Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин.«Кел,балалар,оқылық»



бет20/23
Дата25.03.2017
өлшемі6,39 Mb.
#12371
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Сабақтың тақырыбы: Бөлімді қайталауға арналған тест.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың тараудағы алған білімдерін қайталай отырып,білімдерін бекіту.

Сабақтың міндеті: 1. Оқушылардың оқу -әрекеті арқылы алған теориялық білімдерін мысалдар мен деңгейлік тапсырмалар арқылы жетілдіру;

2.Тарау бойынша алған білімдерін ойындар арқылы дамыту, өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру, топпен жұмыс жүргізу арқылы әр оқушының дербестігін арттыру;

3.Тарау тақырыптарын түсіндіру кезінде сөздер мен сөйлемдердің тәрбиелік мәніне көңіл бөле отырып, оқушыны сауаттылыққа,ұқыптылыққа, тәрбиелеу, топпен жұмыс істеу арқылы ұйымшылдыққа, ынтымақ пен бірлікке, жолдастық көмек көрсетуге баулу.

Өткен бөлім бойынша алған білімдерін пысықтап, тиянақтау. Бөлім бойынша танысқан әңгімелер мен мәтіндер бойынша тапсырмаларды өз бетімен орындай білуге дағдыландыру. Балаларды еңбекке, ұқыпты болуға, адамгершілігі мол азамат болып өсуіне бағыт беру.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

«Үйшік» ертегісі

Ертегіні оқып, өз сөздерімен әңгімелеп айту. Рөлге бөліп ойна беру

ІІІ. Жаңа сабақ Бөлімді қайталауға арналған тест.

А) І топ-«Зеректер»

ІІ топ- «Тапқырлар»

ІІІ топ- «Алғырлар»

«Сырлы сұрақтар»

«Тапқышбектің тапсырмалары»

«Тест»

Ә) «СЫРЛЫ СҰРАҚТАР»



Мәтіндерді топқа бөлу

1)Тазалық –денсаулық кепілі

2)Мақтаншақтық

3)Наурыз


Б)ТЕСТ

1)Оқиғасы «Тазалық-денсаулық кепілі» деген мақалға құрылған шығарманы ата.

А)О.Әубәкіров «Сүт қалай ұйықтады?»



Ә)ЫАлтынсарин «Салақтық»

Б)М.Гумеров «Көк кептер»

В)Ж.Кәрбозин «Жиырма тиын»

2) «Ұйқышылдық –жаман әдет» деген нақыл сөз қай мәтінге байланысты?

А) Ж.Кәрбозин «Жиырма тиын»

Ә)ЫАлтынсарин «Салақтық»

Б) О.Әубәкіров «Сүт қалай ұйықтады?»

В)Е.Ерботин «Даңғой»



3) «Өндірмесе дәнеме,

Мақтанғаннан не пайда» деген жолдар қай мәтіннің қорытынды ойы?

А) Е.Ерботин «Даңғой»

Ә)Ш.Смаханұлы «Тәкәппар»

Б) О.Әубәкіров «Сүт қалай ұйықтады?»

В)Ә.Дүйсенбиев «Атай»



4) «Өркөкірек, мақтаншақ» сөздерінің мағынасына жуық келетін сөзді ата.

А)ұйқышыл ә)еріншек Б)салақ В)тәкәппар



5) «Даңғой» сөзінің мағынасын ашатын сөзді ата.

А)еріншек Ә)ұйқышыл Б)мақтаншақ В)салақ



6) «Басыңа іс түссе,

Жақсы көмек етеді.

Жаман күліп өтеді» деген мақалға қатысы бар шығарманы ата.

А) Ә.Дүйсенбиев «Атай»



Ә) Ж.Кәрбозин «Жиырма тиын»

Б) ЫАлтынсарин «Салақтық»

В)Қ.Жұмаділов «Ұзынсары»

7) М.Гумеровтың әңгімесінде көк кептерді атқан кім?

А)Балалар Ә)көрші әйел Б)Аймаған В)Нүсіпбек



8)Наурыздың ұзақ күндері қалай аталады?

А)мамыр Ә)наурыз Б)ұзынсары В)сәуір



9)Жұмбақтың шешуін тап: ҚЫРҒА КІЛЕМ ЖАЙЫЛДЫ.

А)ағаш Ә)қызғалдақ Б)қозы-лақ В)мал

10) «Көлдің мұзын күн тесті,

Аппақ тонын жер шешті» деген жолдарда қай жыл мезгілі туралы айтылған?

А)қыс Ә)көктем Б)жаз В)күз


ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: Өткенді қайталау


Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов.Әбілмансұр.

Сабақтың мақсаты:

1) тақырыптың мәнін ашу, халықтық өткен өмірімен таныстыру, тарихи тұлғалармен таныстыру, оқушыларға Абылай хан туралы түсінік беру және білімдерін толықтыру.

2) мәтіннің идеялық мазмұнын ашып, оқушылардың салыстыра, байланыстыра сөйлеу қабілеттерін дамыту. Сарамандық жұмысты шығармашылық деңгейде орындауға машықтандыру.

3) оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке, ұлы адамдардың іс - әрекетін бағалауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

сабаққа сәттілік тілеу.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

«Еңбек түбі - береке» деп не себепті айтылады екен? Өйткені білім де, өнер де, байлықта, бақытта еңбекпен келеді екен.



ІІІ. Жаңа сабақ М.Әуезов.Әбілмансұр.

1. Тақтадағы суреттерге шолу жасау.

2. Суреттегі тұлғалар бойынша оқушылар пікірлерін тыңдау.

- Балалар, бұл ұлы адамдардың өмірімен таныса отырып неге үйренеміз?

- Балалар жауабы. (үлгі, өнеге, тәрбие, т. б.)

- Ал, өнеге деген сөзді сіздер қалай түсінесіздер?

1 - 2 оқушы пікірін тыңдау

- Бүгін біз «Өнегелі өмір» тарауын бастағалы тұрмыз. Ал, олай болса, Зерделі мен Талапбек бұл жөнінде не дейді екен?

(2 оқушыға оқыту)

- Қазір М. Әуезовтің «Әбілмансұр» әңгімесімен танысамыз. Дәптерімізді ашып тақырыпты жазайық.



3. Жаңа сабаққа кіріспе.

Автор балаларға бұрыннан таныс, сондықтан автор туралы оқушылардың білетіндерін айтқызу.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте туған. Алғашқыда 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.
Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады.

Ресейдегі саяси төңкерістер Әуезов өміріне үлкен өзгерістер әкеледі. Ол Семейде «Алаш жастары» одағын құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына ұйытқы болады. Жүсіпбек Аймауытовпен бірігіп жазған «Қазақтың өзгеше мінездері» аталатын алғашқы мақаласы 1917 жылы 10 наурызда «Алаш» газетінде басылды. 1918 жылы 5-13 мамырда Омбы қаласында өткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Әуезов жазушы Жүсіпбек Аймауытовпен бірлесіп, Семейде «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығаруға қатысады. 1919 жылы семинарияны бітіріп, қоғамдық-саяси жұмысқа араласады. 1919 жылы желтоқсанның төртінде Семейде большевиктер билігі орнап, Әуезов Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің меңгерушісі және «Қазақ тілі» газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалады. 1921 жылы қараша айында Қазақ АКСР-і Орталық атқару комитетінің (ОАК) төралқа мүшелігіне сайланып, онда кадр мәселесімен айналысады. Сол жылы «Қорғансыздың күні» әңгімесі «Қызыл Қазақстан» журналының №3 – 4 сандарында жарияланды. 1922 жылы күзде Ташкенттегі Орта Азия университетіне тыңдаушы болып оқуға түседі әрі «Шолпан» және «Сана» журналдарына жұмысқа орналасады. Осы басылымдарда «Қыр суреттері», «Қыр әңгімелері», «Үйлену», «Оқыған азамат», «Кім кінәлі», «Заман еркесі» («Сөніп-жану») әңгімелері жарияланады. 1923 жылы маусым айында Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің тіл-әдебиет бөліміне оқуға ауысады. 1924-1925 жылы Семейдегі мұғалімдер техникумына оқытушылыққа қалдырылды. Сонда жүріп «Таң» журналын шығарады. Онда «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу», «Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық» әңгімелері жарияланды. 1925 жылы Ленинградқа қайтып барып, оқуын жалғастырады. 1926 жылы жаз айында Семейге арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырып, оның материалдары негізінде жазылған «Әдебиет тарихы» монографиясы 1927 жылы кітап болып шығады. 1927 жылы жазда Жетісу өңіріне сапармен келіп, Ілияс Жансүгіровпен бірге болашақ шығармаларына материал жинайды. Ленинградқа қайтып оралысымен, осы материалдар негізінде «Қараш-Қараш оқиғасы» повесін, «Қилы заман» романын, «Хан Кене» пьесасын жазады. 1928 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасына қабылданды әрі Қазақ ағарту институтында сабақ берді.



Ағарту ісі

Мұхтар Әуезов|Мұхтар Әуезовтің халық ағарту туралы ойларының өмір жолының әр кезеңінде көрініс беріп отырады. Әуезов ғылыми-педагогикалық, мемлекеттік және қоғамдық қызметінде өмір бойы халық ағарту, оқу ісі, ұрпақ тәрбиесі мәселелеріне жете көңіл бөліп, бұл туралы көптеген мақалалары мен жұртшылық алдында сөйлеген сөздерінде айтқан.

«Сарыарқа» газетінде 1917 жылы жарияланған «Оқудағы құрбыларыма!»

атты алғашқы мақалаларының бірінде жас жазушы оқуда журген қурбы-құрдастарын уақытты бос өткізбей, халықты оқу-білімге бастап, үлгі көрсетуге шақырса «Қайсысын қолданамыз» деген мақаласында орысша және ескіше - мұсылманша оқыған азаматтардың оқу ісін жүргізуде бір ауызды болуы жайында орнықты шешімге келу қажеттігі туралы сөз қозғайды.Ж.Аймауытовпен бірге шығарысқан «Абай» журналының 1918 жылы11-санында жарияланған «Оқу ісі» атты мақаласында қараңғылықтың құшағында қалған туған халқын мәдениетке, елдікке жетелеудің үлкен бір жолы - оқу-ағарту ісін дұрыс жолға қоюды, бұл үшін бірінші мақсатта ана тіліндегі ұлт мектептерін ашуды көбейту қажеттігін тілге тиек етіп, мұғалім кадрларының тапшылығын, оқу құралдарының жеткіліксіздігін сөз қылады, бұл істерді дұрыс жолға қоюдың бірінші кезектегі міндеттеріне тоқталып, өз ұсыныстарын айтады.1919-21 жылы Семей губерниялық атқару комитеті төрағасының орынбасары және төрағасы болып тұрған кезінде Семейде шыққан «Қазақ тілі» газетіне ағартушылық жұмысын жолға қою мәселесін көтерген бірнеше мақалалар жариялайды.1922 жылы 27 тамызда «Қазақ тілі» газетіне жазушының (Орынборда қазақ АССР Орталық атқару комитетінің басшылығында істеп жүріп) Семей губерниясындағы қазақ қызметкерлеріне ашық хаты басылады. Хатта жер-жерде оқыған қазақ қызметкерлерінің халықты сауаттандыру жолында өнер-білімге жұмылдыру ісіндегі самарқаулығы сыналады.1930 жылы Қазақстан Оқу комиссариаты білім кеңесінің шешімімен Қызылордада басылып шыққан «Қазақ шаруа жастар мектебіне арналған программа және түсінік хаттар» деген халық ағарту саласы үшін маңызды жинақтың қазақ әдебиеті пәніне арналған «Суретті әдебиет туралы» атты бөлімін Әуезов Бейімбет Майлин, Әлкей Марғұланмен бірлесіп жазған. Бағдарламада қазақ шаруа жастарының үш жыл ішінде қазақ әдебиетінен нені оқып үйрену қажеттігін айтып, қазақ әдебиетіндегі дәуірлеу мәселесін ұсынады.1957 жылы қазақ тілі мен әдебиетін оқытуға арналған республикалық кеңес қарсаңында «Қазақстан мұғалімі» газетінде (28 наурыз) «Ана тіл әдебиетін сүйіңдер» деген күн тәртібіндегі осы мәселеге байланысты кезек күттірмес шаралар туралы ой қозғайды. Қазақ әдеби тілі мен көркем әдебиет тілі жөнінде шынайы жанашырлық сезіммен жазылған көлемді мақалалары қазақ тілінің өрісі, сөз қолдану сипаты, орыс тілінен аудару мәселелеріне көңіл аудартады.Туған тіл мен әдебиетті сүюге шақырып, бұрынғы одақтық «Учительская газетада» жарияланған «Орыс тілінің біздің халық үшін маңызы туралы» мақаласында (1956, 9 мамыр) бұл тілдің қазақ халқы ушін үлкен рөл атқарғандығын тілге тиек етеді. Әуезов мектептермен, жоғары және арнаулы орта оқу орындары ұжымдарымен тығыз байланыс жасап, олармен кездесулерінде, қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде оқыған дәрістерінде де халық ағарту, оқу-тәрбие ісі үшін пайдалы пікірлер мен ұсыныстар айтқан.[3]



«Абай жолы» роман-эпопеясы

«Абай жолы» – Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті. Әуезовтың «Абай жолы роман-эпопеясы әлемдік деңгейде: «ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» (Луи Арагон) деген жоғары баға алды. Сондай-ақ бұл роман-эпопея қазақ халқын, қала берді бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де танылды. Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын «Абай» (1942, 1947), онан кейін мұның жалғасы болып табылатын «Абай жолы» (бұл да екі кітаптан тұратын; 1952, 1956) романын жазды. Осы төрт томнан тұратын «Абай жолында» қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы тұтас галерея жасалды. Онда қазақ халқының этнографиялық, діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлауы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғат көріністері, т.б. бәрі бар. Роман-эпопеяның танымдық мәнімен бірге ұлттық әдебиет пен мәдениетті, ана тілін өркендетудегі рөлі зор болды. Алғашқы екі кітаптан тұратын «Абай» романы үшін жазушыға КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949) беріліп, төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясы жарық көргеннен кейін ол Лениндік сыйлықтың лауреаты (1959) атанды. Эпопея дүние жүзі халықтарының бір жүз он алты тіліне аударылған. Ол екі жүз томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» топтамасында екі том болып басылды.



Жазушының драматургия саласындағы еңбектері

Әуезов драматургия саласыңда көп еңбек еткен. Мұның бірнеше себептері бар. Халық әдебиетінде, фольклорда түр жағынан драматургияға жақын нұсқалар көп. Батырлар жырында толғаулар мол. Салт өлеңдері, беташар, сыңсу, жар-жар, жоқтау түрі мазмұны жағынан драмалық шығармалармен ағайындас.20 ғасырға дейін қазақтың халық әдебиетінде драматургияға өзек болатын мол қазына жиналды. Осы байлықты игерген қаламгер - Әуезов Ол халық әдебиетінен нәр алды. Әрине қазақтың көшпелі өмірі, қаланың болмауы драматургияның дамуына кедергі жасады. Қазақ тұрмысындағы сауық түрлері, қыз ұзату салтанаты, алтыбақан ойындары тұңғыш драмаға енгізілді. Әуезов көп ұлтты театрда істеген. Осы тәжірибе оған сахна сырын жете үйретті.



Әуезовтың драмалық шығармалары

Әуезов қаламынан 30-дан аса драмалық шығарма туды. Жеке пьесалардың варианттарын қоссақ, 50-ден асады. Әуезов драматургиясында жанрлық формалардың бәрін қамтыған. Онда трагедия да, комедия да, драма да бар. Әуезов кейбір шығармаларын бірігіп жазған. Олар: Л. Соболев («Абай»), С. Мұқанов («Ақан - Зайра»), Ғ. Мүсірепов («Қынаптан қылыш»), Ә. Тәжібаев («Ақ қайың»), Ә. Әбішев («Намыс гвардиясы»), «Октябрь үшін» (1933) пьесасының материалдары - Жетісу қазақтарының революцияға келуі. Кейіпкерлері - Д. Фурманов, Ж. Бәрібаев. Кітаптың мұқабасында «Мұны жазуға Қ.Байсейітов, Бековтар қатысты» деген сөздер бар. Әуезовті әдебиетке «Еңлік - Кебек» алып келді. Шығарма өзегі - эпостық материал. Әлемдік әдебиеттегі мұндай тәжірибе енімді дәстурлердің бірі. Әуезовтің «Еңлік - Кебегі» 1922 жылы Орынборда басылды. Кейіпкерлері сахна тілімен сөйлейді. Автор өзінен бұрынғы мотивтерден алыс кетпеген. Билер сахнасы - көркемдік тамаша табыс. Кемшілік, олқылықтарды ескеріп, Әуезов пьесаны 1943 жылы қайта жазды. Бірнеше көрініс қысқарды. Аса терең, мәнді шығарманың бірі - «Түнгі сарын». Бұл - қазақ драматургиясында реализмнің орныққанын көрсеткен туынды. Мұнда көркемдік шешім ақындық идеалмен тығыз байланысты. Таптық тартыс шығармада жай схема түрінде емес, адам тағдырлары арқылы бейнеленеді. «Түнгі сарын» - қазақ драматургиясында жағымды кейіпкерлер проблемасын шешкен туынды. «Октябрь үшін», «Тартыс» пьесаларында Әуезов реалистік драма жасаудың түрлі-түрлі құралдарын пайдаланған.1934 жылы сахнаға шыққан «Хан Кене»трагедиясы Әуезовтің азаттық идеясын терең бейнелеген, аса көркем тарихи пьесасы. Мұнда Хан Кененің, Наурызбай батырдың, қазақ, қырғыз билерінің реалистік бейнелері жасалып, тарихи шындық пен көркем шындық табиғи бірлік тапқан. «Қарагөз» 1926 жылы бірінші сыйлық алды. 30-жылдардағы белгілі әдебиет сыншысы Ғ.Тоғжанов трагедияда ескі көшпелі өмірді мадақтау бар дейді. Ж.Орманбаевтың да бір мақаласында осындай пікірі айтылғанды. Әуезов бұл пьесаға кейін кайта оралып, жаңа нұсқа жасады. 30-жылдары Әуезов реализмді меңгеруде көп еңбек етті. Әсіресе драматургияда көптеген ізденістерге барды. 1918 жылы Әуезов тұңғыш рет Абай жайлы мақала жазып, Абай заманы туралы білген, естігендерін қағазға түсірген. Л. Соболевпен бірлесіп жазған «Абай» пьесасы кейінгі эпопея тақырыбының барлауы еді. Онда Абай өмірінің соңғы кезеңдері қамтылған. 30-жылдардың аяғында Әуезов білімі жөнінен, рухани толысуы жағынан шыңға көтерілді. Ол Абай тақырыбына осындай шақта келеді.Автор Абайға лайық сөз өрнектерін тапқан. Бұл трагедия қоғамдық мәні бар күрделі жағдайларды көрсетеді. Шығармада тартыс, әрекет бірлігі мықты. Пьесада қақтығыс көп. Осы пьесаның негізінде кейін опера либреттосы, киносценарий жазылды. Трагедияны тұңғыш сахнаға қойған - Асқар Тоқпанов. Абай рөлін Қ.Қуанышбаөв ойнады. Драма формасын Әуезов көп байытты. Әуезов фантастикалық пьеса да жазған. Ол - «Дос - Бедел дос». Пьесада «бір адам әр түрлі формацияда өмір сүрсе қандай болар еді» деген сұрауға жауап іздейді. Әуезов драматургиясында қазақ халқы өмірінің сан алуан қырлары үлкен шеберлікпен көрсетілген. Өмірдің терең қабаттарын қопарып, типтік жағдайлардағы характерлерді дәл тауып, олардың өзара қақтығысынан туған үлкен тартыстарды көрсету - Әуезов пьесаларының басты ерекшеліктерінің бірі. Шығармаларға құбылыстың сырт көрінісі, яки адамдар арасындағы ұсақ интригалар емес, әлеуметтік конфликтілер негізгі арна болады. Әуезов - қазақ драматургиясының жаңашылы. Ол дүниежүзілік драматургияның асыл үлгілерін оқып, аудару арқылы шеберлік мектебінен өтті. Мұның үстіне Әуезов пьесаның еуропалық үлгісіне соны ұлттық бояу, нақыш қосты. Қазақтың ежелгі әдебиетіндегі драматургияға жақын үлгілерді (айтыс, беташар, жар-жар, шешендік дауы) жаңашылдықпен пайдалана білді.[4]Әуезов трагедияларында сан алуан образдар галереясы бар. Олар өздеріне ғана тән, айрықша сөздік сипаттамаларымен кейіптелген. Әуезов - қазақ әдеби тілін дамытуға орасан мол үлес қосқан, реформатор суреткер. Әуезов қазақ тілінің негізгі сөздік қорын жеріне жеткізе пайдаланады. Мақал-мәтәлдерді, айқышты сөздерді, фразаларды бағды күйінде ала салмай, оларды өз мақсатына орай жаңғыртып, жайнатып, қайтадан құйып шығарды. Әуезов пьесалары - қазақ әдебиетінің алтын жамбадай қымбат, асыл шығармалары, біздің ұлттық мақтанышымыз.[2]

Шығармалары

Әдебиет тарихы, Қызылорда, 1927;

Әр жылдар ойлары, А., 1959;

Мысли разных лет, А., 1961;

Уақыт және әдебиет, А., 1962;

Абай Құнанбаев, А., 1967;

Абайтанудан жарияланбаған материалдар, А., 1988;

Абайтану дәрістері, А., 1995;

Ескермедім, қабылдамадым, А., 1998;

Абайтану оқулары, А., 1998.



Мұхтар Әуезов Шығармалары шет тілінде шыққан басылымдары

Абай жолы. Роман-эпопея, А., 1952, 1953, 1955, 1956, 1958, 1961, 1979, 1980 (орыс тілінде: Путь Абая. Роман-эпопея, М., А., 1952, 1955, 1957, 1958, 1960, 1965, 1971);

Армян тілінде: Абай. Роман, Ереван, 1952;

Әзірбайжан тілінде: Абай. Роман, Бакы, 1954;

Башқұрт тілінде: Абай юлы. Роман-эпопея, Өфә, 1961;

Қырғыз тілінде: Тарыхый роман, Фрунзе, 1—2 кітап, 1957;

Абай жолу. Роман-эпопея, 1957 — 63;

Латыш тілінде: Abajs. Roman, І — ІІ, Rіga, 1948 — 49;

Abaja Cels, І — ІІ — ІІІ — ІV, Rіga, 1963;

Koksereks. “Druva”, ғ15, 1960;

Литва тілінде: Suvіs Kalnuose, Vіlnіus, 1963;

Abajus. Romanas І — ІІ, Vіlnіus, 1950;

Abajaus Kelіas, Vіlnіus, 1960;

Jaunojі karta [Өскен өркен], Vіlnіus, 1969;

Молдова тілінде: Абай, І — ІІ, Кишинэу, 1959 — 62;

Вицэ тынэрэ [Өскен өркен], Кишинэу, 1969;

Тәжік тілінде: Садои тирдар ағба [Қараш-Қараш оқиғасы], 1962;

Нозанини мотам гирифта [Қаралы сұлу], 1967;

Абай, Сталинабод, 1955 — 57;

Татар тілінде: Абай. Тарихи роман, 1 — 2 т., Казан, 1957 — 60;

Тыва тілінде: Көк кааррак, Кызыл, 1964;

Чалыы салган, [Өскен өркен], Кызыл, 1969;

Түрікмен тілінде: Абай. Роман, 1—2, Ашхабад, 1958;

Абайың елы, Ашхабад, 1961;

Өзбек тілінде: Бургутчи, Тош., 1960;

“Уқимишли йигит”, Тош., 1960;

Қараш — Қараш вақеаси, Тош., 1962;

Кукел, Тош., 1964;

Абай, І — ІІ к., Тош., 1951 — 52;

Абай йули, Тош., 1957, 1959, 1960;

Ұйғыр тілінде: Абай. Роман, 1 — 2 к., А., 1949, 1954;

Абай йоли, А., 1955, 1957, 1962;

Украин тілінде: Сірий лютий, Киів, 1955;

Эстон тілінде: Abaі. Romaan, І — ІІ kn, Tallіn, 1950, 1951;

Abaі tee. Romaan-epopoa, Tallіn, 1960;

Cаха тілінде: Абай. Якутск, 1965;

Ағылшын тілінде: Abaі. Book one, M., 1957;

Abaі. Book two, M., 1957; Араб тілінде: Қорғансыздың күні, М., 1966;

Қараш — Қараш оқиғасы, М., 1967; Бенгал тілінде: Қараш — Қараш оқиғасы, М., 1966;

Болгар тілінде: Абай. Първа кн., София, 1950;

Пътят на Абай, София, 1964;

Мадьяр тілінде: Egy Kolto utja [Ақын жолы], Budapest, 1956;

Моңғол тілінде: “Абай жолы”. Роман-эпопея, 1 т., 1972; 2 т., 1978;

Вьетнам тілінде: Жас Абай, 1 — 2 т., Ханой, 1965;

Неміс тілінде: Derqrіmіge Graue [Көксерек], Вerlіn, 1962 — 64 — 65;

Der Schuss auf dem Gebіrqspass [Қараш — Қараш оқиғасы], Вerlіn, 1964;

Abaі. Romaan, І — ІІ b., M., 1953;

Парсы тілінде: Қараш — Қараш оқиғасы, М., 1966;

Поляк тілінде: Okrutny szary [Көксерек], Warszawa, 1961;

Syn Kazachctana (Abaj), Powіesc, 1, Warszawa, 1950;

Syn Kazachctana (Abaj), Powіesc, 2, Warszawa, 1951;

Droga Abaja, Warszawa, 1954;

Румын тілінде: Abaj. Roman, Bucurestі, 1950;

Abaj. Roman-epopea, Bucurestі, 1961;

Cловак тілінде: Abaj, Bratіslava, 1951;

Abajova cesta, Bratіslava, 1961;

Француз тілінде: Abaі, Parіs, 1960;

Le coup de feu, M., 1963;

Хинди тілінде: Қараш — Қараш оқиғасы, М., 1967;

Чех тілінде: Abaі. Roman, Praha, 1948;

Әр жылдар ойлары, А., 1959;

Мысли разных лет, А., 1961;

Уақыт және әдебиет, А., 1962;

Өскен өркен, А., 1962;

Абай Құнанбаев, А., 1967;

Абайтанудан жарияланбаған материалдар, А., 1988;

Абайтану дәрістері, А., 1995;

Ескермедім, қабылдамадым, А., 1998.

Шығ. жин., 6 томдық, А., 1955 — 57;

Шығ. жин., 12 томдық, А., 1967 — 69;

Путь Абая, Библиотека Всемирной литературы, сер. 3, т. 7 (134) — 8 (135), М., 1971;

Собр. соч. в 5 томах, 1 — 5-т., М., 1973 — 75;

Шығ. жин., 20 томдық, А., 1979 — 85;

Ой қозғау. Абылай ханның суреті мен мәлімет жазылған парақты әр топқа беру. Сол арқылы топтау жұмысын жүргізу.

Абылай хан (шын аты Әбілмансұр) - 1711 - 1781 - қазақ ханы, батыл қолбасшы.15 жасында жоңғарларға қарсы соғысқа қатысып, ерлік көрсеткен. Абылай ханөте шешен, батыл қолбасшы, арқалы күйші болған."Қара жорға","Шаңды жорық","Қайран елім"т. б күйлері бар. Үш жүздің басын қосып күшін біріктіруде Абылай хан зор роль атқарды.Абылай хан туралы бұрыннан да білесіңдер, мен толықтырып өтейін.Абылайдың әкесі Уәли деген сұлтан, ал атасы Абылай Түркістан қаласының билеушісі болған. Абылай хан жас кезінде өзінің батырлығымен, ержүректілігімен көзге түсіп, халық оны хан көтереді. Абылайдың алдына қойған үш мақсаты болды. Ол:

1) Көшпелі елді отырықшы өмірге үйрету

2) Үш жүздің басын қосып біріктіру

3) Халқына тәуелсіздік алып беру. Ханның жанында үнемі ақылшы, кеңесшілері Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би және Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батырлар болды.

- Енді оқулыққа қарап, мәтінмен танысамыз. Мұнда Абылайдың балалық шағы туралы айтылады. Мәтінді үш топтың балаларына бөліп іштей оқыту, түсініксіз сөздерді белгілеп отыру тапсырылады.



Сөздік жұмыс.

Қалмақ – ұлт

Қасқа атты – маңдайында дағы бар ат

Суретпен жұмыс.

Тақтаға әңгіме желісіне салынған суреттер ілінеді. Әр топтан бір оқушыдан шығарып, әңгіменің мазмұнын суреттерге қарап отырып мазмұндап айтқызу. Сурет бойынша әр бөлімге тақырып қояды.



Дәптермен жұмыс.

1. Бала Сабалақ

2. Сабалақтың соғысқа аттануы

3. Абылай батыр



Сергіту сәті.

Ердің күші – жүректе

Батырлық бар білекте

Ту ап қолға самғаймыз

Туған елді қорғаймыз.

Ер боламыз ағадай

Қиындыққа қарамай

Үлгі батыр бабамыз

Өжет, батыр боламыз.

Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді тізбектей оқыту.


Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақтармен жұмыс

1. Төле би Абылайдың ел билейтінін қайдан біледі?

2. Қалмақтар неліктен, неге қаша бастайды?

3. Сабалақ неліктен Абылай атанып кеткен?

4. Абылай кімдерден бата алды?

2. Деңгейлік тапсырмалар.

1 - деңгей (5 ұпай)

1. Елі үшін еңбек етіп, елінің атын шығарған ұлы адамдардың атын жаз.

________________

2 - деңгей (10 ұпай)

1. Сабалақ неліктен Абылай атанып кетті?

2. Батырдың бес қаруын атап жаз.

________________

3 - деңгей (15 ұпай)
«Ер қанаты – ат»,

«Ереуіл атқа ер сал» деген мақалдардың мағынасын түсіндір.

_______________________

4 - деңгей (шығармашылық)


Абылай ханға мінездеме беріп көр.

________________________________



Сабақты қорытындылау.

Картамен жұмыс.

Мемлекетіміздің картасына қарайықшы. Мынау Каспийден Алтайға дейін Алатау, Қаратаудан Батыс Сібірге дейін созылып жатқан жер ата - бабаларымыздың жаудан қорғап бізге мұра етіп қалдырып кеткен жері. Осы ұлан байтақ жер үшін қазақ халқы қаншама қиын кезеңдерден өтті. Қазір үлкен қалалар салынып халық орнықты. Үш жүздің басы бірікті. Өз тәуелсіздігімізді алдық. Қазақстанның бас қаласы, ел ордамыз – Астана болды. Биыл жазда 15 жылдығын тойлағалы отырмыз. Өзіміздің туымыз, әнұранымыз, төл теңгеміз бар.

- Абылай ханның армандары орындалды ма?

Балалар жауабын тыңдау.



Тірек - сызбамен жұмыс.

Бағалау.

Үйге тапсырма.

1. Мәтінді оқу.

2. №8 тапсырма бойынша дайындалу

Сабақтың тақырыбы: Атан түйе шөккен жер.

Сабақтың мақсаты:

Шығарманың мазмұнын ашу, мәтінмен терең танысу үшін жағдай жасау,оның мазмұнын түсініп оқыту,автордың ойын түсңнуге дағдыландыру,әдеби шығарманың негізгі ойы мен тақырыбын тану,әдеби кейіпкерлердің әрекеттері мен ойларын түсініп оқуға машықтандыру,диалогқа түсу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.



Күтілетін нәтиже: Мәтін кейіпкерлерін таниды, аттарын біледі, кейіпкерлердің әрекеттерін сипаттай алады,мәтіннен үзінділер таба алады, кейіпкерлер туралы әңгіме құра алады, өз пікірлерін еркін айта алады

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Кластер құру. «Мұхтар Әуезов»
Топтар бір-бірімен кластерлерін ауыстырады.

«Карта ойнау» ойыны Сабалақ,Абылай, Әбілмансұр
Мәтіннін қай жерін бейнелегенін түсіндіреді
Балалар қимыл арқылы көрсетеді, ал тақтаға шыққан оқушы тауып алу керек
ІІІ. Жаңа сабақ Атан түйе шөккен жер.

А)КІТАППЕН ЖҰМЫС: 187-188-189-беттер

СӨЗЖҰМБАҚ ШЕШУ
Рақым

Асық

Ой

Қашық

Адам



бес

Терең

еңбек

Ә) Райымбек Түкеұлы[1] (1705, қазіргі Алматы облысы — 1785, Алматы) — батыр, қолбасшы. Ұлы жүз албан ішіндегі Алжан руының сырымбет тармағынан. Атасы Хангелді батыр 18 ғ-дың 1-жартысында жоңғарларға қарсы күресте аты шығып, 1733 ж. Төле, Қодар билер, Сатай, Бөлек батырлармен бірге Ұлы жүз қазақтары атынан орыс патшайымы Анна Иоановнаға елші жіберген. Райымбек 17 жасында жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ерлік көрсетіп, батыр атанды. Қалмақтың Бадам, Қорын, Ағанас, Секер, т.б. хан, ноян, батырларын жекпе-жекте жеңіп, Қаратау өңірі мен Жетісуды жаудан азат етуге басшылық жасағандардың бірі болған. Торайғыр және Сөгеті таулары аралығындағы “Ойрантөбе” деген жерде өткен шайқаста ерекше көзге түсті. 1733 ж. Бөлек батырмен бірге жоңғарға елші болып барған. Райымбектің ерекше еңбегін оның есімі албан тайпасының ұранына айналғанынан да білуге болады. Көзі тірісінде “көріпкел”, “әулие” атанған. Ол Алматы алқабында Шілік, Жалаңаш өңірінде тоған қаздырып, су шығартып, егін ектірген. Жазушы Ж.Тұрлыбайұлы роман, ақын М.Мақатаев “Райымбек, Райымбек” атты поэма жазған. Алматы облысында Райымбек есімімен аталатын жер-су аттары көп кездеседі. Торайғыр тауындағы Айырлы асуының маңында “Райымбек бастауы” бар. Алматы облысының Нарынқол, Кеген аудандары бірігіп, қазірде Райымбек атымен аталады, онда батырға ескерткіш орнатылған. Батырдың бейіті Алматы қ-ндағы оның есімімен аталатын үлкен даңғылдың бойында. Бейітінің басына кесене — күмбез тұрғызылған. 1990 ж. “Райымбек” тарихи-этногр. қоғамы құрылды. Жастайынан жауға тиіп, күркіреген үнімен дұшпанын күңіренткен Райымбек батыр 1705 жылы дүниеге келген."15 жастан асқанша, садақ тарту, қылыш шабу, күресу секілді сарбазға лайық даярлықтан өтіп біткен Райымбек жоңғарларға қарсы жорықтарға қатыса бастайды. Жолбарыс жүректі жас жігіттің тапқырлығын қаруластары бірден байқаған. Оның негізгі ұстанымы: аз шығынмен жеңіске жету екен. Бұл мақсаты алғаш Іле бойындағы шайқаста жүзеге асады. Содан соң жас батыр жаудан Түргенді азат етеді. Қалмақ қолындағы тұтқындар босатылады. Керісінше, жаудың көп сарбазы тұтқынға түседі. Осыдан соң Райымбек жоңғардан Сөгеті мен Ойрантөбені және Жалағашты босатады. Алды-артына қарамай қашқан қалмақтардың: Ойрантөбе ойылды, Секер, Барақ жойылды. Райымбек келді де, Алмадай үзді мойынды, – деп зарлайтыны, міне, осы тұс еді. Батырдың бұдан кейінгі жорығы Жіңішкені, Таушілікті, Қарабұлақты, үш Меркіні, Кеңсуді, Қарқараны азат етуге арналды.



Орта жүзге көмегі

Райымбек батырдың тағы бір үлкен жорығы ретінде Орта жүз еліне көмекке баруын атаймыз. Қабанбай батырдан оралған шапқыншы Тарбағатай мен Шәуешек арасын жауып, жауды өзара қатынасуға мүмкіндік бермеу туралы ұсынысын әкелгеннен кейін Райымбек батыр бірден атқа мінеді. Сарытау, Үйгентасты азат етуге атсалысып, Ілені бойлаған күйі Қорғаспен бері қайтады. Дәл осы дерек Шыңжаңдағы Зейнолла Сәнік зерттеуінде де бар" дейді тарихшы Мәмбет Қойгелдиев.

Албанның Алжан руынан шыққан көкжал Хангелді батырдай атасынан тәлім алған Райымбектің жаужүректігі жастайынан байқалған. Жиендерінің жанарынан от байқаған Жалайыр Орақ батыр ұрпақтарынан бәсіреге жүйріктің тұқымын, қолға ұстарға шымболаттан құйылған қылыш сыйлауы содан болса керек. Әке, баба, нағашы жұрт ортасында бұлаң салған баланың бәйгіде өз атын өзі ұрандағаны жұртқа аян. Осы өр рух кейіннен жоңғарға қарсы алдаспан боп сермелді. 17 –інен Көкойнағын ойнатып, қалмаққа қырғын салған Райымбек Түкеұлы ерліктерінің арасында ерекше аталатыны қазірде Алматы-Нарынқол тасжолының 167 шақырымында тұрған Ойрантөбеде қалың қалмақты кезек жекпе-жекке шақырып, бөрі тиген қойдай дүрліктіруі.
Бадам өзені туралы естігендер көп. Бірақ, соның Райымбек батырдан жеңілген қалмақ нояны Бадам-бахадүрдің есімімен байланыстырылатынын көп адам біле бермейді. Кеген деген жер атауы да қалмақ тайшысы Гегенге телінеді. Бір деректер Геген діни лауазым дейді. Райымбек батыр 1729 жылы Аңырақайдағы шайқаста Наурызбай, Өтеген, Қабанбай, Бөгенбай сынды қазақ ерлерімен үзеңгі түйістіре отырып, Сары Мыңжаның әскерін талқандаған. Ал, Итембес өзенінің бойында Шона Доба жасағы жер жастанды.

Батыр туралы мәліметтер

Қара су қақ жарылып жол беретін хас батыр атанған Райымбек Түкеұлының есімі бертінге дейін кең паш етілмеді. Мұның себебі беймәлім. Тіпті, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың аяқталмай қалған “Райымбек, Райымбек” атты дастанын жариялағаны үшін “Лениншіл жас” газетінің жетекшісі Сейдахмет Бердіқұлов партиялық сөгіс алған. Алайда, қыран мінез ұлдарының есімін тұмарындай қастерлейтін халықтың Алматының ортасында жатқан батыр зиратына келіп сыйынуын тоқтату мүмкін емес еді. Еш саясат ер рухы мен ел рухының арасын алшақтата алмады. Қытай саясатының ықпалымен соғыс бастап, Шығыс Түркістандағы ұйғыр, одан бертіндегі қырғызды дем арада жаулап алған жоңғар мен қазақ ғасырға жуық арпалысты. Ұлтымыздың екі жасын екі жанарынан сорғалатып, алқасына сілемдей қатырған дұшпан швед офицері Густав Ренаттың көмегімен зеңбірек, тас ататын түрлі қарулар жасап, күйрете соққы беруді үдеткен. Жазушы Жолдасбай Тұрлыбайұлы бір мәліметінде Райымбек батыр ұсталарға сол зеңбіректің бір түрі "Қойшағырды жасатып, жау амалын өзіне қарсы қолданғанын" айтады.

Екі жарым мың жылдық тарихы бар ежелгі Алматының қақ ортасында кіндік қаны тамған, “Райымбек батыр” атанып тер төккен, сексен жыл өмір сүріп, әулиелікпен алдын болжап, келешегін бағамдап, дүние салар алдында:

“Елім Албан,

Жерім Жетісу.

Жайлауым Асы,

Қыстауым Алматының басы”, – деп сүйегін сол тұстағы Алматы қыстағының аумағына қойыңдар деп өзі өсиет еткен орынға жерленіп, бұл күнгі тәуелсіз елдің ұрпағы батыр, әулие баба өсиетін қалтқысыз орындап, сол сүйегі жатқан орынға зәулім күмбез тұрғызып, ақ атанның ақ мәрмәрдан алып мүсінін орнатқаны аса бір сауапты іс болды.

Батырдың 300 жылдығына орай ескерткіш қойылды. Бірқатар конференциялар өтті. Ең бастысы қазақ елдігін оятып, ертеңінторлаған қара бұлтты емен сапты найзасының ұшымен сейілткен ер есімі ел есінде қайта жаңғырды.Қытай Халық Республикасы Іле Қазақ облысының орталығы – Құлжа қаласының көрнекті бір ғимаратының алдына қызыл гранит тастан қаланған биік тұғырға Райымбектің ат үстіндегі мүсіні орнатылыпты. Оны орнатуға мұрындық болған сол Қазақ автономиялы облысының әкімі Қызайжан есімді азамат екен.



Райымбек батырдың аты қойылған жерлер
Райымбек батыр жайлы ел ішінде аңыз-әңгіме, жырлар өте көп. Торайғыр және Сөгеті жоталары аралығында Ойрантөбе жазығы бар. Мұнда қазақтар мен жөңғарлардың сұрапыл шайқасы болып өткен. Айырлы асуына таяу Торайғыр тауында Райымбек бастауы бар. Райымбекпен бірге жоңғарларға қарсы күрестің бел ортасында Сатай, Бөлек, Қойкелді, Қонақкелді, Қыстық, Малай, Байсейіт сынды батырлар жүрді. Райымбек батырдың мазары Алматы қаласында орналасқан және батыр атында көше бар. Алматы облысының бір ауданы Райымбек есімінде және ауылға аты берілген. [2]

Б)МӘТІНДІ МӘНЕРЛЕП ОҚЫП, ТҮСІНГЕНІН АЙТУ

Атан түйе шөккен жер

Сөздікпен жұмыс: АТАН ТҮЙЕ-төрт жастан асқан түйе

ҚОНЫСТАНАДЫ-орналасады

МІНӘЖАТ ЕТУ-құрметтеп бас ию

В)СУРЕТТПЕН ЖҰМЫС:

Суреттегі оқиға қай кезде болған деп ойлайсың?

4-5-6-7-8-тапсырмалар

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

БАҒАЛАУ

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: Мәтінді оқу, мазмұнын әңгімелеу



Сабақтың тақырыбы: Ғ.Қайырбеков. Алғашқы қоңырау.

Сабақтың мақсаты:

Өлең мазмұнымен таныстыру, негізгі идеясын түсінуге көмектесу, қазақтың атақты ағартушы, ақын Ыбырай Алтынсаринмен таныстыру, «Алғашқы қоңырау » өлеңін талдап,мазмұнын меңгерту.



Күтілетін нәтиже Өз пікірін сенімді әрі дәлелді,тұжырымды жеткізе білуге дағдыланады.Ізденістерге негізделген жұмыс түрлерін өз бетімен,жаңа технологиялық үрдістерге сай орындай білуге дағдыланады.

Түйінді идеялар «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім» М. Әуезов

Сабақтың типі: Аралас сабақ



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

ІІІ. Жаңа сабақ Ғ.Қайырбеков. Алғашқы қоңырау.

.Кіріспе сөз

М. Әуезовтың сөзімен бастаймын

2.Амандасу Нұрлы көктем

Тамшы болып тамайық, (Бір орнында секіреді)

Арықпен бірге ағайық. (Екі-екіден бірігеді)

Көлшік болып жиналып, (Төрт-төрттен бірігеді)

Күнге қолды бұлғайық(Қолдарын жоғары көтереді)

Күн көзімен құрғайық (Жеке-жеке тарай бастайды)

Бу боп аспан төрінде (Әркім өз қолдарын жоғары көтеребастайды)

Бұлттар санын құрайық. (Төрт- төрттен бірігеді)

Бұлттан жаңбыр сөгілер, (Қайта жеке-жеке тарайды)

Жер әлемге төгілер. (Орындарында секіреді)

3. Топтарға бөліну. Қоңыраулардың суреттерін таңдап екі топқа бөлінеді

4. Топ ережелерін шығарып алу

5. «Тапқыр достар» ойыны Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қойылады.

6. «Батарым, хат жазам мен саған шын жүректен»

7.Топтық таныстырылым.

8. «Ойлан,тап» ойыны

1.Релаксация

2. «Идеялар себеті» Шыққан әріптерден «Ыбырай» сөзін құрастырады

3.Постер қорғау (мектепке қатысты суреттер таратылады)

4. Сабақтың тақырыбын анықтау

5. «Алғашқы қоңырау» өлеңін мұғалімнің оқуы

6.Өлеңді оқушылар – іштей оқиды, содан – ызылдап оқиды.

7. Таңдап оқу.

Тыңдайды.

Тапсырмаларды қайталап, жаттығуларды орындайды

1қоңырауы бар сурет – 1 топ

2қоңырауы бар сурет – 2 топ

Бір-бірін сыйлауға, сынамауға, әділ болуға, көмектесуге уәде береді

Ғафу Қайырбеков(1928 – 1994) – 15 тамызда Қостанай облысы, Торғай қаласында туған. Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген (1952). Қазақ мемлекеттік баспасында поэзия редакциясын басқарды, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, «Жазушы» баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі болды.

1968—1973 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясында жетекшілік етті.

1973—1989 жылдары «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары қызметін атқарды. Өмірінің соңына дейін Қазақстан Жазушылар одағының ақындар қауымдастығының президенті болды.

1954 жылы оның «Құрдастар» атты тырнақалды жинағы жарық көрді. Содан бері қырықтан астам кітабы шықты.
«Дала қоңырауы» (1956) поэмасы, «Жер астындағы жұлдыз дар» (1965), «Қанатты жылдар» (1973) сияқты жинақтарын, «Беласар» атты қос томдығын оқырман қауым ілтипатпен қабылдады. «Жұлдызды тағдырлар» атты өлеңдер жинағы үшін ақынға 1980 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Рудакидің, Байронның, Пушкиннің, Лермонтовтың, Некрасовтың, Шевченконың, Мақтымқұлының, Л.Толстойдың, Куприннің, Короленконың, Буниннің, Есениннің, Ғамзатовтың және басқа да сөз зергерлерінің туындыларын аударды.
Көптеген әндердің өлеңін жазған. Балаларға арналған

«Балықшы Иван» (1957),

«Балқурай» (1962),

«Күн баласы» (1963),

«Ақ көйлекті шал» (1968) атты кітаптар жазған.

«Қарқаралы басында» (1967),

«Ақжелкен» (1976),

«Жел қайық» (1980),

«Толассыз толқын» (1981),

«Бір кеменің үстінде» (1981),

«Елтінжал» (1990),

«Өмір оттары» (1988),

«Ел мен жер» (1991),

«Үш қиян» (1993),

«Алыс та жақын жағалаулар » (2001),

«Атамекен» (2005),

«Үйренсең де ұқсама (Сырбайға)»

«Бауырсақ»

«Жершілмін»

«Мен туған»

«Естелік» (2007) атты прозалық және зерттеу, очерктер жинақ-тарының авторы.Алматы мен Мәскеу баспаларынан

«Родные травы» (1957),

«Иван Рыбак» (1959),

«О сверстниках» (1960),

«Степной колокол» (1961),

«Разговор с солнцем» (1963),

«Тургайские волны» (1975),

«Белый ветер степей» (1979),

«Звездные судьбы» (1981),

«Звезда счастья» (1984),

«Крылатые годы» (1984),

«Белый парус» (1990) атты орысша кітаптары жарық көрген.[1]


«Алғашқы асу» (1964), «Сарыарқа саз дары» (1972), «Беласар» (1978) атты ІІ томдық шығармалар жинағы, ІІ томдық шығармалар жинағы, (1988, 1998), көптомдық шығармалар жинағының екі томы жарыққа шыққан.
Қазақстанның Халық жазушысы (1992). Халықтар Достығы орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбектегі табыстары үшін», «Ыбырай Алтынсарин». «Жеңіске 50 жыл», «Тың және тыңайған жерлерд! игергені үшін» медальдарымен марапатталған. Қостанай облысының, Қостанай қаласының, Торғай облысының, Арқалық қаласының Құрметті азаматы.[2]

Шығармалары[өңдеу]

Құрдас. А., 1954; Балықшы Иван. А., 1955;

Дала қоңырауы. А., 1956;

Қосбасар. А., 1958;

Таулар сөйлейді. А., 1960;

Арал әуендері. А., 1961;

Балқурай. А., 1962;

Күн баласы. А., 1964;

Жер астындағы жұлдыздар. А., 1965;

Большевик ауылы. А., 1967;

Алтын бесік. А., 1969;

Көсемнің нұрлы атымен. А., 1970;

Дала саздары. А., 1972;

Қанатты жылдар. А., 1973;

Торғай толқыны. А., 1974;

Ақжелкен. Повестер. А., 1976;

Асу алда. А., 1977;

Таңдамалылары. Екі том. А., 1978;

Жел қайық. Повесть. А., 1980;

Жұлдызды тағдырлар. Поэма. А., 1980;

Бір көмейің үстінде. Әдеби сын. А., 1981;

Маңғыстау маңғаздары. Өлеңдер мен поэмалар. А., 1982;

Туған топырақ. «Жазушы», 1985;

Крылатые годы. Стихотворение и поэмы. М., «Художественная литература», 1984;

Күнтеңескен. Өлеңдер мен поэмалар. А., 1986;

Ана туралы жыр. «Өнер», 1987; Шұбалаң. «Жазушы», 1988;

Көнсадақ. «Атамұра», 2004;

Құрдастар. «Раритет», 2008.

Семантикалық карта толтырады

Дайындаған хаттарын оқиды

Үйде ерлік туралы дайындаған мақалдарын таңдап, таныстырады

Ұнатқан ұпайларды таңдап алып, сұрақтарға жауап береді

«Қаражорға» биін билейді

Себеттен қима парақшалар алып,Ыбырай Алтынсарин туралы мағлұмат оқып басқаларға таныстырады

Сыни ойлап бір жүйелі әңгіме құрастырады және қорғайды

Тыңдайды, түсінбегенің сұрайды

Іштей оқиды, содан – ызылдап оқиды.

Қорытынды

Қосымша оқу



Үйге тапсырма 1. Өлеңді жаттау

2. Ыбырай Алтынсарин туралы мағлұмат іздеу

3. “Менің мектебім” атты шығарма немесе өлең жазу Слайд 28

Рефлексия «Синквейн» толтыру Өлең шығарады Үш шапалақ

Бағалау парағы сызба

Не сәтті өтті?

Нені дамыта аласыз? Оқушылар постерді жақсы жасап қорғағандары, сабаққа белсенді қатысқандары, шығармашылық жұмыста өз ойларын жеткізе білді, сұрақтарға жауап бергенде үлгерімі төмен оқушылар белсенділік танытты, смайлик жинауға тырысты
Мінсіз оқушы болуға талпындыру,өз бетімен білім алуға итермелеу,заман талабына сай өзгерісті тез игеретін жеке тұлға дамыту.
Не сәтсіз өтті?

Нені өзгерткі

ңіз келеді? Кейбір оқушылар жаңа ақпаратты тез оқи алмады , тапсырмаларды түсінбей қалған сәтте шамалы қиналып қалды, сұрақтар қойған кезде қателер жіберді.

Сабақтың тақырыбы: М. Әуезов. Бала Абай.

Сабақтың мақсаты:

1.Мәтін мазмұнымен таныстыру. Абайдың балалық шағымен мағлұмат беру.Жүйелі сөйлеуге өз ойларына қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

2.Оқушылардың логикалық ойлау дағдысын шығармашылық қабілетін дамыту

3.Оқушыларға Абай ата өмірін үлгі ету, ұлы ақынға деген құрмет сезімдерін тудыру.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең: Қызығушылықты ояту (топқа бөлу)

Оқушылар өздері тыңдаған геометриялық фигураларға байланысты 3 топқа бөлінеді. Фигуралардың келесі бетінде топтың аты жазылады.

І топ. Білімділер

ІІ топ. Дарындылар

ІІІ топ. Еңбексүйгіштер

«Жүректен жүрекке шеңбер» жасап бір – бірімізге күлімсірей қарап сәттілік тілей отырып сабағымызды бастаймыз.

Топтық жұмыстың тәртібін хабарлау.

а)3 топтың басшысын тағайындап, мұғалімнің сенім карточкасын тапсыру.

б)Бағалау тәртібін айту. Топтық бағалау. Берілген тапсырманы орындау деңгейіне сай 10 балл,20 балл,30 балл жазылған дөңгелекті мұғалім топ басшысына беріп отырады.

Сабақ барысында топ басшысы жинаған ұпайды есептеп айтады. Жеңімпаз топты анықтайды.



ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

- Ғ.Қайырбековтың «Алғашқы қоңырау» өлеңін мәнерлеп оқу. 3 топтан 3 балаға оқыту.

«Бәйге» ойынын ойлау арқылы үй тапсырмасына қалай дайындалғандарын тексеру.

- Әр топ 2 сұрақ таңдап, соған сай жауап береді.

І.Бәйге ойыны

10.Ы.Алтынсарин кім?

20.Тұңғыш қазақ мектебі қай жерде ашылды?

30. «Кел, балалар, оқылық» өлеңін кім жазды?

10. «Алғашқы қоңырау» өлеңінің авторы?

20. «Қазақ даласына білім келді» дегенді қалай түсінесіз?

30.Ы.Алтынсариннің қандай әңгіме, өлеңдері бар?

ІІІ. Жаңа сабақ М. Әуезов. Бала Абай.

ІІ. Ой ашар 1.Ребусты шешкіз.Қандай сөз оқыдың?

Мына ребусты шешсеңіздер қазақтың ұлы ақынының есімі шығады. Олай болса балалар бүгін біз Абай туралы өтеміз.

2.Абай Құнанбаев туралы не білесіңдер? «Пікірлер ағашы»

3.Бұл М.Әуезов «Абай жолы» романынан үзінді.

Кіріспе әңгіме

М.Әуезов қазақтың ұлы жазушысы. Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Семей өңіріндегі Абай ауылында туған. Жас кезінде ұлы Абайды көріп, бата алған. Атасы Әуез бен әкесі Дінәсілдің тәрбиесінде болады. Алдымен молдадан хат танып, кейін Семей,Ташкент,Санкт – Петербург қалаларында оқыды.

4. Қазір біз осы М.Әуезовтың «Абай жолы» романынан алынған үзіндіні түсініп оқимыз.

ІІІ. Мағынаны тану

абзацты мәнерлеп оқып береді, сұрақтар қою.

1.Осы бөліктен не түсіндің?

2.Абайдың өз құралпы балалардан басқа досы кім?

3.Әңгімені аяғына дейін түсініп оқыңдар

Оқулықпен жұмыс

Мәтінді іштей түсініп оқуға уақыт береді

Сөздік жұмыс

Түсініксіз сөздердің мағынасын ашу

Проблемалық сұрақ

1.Бұл мәтіннің кейіпкерлері кім?

2.Абайға әңгіме айтатын кімдер?

3.Сенің ойыңша Абайдың бұл ісі дұрыс па?

Сергіту сәті

«Сегіз аяқ» өлеңі

Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңіне сергіту жасаймыз

ІV. Ой толғаныс



Топтық жұмыс

1 топ. «5 жол өлең жазу» стратегиясы Абай

2 топ. «Семантикалық кесте» стратегиясы

3 топ. «Не ұнады?Не ұнамады? Не алдың?» стратегиясы

Абайдың өлеңі «Желсіз түнде жарық ай»

Рефлексия



А) «Еркін сұрақтар» стратегиясы

- Мәтінде кімдер туралы айтылған?

- Бала Абай нені ерекше жақсы көрді?

- Әжесі мен Абай арасында қандай оқиға болды?

- Саған осы мәтін ұнады ма?

- Әжесінің аты кім? Шешесінің аты кім?

- Бұл әңгімені жазған кім?

Сонымен балалар, осы әңгімедегі «Бала Абай» сендерге ұнады ма?



Ә) «Идеяны толықтыру» стратегиясы

Мұғалім: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Абайды тану арқылы біз, Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» деген екен.



Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов. Бала Абай мен Барлас ақын.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды қазақтың классик ақыны Абай Құнанбаевтың өмірімен толығырақ таныстыру. Мәтіндегі негізгі идеяны ұғындыру.

Әр түрлі ой дамыту стратегиялары арқылы өздік жұмыс істеуге, ізденуге, творчестволық ойлануына ықпал ету.

Абай өлеңдері арқылы балаларды жақсы қасиеттерге тәрбиелеу, әрқашан ұқыпты, алғыр, зерек болуға үйрету.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

1)Қызығушылығын ояту

оқушылар қол ұстасып, шеңбер құрып тұрады да, бір – біріне жақсы сөздер, тілек айтады.

- Қайырлы күн!

- Мен сендерді көргніме қуаныштымын!

- Сендерге сәттілік тілеймін.

Тәртіпті бол.

Шыншыл бол.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

б) - Балалар, бері жақындап мына үстелдің үстінде жатқан әр түстегі дөңгелекшелерден таңдап алыңдар. 6 топқа бөліп отырғызу.

М. Әуезовтің "Бала Абай” әңгімесінің мазмұнын айту және шығармаға сәйкес сурет салып келу тапсырылған. Екі, үш оқушыға мәнерлеп оқытамын, қосымша сұрақ - жауап алынады. А. Құнанбаев туралы т. б. сұрақтар. Сосын өздері салған суреттері бойынша әңгімелеп береді. Екі, үш оқушыдан сұрау, тақтаға немесе қабырғаға суреттерді түгел ілу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет