Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин.«Кел,балалар,оқылық»



бет19/23
Дата25.03.2017
өлшемі6,39 Mb.
#12371
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Сабақтың тақырыбы: М.Әлімбай. Кім жомарт? Не жомарт?

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылар мейірімділік, қайырымдылық, турашылық жайында әңгімелей келе өлең мазмұнын түсініп айта білуге, мәнерлеп оқуға үйренеді. Оқушылардың ойын жүйелеп баяндай білу шеберлігі артады.

2.Диалог түрінде берілген өлеңді оқуда дұрыс дауыс ырғағын келтіруді басшылыққа ала отырып, оқу дағдылары қалыптасады..Ойын жүйелеп баяндай білу шеберлігі артады.

3. Өзіндік пікір, көзқарастар қалыптастыра отырып, оқушылардың бойында әділдік сезім, жолдастық, адамгершілік қасиеттерін дамыту.



Күтілетін нәтиже:

Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді ажырата білуі, тақырыпты өмірмен байланыстыра білулері

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

1-топ Талапты

2-топ Еңбекқор

3-топ Ойшыл



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

М.Гумеров. Көк кептер

Жоспар:

1. Бейтаныс балалар



2. Арашашы

3. Нүсіпбектің досын іздеуі

4. Үйге келгендегі іс-әрекеті

1-топ. Әңгімені мазмұндайды

2-топ. Нүсіпбек пен Аймағанның қасиеттерін Венн диаграммасына салу.Нүсіпбек (аңқау, адал, сенгіш) пен Аймағанға (сатқын, арам, қу) ортақ нәрсе ? (дос балалар)

3- топ. Мәтін кейіпкерлерін және олардың іс-әрекеттерін бағалау: Мәтін кейіпкерлері не істеді? Сендерің пікірлері



ІІІ. Жаңа сабақ М.Әлімбай. Кім жомарт? Не жомарт?

Сөзжұмбақ шешу:

1. Төрт түліктің бірі не малдың қасқасы ? (жылқы)

2. Еңбек етуге ең керекті не? (қол)

3. Не өмір шырағы? (білім)

4. Тіршіліктің тірегі кім? (ана)

5. Кездескенді тақырға отырғызып кететін кейіпкер кім? (Алдаркөсе)

6. Не тас жарады,

Тас жармаса бас жарады. (тіл)

1.- Ендеше, бүгін біз “Жомарттық”туралы оқимыз. Күнді, тақырыпты жазғызу. Өтетін тақырыптың мазмұнын, мақсатын айту.

Жомарттық деген не?

Жомарт адам уәдесінде тұрады, әділ, қайырымды болады.

-Кабуснама деген не? - Оны кім жазды? Қайқауыс туралы түсінік беру.

Оқулықта берілген мақалды оқу. Жомарт сөзіне қарама –қарсы сөз – сараң сөзі.



ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС:

М. Әлімбаевтің суретін көрсетіп, мағлұмат беру.

Мұзафар Әлімбаев – Қазақстанның халық жазушысы. 1923 жылы Павлодар облысы Шарбақты ауданы Маралды аулында дүниеге келген. Әлімбаев балалар әдебиетіне ерекше еңбек сіңіріп келеді. Оның «Бал дәурен, шіркін балалық», «Ақсерек пен Көксерек» т.б. сондай кітаптары оқырмандар қауымына кеңінен танымал. Әлімбаев дүние жүзіндегі 70 елдің мақал-мәтелін жинап, оларды ана тілімізге аударды.

3.Оқулықтағы өлеңді оқып, диалог түрінде оқу жолдарын көрсету.

-Диалог деген не ? Пысықтату. Оқушыларға рөлге бөліп кезекпен оқыту.



Топтық жұмыс

1-топ

”Кім жомарт? Не жомарт?” сөзіндегі кім? не? сұрақтары қай сөз табына қойылады? (зат есімнің ережесін еске түсіру)



2-топ

Өлеңде ақын кімдерді және нелерді жомарт дейді? Осы сұрақтарға өз беттеріңше жауап беріп, өлеңді жалғастырып көріңдер



3-топ

Өлеңді сурет түрінде бейнелеу.

БЕКІТУ

Батырды неліктен жомарт дейміз? (Халық үшін жанын бергендіктен)



-Ұстазды неліктен жомарт дейміз? (Бар балаға тәлім бергені үшін)

-Жерді неліктен жомарт дейміз? (Адамзатты асырағаны үшін)

-Күнді неліктен жомарт дейміз? (Жерге нұры шашырағаны үшін)

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

– Жомарттық дегеніміз не?

– Қабуснамада жомарттықтың неше белгісі бар делінген?

– Бірінші белгісі не?

– Екінші белгісі не?

– Үшінші белгісі не?

– Жомарттық деген сөзге мағынасы қарама-қарсы сөзді ата.

– Мұзафар Әлімбаев қай жерде дүниеге келген?

– Мұзафар Әлімбаевтің қандай шығармалары бар?

– Біз қандай болуымыз керек?

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:

Өлеңді жаттап келу. Жомарттық туралы “Қабуснамадан” берілген үзіндіні жаттап келу.

Сабақтың тақырыбы: Ж.Кәрбозин. Жиырма тиын.

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды мәтінді дұрыс әрі түсініп оқуға үйрету, мәтін авторы туралы мәлімет беру.

2. Оқу дағдыларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру.Сөздік қорын сөз байлығын молайту.

3. Адамгершілікке, бірін-бірі сыйлауға, ата-ананы құрметтеуге, айтқанын тыңдауға, қамқор жанашыр болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

М.Әлімбаевтың Не жомарт? Кім жомарт? Өлеңін жатқа сұрау.Тақырыпқа сай мақал жаттау, қосымша сұрақтар беру.

ІІІ. Жаңа сабақ Ж.Кәрбозин. Жиырма тиын.

Мақал: Сараңда бар болса да –жоқ

Жомартта жоқ болса да –тоқ.

Жомарттық - айтқан сөзіңді орындау, әділ сөйлеу, қайырымдылық жасау

Ана - Батыр

Ұстаз


Күн

Жер


Ситуациялық сұрақ: Үзіліс - буфет

Қандай болу керек?

Сабақты математикалық жұмбақ жасырудан бастау.

1. 10+10=? Болады (20)

2. Өткен жылы бүкіл қазақ халқы тәуелсіздіктің неше жылдығын тойлады? (20жылдығын)

- Сонымен бүгінгі тақырыбымыз «жиырма тиын» деп аталады.

Қазір біз тиын емес, теңге деп сөйлейміз.Егемендік алғаннан соң 1993жылы ұлылық төл теңгеміз айналымға енді.

- Балалар, енді осы тақырыбымызға сай мақал-мәтелдердің жалғасын табу, мағынасын түсіндіру.

- Дұшпан күлдіріп айтады,

Дос жылатып айтады

- Жүз сом ақшаң болғанша,

............................................



3. Жәнібек Кәрбозин өмірі.Ақын, 1933 жылы 15 мамыр күні Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Дегерес ауылында туған.1953 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетін бітірген.’’Кербақбай’’, ‘’Қолғанат”, “ Қарабек пен қарақшы” т.б.балаларға арналған пьесалар жазды.Оның балаларға арналаған “Бәйшешек”, ”Менің шеберханам”, ”Ысқырық”, ”Біздің Бекен қайда екен?”, ”Біздің ауыл балалары” сияқты өлең жинақтары бар.

4. Мәтінмен жұмыс.

а) оқып беру, мазмұнын оқушылармен бірлесе отырып түсіну, талдау.

ә) сөздік жұмыс

милығына -



5. Сергіту сәті: Кім үлкенді тыңдаса

6. Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап беру.

7. Мәтінді оқушыларға оқыту.

8. Ойын «Сырлы сандық»

Жаңа сабаққа байланысты тапсырманы орындау.

Берілген сөйлемдерді ретімен орналастыру (тақтаға бес оқушы шығып орындайды)

1. Мен қалтамдағы екі жиырма тиындықтың біреуін оған ұсындым.

2. Дүкенге жақындағанда, біресе аяғымен, біресе қолымен қардың арасын қарап жүрген Қанатқа көзім түсті.

3. Дұрыс істегенсің.Бұның адамгершілікке жатады.

4. Табылып қалар деп, мен де қардан тиынды іздеуге кірістім.

5. Алтайжан, дүкенге барып келе қойшы.
.Қорытынды

Мақалмен қорытындылау «Басыңа іс түссе, жақсы көмек етеді, жаман күліп кетеді» сондықтан балалар «Адам болам десеңіз»

Мына қасиеттердің қайсысына жақын қайсысынан аулақ болу керек?
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: мәтінді оқу, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеп айту


Сабақтың тақырыбы: Ә. Дүйсенбиев. Атай.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға адамның табиғатқа жасайтын қамқорлығы жайлы әңгімелеу; отбасы мүшелерінің қарым - қатынасы, тәлімдік үлгі - өнегенің тәрбиедегі әсері жайындағы түсініктерін дамыту; жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді ажырата білуге баулу; шығармалардың мағынасын аша отырып, негізгі ойды анықтау; өздігінен еркін түрде өз ойын жеткізе білу, оқушылардың отбасында, қоршаған ортада өзін мәдениетті ұстай білу дағдыларын қалыптастыру; ауызекі, жазба сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; сауатты жазу, өз ойын еркін түрде жеткізе білу дағдыларын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту,оқушыларды табиғатты аялауға; үлкенді сыйлауға; имандылыққа адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер мақал - мәтелдер (ата тәлімі туралы), жұмбақтар, ойындар, шығармалар жинағы, нақыл сөздер, қима қағаздар,

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

- бір - бірлеріне сәттілік тілеу.

Өзімді жақсы көремін,

Сені де сыйлаймын.

Бүгін, ертең,

Жақсылық болсын!



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Жәнібек Кәрбозин. Жиырма тиын.

мәтінді оқу, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеп айту



«Ойлан тап»

Сандарды өсу ретімен таңдаймыз.

10) Жәнібек Кәрбозин кім? Оның қандай әңгімесімен таныстық?

20) Алтайды апасы қайда жұмсады?

30) Дүкенге жақындағанда қандай оқиға болды?

40) Алтай Қанатқа қалай көмектесті?

50) Апасы Алтайдың ісін қалай бағалады?

60) Алтайға мінездеме беріп көр.

Сонымен, қорытындылай келсек, Алтай өзінің жомарттығымен, мейірімділігімен, қайырымдылығымен нағыз дос екендігін көрсете білді.

Осы әңгімеден не түйдіңдер?

Алтайға риза болған кім?

Тағыда қандай туыстық атауларды білесіңдер?



ІІІ. Жаңа сабақ Әнуарбек Дүйсенбиев. Атай.

Қызығушылықтарын ояту.

А) «Мақал – сөздің ажары» ойыны. Берілген сөздерден мақал - мәтелдер құрастыру.

АТА ЖАҚСЫ - ОРМАН,

БАЛА ЖАҚСЫ – ҚОРҒАН.

«Жақсы ата - орман,

Жақсы бала - қорған.»

- Мақал - мәтелдің мағынасын ашу.

МАҒЫНАНЫ ТАНУ



«Ой қозғау» стратегиясы.

«Жаңылмай айт» ойыны. Жаңылтпашты жаңылмай айтып, оның ішіндегі сөздерді қалай түсінетінін айтқызу.

Алғыс алғыш – тіл алғыш,

Тіл алғышқа мың алғыс.

«Болжау» стратегиясы.

- Бүгінгі сабақтың не туралы екенін табу үшін мына криптограмманы шешіңдер.



Оқулықпен жұмыс. А)ЖҰМБАҚТАРДЫ ШЕШУ

Гүл-гүл жайнап жер, аспан,

Гүрілдейді сайда өзен.

Гүлжазира жарасқан

Гүлдерімен қай кезең?
Қырға кілем жайылды.
Қос қанатын иіп ап,

Жарға келіп қонады.

Қара киім киіп ап,

Балшықтан үй соғады.

(КӨКТЕМ, ҚЫЗҒАЛДАҚ, ҚАРЛЫҒАШ)

ә) Әнуарбек Дүйсенбиев туралы мағлұмат алу.



Әнуарбек Дүйсенбиев - 1931 жылы 25 қазанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетін және БЛКЖО Орталық комсомол мектебін бітірген. Ұзақ жылдар «Балдырған» журналының жауапты хатшысы, «Жалын» баспасында бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасында аға редакторлық қызмет атқарған.

Шығармашылығы

М.Ю.Лермонтов, Дж.Родари, С.Маршак, С.Михалков, А.Барто, М.Жалил, Я.Колас, Тоқтағүл секілді ақындардың өлеңдерін қазақшаға аударған.

Парадта. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1956;

Сыйлық. Өлеңдер. А., ҚМ КӨБ, 1956;

Не деу керек? Өлеңдер. А., ҚМ КӨБ, 1957;

Қызғалдақ. Өлеңдер. А., ҚМӘКБ, 1958;

Ана жүрегі. Өлеңдер. А., ҚМӘКБ, 1959;

Қайырлы таң, балалар. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1960

Гүлзар. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1962,

Аққулы айдын. Таңдамалы. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1976;

На веселой улице. Стихи и рассказы. М., «Детская литература», 1972;

Кто раңьше встает? Стихи и сказки. А., «Жазушы», 1973;

Если бы я был сильным. Стихи и сказки. А., «Жалын», 1979;

Ладошка. Стихи, поэма, сказка. М., «Детская литература», 1982.[1][2]

б) «Атай» өлеңін мәнерлеп оқыту.

- өлеңді түсініп оқу; Оқушыларға кезекпен оқыту, талдату

- өлеңнің негізгі ойын анықтау;

- өлең мазмұнын жеткізу;

- өз ойын білдіру.

- алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық деңгейдегі сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

- «Есіңде болсын!» - ескерпелерді есте сақтап, орындау.

Шығармашылық тапсырма.

- Өздерің осындай істер атқардыңдар ма? Әңгімеле.

**СУРЕТПЕН ЖҰМЫС

КӨКТЕМГІ ЕҢБЕК ТҮРЛЕРІН АТА.



Сергіту сәті

Ой толғаныс

«Ой түйіні» ойыны. Қима қағазбен жұмыс. Мақсаты: өтілген мәтіннің мазмұнын меңгерілу деңгейін анықтау.

- Зейнеткер табиғатқа қандай қамқорлық жасаған?

- Атайдың немерелері қандай істермен айналысты?

- Құстарға, жалпы табиғатқа адам неліктен қамқорлық жасайды?



Дәптермен жұмыс. 1 - тапсырма:

Сөздік жұмыс: бағбан-егін, ағаш баптайтын кісі

Шот-еңбек құралы



2 - тапсырма: Жаңа сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастыр.

Өлеңді талдау.

1) Өлең неше шумақтан тұрады?

2) Әр шумақ неше тармақтан тұрады?

Шығармашылық жұмыс.

І – қатарға - Көктем туралы әңгіме құрау.

ІІ - қатарға - Сурет салу.

ІІІ - қатар - Бір шумақ өлең.



Рефлексия. «Табиғатты аяла» тақырыбына әссе жазу.

Қорытындылау.

БАҒАЛАУ

Үйге тапсырма:

1) мазмұндау;

2) Атай туралы мақал - мәтелдер жинастыр.

Сабақтың тақырыбы: М. Әлімбай. Көктем келді.

Сабақтың мақсаты:

1) «Көктем келді»өлеңінің мазмұны мен мағынасына түсінік беру. Өлеңнің шумақтарын мәнерлеп,түсініп оқи білуге жаттықтыру, көркем тілде мазмұндай білуге үйрету.

2)Оқушылардың есте сақтау,талдау,салыстыру,өз беттерімен ойлау дағдыларын дамыту,жүйелі мәнерлеп сөй,өз білімдерін бағалай білуге дағдыландыру.

3)Жауапкершілікке,бірін-бірі сыйлауға,табиғаттысүйіп,аялай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

ІІІ. Жаңа сабақ М. Әлімбай. Көктем келді.

Қызығылушын ояту

Ана тілі жайлы бір шумақ өлеңді үнтаспадан тыңдау.

«Маған жақсы мұғалім бәріненде артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі»

Ы. Алтынсарин

Міне,балалар біз бүгін өзіміздің біліміміз бен біліктілігімізді көрсету үшін сыныпты үш топқа бөліп отырмыз.

1) «наурыз»

2) «сәуір»

3) «мамыр»

Әр топ парақшаға берілген сөздермен бір-біріне тілек айту.

Талап————- Өсек————— Отан——-

Еңбек————– Өтірік————- Ел——–

Рақым———— Мақтаншақ———- Халық———–

Терең ой————– Еріншек————- Ата-ана———–

Қанағат————– Қызғаншақ————- Мектеп————–

Білім——————— Ұқыпсыз—————– Туған жер————–

Тілек айтып болған соң, әр топ өз аттарына « сөзжұмбақ » құрастыру арқылы қорғайды.

1 топ «наурыз»

2 топ «сәуір»

Жасыл дөңге,көк белге, Бәйшешектен білеміз,

Жаңбыр төгіп өткенде, Көктем келіп қалғанын.

Жауқазындар бүр жарып Мәз боламыз, күлеміз,

Құлпырады көктемде. Көрсек гүлін жарғанын.

3 топ. «мамыр»

Ақ жаңбырға шомылып,

Туған жердің алабы,

Қызғалдаққа көміліп,

Көздің жауын алады.

Әр топтан 1 оқушыға Әнуарбек Дүйсенбиевтің «Атай» өлеңін мәнерлеп оқыту, сұрақ қою арқылы білімдерін бағалау.

1) –Өлеңнің мазмұны кім жайында?- Өлеңнің мазмұны атай жайында.

2) –Өлеңдегі негізгі ой не? — Негізгі ой атайдың еңбекқорлығы, әңгімешілдігі жайлы.

3) –Өлеңде жылдың қай мезгілі жайлы айтылады?—Жылдың көктем мезгілі жайлы.

Сурет бойынша көктемгі еңбек түрлерін атау.

Көктемгі еңбек түрлері:Жер жырту, ағаш отырғызу, ағаш діңін әктеу, егіс алақабын дайындау т.б



Миға шабуыл

«Пресс-конференция»ойыны.

Шарты:сыныптағы кішкене балғын зерттеушілер М.Әлімбаев туралы мәліметтер жинау,бірін-бірі тыңдай білу.Сыныптағы журналистер зерттеушілерге сұрақ қояды.

Балғын зерттеушілер сұрақтарға жауап беруі тиіс. Мұғалім «жетекші ғалым» ретінде жауаптарды толықтыруына болады.



Сөзжұмбақ шешу. Мына суреттердің бірінші әрпін алып сөз құрасаңдар бүгін танысатын өлеңнің аты шығады.

К-көбелек К-көкек

Ө-өрмекші Е-елік

К-көгершін Л-лақ

Т-тасбақа Д-дуадақ

Е-ешкі І-ін

М-мысық

Сөзжұмбақ шешуі: Көктем келді



Сергіту сәті

Аяқпенен топ-топ-топ,

Қолымызбен соқ-соқ-соқ,

Бір оңға,бір солға

Айналайық кел мұнда.

Қолымызды сілкейік,

Басымызды шайқайық,

Бір оңға,бір солға,

Айналайық кел мұнда.

Бүгін Мүбарак Жаманбалинов пен Мұзафар Әлімбаевтың «Көктем келді» өлеңдерімен танысамыз.

Мүбарак Жаманбалинов өлеңін әр топ мәнерлеп оқу.

І топ.-Өлеңді жазған кім? -Өлеңді жазған М. Жаманбалинов.

ІІ топ. –Өлең жылдың қай мезгілі жайлы? -Өлең көктем мезгілі жайлы.

ІІІ топ. –Өлеңнің мазмұнына сай қандай ат қоюға болады?

-Өлең көктемгі ауа-райы жайлы болғандықтан « Көктем келді» деп аталады.

Өлеңге сай қимыл қозғалыс жасау.

Күркіреді күн-күн…

Терезелер шың-шың…

Жауды жаңбыр топ-топ…

Шелек-шелек көп-көп!

Жон арқаңды тос-тос,

Күнбағыс, тез өс-өс!



Келесі танысатын өлеңіміз Мұзафар Әлімбаевтың «Көктем келді» Өлеңі.

Мұзафар Әлімбаев (1923жылы 29 қазан)

Павлодар облысы,

Шарбақты ауданы,

Маралды ауылында туған

Жазушы, ақын.

300 өлеңіне ән жазылған. Өлеңдері

38 тілге аударылған

«Менің ойыншығым,

«Отпен ойнама»,

«Шынықсаң шымыр боласың» кітаптары бар.

1. Өлеңді мәнерлеп оқу.

2. Әр шумақты жеке-жеке оқытып, айтылып тұрған ойды таптыру.

3. Өлеңді іштей оқу.

4. Өлеңді дауыстап оқыту.

Өлең соңындағы тапсырмаларды орындау.1- тапсырма.Көктем белгілері:

І топ. Күн жылуынан көлдің мұзы, жердегі аппақ қар ериді.

ІІ топ. Аспанда күн күркіреп, найзағай ойнайды, жаңбыр жауады.

ІІІ топ. Ағаштар бүршік жарады, құстар келеді.Жердің беті кілем төсегендей құлпырады.

2-тапсырма. Екі өлеңді салыстыру.

Тірек сөздер

М.Жаманбалинов

Көктем келді

М.Әлімбаев

Көктем келді

Күн


Күркіреді

Жылыды


Жаңбыр

Шелектеп көп жауады

Сіркіреп жауды

Өсімдік


Күнбағыс

Әр түрлі гүлдер

Шығармашылық тапсырма

І топ. « Көктем келді» тақырыбында эссе жазу.

ІІ топ. 5 жолды өлең құрастыру.

ІІІ топ. Көктем тақырыбында сурет салу.



Сабақты бекіту.

Семантикалық карта

.Оқушылар авторларға қатысты шығармаларды тауып «+» таңбасын қояды







ғылым таппай мақтанба

Ұшқан ұя

Салақтық

Даңғой

Атай

Жылу

Абай Құнанбаев

+
















Әнуарбек Дүйсенбиев













+




Есентай Ерботин










+







Ыбырай Алтынсарин







+










Бауыржан Момышұлы




+













Фариза Оңғарсынова
















+

-Неліктен бұл бөліктерге «+ » таңбасын қойдыңдар? Әрқайсысына мысалдар келтіріп, ойларыңды дәлелдеңдер.

«Қалт еткізбей қағып ал, жауабын тез тауып ал» ойыны арқылы сабақты бекіту.

«Пікір ағашын » толтыру

І топ. «Абай ата» ағашын толтыр.

ІІ топ. «Мұқағали ата » ағашын толтыр.

ІІІ топ. «Ыбырай ата» ағашын толтыр.



Көктем айындағы мерекелерді атап өту.

1.Аналар мерекесі қашан тойланады?

2.Қазақтың Жаңа жылы қашан тойланады? Наурыз көже қалай жасалады?

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

БАҒАЛАУ

Үйге тапсырма

.М.Жаманбалинов пен М.Әлімбаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқу және мәлімет жинау, «Көктем» тақырыбына суреттер салу.



Сабақты 1 шумақ өлең жолдары арқылы аяқтаймын.

Ауа қандай, дала қандай әдемі,

Көктем, көктем болармысың кәделі.

Сенің мынау ұланғайыр сыйыңнан,

Туған жердің жасаруда бедері

Сабақтың тақырыбы: М. Төрежанов. Еркіннің еңбегі.

Сабақтың мақсаты:

1) өткен сабақты бекіте отырып, жаңа тақырыпты ашу, мәтінді меңгерте отырып, балалардың жаздағы еңбек туралы білімдерін кеңейту;

2) оқушылардың мәнерлеп оқу, өз ойын анық жеткізе білу қабілеттерін, сөздік қорын, шығармашылық дағдыларын, ойындар арқылы танымдық қызығушылығын, ой - өрістерін жетілдіру;

3) оқушыларды еңбексүйгіштікке, ізденпаздыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.



Негізгі идея Еңбектің наны тәтті

Сабақтың типі: Аралас сабақ



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талапты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

Жақсы, қазір қанай жыл? (қоян). Бүгін бізге қоян қонаққа келді. Ол сендерге шарлар алып келді. Бұл шарлардың артында тапсырмалар жасырылған. Осы тапсырмаларды жақсы орындаған балаларға қоян шарларды сыйлайды.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1 - шар: «Үй тапсырмасын тексеру».

Үйге не берілді? Кәне кім бұл өлеңді жаттап келді? Осы өлеңде не туралы айтылған? Көктем кезінде қандай өзгерістер болады? Сендерге көктем мезгілі ұнай ма? Бұл өлеңдер немен ұқсас келеді? Ал айырмашылықтары неде? Өткен сабақта сендер мына өлеңге қимыл - қозғалыстар жасадыңдар. Кәне сол қозғалыстарды еске түсірейік.



Үйге тапсырма

.М.Жаманбалинов пен М.Әлімбаевтың өлеңдерін жатқа айту

1.Пікір ағашы:

1) М.Әлімбаев кім?

2)М.Әлімбаевтың қандай өлеңдерін білесіңдер?

3) Өлеңге сүйеніп көктем белгілерін ата?

4)Көктем айларын ата?

2. «Көктем келді» өлеңін жатқа айтқызу.

Көктем келді

Көлдің мұзын күн тесті,

Аппақ тонын жер шешті.

Жанжақтан күн күркіреп,

Жаңбыр жауды сіркіреп.
Жерді жапты көк кілем,

Ондай кілем жоқ, білем!

Көктем келді күлімдеп,

«Міне, саған гүлім» деп.



Үй тапсырмасын бекіту:

Өлеңімізге байланысты суретпен жұмыс.Көктем өлеңін қара сөзбен әңгімелеу.



ІІІ. Жаңа сабақ М. Төрежанов. Еркіннің еңбегі.

Төрежанов Мәдіхат Сейітхожаұлы[1] - (1921, Ақкөл ауданы Еңбек ауылы) – жазушы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі (1986). Семей мұғалімдер институтын бітірген (1941). Омбы облысы Шарбақкөл ауданында, Ақмола мектебінде мұғалім (1939 - 1941). Омбы қаласындағы авиациа зауытында жұмыс жасады (1941 – 45). Ақмола облысы мұғалімдер кәсіподақ ұйымының төрағасы, Қорғалжын мектебінде оқу ісінің меңгерушісі, мұғалімдер білімін жетілдіру институтында кабинет меңгерушісі (1946 – 81) болды. Төрежановтың алғашқы өлеңдері 1938 ж. жарық көрді. 1981 жылдан зейнеткерлік демалыста. Орден, медальдармен марапатталған.

Ал енді тақтаға қарап, мына мақал - мәтелдерді оқиық.

Еңбек қылсаң ерінбей, Тояды қарның тіленбей.

Еңбек деген байлық бар, Ерінбеген жететін.

Еңбек түбі қуаныш.



Осы мақал - мәтелдерді қалай түсінесіңдер?

Еңбек еткен адамның қарны тоқ болады. Себебі ол өз нанын өзі тауып жейді. Еңбек еткен адам түбі қуанышқа, бақытқа жетеді. Еңбек еткенде ғана нағыз бай боласың. Себебі өз еңбегіңмен тапқан байлығын – өз байлығын, тек адал еңбек еткен адамның досы да, заты да көп болады.



Тағы да еңбек туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?

Топтарға бөлінеміз. Әр қатар бір топ болып есептелінеді.

1. Бейнет - бейнет түбі зейнет

2. Еңбексіз өмір – сөнген көмір.

3. ердің атын еңбек шығарады.

4. кім еңбек етсе, сол тоқ.

Сонымен еңбек ету дегенді қалай түсінесіңдер?

Сергіту сәті:

Гүл өсірсен терлеп,

Мұның аты –еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты- еңбек.

Сабағыңды жөндеп,

Әзірленсең еңбек.

Қиындықтың бәрін,

Еңбек қана жеңбек.

Оқулықпен жұмыс

Жыл мезгілдерін атау.Әр жыл мезгіліне байланысты еңбек түрлерін сұрау.

«Еңбек» туралы мқал-мәтелдер айтқызу.

Ребусты шешу:

, ,, ,,,

Ша л ғы


Шалғы неге керек? Қай уақытта шалғымен шөп шабамыз?

Шалғымен шөп шабатын адамды кім деймыз? Қазіргі уақытта қол еңбегі комбайн еңбегіне айналды.

Бүгінгі сабақта Мәдіхат Төрежановтың «Еркіннің еңбегі» әңгімесімен танысамыз.Автордың суретін көрсетіп, өмірбаянын әңгімелеу. «Еркіннің еңбегі» әңгімесін баяндап беру.

Суреттер бойынша әңгіменің мазмұнын сұрау. Сұрақтар арқылы талдау.

«Еңбектің наны тәтті» деген нақыл сөздің осы оқиғаға қатысы барын дәлелдеу.

Оқулықпен жұмыс:

— Әңгімені тізбектей оқыту.

Дәптермен жұмыс:

— Нақыл сөзді жаздыру. «Еңбектің наны тәтті»

Оқулықтағы мәтінді тұтастай оқыту, топтарға тапсырмалар беру.

I – топ. Еркіннің атасының шөп шапқаны туралы айтылған тұсты тауып оқы.

II – топ. Еркіннің шоп шапқаны әңгімеленген тұсты тауып оқы.

III – топ. Атасының өмірден түйген сөздерін тауып оқы.

Ой – толғаныс кезеңі

Шығармашылық тапсырма беру

I – топ. 5 жол өлең құрастыру.

II – топ. Жазда қандай еңбек түрлері болады.

III – топ. «Еңбектің наны тәтті» деген нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

«Еркіннің еңбегі» әңгімесі бойынша сахналық көрініс жасату.

Сызба бойынша тапсырма беру.

Сергіту сәті

Күркіреді күн, күн...

Терезелер шың, шың.

Жауды жаңбыр топ, топ,

Шелек, шелек көп - көп!

Жон арқанды тос - тос,

Күнбағыс боп өс - өс!

Сабақты қорыту:

«Менің алғашқы еңбегім» тақырыбында шағын эссе жазып шығу. Жазғандарын оқыту.

Қорытынды: «Бәйге» ойыны сұрақ-жауап

Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу.Түсінік айтуға дайындалу.

Бағалау:


Сабақтың тақырыбы: Қ. Жұмаділов. Ұзынсары.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға өздігінен оқу арқылы мәтін мазмұнын меңгерту, «ұзынсары» сөзінің мәнін ұғындыру, АКТ-ны пайдалана отырып бірлескен жұмысты ұйымдастыру, танымын, өзіндік пікірін, зерттеушілігін, сындарлы ойлауын дамыту.



Күтілетін нәтиже: Оқушылар өздігінен оқу арқылы мәтінді түсінеді, АКТ-ны пайдалану арқылы бірлескен жұмыс жасайды, өзіндік пікірін білдіре алады, зертеушілігі, сындарлы ойлауы, сөйлеуі дамиды.

Сабақтың типі: Аралас сабақ



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

Біз қандаймыз, қандаймыз?

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Еш уайымды білейміз

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Топқа бөлу: Оқушыларды гүлдердің түстеріне қарай бөлу «Бәйге» ойыны арқылы сұрау.

1.Еркіннің Атасының шөп шапқаны туралы айтылған тұсты есіңе түсір.

2. Еркіннің шөп шабуды үйренгені туралы әңгімеле

3.Атасының ақылы

4. Мәтіннің негізгі идеясы не?

ІІІ. Жаңа сабақ Қ. Жұмаділов. Ұзынсары.

. І. «Қағып ал да, жауап бер»

- Оқушыларға допты лақтыру арқылы сұрақтар қою:

- Жыл мезгілдерін ата?

- Қазір қай мезгіл?

- Көктем айларын ата?

- Көктемнің нешінші айы? Оқушылар сұраққа жауап бере отырып, допты кері лақтырады. Екі топ кезекпен – кезек.

ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС: Қ. Жұмаділов. Ұзынсары.

Қабдеш Жұмаділов туралы мәлімет



Қабдеш Жұмаділов (24.04.1936 ж. т.) - жазушы, Қазақстанның халық жазушысы. Оның «Жас дәурен»өлеңдер, «Қаздар қайтып барады», «Сары жайлау», «Шарайна», «Сәйгүліктер» әңгіме, повесть жинақтары, «Көкейкесті», «Бақыт жолында», «Атамекен» т. б. романдары, «Соңғы көш» оқырман қауымға жақсы таныс. Жұмаділовке Шығыс Түркістандағы қазақтардың өмірі мен азаттығы жолындағы күресі суреттелген «Тағдыр» романы үшін Қазақстан Республикасының Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілген.[1]"Қазақ әдебиеті" газетінде (1965 - 67), "Жазушы" баспасында (1967- 76), Қазақстанның Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде (1976 - 81) қызмет істеген. 1981 жылдан шығарманың жұмыста. Жұмаділовтің алғашқы өлеңдері 1954 жылдан жергілікті баспасөз беттерінде, ал "Жамал" тырнақалды әңгімесі 1956 жылы Үрімшіде шығатын "Шұғыла" журналында жарияланған. Жұмаділовтің бір олеңдер жинағы, сегіз роман, бес повесть, ондаған әңгіме, мақалалар жинақтары жарық корген. Олардың негізгілері "Қаздар қайтып барады" (1967) атты әңгімелер жинағы, "Көкейкесті" (1969), "Соңғы қош" (1974 - 81,), "Атамекен" (1985), "Тағдыр" (1988,) романдары, "Соңғы көш" (1-кітап 1974; 2-кітап 1981) және "Дарабоз" (1-кітап 1994; 2-кітап 1996) дилогиялары. Жұмаділовтің соңғы жылдардағы көлемді шығармасы - "Таңғажайып дүние" (1998) ғұмырнамалық, "Қылкөпір" (2003) романдары.[2]

Шығармалары

«Жас дәурен». Өлеңдер жинағы: «Жазушы».— Алматы, 1966.

«Қаздар қайтып барады». Әңгімелер жинағы: «Жазушы», 1968.

«Көкейкесті». Роман. «Жазушы», 1969.

«Зов» — «Көкейкесті» романының орысшасы: «Жазушы», 1972.

«Соңғы көш». Роман, І-кітап: «Жазушы», 1974.

«Бақыт жолында». Роман, әңгімелер: «Жазушы», 1976.

«Саржайлау». Повестъ, әңгімелер: «Жазушы», 1978.

«Последнее кочевье» — «Соңғы көштің» бірінші кітабы. Орыс тілінде: «Жазушы», 1980.

«Соңғы көш». Роман-дилогияның екінші кітабы: «Жазушы», 1981.

«Шарайна». Роман. повесть, әңгімелер: «Жалын», 1982.

«Көштен соңыра» - «Соңғы көштің» бірінші кітабы. Түрік тілінде: Стамбул, 1983.

«Сәйгүліктер». Повестер топтамасы. «Жазушы», 1984.

«Атамекен». Роман. «Жалын», 1985.

«Тағдыр». Роман. «Жазушы», 1988.

«Екі томдық таңдамалы шығармалар». Повесть, әңгімелер: «Жазушы», 1989.

«Последнее кочевье». Роман-дилогия. Орыс тілінде: «Жазушы», 1992.

«Дарабоз». Тарихи романның бірінші кітабы: «Шабыт», 1994.

«Земля отцов» — «Атамекен» романының орысша аудармасы; «Жалын», 1996.

«Дарабоз». Тарихи романның екінші кітабы: «Жазушы», 1996.

«Соңғы көш». Роман-дилогиясы көп жылдан кейін бірінші рет қайта басылды: «Жазушы», 1998.

«Дарабоз». Тарихи роман-дилогия. Орыс тілінде: «Сөздік», 1999.

«Қалың елім, қазағым». Пікірлер, ойлар, толғаныстар: «Қазақстан», 1999.

«Таңғажайып дүние». Ғұмырнамалық роман: «Тамыр», 1999.



«ҰЗЫНСАРЫ» мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіру

2.Топтарға мәтінді бөліктер бойынша бөліп беремін.2.Бөлімдердегі таныс емес сөздерді тауып, түсініктеме бер.

3.Ұлттық тағам түрлерін жазу.(тағам түрлерін көп жазған топқа фишкалар таратылады)1. Мәтінмен танысады, топішілік және топаралық жұмыстар жасайды. түсінгендерін мазмұндайды.

*мәтіндегі таныс емес сөздерді жұмыс дәптерге жазады



Қорытынды

Рефлексия Не білдім? Не ұнады? Не қиын болды?



оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімдерін жазып тілек ағашына іледі

Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқып, мазмұндау

Наурыз мерекесіне байланысты материалдар жинақтау



Сабақтың тақырыбы: Н. Қазыбеков. Наурыз көже.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға қазақ халқының тұрмыс

тіршілігінде, әдет-ғұрпында ерекше орын алған «Наурыз» тойының ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын, қазақша жаңа жылдың келу салтанатын түсінікті, жас ерекшеліктеріне сай, әрі өздерін қатыстыра отырып түсініктерін қалыптастыру.

Ұмытылып бара жатқан әдет-ғұрыптарды қайта жаңғырту, имандылыққа, тіл мен дініміздің берік орын алуына тәрбиелеу, бағдар беру.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер,нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, қима-кеспелер, суреттер, наурызкөже.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

Көзіңді жұмып жүрегіңнің соғысын тыңда. Өз отбасыңды еске түсір. Жан-жүрегіңді жылытар ең ыстық сөзді есіңе ал. Оқушылар ата-аналарынан қандай жылы сөз естігілері келетінін айтады және өздері ата-аналарына жылы сөздер айтады.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Оқушылар үй жұмсын жұптасып бір-біріне айтады



ІІІ. Жаңа сабақ Н. Қазыбеков. Наурыз көже.

А)КІТАППЕН ЖҰМЫС: 171-бет

Автор туралы мәлімет беру

Нұрқасым Қазыбеков (1 мамыр 1936 жылы туылған, ҚХР Іле Қазақ автономиялық облыс, Текес ауданы) — жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1975). 1957 жылы құлжа пед. училищесін, 1968 жылы ҚазМУ-ді бітірген. 1962 жылы тарихи отанына оралған соң Райымбек ауданындағы Таушелек орман шаруашылығы мекемесінде, "Жазушы" баспасында (1969) жұмыс істеді. 1969-82 жылдары "Жалын" альманағында, "Жалын" баспасында редактор. 1987-90 жылдары Жазушылар одағында әдеби кеңесші. 1991-1993 жылдары "Заман—Қазақстан" газетінде, 1993 жылдан "Түркістан" газетінде қызмет істеді.[1]

Шығармалары:[өңдеу]

"Тұсаукесер" (1974),

"Шалғайдағы мектеп" (1974),

"Бейтаныс" (1978),

"Ағайын" (1982),

"Ауылдағы ағайындар" (1988),

"Ой таразысы" (1991),

"Дала өрнектері" (1994),

"Алтын Орданың кұрылуынан құлауына дейін" (1998), т.б.

Ә) НАУРЫЗ КӨЖЕ

Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұын өз сөздерімен түсіндіру.



Оқулықтан тыс мағлұмат беру.

Наурыз мерекесінің танымдық мәні мол, жұмбақ сырлы өзіндік рәсімдері мен шартты талаптары баршылық. Ұлыстың ұлы күні дайындалатын Наурыз көже « Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар» деп тоя ішу ғұрпы сақталған. Сондықтан болар наурыз көжені «көп көже», «тоқ көже» деп те атайды. Тіпті алаңсыз тойғанынша ішсін деген ниеттен болар, қаласа әркімнің өзі құйып алу еркі де болған. Мұның бәрі наурыз мерекесінің теңдік күні, еріктілік, имандылық мерекесі деген түсініктен туса керек. 7 санын қасиетті дейтіні белгілі. Тіпті санағанның өзінде біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу деп атаймыз. Ешқашан сегізеу, тоғызеу демеген. Ұлттық таным бойынша 7 қазына, 7 ата, 7 күн, 7 қат көк, 7 музыкалық дыбыс.

Табиғат пен тағам арасындағы байланысты ашу арқылы Наурыз көженің қасиеттерін көрсету үшін, халқымыз даналықпен тағам түрлерін топтап, белгілі бір түстерге балап айтады екен. Олар:

Көк – көктемде тасыған су жер-дүниені көк толқын етеді.

Қызыл – қарындары тойғанда қазы-қартаға да қарамай қалатын халқымыз 3 күн ет жемесе тістері қышып, қызылсырайтыны тағы бар. Ендеше барлық ет тағамын қызылға балайды.

Жасыл – жерден өсетін өнімдердің бәрін жасыл өсімдіктің дәні деп түсінеміз.

Ақ – барлық сүт тағамдарын ақ сүтке теңеу орынды.

Сары – май өзінің түсінің сарылығымен бірге ең асылын «сары майдай» сақтаған.

Қоңыр – бидайдың, тарының талқанын көжеге умаждап қосатын ұнды, кеспені қоңыр түске теңейді.

Қара – тұзды қасиетті қара дәм, қара бас тұз дейді.

Біздің кең байтақ даламызға келген Жаңа жыл. Жыл басы Наурызға арналған мерекелік тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Кіршіксіз көгілдір көгіміз,

Гүлдері құлпырған жеріміз,

Армысың, Наурыз, аңсаған

Қуанып қарсы алдық сені біз.

Алдан Арайдың орындауында күй

Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Әр адам келер жылдан үміт күтіп, оны ақ ниетпен қарсы алады. Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын!

Наурыз тойы құтты болсын,

Дендерің сау, мықты болсын!

Аман-есен болайық

Баршаңызға тілегім, осы халайық!

Айтқаныңыз келсін,

Пәле-жала жерге енсін!

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!

Еліміздің несібесі көп болсын,

Даламызға бұл жаңа жыл құт болсын!

Халқымыздың ежелгі түсінігі бойынша 21- наурызда даланы Қызыр аралайды екен. Қызыр баба- адам баласына дәулет дарытып, бақ қондыратын қиял ғажайып кейіпкер. Ол жақсылық атаулының жаршысы. Наурыз мейрамы қарсаңында Қызыр баба мұнтаздай таза үй ішіне кірсе, онда ол отбасы ауру-сырқаудан, дау-дамай, пәле-жаладан жыл бойына аман болады деп сенген. Наурыз мейрамында бойжеткендер өздері ұнатқан жігіттеріне арнаған соғымның соңғы етіне қосып пісірген «ұйқыашар» аталатын ерекше дәм дайындалған. Ал, жігіттер мен бозбалалар сүйіктілеріне айна, тарақ, иіссудан тұратын «селт еткізер» деп аталған сыйлықтар ұсынылған.

Наурыз – жаңа күн деген сөз. Наурыз сөзінің түп мағынасы иран тілінің «нау» - «жаңа», «руз» - «күн» деген сөзінен алынып жаңа жылдың бірінші күні деген ұғымды білдірген.

Наурыз келген уақыт бір керемет мезгіл екен. Малдар төлдеп, қой қоздап, малға мал қосылып, ырыс-несібенің артқан күні екен.

«Бұлақ көрсең көзін аш» деп, ағаларымыз төңіректегі бастаулардың көзін ашқан.

«Бір тал кессең он тал ек» дескен қариялар бұлақ басына тал егеді.

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

БАҒАЛАУ

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: «НАУРЫЗ КӨЖЕ» мәтінді оқып, өз сөздерімен мазмұныын әңгімелеу


Сабақтың тақырыбы: Наурыздағы тілек.

Сабақтың мақсаты:

:Оқушылардың наурыз меркесі туралы түсініктерін кеңейту.мәтінді оқи отырып зерттеушілік әңгімеге тарту, зейінін, есте сақтауын, оқушылардың белсенділігін арттыра отырып өзін-өзі бағалауға,топтық жұмыс жасауға,сандық технолгияны қолдану арқылы өз бетінше жұмыс жасауға үйрету.



Күтілетін нәтиже:. ; Оқушылар мәнмәтінді өздігінен түсінуге, талдауға үйренеді. Өз ойы мен алған әсерлерін жеткізеді, зерттеу, салыстыру әдістері арқылы сыни тұрғыдан ойлауы жүзеге асады,топтық жұмыс жасауға, өзін-өзі бағалауға үйренеді, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігі артады.

Өлеңнің идеясымен таныстыру. Наурызда берілетін бата-тілектер туралы мәлімет беру.

Күтілетін нәтиже Өлеңнің идеясымен танысады. Наурызда берілетін бата-тілектер туралы мәлімет алады

Сабақтың типі: Аралас сабақ



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

қуан, шаттан! Қуан, шаттан!

Қуанатын күн бүгін.

Қуанамын мен де, Қуанасың сен де

Қуанышпен күліп шықты күн бүгін!

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

«Наурыз» сөзіне топтастыру, постерге жазыңдар



ІІІ. Жаңа сабақ Наурыздағы тілек.

• «Ой толғаныс»

• «Қызығушылықты ояту»

• «Ойлан, топтас, талқыла»

Топқа бөлу: Қызғалдақ, жауқазын

Топ басшысын сайлау.



І. «Ой толғаныс»

Сөзжұмбақ дайындау

Сөзжұмбақ шешу арқылы үй тапсырмасын бекіту

ІІ. «Қызығушылықты ояту»

Әр түрлі тілектер жазылған суреттер дайындау.

Оқушылар таңдаған суреттерді алып бір – біріне тілек тілейді. Ішіндегі ерекше тілекті табады.

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!



«Ойлан, топтас, талқыла»

Мәтін жазылған бетшелер дайындау.

Оқушылар алдымен ойланып, топта талқылайды.

Өз ойларын ортаға салады.

Сергіту сәті: «Қаңқалар» биі Тынығады, демалады

Топтық тапсырма:

Бақылайды, қадағалайды

І топ: «Наурыздағы тілек» туралы эссе жазу

ІІ топ: «Наурыз» туралы бір шумақ өлең құрастыру



Топтық тапсырма

1-топ: мәтінді оқу.

2-топ: бірінші шумақ.

3-топ;екінші шумақ.

4-топ: үшінші шумақты оқып, талқылау.

Тілек жазу:

1-топ. Ата-әжелеріңе

2-топ. Әке-аналарыңа,

3-топ.ұстаздарыңа ,

4-топ. Достарыңа арнап тілек жазыңдар

Деңгейлік тапсырма

Сәйкестендіру тесті.

Наурыз Жаңа күн, жыл басы

Наурыз төл Төл басы

Наурызша наурыз айында жауған ақша қар.

Наурызкөк Көктем құс, бақыт құсы.

Рефлекция



Бағалау

Үйге тапсырма

Тілек – өлеңді жаттап келу. Оқушылар ата – анасына, ұстазына, достарына арнап тілек білдіріп, құттықтау хат дайындау.




Сабақтың тақырыбы: Шығарма №3 «Мейірім»

Сабақтың мақсаты:

Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап тиянақтау. Мәтінді өз сөздерімен әңгімелеп айтып, жазуға дағдыландыру. Сөздік қорының және ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік беру. Балаларды еңбекке, адамгершілігі мол азамат болуға, жақсы қасиетке ие болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: бекіту сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

ІІІ. Бекіту сабағы Шығарма №3 «Мейірім»

А)Мейірімділік-Адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.

Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады. “ Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады” (Шәкерім). Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік, имандылық пен инабаттылық секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан. Ж.Баласағұн “кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең — мейірімділік көресің” деп, мейірімділікке зор мән берген.

«Болады-болмайды» тренингі

(оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды)

-Мейірімді болуға .... (болады),

Кешірімді болуға .... (болады),

Қатыгез болуға .... (болмайды),

Тәртіпті болуға .... (болады),

Әдепті болуға .... (болады),

Ұрысқақ болуға.... (болмайды),

Сыпайы болуға .... (болады),

Қайырымды болуға .... (болады),

Бұзық болуға .... (болмайды),

Бауырмал болуға .... (болады),

Ақылды болуға ..... (болады),

Мақтаншақ болуға .... (болмайды),

Шыншыл болуға .... (болады),

Арам болуға .... (болмайды),

Маман болуға .... (болады),

Жаман болуға .... (болмайды),

Айтпақшы,

Жаман болуға ....! (болмайды).

«Кім және не мейірімді?» түсіп қалған сөздерді орнына қою керек. (баяу музыка ойнап тұрады)

Күлімдеген .... мейірімді. (күн)

Кіршіксіз ақ .... мейірімді! (қар)

Таза мөлдір.... мейірімді! (су)

Бәрімізді көтеріп түрған .... мейірімді! (жер)

Аяулы .... мейірімді! (анам)

Қадірлі .... мейірімді! (әкем)

Әлпештеген .... мейірімді! (әжем)

Еркелеткен .... мейірімді! (атам)

Жылы жүзді .... мейірімді! (ұстазым)

Тату-тәтті .... мейірімді! (достарым)

Жағдаяттарды шешу:

1-жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?

2-жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай шықты , сен не істер едің?

3-жағдаят: Сенің анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті,сенің әрекетің?

4-жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты, сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды, сен не істер едің?

Ә)МӘТІНДІ МӘНЕРЛЕП ОҚЫП; МАЗМҰНЫН ӨЗ СӨЗДЕРІМЕН ӘҢГІМЕЛЕП АЙТУ


Мейірім

Көктем. Мамыр айы. Төңірек тегіс түрленіп, көк шөп қаулап өсуде. Тау бөктері түкті кілемдей құлпыра түсен. Ақ, сары. Қызыл гүлдер көздің жауын алады.

Ауыл маңындағы терең көлдің маңайы жыл құстарының қиқулаған шуылына толы. Осындай бір күні Жасұландардың үйіне бір ана үйрек ұшып кірді. Мұны Жасұлан байқап, дереу әжесіне хабарлады.

Әжесі екеуі күні бойы аңдыды. Ана үйрек қораға ұя салыпты. Демек, балапан басып алмақшы.

Міне, жайлауға көшетін мезгілде жетті.

Ана үйрек қозғалмастан әлі жатыр. Әжесі немересінің меселін қайтармай, құстың амандығын сақтап қалу үшін қыстауда қалып қойды.

Көп ұзамай үйрек қауырсын қанат балапандарын ертіп шықты. Олар аспанға дүр етіп көтерілді. Қария мен кішкентай Жасұлан жоғарылап ұшып бара жатқан құстарға қарап, көздеріне жас алды.

Т. Әбдірайым



Жоспар:

1. Көктемнің келуі

2. Күтпеген қонақ

3. Үйректің балапан басуы

4. Құстардың жылы жаққа қайтуы
Б)МӘТІНДІ ӨЗ СӨЗДЕРІМЕН ӘҢГІМЕЛЕП ЖАЗА БІЛУ
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: Өткенді қайталау

Сабақтың тақырыбы: Ө.Ақыпбеков. Наурыз-жыл басы.

Сабақтың мақсаты:

Наурыз – жыл басы және оның шығу тарихы, тойлану себебі туралы терең мағлұмат беріледі, Жыл санау күнтізбесін жатқа меңгереді. Оқушылардың сабақ барысында логикалық ойлау қабілетін, сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыта отырып, ұлттық тәрбие, патриоттық сезім қалыптастырады.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Өткенді қайталау

Тілек – өлеңді жаттап келу.

ІІІ. Жаңа сабақ Ө.Ақыпбеков. Наурыз-жыл басы.

Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді. 2010 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы «Халықаралық Наурыз күні» қарарына сәйкес 21 наурыз - Халықаралық Наурыз күні болып қабылданды.

Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21 - 23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.

Мәтінмен жұмыс:

А) БАТА СӨЗДІ ЖАТТАТУ

Уа, құдайым, оңдасын,

Жаманшылық болмасын

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Қыдыр баба қолдасын,

Аман сақтап мал басын,

Еккен егін солмасын.

Ә)ӨТЕПБЕРГЕН АҚЫПБЕКОВ туралы мәлімет беру

Ақыпбеков Өтепберген (8.10. 1950 Алматы облысы Қапал ауданы Ақсу ауылы. - 2009, Алматы) - акын. 1973 - 1985 жылдары "Қапал еңбеккерлері" газетінде аға тілші, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, "Октябрь туы" (қазіргі "Жерұйық") газетінде жауапты хатшының орынбасары, бөлім меңгерушісі, 1985- 1995 ж. "Қазақ әдебиеті", "Жалын", "Денсаулық", "Жанашыр", "Халық конгресі" басылымдарында аға тілші, бөлім меңгерушісі, бөлім редакторы, жауапты хатшы, 1995 - 1998 ж. "Казгидромет" агенттігінде, ҚР Парламенті Мәжілісінің аппаратында, ҚР Ұлттық Банкінде, ҚР Әділет министірлігінің басқарма бастығы болып жұмыс істеген. Алғашқы өлеңдері 1973 жылдан жариялана бастады. Балаларға арнап "Доп" (1985), "Футболшы боламын" (1982), "Жарыс" (1985), "Айдын шалқар" (1986), "Жарыстан соң жарыс", "Балабақтың бір күні", "Экологиялық әліппе", "Қырық қыз", "Балдай тәтті әліппе", "Ажарлы Астана", "Қызықты әліппе", "Айдындағы әліппе", "Керек кітап", "Мен таңдайтын мамандық", "Төрт түлік төресі кім?" (1986), "Жылдың төрт мезгілі" (1990), т.б. жыр жинақтары жарық көрген. Литван ақындары Г.Леонардас пен Г.Рамутенің, шешен ақыны А.Ахметукаевтың бір топ өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Бірнеше дүркін Қазақстан Жазушылар одағы, Қазақстан ЛКЖО ОК мен "Жалын" баспасының бірлескен дәстүрлі жабық байқауының және республикалық, халықаралық мүшәйралардың жүлдегері болды.[1]

Б)Наурыз - жыл басы өлеңін мәнерлеп оқыту

*Әбігер жұрт неге?

*Өлеңді екі бөлікке бөл.


1-бөлік КӨКТЕМ МЕЗГІЛІ

2-бөлік НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ





ҚОРЫТЫНДЫЛАУ


БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: «Наурыз-жыл басы» өлеңді мәнерлеп оқу


Сабақтың тақырыбы: Үйшік.

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға ертегі мазмұнын айтып түсіндіру, кейіпкерлердің іс-әрекетін әңгімелей білуге дағдыландыру.

  • Оқушыларды ертегі мазмұны арқылы адамгершілікке, ерінбей еңбек етуге, ұлт мәдениетін, мәдени мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу.

  • Оқушылардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіру, сөздік қорларын молайту.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

«Наурыз – жыл басы» мәнерлеп оқу



«Кім көп біледі?»


Көктем мезгілі


Наурыз мезгілі





  1. Өлеңде қандай мереке туралы жырланған?

ІІІ. Жаңа сабақ Үйшік.

  • Балалар, сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?

  • Ертегілердің қандай түрлері бар?

«Үйшік» орыс ертегісі



  • Ертегіні тізбектей оқыту

  • Қатесіз мәнерлеп оқыту

  • Ертегіні әңгімелеу

Суретпен жұмыс


  1. Сурет арқылы ертегіні сахналап көрсету

  2. Топпен жұмыс жасау

«Адасқан сөздер» ойыны. Берілген іс-қимылдың қай аңға қатысты екенін сызықтармен көрсет



Қорытындылау.

БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: Ертегіні оқып, өз сөздерімен әңгімелеп айту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет