінің жеке қаржысына ұшақ жасатты. Оны Отан үшін от кеіп жүрген батыр жауынгерлерге жасаған қайырымдылығы болатын. Ұшақты Амангелді Иманов батырдың атымен аталуын өтінді. Қажымұқанның мұндай жомарттық ісіне Қызыл әскер жауынгерлері ризашылығын білдіріп хат жазды.

б) «Алып бала» мәтінін оқып таныстыру.

в) Қажымұқан Мұңайтпасов туралы қосымша мәлімет беру. (видеороликті көрсету), түсіндіру әңгімелеу.

Қ. Мұңайтпасов 1871 ж. 7 сәуірде Ақмола уезі, Қараөткел ауылында туған. Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған. Сөйте жүріп, күреске түсіп, той – томалақтарда елге көрініп бала балуан деген атқа ие болған. Өзінің өмірін кәсіпқой күреске арнап әлемге күш атасын танытқан Қажымұқан атамыз екен. Әлемнің бірнеше мемлекеттерінде болып 48 медаль иеленді. Күрескенде Қажымұқаннан асқан ешкім болмаған.

г) Оқулықпен жұмыс: Тізбектей оқыту.

ғ) Сөздікпен жұмыс:

Оқыра тиіп – сона тәрізді жәндік шағып

Құзар жар – биік жар.

Торығып – түңіліп, ренжіп.

Сергіту жаттығуы:

Шынығу үшін шымыр боп,

Шынығамыз шаршамай.

Бұлшық еттер шымыр боп,

Аламыз сосын тыныс жай.

а) Талдау, жинақтау.

- Мәтінде кім туралы әңгімеленген?

- Мұқан қандай жұмыс атқаруды ұнатушы еді?

- Ол қандай ерлік көрсетті?

- Әңгіме неліктен «Алып бала» деп аталды? Сен қалай атар едің?

- Мәтіннің 1 – ші бөлімі (1. Өгіздің өлімі, 2. Ауыл адамдарының таңқалуы), әр бөліктің жігін тауып оқы.

ә) Суретпен жұмыс:

- Суреттегі адамның күштілігін неден аңғардың?

- Ол не үшін өгізді арқалап алған деп ойлайсың?

- Суреттегі адамның ісіне өз көзқарасыңды білдір?

- Мұқанның орнында өздерің болсаңдар не істер едіңдер?

б) Дәптермен жұмыс: 5 жолды өлең стратегиясы.- Біз қазақ тілінен сөз таптарын өтіп жатырмыз. Олай болса мына сөз таптарының сұрақтарына жауап бере отырып, мәтіннен түйгеніңді дәптерге өз ойыңды жаз.
1. Зат есім: Кім? Мыс: Мұқан

2. Сын есім: Қандай? Қай? Алып, батыр.

3. Етістік: Не істеді? Не қылды? Қайтті? Досына көмектесті.

Қорытынды ой. Өгізді ауылға жеткізді.

5. Зат есімге жуық мәндес сөз. Баланы жазаламас үшін.

- балалардың жазған жұмыстарын тексеру. 2 – 3 уін оқыту.

Бекіту. « Алтын медаль» ойыны.

Мұқан қозы бағып жүргенде, оның серігі қандай жағдайға душар болды?

Бала жігіт неге тарығып жылады?

Әңгіменің басты кейіпкері кім?

Қажымұқан қандай адам болған?

Қандай қайырымдылық іс жасады?



Зерттеу. «Қазақтың бес алыбы» кітабы бойынша әңгіме.

- Ал, балалар, енді мен балуанмен таныстырайын. Қазақтың тұңғыш балуаны, дүниежүзінің бірнеше дүркін жүлдегері Қажымұқан Мұңайтпасов 1871 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. 14 жасында жалшылықта жүріп, атты шана-ның үстіне салып, сүйреп келген. (Кітапшадан көрсету).

Теңдесіз балуандылығымен жер шарын аралап, 28 мемлекетте күресе түсіп, 56 медаль олжалаған. Қажымұқан сынды мықты ХХ ғасырдың басында түрік халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Балуандығына тәнті болғаны сондай түріктер «Қажы» деген атақ берді. Қажымұқан кеңес өкіметі тұсында балуандық шеберлігін одан әрі жетілдіреді. Осы елдің атынан көптеген балуандық шеберлігін одан әрі жетілдіреді. Осы елдің атынан көптеген жарыстарға қатысып үлкен жеңіспен оралды. Сондықтан оған Қазақстан өкіметі «Қазақ даласының батыры» атағын береді.

Тамаша цирк әртісі де болады. Ұлы Отан соғысы жылдарында өнер көрсетіп жинаған қаржысына ұшақ сатып алып, оны майдандағы қазақстандықтарға сыйлайды. Бұдан балуанның өз Отанын сүйетіндігін көреміз.

Ұрпақ – тіршілік көзі (дүниетану). Ұрпақтары бар. 1940 жылы туған Айдархан деген ұлынан Шаттық деген немересі ата жолын жалғап жүрген ұрпақтарының бірі.

Ол 25 жасына каратэ – спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері болды. 2002 жылы Оңтүстік Кореяда өткен Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды.

Жанәбіл Жанар Еркежан

Бақытжан қазақша күрес

әнші облыс чемпионы

Спорт мектебі: Ермахан Ыбырайымов, Дәулет Тұрлыханов, Шәміл Серіков, Ольга Шишигина сияқты саңлақтар осы мектептен білім алды.



Газет бойынша әңгіме.

Ақындықты қалады. Көріпкелділігі бар.

Қажымұқан айтқан сөзі бар. «Арқада Есіл жағасында туып - өстім. Сырда Арыс жағасында дүниеден өтермін. Жөргекке ораған жер мен кебінге оранған жердің арасы алыс болды, өкінбеймін, Қазақ жерінің алыстығы жоқ» Қажымұқан барлық қазақ даласына ортақ.

1948 жылы Шымкент облысының Арыс ауданындағы «Ленин туы» кол-хозында қайтыс болады.



Үйге тапсырма:

а) «Алып бала» мәтінін түсініп оқу, мазмұндау.



Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: С. Мұқанов. Батылдық.

Сабақтың мақсаты:

Мәтін мазмұнымен таныстыру.Жүйелі сөйлеуге үйрету.Оқушыларды өз ойларына қорытынды жасай білуге дағдыландыру. Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.Щқушылардың тіл белсенділігін, сөйлеу ,жазу мәдениетін дамыту.Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, шыдамды болуға,жаңашырлыққа адал достыққа ,бауырмалдылыққа , төзімділікке ,ел намсын қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

-Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру

Бір –екі оқушыдан мазмұнын сұраймын.

ІІІ. Жаңа сабақ С. Мұқанов. Батылдық.

Қызығушылықты ояту Суретті жұмбақ шешу. « Батылдық»

С.Мұқанов, Н.Баймырзаұлы туралы айту,өмірбаяндарымен танысу



Мағынаны тану

Батылдық деген не? Батылдықты қалай түсінесіңдер?



Мәтінмен жұмыс Мәтін мазмұнын түсіндіру

Оқушыларға бөліммен оқыту



Сергіту сәті

Шығу үшін шымыр боп,

Бұлшық еттер шымыр боп,

Шынығамыз шаршамай

Аламыз сосын тыныс жай

Сұрақ- жауап

-Әңгіме кім туралы?

-Балуан Шолақтың азан шақырып қойған аты кім?

-Нұрмағамбет қасқырды қалай байқап қалды?

-Неліктен «Батыл», «балуан бала» атанған?

-Нұрмағамбет қандай тәуекелге барды?

-Ол қасқырды немен түртті?

-Қасқыр қандай әрекет жасады?

-Қасқырдың тұмсығына тиген соққы, оны қандай күйге ұшыратты?

-Қасқыр неге қалжырады?

Айқас немен аяқталды?

-Қасқырды жеңген бала кім болды?



Топпен жұмыс Семантикалық карта

1-топ


Аң

үлкендігі

Тісі

жүні











2-топ


Тұмсығы

құлағы

дыбыстауы









3-топ

Қорегі

зияны

пайдасы








1-топ


Қасқырды дала аңы дедік.Оны қолға асырауға бола ма?

2-топ


Ол туралы қандай мақал- мәтелдер айтуға болады?

3- топ


Осы жайында қандай кинофильмдер көрдіңдер ?Әңгімелеңдер

Дәптермен жұмыс Жоспар құру

1.Батылдық

2.Бала мен қасқыр арасындағы айқас

3.Балуан баланың жеңісі



Қорытынды

Балуан Шолақ

-Ендеше, осындай қолға , үйге үйренбеген жыртқыш аңды жеңіп шыққан балуан атамыз Нұрмағамбеттің бұл ерлігін батылдық деуге бола ма?

Әрине , болады екен. Сол себепті, балалар,әңгіме батылдық деп аталған

БАҒАЛАУ

Үйге тапсырма:

С.Мұқановтың өмірдерегін жаттау

Мәтінді оқып ,мазмұндау

Шығармашылық тапсырма

Қасқырдың суретін салу


Сабақтың тақырыбы: Н. Жүсіп. Гиннес кітабына кірген қазақ.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың ғарышкерлер туралы мағлұмат беру арқылы оқушылардың білім,білік дағдыларын қалыптастыру. Оқу дағдысын қалыптастыра отырып, дауыс ырғағымен мәтінді мәнерлеп оқуға үйрету.

Т.Әубәкіров өмірі туралы ұғымдарын , сөздік қорларын,Тоқтардың ерен еңбегі туралы білімдерін дамыту;Тоқтар сияқты ерен еңбегімен батырлық ержүректілік көрсетуге патриоттық тәрбиеде, ғарышкерлер еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер Зымыран макеті, жер шары картасы, үлестірмелі жұлдызшалар,

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Бағдарлау-мотивацияық кезең

Оқушылардың зейіндерін шоғырландыру.

1.«Батылдық» әңгімесінен түсінік сұрау.

2.Талдау: а/Балуан Шолақтың шын есімі кім екен?

ә/ Ол неліктен «Батыл бала», «балуан бала» атанған.

б/Мәтіннен Нұрмағамбеттің күштілігін көрсететін тұстарды тауып,дауыстап оқыту.

3. Біздер осы тарауда батырлар,ұлы адамдар туралы өттік. Қандай Ұлы адамдарды оқып білдік? (Абай, Мұхтар, Тұрар,Біржан)

Қандай батырлар аға-апаларымыз туралы өттік? (Әлия,Мәншүк,Қажымұқан,Бауыржан)

4.Осы батырлдарымыздың қандайерліктерін білеміз? (Қажымұқан өз ақшасына ұшақ жасатқан.Бауыржан тапқырлығымен жауынгерлерді алып қалған.

4. Біздің арамызда мектебімізге,ауданымызға кішкентай болса да батырымз кім? Ол біздің сыныптан шыққан шахматшы Нұрлыбек.Осындай батыр аға-апаларымыздың ерлігі мәңгі жүрегімізде сақталу керек. Ендеше, бүгін біз тағы қазіргі замандағы батырымыз туралы өтпекпіз.



ІІІ. Жаңа сабақ Н. Жүсіп. Гиннес кітабына кірген қазақ.

Операциялық-орындаушылық кезең:

Дәптермен жұмыс.

Сөздік жұмысымен жұмыс: Гиннес кітабы- алғаш рекорд жасаған адамдардың есімі кіретін кітап

Рекорд-еңбекте, спортта қол жеткен ең жоғары табыс.

Сөзжұмбақ: Ерлік туралы мақал-мәтелді шешу арқылы зымыран макетіне жазу.

Мұғалім: Ғарыш әлеміне ұшқан бірнеше ғарышкерлер бар. Қазақстандық Т.Әубәкіров,Т.Мұсабаев, В.Жәнібеков, В.Шаталов, Ю.Лончаков, В.Степанович, біздің Алғалық жерлесіміз В.Пацаев айтуға болады.Қазақтың ұлы Тоқтар Әубәкіров ең алғаш ғарышқа ұшқан қазақ. Адам баласынан бұдан бұрын 1961 жылы Ю.А.Гагарин ұшты. Ол күннен бастап 12-сәуір Ғарышкерлер күні деп аталып келеді. Ғарышкерлердің ұшатын алаңы жер кіндігі- Қазақстанның Байқоңыр қаласы.

Ендеше, біз бүгін сабақта ғарышкермен бірге жер шарын аралап шығамыз. Бәріміз мына зымыранға мініп төркүл дүниені аралап шығамыз. Бірінші Тоқтардың туған жері Қарағанды облысы болғандықтан Шығыстан бастаймыз. (Зымыранды картаның шығысына қою)

ШЫҒЫС:


СОЛТҮСТІК-: КТК телеарнасынан жазылған «Жүрекжарды » атты Тоқтар туралы бейнебаяннан көрініс.

БАТЫС:- Н.Жүсіп туралы түсінік.

• Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп

• 1961 жылы 29 сәуірде ҚызылОрда облысы Шиелі ауданы Керделі ауылдық кеңшарында туған. Қазақ.

• Әкесі - Жүсіпов Байтілес (1921-1985). Анасы - Байділдәқызы Рабиға (1925 жылы туған), зейнеткер, батыр ана, күріш есіруші болған.

• С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген (1984), журналист. ҚР Журналистер академиясының академигі (1999 жылдан).

• «Біз кімнен кембіз?» (2001), «Қазақтың қызы» (2004), «Елес пен белес» (2006) публицистикалық жинақтың; 500-ге жуық мақалалардың авторы.

Сергіту жаттығуын жасату.

ОҢТҮСТІК:- Кітаппен жұмыс.

Аспан әлеміне саяхат: Жаңа сабақты оқып,талдау:

1.«Тбилиси»ұшағымен жаңа әдіспен ұшақты көтеру оқиғасына бүкіл әлем қалай қабылдады? (көз тікті)

2. Бұл ерлікті Тоқтар сынақшы-ұшқыш ретінде қандай ұшағымен жасады? (МИГ-29)

3. Кеңес ұшағы қалай ұшады?Егер дұрыс ұша алмаса суға құлап түсетін болды. (лып етіп)

4. Бұл сәт қанша уақытта орындалу керек? (секундтар)

5.Бұл әдісті ғаламат ерлікпен кім жасады?(Тоқтар)

6.Тоқтардың осы ерлігі қалай бағаланды? (Гиннес кітабына кірді)

7. Тоқтар ғарышта қанша уақыт болды? (7 тәулік, 22 сағат,12 минут 40 секунд).

8. Сынақшы-ұшқыш және ғарышкер-ұшқыш дегенді қалай түсінесің?

Шығармашылық тапсырма-ойындары:



Қорытынды

Рефлекциялық-бағалау:

Кітаптан мәтіннен ұнаған жері мен ұнамаған жерін сұрап, өз пікірлерін сұрау.

Бағалау.

Ғарышкер болғысы келетіндерге:

Барлығы да армандаудан басталатынын ұмытпаңдар.

Армандаудан қорықпаңдар!

Жалқаулыққа салынбаңдар!

Сәттілік тілеймін!



Үйге «Гиннес кітабына кірген қазақ» мәтінін оқып,әңгімелеуге дайындалып келу.

Сабақтың тақырыбы: Қ. Рысбекұлы. Бекзат.

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға олимпиада чемпионы – Бекзат Саттарханов жайында мәлімет беру, мәтіндегі негізгі идеяны ұғындыру;

2. Әр түрлі ой дамыту стратегиялары арқылы өздік жұмыс істеуге, ізденуге, творчестволық ойлануына ықпал ету.

3.Бекзаттың жеңісі арқылы балаларды жақсы қасиеттерге тәрбиелеу, Отанын,елін,жерін сүйетін ұлтжанды азамат болуға үйрету.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Алма түстерін таңдау арқылы 4 топқа бөлінеді:

«Күрес», «Бокс», «Футбол», «Волейбол»

«Гиннес кітабына кірген қазақ» Н.Жүсіп

Топпен жұмыс:

1. «Рекорд», «Гиннес кітабы» деген ұғымдарды қалай түсінесің?

2. Гиннес кітабына кірген қазақ кім?Ол қандай ерлік көрсетті?

3. Т.Әубәкіровтің ерліктері сенде қандай көңіл-күй туғызды?

4. Тағы қандай қазақ ғарышкерді білесіңдер?

- Қазақ ғарышкерінің есімі Гиннестің рекордтар кітабына енген болса, біздің қазақ спортшыларымыз да еліміз үшін намысты қолдан бермей Қазақстанымыздың туын көкке көтеріп желбіретіп жүр.



ІІІ. Жаңа сабақ Қ. Рысбекұлы. Бекзат.

А) Бекзат Сейілханұлы Саттарханов (4 сәуір, 1980 жыл, Түркістан, Қазақстан - 31 желтоқсан, 2000 жыл, Шымкент, Қазақстан) – қазақстандық боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері. 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының жартылай жеңіл салмақ бойынша чемпионы (57 кг дейін). І дәрежелі «Барыс» орденінің бірінші иегері. [1]



Отбасы

1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласында дүниеге келген. 2000 жылдың 31 желтоқсаны күні, жаңа жылға санаулы минуттар қалғанда, Шымкент қаласы жанындағы Темірлан бекеті маңында автокөлік апатынан қаза болды. Бекзат Саттарханов Түркістан қаласындағы қарапайым отбасында дүниеге келген. Бекзат әкесі Сейілхан мен анасы Сырлыкүлдің кенже баласы. Саттарханов-тардың Бекзаттан өзге мектеп қабырғасындағы спорттық бәсекелерде оза шапқан үш ұлы болды. Бағдат, Болат, Мақсат есімді балалары да спортты серік еткенімен, Бекзат секілді ешқайсысы алдына биік мұрат қойған жоқ. Сәби күнінде өте нәзік, аурушаң, әлжуаз болған Бекзаттан атағы жер жүзіне жайылатын даңқты боксшы шығады деп ешкім ойламаса керек.



Балалық шағы

Алғашында өзін-өзі қорғап үйренсін деген оймен ата-анасы Бекзатты күрес үйірмесіне қатыстырады. Алайда күреске ынтасы болмай, екінші жағынан күреспен айналысу бойдың өсуін тежейтінін ұғып үйірмеге бармай, бірден боксқа бет бұрады. 1986-1996 жылдар аралығында Абай атындағы мектеп интернатта, кейін Жұмабек Еділбаев атындағы №18 орта мектепте оқиды. 1995 жылы алғаш рет бокс үйрімесіне жазылып, балалар бапкері Нұрлан Жұмабаевтан тәлім ала бастайды. Ата-анасы мен туыстары Бекзаттың боксқа деген ынтасын байқағанымен, мұны жай, өтпелі кезең деп ойлаған. Бірақ ол бокспен шұғылданғанына бір жыл толмастан республикалық сайыстың жеңімпазы атанып, былғары қолғапты бекер кимегенін дәлелдейді.Заң саласы мамандығын игерген. Алдымен Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене шынықтыруфакультетіне түсіп, кейін Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетін тәмамдаған. Бекзат бокста Серік Қонақбаевты үлгі тұтқан. Мұның себебі де жоқ емес. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының финалында Серік Қонақбаев жұдырықтасқан сәтте Бекзат бесікте жатқан сәби еді. Анасы Сырлыкүл Саттарханованың Серік Қонақбаев секілді Бекзат та чемпион болсын деген үлкен арманы болған. Бекзат кейін ана арманын орындайды да. Ол Сиднейдегі жеңісін Түркістан қаласының 1500 жылдығына тарту ететіндігін айтқан. 1995 жылы он бес жасында Түркістан қаласында өткен З. Сейітбековты еске алу турнирінде тұңғыш рет топ жарған Бекзат өмір бойы осы жүлдесінің өте ыстық екенін айтып өтті. «Түркістан 95» деген жазуы бар қыш құмыраны Сидней Олимпиадасының алтынымен тең көрген. Дәл сол жылы жасөпірімдер арасындағы халықаралық жарыста жеңімпаз атанып, бапкерлер көзіне түсе бастайды.

1996 жылы Қостанай қаласында өткен бокстан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының ішкі біріншілігінде чемпион атанады. Дәл сол жылы шымкенттік Анатолий Визириякин атты бапкердің қарамағына өтіп, облыс орталығындағы мектеп-интернатта жаттыға бастайды.1997 жылы Қарағанды және Германияның Кельн қалаларында өткен халықаралық турнирлерде топ жарады. Сонымен қатар Олимпиадаға даярлау облыстық орталығына қабылданады.1998 жыл Бекзат үшін табысты болды. Сол жылы Аргентинада өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды.Қостанай қаласында өткен жарыста 54 келіде сынға түскен ол Марат Мәзімбаевтан ұтылып қалғанымен, бапкерлер сенімінен шығып, ұлттық құрамаға қабылданады.Түркістан қаласында Әбдісалан Нұрмахановтың құрметіне өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанып қоймай, жарыстың ең үздік боксшысына берілетін сыйлыққа ие болады.Сағадат Нұрмағамбетов атындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанады.Таиландта өткен бүкіл Азия біріншілігінде жүлдегер қатарына ілігеді.1999 жылы Венгрия және Болгарияда өткен халықаралық турнирлерде оза шауып, Ташкентте өткен бүкіл Азия біріншілігінде күміс жүлдеге қол жеткізеді. Дәл осы күміс жүлдесімен бірге Сидней Олимпиадасының жолдамасына да ие болады.

Бекзаттың қысқа ғұмырында 2000 жыл тек Сидней Олимпиадасындағы жеңісімен ерекшеленбейді. Ол мұхиттың арғы бетіндегі төртжылдық додасына аттанғанға дейін Қырғызстанда өткен Орта Азия ойындарында, Испанияда жалауы желбірген халықаралық жарыстарда жеңіс тұғырына көтеріледі. Астана қаласындағы «Қазақстан-Куба» кездесуінде қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, Чехияда өткен «Гран Приде» жеңімпазға берілер Кубокті төбесіне көтереді. Мәскеудегі ТМД елдерінің біріншілігінде 4 жүлдемен қатар, сайыстың үздік боксшысы деген атақты еншілейді.



Сидней Олимпиадасы 2000

Ташкентте бокстан өткен Азия чемпионатында Олимпиада жолдамасын жеңіп алған Бекзатты бапкерлер жартылай жеңіл 57 келі салмақ дәрежесіне лайық көреді. 57 келіде ел намысын Атланта Олимпиадасында қорғаған Бақтияр Тілегенов көп салмақ қуатындықтан, бапкерлер оған сенбейді. Оның үстіне 1999 жылы Хьюстон қаласында өткен бокстан әлем чемпионатында Бақтияр жеңіліс тауып, бапкер үмітін ақтамайды. Қазақстандық жанкүйерлер мен бокс мамандары Бекзаттың жастығын алға тартып, оны Олимпиадаға жібергісі келмейді. Бірақ ұлттық құраманың бас бапкері Тұрсынғали Еділов Бекзаттың көзінде от барын байқап, ел намысын қорғауды Түркістандық жас ұланға сеніп тапсырады. Олимпиадаға аттанар кезде ұшақ баспалдағында тұрған Бекзат үлкен ағасы Мақсатқа: «Мен бас жүлдемен ораламын. Менен алтын күтіңдер!» деп айғайлап, жеңетінін алдын ала сезген.Бекзат Саттарханов Сидней шаршы алаңындағы алғашқы кездесуін румын боксшысы Бобирант Овидиу-Тибериуға қарсы өткізді. Жекпе-жектің бірінші раундында Бекзат өзіне бір жұдырық дарытпай, 4-0 есебімен алда тұрды. Екінші раундта табло 8-2 есебін көрсетіп тұрды. Ал ең соңында төрешілер 14-5 есебімен бұл кездесудің сөзсіз жеңімпазы деп Бекзатты таниды.

Олимпиаданың сегізінші күнінде Бекзат африкалық Джефри Матебулламен қолғап түйістіріп, 16-5 есебімен қарсыласын тізе бүктіреді. Сиднейдегі екінші кездесу де Бекзаттың жеңісімен аяқталған болатын.Олимпиададағы үшінші кездесуінің өте тартысты болғанын бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Бекзаттың өзі мойындады. Кезінде Грузияда жаттығып, кейін Түркияның намысын қорғаған Рамазан Палианимен арадағы тартыс 12-11 есебімен Бекзаттың пайдасына шешілді.Марокколық Тахар Тамсаманимен Бекзат ХХVІІ жазғы Олимпиада ойындарының жартылай финалында жолықты. Егер бұл сыннан өтсе, Олимпиада алтынына таласуына мүмкіндік туатын еді. Өз мүмкіндігін құр жібермеген Бекзат 22-10 есебімен қарсыласын қапыда қалдырады.Бекзаттың финалдағы қарсыласы әлем чемпионы, америкалық Рикарду Хуарес еді. Ол Сидней финалына жету жолында Атланта Олимпиадасының чемпионы С. Камсингті тізерлеткен мықты боксшы болатын. Атағы алысқа кеткен қарсыласын Бекзат Саттарханов 22-14 есебімен жеңіп, Сидней Олимпиадасының чемпионы атанады.

Жұдырықтасу техникасы

Бекзат рингте тек жұдырықпен ғана емес, ақылмен де жұмыс істейтін боксшылардың қатарынан. Әсіресе аяқпен қимылдауда ерекше белсенділік танытқан. Сидней рингіндегі қарсыласы Джеффри Матебула: «Бекзаттың аяғы мықты екен, жорға жүрісті боксшы есімді алды. Осы жігіт финалға ілігеді» деп дөп басып айтыпты. Жаттығу кезінде аяғына 3-4 келілік қорғасын байлап алып жүгіреді екен. Аяғына ауыр тас байлап алғандығына қарамастан, құрамадағы әріптестерінің үнемі алдын орап кететін. Бокс мамандары мен жанкүйерлер Бекзаттың бокстасу техникасы қазақтың даңқты боксшысы, Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегері Серік Қонақбаевқа ұқсайтынын ерекше атап өтті. 2000 жылдың 31 желтоқсаны күні сағат 23-45-те Шымкент қаласының маңындағы Темірлан бекетінде Бекзат Саттарханов жол апатына ұшырап, қайтыс болды.



Мемлекеттік марапаттамалар

Сидней Олимпиадасындағы жеңісі үшін президент Нұрсұлтан Назарбаев Бекзат Саттархановқа І дәрежелі «Барыс» орденін табыс етті. Тарихта Бекзат «Барыс» орденінің тұңғыш иегері ретінде де қалды.



Бекзатты еске алу шаралары

Бүгінде Түркістан қаласында Бекзат Саттарханов атындағы ықшамаудан мен спорт кешені бар. Алматы қаласында көшеге Бекзат Саттарханов аты берілді. 2002 жылдан бастап бокстан Бекзат Саттархановты еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнир өтеді. 2005 жылы спорт журналисі Қыдырбек Рысбекұлы «Бекзат» атты кітап жазды. 2006 жылы «Қазығұрт» баспасынан спорт журналисі Несіп Жүнісбайұлы мен баспагер Темірғали Көпбаев құрастырған «Бекзат» фотоальбомы жарық көрді. Фотоальбом «Дара Бекзат», «Бала Бекзат», «Мәңгілік Бекзат» деген үш бөлімнен тұрады. 2009 жылы режиссер Сатыбалды Текеев «Бекзат» атты деректі фильм түсіріп, тұсауын кесті. Бұл фильм кейін «Құлагер» жүлдесін жеңіп алды. Фильм тек «Еларна» арнасынан көрсетілген. Әнші композитор Гүлнұр Өмірбаева «Бекзат» әнін дүниеге әкелді. Бұл ән 2002 жылы өткен «Азия дауысы» фестивалінің «Қазақ әндері» бәйгесінде «Алтын домбыра» жүлдесін жеңіп алды. 2011 жылдың мамыр айында Бекзат Саттархановтың қабірі басындағы жүлделердің көшірмесі ұрланып кетті. Бекзат жүлделерінің көшірмесі бағалы металдан жасалғанын біліп, қолды қылған күдіктілер әлі ұсталған жоқ.



Бекзат өміріндегі қызықты оқиғалар

Бекзат Сидней Олимпиадасының финалына боксшы Ермахан Ыбырайымовтың спорттық жейдесін киіп шыққан. Бір деректер бойынша, ол бокстағы бетке ұстар ағасының жейдесін ырымдап киіпті. Екінші бір дерекке сүйенсек, оның өз жейдесінде жарнама жазылғандықтан, ұйымдастырушылар өз жейдесін киюге рұқсат бермеген.Бекзат жаттығу жұмыстарынан кейін тез арада қалыпқа келетіндігімен ерекшеленген. 2000 жылдың маусымында Тайландта жаттығып жүргенде тай елінің дәрігерлері қатты таңғалады. Себебі, 33 минут жүгіріп келген Бекзат Саттархановтың жүрек соғысы 3-4 минутта қалпына келеді екен. Бекзаттың бұл ерекше қасиетін бапкерлер Тұрсынғали Еділов, Александр Апачинский, Анатолий Визирякин мен құраманың дәрігері Юсуп Шамузов қана біледі екен.Бекзаттың бойында бала күнінен бері байқалатын бір қасиет болған. Ол өзін жеңген боксшыдан міндетті түрде есе қайтаруды мақсат тұтады екен. 1995 жылы облыстық жарыстардың бірінде Данияр есімді баладан жеңілген Бекзат кезекті сайыста қарсыласын соққының астында қалдырған. Ал Аргентинада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының финалында ол украиналық Сервин Сүлейменовтан жеңіліп қалады. Сервиннен жеңілгеніне қатты намыстанған ол "алдағы уақытта оны міндетті түрде жеңемін" деп бапкерлеріне сөз беріпті. Айтқандай-ақ, Ресейде өткен ТМД елдерінің боксшылары қатысқан халықаралық бокс бәсекесінде Сервин Сулеймановтың тізесін дірілдетеді. Осы жекпе жекте Бекзаттың оң қолы ісіп, бармақ сүйегі шығып кеткен. Ұлттық құраманың бас бапкері Тұрсынғали Еділов Бекзаттың бокс қолғабын күшпен тартып шешкен кезде, қолғапқа қан толып қалғанын көреді. Намысқой Бекзат бармақ сүйегі шығып кетсе де, шыдамдылық танытып, жеңіске жеткен.Бекзаттың Бекзат есімді інісі өсіп келе жатыр. Ата-анасы Бекзатты мәңгі есте қалдыру мақсатында немерелерінің біріне Бекзат есімін берген.Бекзат Сейілханұлы Саттарханов шаршы алаңда 143 жекпе-жек өткізіп, оның 132-сінде жеңіске жеткен.[2]



«Бекзат Саттарханов – қазақ боксшысы.Ол 20 жасында бокстан Олимпиада чемпионы атанды.»

Біз бүгін Қыдырбек Рысбекұлының «Бекзат» деген мәтінімен танысамыз.

Топпен оқиды.Қиын сөздерді түртіп отырады.

Сөздік жұмыс: баһадүр – батыр

Топ ішінде мәтінді өзара талдайды

Ойын: «Серпілген сауал». Балалар мәтін бойынша сұрақтар әзірлейді:

1. Мәтінде кім туралы әңгімеленеді? Ол кім?

2. Рикардоның осал емес екендігі туралы мәтінде не делінген?

3. Мәтіннен Бекзаттың қимылы суреттелген жолдарды тауып оқы.

4. Мәтіннің соңғы азат жолын дауыстап оқы.

Сергіту

Семантикалық карталармен жұмыс:

№1 №3

Кейіпкер Іс-әрекеті



Спортшы

Күрес


Бокс

Ауыр атлет

Жеңіл атлет

№2

Сөйлем Сенің көзқарасың



№4

Бекзат қандай?



Қорытынды. Синквейн.

1 зат есім (Бекзат)

2 сын есім (күшті, епті)

Негізгі ойға етістік (жүгіреді,орғиды)

4 сөзден тұратын етістік

Бағалау.

Үйге тапсырма: «Бекзат» мәтінді оқу, мазмұнын әңгімелеу

Сабақтың тақырыбы: Ж. Жабаев. Алатау.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды Жамбыл Жабаевтың «Алатау» өлеңімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту. Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту. Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. Адамгершілік, ізгілік қасиеттерін бала бойына ұялату. Өнерді құрметтеуге, өнер адамдарын тани білуге, өнерлі болуға баулу. Оқушыларды ерлікке, батылдыққа, отансүйгіштікке баулу.

Оқушының өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау. Әдебиеттік оқу сабағынан «Табиғат тіршілік бесігі» атты жаңа бөлімді бастай отырып, табиғаттың ерекше бір сыйы - Алатау туралы жырлаған Ж. Жабаев өлеңімен таныстыру. Топтық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымдық еңбекке тәрбиелеу, сұрақ - жауап, пікірталас, тілді дамыту, шығармашылық жұмыс.

Күтілетін нәтиже: Өтілген жаңа тақырыпты нақты түсінеді. Нені қалай оқу керектігін түсінеді, сыни тұрғыдан ойлай білуге үйренеді. Топта пікірлесіп, ортақ шешімге келуге дағдыланады, өзін - өзі бағалай алады.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

Күлімдеп бүгін сіздермен,

Сәлемдесіп алайық

Қош келіпсіз бүгін сіз

Әдеппен сізге қарайық

Жылы, жылы жүзбенен

Жүрегімді сыйлайын

Ыстық алақаныммен

Көршіммен амандасайын

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Бөлімді қайталауға арналған тест



ІІІ. Жаңа сабақ Ж. Жабаев. Алатау.

«Сөзжұмбақ шешу» Автор туралы түсінік беру

Жамбыл Жабаев. «Алатау»

Ну - қалың

Мұнар - бұлыңғыр

Кептес - тілдесу, сөйлесу

«Алатау» өлеңін мәнерлеп оқу

«Суретпен жұмыс»

«Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» әдісі

«Әсем сөз әлемі» Өлең құрастыру

«Балғын суретші»

«Топтастыру стратегиясы»

Оқушылар смайликтерге сабақты түсінгеніне қарай өз - өздерін бағалайды.

1. Бүгінгі сабақтан алған әсерің?

2. Сен үшін пайдалы жағы?

3. Ұнамаған бөлімі болды ма?

4. «Алатау» өлеңі не жайлы?

5. Табиғат адамға не береді?

6. Табиғатты қалай қорғаймыз?

Сөз жұмбақты шеш.

1. Үлкен - үлкен түйені

Тастапты атам шөгеріп,

Өркеші бұлтқа тиеді,

Бауыры жатыр көгеріп.

2. Өсіп тұрған бұл не?

Жаз болса жайнап,

Саясында ән салып,

Құстар жүрген сайрап.

3. Сылдыр қағып,

Таудан құлап,

Жатыр ағып Мөлдір...

4. Үлкен балық суда жүзген

Таба алмас тұрақ жерден

5. Жарқ етсе сабау қамшы,

Нөсерлетіп жауар тамшы.

6. Төгіліп жерге ақ моншақ,

Ғайып болды сол шақта - ақ.

7. Қанаты бар тышқан

Жасырынып күндіз

Қараңғыда ұшқан.

Оқулықпен жұмыс. «Алатау»

Әңгімені мәнерлеп оқушыларға оқыту.

- Мәнерлеп оқып беру.

- Мазмұнын түсіндіру.

- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.

- Дептермен жұмыс:

Ну – қалың

Мұнар – бұлыңғыр

Кептес – тілдесу, сөйлесу.
1. Өлеңдегі ақын ойын және сөзін пайдаланып, сызбаны толтыр.

Берілген сөз ----------------- Осы сөзге қатысты көркем сөз

Таудан аққан су ------------ дыбысы, қимылы

Таудағы жемістер: --------- олардың дәмі...

Таудағы аңдар: ------------- олардың қимыл - қозғалысы...

Тау суындағы жәндік ----- оның қимылы...


Сергіту сәті.

3. Рефлексиялық - бағалау кезең.

Шығармашылықпен жұмыс.

1. Берілген суретке зер сал.

Суретпен жұмыс:

– Суреттен не көріп тұрсың?

– Таудан су қалай ағады?

– Тау етегінде қандай жеміс ағаштары өскен?

– Жемістің дәмі қандай?

– Таудан аққан бұлақта не кездеседі?

– Оның қимылы туралы не айтар едің?

2. Өзің тақырып ойлап, сурет бойынша әңгіме құра.

3. Көрікті табиғат суреті сенде қандай көңіл күй туғызды?

4. Ойланып жауап бер.

Табиғат адамға не береді? Табиғатты қастерлеу дегенді қалай түсінесің?

6. Өз ауылыңның ( қалаңның ) табиғатын қалай қорғап, аялайтының туралы пікіріңді жазып кел.


Үйге тапсырма: Әңгімені мәнерлеп оқу, түсінік айтуға дайындалу.

Оқушыларды мадақтау.




Сабақтың тақырыбы: М. Қалдыбаев. Еліктің лағы.

Сабақтың мақсаты:

Мәтін мазмұнын ашу, негізгі ойда ұғындыру. Сөздік қорларын жетілдіру, елестеу, өз ойларын еркін айта білу, қабілеттерін дамыту. Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы, табиғатқа деген көзқарастарын қалыптастыру. Табиғат қамқоршысы болуға тәрбиелеу.

Міндеттері:

1) Шығарма талданып негізгі ойды білу керек.

2) дамыта оқыту стратегияларын қолдану арқылы шығарманы зерттеу,

білімдерін кеңейту.

3) топпен жұмыс істеу арқылы ынтымақтастыққа тәрбиелеу

Сабақтың типі: Аралас сабақ



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

- «Бұлбұл мен тоқылдақ» мысалды рөлге бөліп оқу.

1 - топ«Алғырлар»

2 -«Тапқырлар»

3 -«Ойшылдар»

І - кезең: «Ой толғаныс» Мысалды көрініс ретінде көрсету.

1 - топ Мысалды рөлге бөліп мәнерлеп оқу.

1 - топ Бұлбұл мен Тоқылдаққа мінездеме беріңдер.

Орман құстары

Бұлбұл – әнші, өнерлі

Тоқылдақ – дәрігер, еңбекқор

3 - топ Халқымыз бұлбұлды «әнші құс», тоқылдақты «орман дәрігері» деп неге атайды.

(Бұлбұлдың және Тоқылдақтың салынған суреттерін көрме қылып көрсету.)



ІІІ. Жаңа сабақ М. Қалдыбаев. Еліктің лағы.

- Орманда мекендейтін қандай жануарларды білесіңдер?

- Балалар, мына суретке қарайықшы нені көріп тұрсыңдар?

- Лақ


- Ол ненің лағы?

- Ол еліктің лағы.

- Қайда мекендейді?

- Орманда мекендейді?

- Ендеше балалар бүгінгі сабақта өтетін тақырып: Мамытбек Қалдыбаев жазған «Еліктің лағы»

А) Автордың өмірбаяны.

Қазақтың көрнекті жазушысы. Балаларға көптеген шығармалары бар. Оның ішінде «Үлек», «Уәде», т. б. шығармалар бар.

«Еліктің лағы» мұғалімнің оқуы. (Компьютерге мұғалімнің даусымен жазылған мәтінді оқушылар тыңдай отырып көрініс көреді)

Б) Оқушыларды тізбектей оқыту

В) Сөздік жұмыс

Шоқы - тік, биік төбеНысаны - көздеп ататын жерҚарауыл - күзет

Г) Мәтінге қандай ат қояр едіңдер және неше бөлімге бөлер едіңдер

ІІ - кезең «Ой - шақыру.» /сұрақ - жауап арқылы/

1 - топ. Сол күні ауа райы қандай еді?(түсінгеніңді айту)

2 - топ. Аңшы неліктен мылтығын қолына алды?

Ол неге ызаланды? /мәтіннің ішінен тауып оқыту/

3 - топ. Түймебай нені көріп қалды? Аңшының елікті атуға неге батылы бармады? /түсінгенін айту/

ІV. Сергіту сәті.

/жұмбақ шешейік, жаңылтпаш айтайық

ІІІ - кезең «Ой қорыту».

1 - топ. Аңшының орнына сендер қайтер едіңдер? (Өз ойыңды білдір)

2 - топ. Аңшының сыртқы бейнесін сипатта.

3 - топ. Аңшыға мінездеме беріңдер.

Аңшы – ержүрек, ұстамды, қайырымды

Қорытынды: жануарларды қорғау, аялау, сүю керек. Өйткені олар біздің кіші достарымыз.

«Мақалдар айту»«Сиырдың сүті -...........»«Нар жолында..............»

«............ бота тату»

. Бағалау.



. Үйге тапсырма «Еліктің лағы» мазмұнын айту, аңшының суретін салу.
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет